Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:51, контрольная работа

Описание работы


Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Геодезия" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

GOOOOS.docx

— 3.21 Мб (Скачать файл)

Барлық кластағы нивелирлеу жүрістері жергілікті жерде орташа есеппен алғанда 5 км сайын тұракты реперлермен және танбалармен бекітіледі.

Геодезиялық жиілендіру жүйелері мемлекеттік геодезиялық жүйелер негізінде дамиды, әрі қалалар мен ауылдарда, ірі өндіріс объектілерінің құрылыс алаңдарында, тау-кен өндірісі территориясында аткарылатын ірі масштабтағы тусірулерді, сондай-ақ инженерлік және геодезиялық жұмыстарды негіздеу үшін қызмет етеді.

Топографиялық түсіруді белгілі бір масштабта жасау үшін геодезиялық жүйелерді керекті тығыздыкқа жиілендіру түсіру жүйелерін немесе осылай аталатын геодезиялық түсіру негіздеулерін дамыту есебінен жасалады: бүл негіздеу пландық және биіктік болып бөлінеді.

Тірек жүйлеінің пункттерінің ұзақ мерзім бойында беріктігін, орнының тұрақтылығын және бұзылмаушылығын қамтамасыз ету үшін әрбір тірек нүктесі жергілікті жерде центрді жерге орнату арқылы бекітіледі.

Жұмыстар жургізілетін ауданның физикалық және географиялық орнын, жергілікті жердін ерекшеліктерін, яғни центрдің түрі мен конструкциясын, сондай-ақ оның жерге орнату терендігін анықтайды. Әдетте, құрылыс салынбаған жерде геодезиялық пункт ретінде темір бетонды пилон алынады, ол жердін тоңазу деңгейінен 0,5 м терендікте орнатылады, оның жоғарғы табанынын ортасына кресі бар шойын танба кондырылған. Креспен қиылысу нүктесі геодезиялык пункттің центрі болып саналады, ал онын координаталары -х, у, Н болады.

Түсіру негіздеуінің нүктелері уақытша белгілермен (темір қазыктармен, трубалармен, ағаш бағалалармен немесе қыска қазықтармен) және ішінара кейде ұзақ мерзімдік белгілермен бекітіледі. Пункттер нүктелерді бекіткенде 1:5000 масштабтағы түсіру планының әрбір бетінің ішінде ұзак мерзімдік белгілермен бекітілген пункттердің саны кем болмауын ескерген жөн.

Бұрыштык және ұзындык өлшеулер кезінде геодезиялық көршілес пункттердің арасында өзара көрінушілігін қамтамасыз ету үшін центрлердің үстіне жер бетіндегі геодезиялық белгілер орнатылады. Белгілердің сыртқы түрі көршілес пункттердін арасындағы әдеттегідей көрінушілікгі қамтамасыз ету үшін аспапты қандай биіктікке көтеру қажет екеніне байланысты болады. Геодезиялық сырткы белгілерге негізінен мынадай талаптар қойылады: олардың беріктілігі және ұзақ мерзімге тезімділігі, каттылығы және орныктылығы, белгілерде жұмыс істеудің ынғайлылығы әрі оларға көтеріліп түсудін кауіпсіздігі.

72. Құрылыс  жобасын жер бетінде анықтау. Жобалық бұрыштарды сызықтарды және нүктелерді жер бетіне шығару.

Геодезиялық бөлшектеу жұмыстарына жр бетінде жоба бұрыштарын, арақашықтықтарды, жоба биіктігі белгілі нүктелерді және жоба еңістігі белгілі жазықтықтарды шығару жатады.

  1. Жобалық бұрыштар мен сызықтарды жер бетіне көшіру.

Мұндағы бөлшектеу жұмыстары құрылыс геометриясының жобадағы нүктелерін жер бетінде белгілеуден тұрады. Бұл нүктелердің пландық орындары теодолит арқылы бастапқы қабырғадан есептегендегі жобалық бұрышты және бастапқы нүктеден бастап жобадағы ұзындықты салып, нүктені бекітумен анықталады.

