Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:51, контрольная работа

Описание работы


Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Геодезия" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

GOOOOS.docx

— 3.21 Мб (Скачать файл)

Карта бағдарламасымен бірге жүретін легенда эскиз ретінде безендіріледі жəне графикалық түрде əзірленеді, жəне карта редакторлау мен баспаға əзірлеу үдерісінде өңделеді.

Кез келген картаны жобалау кезінде – автоматандырылған картография жағдайында, оның мазмұнының көлемі мен сипаттамасын анықтаумен қатар, карта мазмұны картографиялық шартты белгілер түрінде беріліп, оларды тек адам ғана емес машиналарда оқып білу керек. Картографиялық шартты белгілер жүйесі деп карталарда нақты объектілер мен құбылыстарды белгілеу үшін қолданылатын және құрудың ортақ принципі мен ережелері бар белгілердің жиынтығын айтады. Картографиялық шартты белгілер(КШБ) карта легендасын көрсететін элемент болып табылады.

Көлемі мен мазмұнына қарай легенданың мынадай типтері бар: элементар, құрама, типологиялық және типологиялық құрама.

Элементар легенда типі бір тақырыпта табиғаттың жеке элементтерін сипаттайды. Олардың жасалуы картографиялық суреттер әдісімен жасайды. Мысал ретінде топырақ картасы мен ерекше тұқымды орманды сипаттайтын карта. Элементар легендаға нүктелердің сандық көрсеткішін көрсетеді. Кешендік атластар картасынан көруге болады.

Құрама легенда типі екі немесе одан да көп элементтерді сипаттайды. Мұндай карталар легендасы әртүрлі көрсеткіштермен сапалық сандық қасиетін біріктіреді. Мұндай типті карта әртүрлі мағыналы карталарды біріктіреді. Бұл тәсіл көбінесе құбылыстар арасындағы байланысты жеңілдету, сонымен қатар орынды үнемдеу үшін атластарда кездеседі. Мысалға жел бағытын көрсететін изосызықтар шкаласын деңгейімен бояуын сипаттайтын уақыттар, стрелка түсі  мен мәнін көрсетеді.

Типологиялық легенда құбылыстың тереңдігі мен толықтығын сипаттайтын ғылыми жіктеулерге негізделеді. Мұндай легендалар геологиялық, геоботаникалық, топырақ карталарында кездеседі.

Типологиялық құрама әр компоненттің типологиялық карталарын біріктіріп құбылыстардың өзарабайланысын сипаттауда екі немесе бірнеше суретті біріктіруде қолданылады. Мысалы жерасты суларының химиялық қасиетін, минералдық дәрежесін, орналасу типін сипаттайтын гидрогеологиялық карталар.

96. Табиғи ресурстарды зерттеудің  ғарыштық бағдарламасы

Ғарыштан ЖҚЗ мәліметтерінің ауқымды қолданылу спектрі әртүрлі аппаратура мен ғарыштық түсірілімдердің арнайы программаларының жеткілікті үлкен көлемін туғызады. Бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын елдер санын кеңейту барлық деңгейдегі кеңістіктік түсіру мүмкіндігіті артыру ЖҚЗ материалдарына еркін коммерциялық мүмкіндіктің ашылуына, оларды өңдеу мен түсіндірудің компьютерлік технологиясының дамуына ықпал етті. Программалар нысаналық мақсаттары бойынша шартты түрде төрт негізгі топқа жіктеуге болады:

1. Метеорологиялық жүйе;

2. Табиғи ресурстық жүйе;

3. Мұхиттанушылық жүйе;

4. Атмосфералық жүйе.

ЖҚЗ-ның метеорологиялық жүйелері АҚШ-та (NOAA жүйесі), Ресейде (Метеор, Электра), Қытайда (FY, Feng Yun- жел мен бұлттану), Жапонияда (GMS- Geostationari Meteorological Satellite), Үндістанда (INSAT), Еуропалық ғарыштық агенттігінде (METEOSAT) бар.

Табиғи-ресурстық жүйелер – өте белсенді дамыған программалар. Осы бағыттағы өз программалары Еуропа ғарыш кеңістігінде (ERS, ENVISAT жүйесі), Жапонияда (JERS, ALOS, ADEOS), Бразилияда (MECB), Қытайда (CBERS), Канадада (RADARSAT) бар. Өз жүйелерін жасау жөніндегі ізденістер Ұлыбританияда, Аргентинада, Кореяда, Германияда, Испанияда, Италияла, Израильде, Грецияда жүргізілуде. Осы тарауда АҚШ, Франция, Ресей мен Үндістан программаларына қазіргі уақытта картография мақсаты үшін де, табиғи ресурстық міндеттердің үлкен санын шешуде де өте кең қолданылатын ЖҚЗ мәліметтеріне шолу жасалады.

