Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:51, контрольная работа

Описание работы


Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Геодезия" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

GOOOOS.docx

— 3.21 Мб (Скачать файл)

Карталардың номенклатурасы негізін 1 : 1000000 масштабтағы карта құрады,оның рамкасының өлшемі бойлықта 6,ал ендікте 4. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен жәнереттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады.

Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1 : 100000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.

М-41бет 1 : 100000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді,олар 1,2,3,...,144цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады.

1 : 100000 масштабтағы М-41-60 картасының  бір беті 1 : 50000 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А,Б,В  және Г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші бетіннің  номенклатурасы М-41-60-Б болады.

Осы бетті 4-ке бөлуден 1 :25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді.Осы масштабта5ы картаның ең соңғы бетінің номенклатурсы М-41-60-Б-Г-4 болады.

1 : 5000 масштабтағы картаның  номенклатурасының негізі болып 

1: 10000 масштабтағы картаның  беті саналады,ал ол болса 1 :5000 масштабтағыкартаның ең соңғы  бетінің номенклатурасы М-41-60 (256) болады.

1 : 2000 масштабтағы картаның  номенклатурасын алу үшін 1 :5000 масштабтағы  картаның беті 9 бөлікке бөлінеді;оларды  орыс алфавитінің кіші әріптерімен  белгілейді. Сонымен 1 : 2000 масштабтағы  картаның ақырғы бетінің номенклатурасы  М-41-60 (256-и) болады.

Топогрфиялық карталардың масштабына байланысты жеке  беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 3-ші кестеде берілген.

1 :5000, 1 :2000, 1 :1000 және 1 :500 масштабтағы  топографиялық пландарды жасаудың  негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км-тан аз учаскелердің планын  жасау үшін тікбұрышты жол-жол  сызық қолданылады.

1 : 5000 масштаб үшін 40Х40 см, ал 1 :2000,1:1000 және 1 :500 масштабтар үшін 50Х50см болады. Бұл жағдайда жол-жол  сызықтың негізі ретінде 1 :5000 масштабтағы  картаның беті қабылдап,олар араб  цифрімен белгіленеді. Оған 1 : 2000 масштабтағы  картаның 4 беті сәйкес болады. Олардың  әрқайсысы 1 :5000 масштабтағы беттің  нөмеріне орыс алфавитінің бас  әріптерінің (А, Б, В, Г) бірін қосып  жазу арқылы белгіленеді.Мысалы: 41-Б. 1 : 2000 масштабты картаның бетіне  рим цифрларымен ( 1, 2, 3, 4) белгіленген 1 : 1000 масштабтағы төрт бет және  араб цифрымен (1, 2, 3,..., 16) белгіленген 1 :500 масштабтағы 16 бет сәйкес келеді.

Осыларға сәйкес, 1 :1000 масштабтағы карта бетінің номенклатурасы 14-Б-4 (17-сурет), ал масштабы 1 :5000 үшін 14-Б-16 болады.

Геологиялық барлау жұмыстарын келешекте жүргізілетін ауданның керекті карта беттерін табуға және олардың номенклатурасын тез анықтауға арналған карталардың құрама кестелері атты жинақтар бар. Олар меридиандар мен  параллельдер арқылы осы масштабтағы карта бетіне сәйкес келетін торларға бөлінген ұсақ масштабты схемалық карталар болып табылады.

102. Топографиялық түсірістер туралы жалпы мәліметтер. Олардың түрлері. Түсірісте қолданылатын аспаптар.