ВА бастапқы бағыт, В – жобаланатын бұрыштың төбесі, ал β – жобалық  бұрыш.

Сурет 6. Көлденең бұрышты алаңға көшіру

Жобалық бұрышты салуда бір нүкте, яғни бұрыштық төбесі және бастапқы бағыт белгілі болады.

Бөлу жұмысы мынадай тәртіппен жүргізіледі. Теодолит В нүктесіне орнатылады. Көру дүрбісін А нүктесіне көздеп, лимбадан есеп алады. Одан кейін алынған есепке жобалық бұрыш β қосылады да, алидаданы ашып, есептелген бұрыштың мәніне қояды. Сонда теодолиттің көру дүрбісінің нысаналау өсі екінші іздеп отырған бағытты көрсетеді. Сол бағыт бойынша жер бетіне жобадағы арақашықтық салынады да С1 нүктесі белгіленеді.

Дәл осындай өлшеп-бөлу қимылы теодолиттің басқа дөңгелегіне (КЛ) жүргізіліп жер бетінде С2 нүктесі белгіленеді. Бөлшектеу жұмыстарының қателігі С1 С2 сызығы тең екіге бөлініп жер бетінде АВС жобалық бұрыш салынып, С нүктесі бекітіледі. Жер бетінде жобалық бұрышты салудың дәлдігі аспаптық қателікке, өлшеу қателіктеріне (нысаналауға және лимбтан есеп алуға), сонымен қатар сыртқы жағдайдардың әсерінен кететін қателіктерге байланысты болып келеді.

Жобалық сызықтарды жер бетіне көшіру үшін бастапқы нүктеден бастап жобадағы горизонталь проекцияға сәйкес келетін көлбеу ұзындықты бағыт бойынша салады. Жобалық қашықтықтарды салуда қажетті дәдікке байланысты болат және инварлы ұзындық өлшеуіш аспаптарды, оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық сәулесі өлшеуіштер қолданылады.

  1. Жобалық белгіні жергілікті алаңға бекіту.

Жергілікті жерге жоба биіктігі Нж белгілі нүктені шығару үшін нивелирді шамамен биіктігі  НR белгілі репер мен жер бетіне шығарылатын нүкте аралығына орнатады.

Сурет 7. Жобалық белгіні жергілікті алаңға бекіту сызбасы

Репермен шығарылатын нүктеге рейкалар ұсталынады, репердегі рейкадан “а” санағын алып, аспап деңгійін анықтайды:  НА = HR + a

Нүктені жобадағы биіктікке НЖ орнату үшін нүктедегі “в” санақ мәнін білу қажет.

Қажетті мәнді былайша анықтауға болады:  b = HA - HЖ

Одан кейін, анықталған нүктеде тұрған рейкадағы есеп  “в”-ға тең болғанша қазыққа қағып отырып, рейканы көтеріп немесе төмен түсіріп отырады.

Нивелир дүрбісінің ортаңғы штрихты “в” есебіне дәл келген кезде, рейканың табаны жоба биіктігіне тең болады. Нүктенің жоба биіктігіне дәл келгендігін тексеру үшін нивелирлеу жүргізіліп, жергілікті жерге көшірілген нүктенің нақтылы биіктігі анықталады және оны жобалық биіктікпен салыстырады.

