Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:51, контрольная работа

Описание работы


Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Геодезия" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

GOOOOS.docx

— 3.21 Мб (Скачать файл)

Трилатерация әдісі. 3 және 4 класты мемлекеттік геодезиялық торлары трилатерация әдісімен де салынады. Трилатерация триангуляцияға ұқсас, үшбұрыштық жүйеден тұрады, бұнда тек үшбұрыштардың барлық қабырғалары өлшенеді. Үшбұрыштардың шешімі арқылы горизонтальдық бұрыштарды анықтайды, дирекциялық бұрыштарды есептеп табады. Пункттердің координаталарын триангуляциядағы қолданған әдістермен есептеп шығарады.

Торлардың қабырғаларының ұзындықтары радио және жарық қашықтық өлшегіштермен өлшенеді. Қабырғаларды өлшегенде салыстырмалы қателіктердің шамасы 3 класс – 1:1000000, 4 класс – 1: 40000 нан аспау керек.

Полигонометрия әдісі. Орманды жазықтарда және күрделі қолайсыз жерлерде триангуляция торларын дамыту қиындыққа түседі және тиімсіз болады, сондықтан ондай жерлерде полигонометрия әдісі қолданылады. Бұл әдіс жер бетінде жүріс және полигондар жүйелерін салудан тұрады, мұнда барлық бұрыштар мен қабырғалар өлшенеді.

Егер де пункттің координаталарымен бір қабырғасының дирекциялық бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп табуға болады.

Полигонометрия 4 класқа бөлінеді:

1 класты полигонометрия  меридианы және параллель бойынша  периметрі 700-800 км сызылған жүрістер  арқылы салынады. Полигондардың  шеткі төбелерінде Лаплас пункттерін  анықтайды. 2 класты полигонометрия 1 класты триангуляция немесе  полигонометрия полигондарының  периметрі 150-180 км тұйық полигондар  торларымен дамытылады.

Полигонометрия 3 және 4 класс бір түйінді пункттер бар жүріс жүйелерінен немесе жоғарғы класты мемлекеттің геодезиялық пункттеріне тірелетін жүрістерден құралады.

105. Триангуляцияда алдын-ала есептеулер. Өлшенген бағыттарды белгінің орталығына келтіру

Триангуляция әдісі - жер бетінде үшбұрыштар жүйесін салудан тұрады, онда үшбұрыштардың барлық бұрыштары және кейбір базистік қабырғалардың ұзындықтары өлшенеді. Үшбұрыштың қалған қабырғалары белгілі тригонометриялық формулалармен есептеледі.

Триангуляцияда алдын-ала есептеулер белгісіз қабырғалардың ұзындықтарын табу үшін қолданылады. Ол үшін белгілі қабырғаның мәнін қолданып, синустар теоремасын пайдаланамыз:

Бұл жерде:

а, b, с – үшбұрыш қабырғалары

А, В, С – қарама-қарсы бұрыштар

1 класты полигондардың  түйіндерінің қиылысқан жерлерінде  базистік қабырғаларды не базистік  торлардың шығу қабырғаларын  өлшейді. Базистік (шығу) қабырғаларының  ұшынан Лаплас пунктін анықтайды, яғни айтқанда пункттің ендік  пен бойлығын және азимут бағытын  анықтау үшін астрономиялық бағдарлау  жасайды.

2 класты триангуляцияны  үшбұрыштың тұтас торлар құрып, 1 класты триангуляция полигонын  толтыру үшін салады. Олар толықтыру  және топографиялық түсірістердің  геодезиялық негіздеу торларын  дамыту үшін пайдаланатын тірек  торларына жатады.

3 және 4 класты триангуляция  ірі масштабты топографиялық  түсірістің негізі болып, мемлекеттік  геодезиялық торларды әрі қарай  толықтыруда пайдаланылады. Олар  үлкен кластың торларының ішінде  бөлек пункт немесе қоспасы  болып салынады.

106. Триангуляциялық  инженерлік геодезиялық тордың 3 және 4 кластарының ерекшеліктері.

Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис қабырғаларының ұзындығы өлшенеді. Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі.

І класс триангуляциясының тұтас жүйесін орасан зорт территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды қажет етеді. Сондықтан І классты геодезиялық жүйені, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бірінен-бірі 200 кмге дейінгі алыс қашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар қатары түрінде құрады. І класстық триангуляция қатарының параметрі 800 км-ге дейінгі тұйық полигонды құрастырады.

ІІ класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және І класты пункттерімен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды.

3 және 4 класты триангуляциялар  мемлекеттік геодезиялық жүйелердің  одан арғы жиілендіруі болып  табылады.

Триан-я кластары

Қабырға ұз, км

Бұрыш өлшеудегі окқ

Үшбұрыштардағы шекті қателік

Базисті қабырға өлш сал.шек.қат

1

20-25

0,7"

<span class="Normal_0020Table__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial';



Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"