Топографиялық түсіріс- жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады. Мемлекеттікгеодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады. Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар: түсіру торабын құру; аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін жүргізу; геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу; жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, шатқалдардың және т.б. өз атауларын анықтау; картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс жылдамдығын және терендігін, көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін, батпақтан өтпелерді және т.б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау. Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді. Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда орындалады. Топографиялық түсіріс нәтижелерінің планшеттері түсіріс масштабында шығарылатын топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады. Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.[1]

Топографиялық түсіру (Топографическая съемка) — жергілікті жердің жоспары мен топографиялық картасын жасау кезіндегі орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек нуктелерінің жоспарлы және биіктік қалпын анықтау); егжей-тегжейлі түсіру (жергілікті жердің элементтері мен объектілерінің жоспарлы қалпы мен биіктігін анықтау, жергілікті жер объектілерінің өз атауларын, олардың сандық және сапалық. сипаттарын белгілеу, топографиялық шартты белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу.

Топографиялық түсіру түрлері аэрофототопографиялық, мензулалық, тахеөметриялық, жер үсті фотографиялық түсіру. Аэрофототопографиялықтүсіру — аспаптар көмегімен жергілікті жерді аэрофотоға түсіру — топографиялық түсірудің негізгі түрі. Теодолиттік түсіріс – жердің контурлық планын алу үшін теодолит пен өлшеу лентасының көмегімен орындалатын геодезиялық жұмыстардың түрі. Теодолиттік түсірулер кезінде горизонталь бұрыштар β және ара қашықтықтар S өлшенеді.  Тахеометрлік түсіріс – тахеометр аспабы арқылы орындалады. Тахеометр арқылы горизонталь α, вертикаль v бұрыштары, қашықтық S және биіктік өсімшесі һ анықталады. Мензулалық түсіріс мензула және кирегель арқылы жүргізіледі. Қашықтықтың горизонталь проекциясы мен биіктік өсімшесі анық-ды, план тікелей далада сызылады. Аэрофототопографиялық түсіріс – әуеде ұшып жүріп жер бетін аэрофотоаппаратпен суретке түсіру арқылы план мен карта жасаудағы жұмыстар. Жердегі стереофотограмметриялық түсіріс арнайы жерде тұрып фототеодолит арқылы жүргізілетін жұмыстар.

Аэрофототопографиялық түсіру стереотопографиялық немесе аралас әдіс бойынша анықталады. Стереотопографиялық өдісті жергілікті жердің барлық элементтері камералы фотограмметриялық аспаптарда құрылады; аралас әдісте картаның контурлы бөлімі аэрофототүсіру арқылы, ал жер бедері мензулалы түсіру төсіддері арқылы құрыладық. Аэрофототопографиялық түсіру 1:10 000 — 1: 100 000 масштабтағы топографиялық карталар жасау кезінде қолданылады.

103. Трассаның бойлық және көлденең профилін сызу

Сызықты типтегі құрылыстар жер бетінде қысқа енді, ұзынға созылған аймвқты алып жатады. Сондықтан оны жобалау үшін трассаның бойлық профилін, көлденең профилі мен алатын жерінің ендік планының контурын білуіміз қажет.

Трасса оны жобалау жағдайына сәйкес техникалық талаптарды қанағаттандыруы тиісті. Мәселен, ең үлкен немесе ең кіші бойлық ылдилықтар, горизонталь және вертикаль қисықтардың ең кіші радиустары және т.б. беріледі.

Трассалау. Оңтайлы трассаны таңдау үшін жүргізілетін кешенді инженерлік-ізденіс жұмыстарды трассалау деп атайды.

Егер трассаны жердің топографиялық пландары, аэротүсіріс материалдары және цифрлы модельдер бойынша анықтаса, онда кемеральдық трассалау ал егер ол жергілікті жерде жүргізілсе – онда далалық трассалау делінеді.

Трассаның орны тегіс жерлерде контур, яғни ситуация арқылы анықталады. Планды мүмкіншілігінше берілген бағыт (азимут) бойынша жасауға тырысады. Бірақ кей-кезде су ағып жатқан жер, батпақ, үлкен жыралар және де елді мекендер, егін аймақтары трассаны бұзуды талап етеді. Мұнда әрбір бұру бұрышы трассаны бірсыпыра ұзартады. Мұндайда трассаны ұзартпау үшін бұрылу бұрышы 300градустан асырылғаны жөн.