Мұхиттар мен атмосфераны зерттеу жөніндегі ЖҚЗ жүйесі Жапонияда (“MOS” сериясындағы ЖЖС), АҚШ-та (Sea Star), Ресейде (Океан-О), Францияда (Topex/Poseidon), АҚШ-та (Uars, Toms-EPTRMM- Жапониямен бірге), Швецияда (ODIN) бар.

Сонымен қатар, жоғарғы және өте жоғарғы түсіру мүмкіндігі ЖҚЗ аппаратурасымен бірге табиғаттану жер серіктерінде осындай нысаналы аппаратураны кешенді орнату қолға алынуда.

АҚШ-та “EOS” (Earth Observing Sistem) программасы бар, яғни ғаламшардағы ғаламдық физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік өзгерістерді зерттеу мақсатында атмосфераны, мұхиттарды, криосфераны, биосфераны, құрлықтың жоғарғы бөлігін, ғаламшардың энергетикалық теңгерімін, жаһандық су айналымын жан-жақты зерттеуді 15 жыл бойында жүргізу жоспарлануда.

 РЕСУРС программасының жалпы сипаттамасы РЕСУРС Жердің табиғи ресурстарын зерттейтін жалпы мемлекеттік, көп буынды Ресейлік ғарыштық жүйе, ол төмндегілерді қамтиды:

 - “Ресурс-Ф” ЖЖС фотобақылау;

 - “Ресурс-О”, “Океан-О” ЖЖС жедел бақылау;

- ұшырылатын ғарыштық кемелер мен орбиталық станциялар (тартылатын құрал ретінде);

- авиациялық құралдар (тартылатындар ретінде);

- жербеті және теңіз полигондарының торабы;

 - ақпаратты қабылдау мен өңдеудің салааралық орталықтары;

 - ақпаратты тұтынушылар желісі.

Алғашқы буындағы “Ресурс-Ф1” (“Космос” сериясы) ЖЖС әртүрлі модификацияланғаны 1974 жылдан бастап пайдаланылды. Ұшыру шеңберге жуық күн-синхронды орбитаға 200-400 км биіктікпен және 82° көлбеу бұрышымен жүргізілді. Осы сериядағы ЖЖС ұшу бағдарламасы қонатын аппараттың түсірілген фотоүлдірмен қонуын көздейді. ЖЖС жалпы массасы 6300 кг, арнайы аппаратураның массасы 800 кг құрайды, үш ось бойынша бағдарлану нүктесі 1°. Түсірістерді стереофотограм- метрлік өңдеу үшін түсірістерді берілген көлденең жабылулар бойынша фотографиялау жүргізіледі. Осындай ЖЖС ұшулары бір ай бойында жалғасады.

Екінші буындағы “Ресурс-Ф2” ЖЖС 170-50 км биіктіктегі шеңберге жуық орбитаға 1987 жылдан бастап ұшырыла бастады. Құрылымдары бойынша ғарыштық аппараттары бірінші буындағы ЖЖС ұқсас. Штаттық нысаналы аппараттың құрамы өзгерілген болатын. Осы сериядағы ЖЖС картографиялық бағыттағы жоғары түсіру мүмкіндікті фототүсірістерімен және ғарыштық ақпараттың негізгі көздері ретінде КСРО-ны, одан кейін Ресейді қамтамасыз етті   

“Ресурс-Ф3” үшінші буындағы ЖЖС ұшырылды.

Бағдарламаға сәйкес жылына 4-5 жер серігі ұшырылуға тиіс. Жоғары түсіру мүмкіндігіті (1м) оптика-электрондық камералармен жабдықталған ЖЖС пайда болуымен ғарыштан ЖЖС фотографиялық әдісінің келешегі аз бола бастады

Landsat  бағдарламасы – жер серігінен спутнктік фототусүрілімнен алынатын ерекше жалғастырылған проект. 1972ж ең алғаш спутниктік бағдарламсында жіберілді; ал соңғы және қазіргі кезде Landsat 8 — 11 ақпан 2013ж. жабдықтау орнатылған Landsat спутнигінде миллиартаған түсіріліс жасалды,ол АҚШ –та және станцияда алынатын анықтамалар картографияда, геологияда, орман өсірушілікте, ғылыми ізденістер де , бүкіл әлемге бірегей ресурс болып табылады.