Трассаның орны таулы аймақтарда жер бедерінің биіктіктері арқылы анықталады.

Камеральды трассалау.

1:М масштабты карта  және бедер қимасының биіктігі  бойынша трассалау ылдилығының  жатысы анықталады:немесе карта  масштабы бойынша мәселен, 1:50 000 масштабтағы карта үшін, қимасы һ 10м ылдилығы 20 промиль болғанда i = 1 000 см/0.020 50 000=1 см.

Анықталған жатыс арқылы картадан трассалаудың сипаттамасынан ерекше (еркін және кернеуші) учаскелер анықталады. Кернеулі жүріс ұзындығы 3-5 км. ден кем емес және ылдилығы  трассаның берілген ылдилығынан асып түсетін жер учаскелер. Ылдилығы берілген трасса ылдилығынан кем учаскілерді-еркін жүрістер деп атайды.

Нольдік жұмыстар сызықтары берілген жобалау ылдилығы ешқандай ойықсыз және үйіндісіз сақталатын учаскелер. Кернеулі жүрістер учаскелеріндегі нольдік жұмыстар сызықтарын циркуль арқылы ұзындығын L-ге тең етіп, көрші горизонтальдар арасын біртіндеп белгілейді және табылған нүктелерді сызық кесінділерімен қосады.

Нольдік жұмыстар сызығын жүргізіп болғаннан кейін транспортир арқылы трассаның бұрылу бұрышын өлшейді және қисықтық радиусын анықтайды. Одан кейін трасса бойынша пикетаж бөлінеді.

Нүкте биіктерімен пикетаж арқылы бойлық (қара) профиль, одан кейін болашақ жолдың профильі (қызыл) сызылады.

Далалық трассалау

Жол трассасы тура және қисық сызықтық учаскелерден тұрады. Пландағы тура сызықтық учаскелер тұрақты және ауыспалы R – радиусты қисықтар арқылы жалғасады, қисықтарды учаскенің  басы-бастапқы қисық, (БҚ) және соңы – соңғы қисық (СҚ) деп аталатын нүктелері болады.

Трассаның пландық орны пикетаж болған кезде, ал биіктік белгілері нивилирлеу нәтижесінде анықталады.

Трассаны рекогносцировкалау-болашақ трассаның бойымен жерін тексеру.

Пикетаж және көлденеңдікті бөлу- трассаның басынан соңына дейін жерді 100 м. сайын пикеттер  деп және ерекше нүктелер деп белгілеу.

Көлденең және ұзына бойы нивелирлеу профилін салу

Нивелирленген трассаның нүктелерінің есептеліп шығарылған биіктік белгілері бойынша оның профилі салынады. Профильді жол-жол сызықты қағазға нивелирлеу журналы мен пикеттік кітапшаның мәліметтері бойынша сызады. Бойлық профильге көбірек көрнекілік беру мақсатымен, әдетте вертикаль масштабты горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үлкейтіп қабылдайды.

Бойлық профильді салу мына тәртіп бойынша жасалады (25-сурет):

1. Шартты горизонтты (ШГ) таңдайды, оның сызығынан профилвдің  ең аласа нүктесі 4—5 см-ден артық  қашықтықта болмауы керек, шартты  горизонттың (ШГ) биіктік белгісі 10 м-ге еселі болуы тиіс.

2. Шартты горизонттың  сызығынан төмен профиль торын  орналастырады, ол қажетті мәліметтерді  енгізуге арналған жол-жол сызық  болып саналады.

3. Ара қашықтық графасына  қабылданған масштабқа сәйкес  пикеттер мен аралық нүктелер  арасындағы горизонталь ара қашықтықтарды салады. Содан кейін осы ара қашықтықтарды көшіру арқылы профиль нүктелерінің орнын шартты горизонттың сызығында белгілейді. Осы нүктелердің перпендикулярларында вертикаль масштабта профиль биіктік белгілерін тұрғызады, олар нүктелердің абсолют биіктік белгісі мен шартты горизонттық айырымы болып саналады, яғни                                                        

Перпендикулярлардың шеттерін сызықтармен қосып трассаның негізгі профилін алады.