Жердің табиғи ресурстарын зерттеу жөніндегі “LANDSAT” бағдарламасын бастапқыда АҚШ аэронавтика және ғарыштық кеңістікті зерттеу жөніндегі ұлттық агенттігімен АҚШ “NASA” құрылып және пайдаланылды. 1983 жылдан бастап жүйе мұхиттар мен атмосфераны зерттеу жөніндегі ұлттық басқармаға “NOAA” берілді. Жүйені күту мен ұстауға кететін айтарлықтай шығындарға байланысты 1989 жылдан бастап программаны мемлекеттік қаржыландыру және оған “NASA” мен “NOAA” қатысуы қарастырылды.

“LANDSAT” жүйесі өнімдерінің құны түсірілім жүргізу түрі мен күніне байланысты 200 бастап 6000 дейінгі АҚШ доллары шегінде ауытқиды

Sроt  бағдарламасы. Жердің табиғи ресурстарын зерттеудің Француздық ғарыштық жүйесін СПОТ құру жөніндегі жұмысты 1975 жылы Францияда Ғарыштық зерттеулердің ұлттық орталығы бастаған болатын. Жүйенің бас әзірлеушісі болып Matra Marconi Space фирмасы таңдалды.

Бірінші және екінші сериядыға аппараттары ЖЖС картографиялық бағыттағы жоғары түсіру мүмкіндікті фототүсірістерімен және ғарыштық ақпараттың негізгі көздері ретінде КСРО-ны, одан кейін Ресейді қамтамасыз етті. Мүмкіндіктері LANDSAT жүйесінің мүмкіндіктерімен салыстырылатын “Ресурс-0” типіндегі (“Космос” сериясы) жедел бақылау ЖЖС бірнеше спектрлік диапазондарда түсірілімдерді қамтамасыз ететін жоғарғы және орташа қамту ауқымындаағы аппаратурамен жабдықталған.

“Океан-О” типіндегі алғашқы ЖЖС 1983 жылы ұшырылды. Негізгі нысаналы аппаратура ретінде ЖҚЗ бүйірлік шолудағы радиолокациялық станциямен (БШРЛЖ) жабдықталды. Ұшырылу мақсаты – мұз ахуалын зерттеу. БШРЛЖ-те акваторияны бақылауға бапталған телевизиялық және оптика-механикалық камералар орнатылды. “Океан-04” сериясындағы соңғы жер серігі орбитаға 1994 жылдың қазанында шығарылды. Орбитаның орташа биіктігі 650 км, көлбеуі 82,5°, қызметінің есептемелік мерзімі бір жыл.

97. Тахеометрлік түсірісті жүргізу.

Тахеометриялық түсіріс - тахеометрлермен, дәлірек айтқанда вертикаль дөңгелегі және қашықтық өлшеуіші бар теодолиттермен орындалады. Бұл кезде жергілікті жерде горизонталь және вертикаль бұрыштарды және нүктеге дейінгі арақашықтақтарды өлшейді. Камералдық жағдайда өлшенген нәтижелер бойынша жерігілікті жердің топографиялық планы құрылады. Бұл түсіріс түрі инженерлік практикада кеңінен тарап орын тапты.

Тахеометриялық түсіріс топографиялық контурлық биіктік түсіруіне жатады, оның нәтижесінде ситуациямен рельефті бейнелеп жер бетінің планын алады. Тахеометриялық түсіріс үлкен масштабта (1:500 - 1:5000) жердің кіші учаскелерінің планын жасау үшін жеке немесе басқа жұмыстармен қосыла мензулалық, стереотопографиялық түсірулерді орындау экономикалық жағынан тиімді емес немесе техникалық жағынан қиын жағдайда орындалады. Оны қолдану жердің жіңішіке алқаптары темір және автомобиль жолдары трассаларын, электр желісін, кұбырларды және басқа да созылып жатқан объектілерді түсірудегі ізденіс жұмыстарында тиімді.

Тахеометрия грекгің «жылдам өлшеу» деген сөзінен алынған. Жылдам өлшеу деп айтатын себебіміз, бұл түсіруде нүктенің пландық және биіктік орны, аспапты нүктеде тұрған рейкаға бір рет бағыттағанда анықталады. Тахеометриялық түсіру техникалық теодолиттер немесе арнаулы аспаптар тахеометрлер көмегімен орындалады.

Техникалық теодолиттерді қолданғанда тахеометриялық түсірістің маңызы жер бетіндегі нүктелердің кеңістікгегі полярлық координаталарын (В V Д) анықтау және арықарай осы нүктелерді планға салу болып табылады.