4. Профильге инженерлік  жұмыстар нәтижесінде табиғи  профильдің орнын басатын қолдан  жасалатын жобалау сызығын салады. Жобалау сызығын грунтты қазу  және толтыру жөніндегі жер  бетіндегі жұмыстардың минимумын  ескере отырып таңдайды. Оның  өзі де жобада таңдап алынған  көлбеулік құрылыстардың осынау  түріне қойылатын техникалық  талаптарға сәйкес берілген шамадан  артық болмауы тиіс.

Трассаның жобалық көлбеулігін мына формуламен есептейді:                                                       

мұндағы һ — жобалау сызығы шеттерінің салыстырмалы биіктігі; d — осы сызықтың горизонталь ұзындығы; Hбж, Нсж—жобалау сызығының басы мен соңының профильден графикалық түрде алынатын жобалық биіктік белгілері.

5. Трасса нүктелерінің  жобалық биіктік белгілерін мына формуламен есептейді:                                                       

мұндағы dn — трассаның бастапқы нүктесінен n нүктесіне дейінгі горизонталь ара қашықтығы; і — трассаның жобалық көлбеулігі. Жобалық биіктік белгілерін әдетте қызыл тушпен жазады, сондықтан оларды қызыл биіктік белгілері деп атайды.

Жұмыс жасау биіктік белгілерін тиісті нүктенің жобалық және табылған биіктік белгілерінің айырымы ретінде анықтайды, яғни                                                     

Жұмыс жасау биіктік белгілері осы нүктедегі қазудың тереңдігін немесе толтырудың биіктігін анықтайды. Жер қазу жұмыстарын жүргізгенде осы цифрлар өте маңызды цифрлар болып саналады.

7. Жобалау сызығының табиғи  профиль сызығымен қиылысқан  жері нөлдік жұмыс жасау нүктелері  деп аталады. Осы нүктелердің  жұмыс жасау биіктік белгілері  нөлге тең болатын-дықтан жер  қазу жұмыстары бұл нүктелерде  жүргізілмейді. Трассадағы олардың  орнын метрдің ондық бөлігіне  дейінгі дәлдікпен бөлу керек, өйткені жер қазу жұмыстарын  әдетте осы нүктелерден бастайды. Нөлдік жұмыс жасау нүктелерінің  биіктік белгілерін жобалық биіктік  белгілері қатарына көк тушпен  жазады.

104. Триангуляция, триллатерация, полигонометрия

Триангуляция әдісі. Бұл әдістің мәні жер бетінде үшбұрыштар жүйесін салудан тұрады, онда үшбұрыштардың барлық бұрыштары және кейбір базистік қабырғалардың ұзындықтары өлшенеді. Үшбұрыштың қалған қабырғалары белгілі тригонометриялық формулалармен есептеледі.

1 класты полигондардың  түйіндерінің қиылысқан жерлерінде  базистік қабырғаларды не базистік  торлардың шығу қабырғаларын  өлшейді. Базистік (шығу) қабырғаларының  ұшынан Лаплас пунктін анықтайды, яғни айтқанда пункттің ендік  пен бойлығын және азимут бағытын  анықтау үшін астрономиялық бағдарлау  жасайды.

2 класты триангуляцияны  үшбұрыштың тұтас торлар құрып, 1 класты триангуляция полигонын  толтыру үшін салады. Олар толықтыру  және топографиялық түсірістердің  геодезиялық негіздеу торларын  дамыту үшін пайдаланатын тірек  торларына жатады.

3 және 4 класты триангуляция  ірі масштабты топографиялық  түсірістің негізі болып, мемлекеттік  геодезиялық торларды әрі қарай  толықтыруда пайдаланылады. Олар  үлкен кластың торларының ішінде  бөлек пункт немесе қоспасы  болып салынады.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"