Тахеометриялық түсірістің басқа топографиялық түсірістермен салыстырғандағы артықшылықтары, оны ауа-райының қолайсыз кездерінде де орындай беруге болады, сонымен бірге камеральдық жұмыстарды басқа орындаушы жер бетіндегі өлшеулерді бітіре салысымен жасауы мүмкін, бұл түсірілетін жердің планын құрастырудың уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Тахеометриялық түсірістің негізгі кемшіліктері, жердің планын құрастыру тек қана жер бетіндегі өлшеулердің нәтижесі және салынған суреттердің негізінде камеральдық жағдайда орындалады. Мұнда жіберілген қателіктерді дәл уақытында планды жер бетімен салыстырудың нәтижесінде анықтау мүмкін емес.

Жоғарыда айтылғандай, тахеометриялық түсірісті орындау үшін горизонталь және вертикаль дөңгелектері және қыл кашықтық өлшеуіші бар техникалық теодолиттер 2ТЗО, 4ТЗО, 4Т15П және басқаларды қолдануға болады. Түсірісті бастаудың алдында аспаптардың тексерулері орындалады. Вертикаль бұрыштарды оңай есептеу үшін вертикаль дөңгелектің ноль орны МО нольге келтіріледі, жұмыс кезінде ноль орнының ауытқуы 1 тең аспауы керек. Теодолитпен жұмыс істегенде қашықтық өлшегіш рейкаларын қолданады.

Тахеометриялық түсірісті бастаудың алдында жоба жасалынады. Ол үшін картографиялық материалдар, пландық және биіктік пункттерінің каталогы, түсіру объектіне байланысты түсіру торларын құрастыру тәсілдері, оның масштабы және аспаптар таңдалынған. Тахеометриялық түсірісте жер бетіндегі жұмыстарға рекогносцировкалау, түсіру торларын құрастыру және ситуацияны және рельефті түсіру жатады.

Тахеометриялық түсірісті техникалық теодолитпен орындағанда стансадағы жұмыстар мынадай тәртіппен орындалады.

1. Теодолит нүктенің  үстіне орнатылады, жұмысқа дайындалады, аспаптық биіктігі өлшенеді, оны  рейкада белгілейді.

2. КЛ (немесе КП) жағдайында алидада мен лимбтің  нольдерін келтіреді және лимбтің  көмегімен көру дүрбісін алдыңғы  стансаға дәлдейді. Осылай лимб  алғашқы бағытқа бағдарланады. Лимбті  қатайтады.

3. Алидаданы босатып  таңдалған пикет нүктелеріне  рейканы ретімен қойып түсіруді  орындайды. Көру дүрбісінің вертикаль  қыл жібін рейканың осіне, ал  горизонталь қыл жіпті аспаптың  биіктігіне тең белгіде дәлдейді. Қыл жіпті қашықтық өлшеуішпен, горизонталь және вертикаль дөңгелектермен  есептер алады және оларды  журналға жазады.

Ескертулер деген қатарға рейкалық нүктелердің орнын, рельеф нүктелерін және басқа да есептеуге және планды құрастыруға керек мәліметтерді көрсетеді. Егер рейкалық нүкте контурды анықтау үшін керек болса, онда вертикаль дөңгелектен есеп алынбайды.

4. Алидаданы айналдыра  отырып келесі рейкалық нүктеге  қарап жоғарыдағы жұмыстарды  қайталайды.

ТТ артықшылығы ол басқа түсірістерге қарағанда қысқа мерзім ішінде, дала жұмыстарын ауа райының келеңсіз уақыттарына қарамай атқару. ТТтің дала және өңдеу жұмыстарын біріктіру арқасында оның өнімділігі арта түседі. ТТ кемшілігі дала жұмыстарынан тыс түсірілген жердің планын салу, яғни планды салу кезінде оны түсірілген жермен салыстыра отыру мүмкіндігі жоқ. Сол себепті жер бетінің кейбір тұстары қате түсіріліп немесе түспей қалу мүмкін. ТТті аумағы кішігірім, ені тар, жіңішен немесебасқа түсіріс түрлерін қолдану, экономикалық жағынан тиімсіз немесе техникалық тұрғыдан мүмкіндік жоқ уақыттарда қолданған тиімді. ТТ қазба байлықт ыбарлау және ашық әдіспен игеру кездерінде, арнаулы маркшейдрлік түсірістерде кеңінен қолданады.

98. Теодолиттер  классификациясы.  Дәл теодолиттердің негізгі зерттеулері мен түзетулері.

Теодолиттерді горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты 3 түрге бөлуге болады:

1. 1-және 2-класты  триангуляция мен полигонометриядағы  бұрыштарды өлшеуге арналған жоғары дәлдікті Т1 теодолиті.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"