73. Құрылыс  торының құрылымдық бөлу жұмыстарының  өстік әдісімен анықтау

Өстік әдіс кезінде (кейде оны элементтерді дәл тұрғызу деп те атайды) жергілікті жерге торды есептік дәлдікпен жобалық элементтен дәл бөліну жолымен тұрғызады. Табылған нүктені тұрақты белгілермен сол жерде бекітеді. Кейін осы белгілердің орталарынан дәл бұрыштық және сызықтық өлшеулер орындау арқылы олардың нақты координаттарын анықтайды. Жиналып қалған қателіктер салдарынан тор жақтарының ұзындағы еселенбеген боуы мүмкін. Түзету мақсатында белгі басына 10х10 немесе 15х15 см болат пластинканы ерітіп жабыстырады. Бірақ бұл жағдайда алаңның өлшемі үлкен болған кезде тіпті ортасын пластинка жағына жылжыту арқылы да жобалық координатаны ала алмауы мүмкін. Сондықтан өстік әдісті қолдану аясы шектеулі. Бір жағынан ол тордың барлық пункттері тұрақты белгімен бекітілетін қасиетті  иемденеді.

Құрылыс торын бөлу кезінде осы әдіспен шамамен алаңның ортасында қиылысатын  перпендикуляр екі өзара бастапқы бағытты АВ және АС шығаруғы ұмтылады.

Сурет 3.  Құрылыс торын өстік әдіспен бөлу

А,В және С нүктелерін графикалық мәліметтер негізінен алынатындықтан ВАС бұрышы түзуден айтарлықтай  ерекшеленуі мүмкін. Оны теодолиттің 2-3 әдісімен өлшейді және түзуден ауытқушылығын анықтайды.

Db = 90° - b,

Мұндағы b-бұрыштың өлшенген мәні.

Осыдан кейін В және С нүктелерінің орнының түзетуін есептейді.

;         , SAB және SAC  арақашықтығын метрге дейінгі дәлдікте білсе жеткідікті. В және С нүктелерін есептелген түзетуге жылжытып екі өзара перпендикуляр өсті АВ және АС (осыдан әдістің аты) алады.

Өстік әдісті шағын аумақта  немесе бөлу жұмыстарының дәлдігі үлкен емес кезде қолданған жөн.

74. Құрылыс  торы

Өндіріс алаңдарындағы бөлшектеу жұмыстарын, технологиялық жабдықтарды монтаждауды және күнделікті жүрістерді түсіру үшін құрылыс торы құрылады.

Құрылыс сеткасының бір ерекшелігі оның қабырғаларының жобаланып отырған құрылыс осьтеріне немесе технологиялық жабдықтар осіне параллель болып орналасуы. Сөйтіп, құрылыс сеткасы дегеніміз құрылыс осьтерін байланыстыруды және бөлу жұмыстарын бөлуді жеңілдететін жер бетінде бекітілген тік бұрышты координаталар жүйесі.

Құрылыс сеткасының маңыздылығына және салынатын құрылыс объектісінің түріне қарай сетка қабырғаларының ұзындықтарын 100 ден 400 м дейінгі аралықта қабылданып алынады. Ең жиі қолданылатыны қабырғалары 200 метрлік сетка.

Тордың бір бұрышын өндірістік аумақтың шегінде оның кеңейтілуін, координатаның теріс мәнді болмауын ескере отырып бастапқы координатаға меншіктейді. Бұл бастапқы координаталар тордың жақтарын еселейді. Егер мүмкіндік болса құрылыс торының координата жүейсінен жалпымемлекеттік немесе жергілікті координата жүйесіне көшу оңай болу үшін бастапқы пунктті алаңда бар триангуляция немесе полигонометрия пунктімен қиылыстарған жөн. Құрылыс торының пункттерінің ретті номері болады.

75. Қытайдың Compass навигациялық жерсеріктік жүйесі.

Қытай əлемдегі ең тез дамушы елдері екені мəлім. Қытай елі де өзінің Compass атты навигациялық жерсеріктік жүйесін жасап шығарды. Compass жерсеріктік навигациялық жүйесінің ғарыштық сегменті Геостационарлық орбитада 5 жер серігінен жəне орташа жер орбитасында 30 жерсерігінен құрылады. Бұл жер серіктерімен қызметтің екі түрі қана қарастырылады. Жалпы қарастырылған сигналдың дəлдігі өңдегеннен кейін 10 м құрайды. Тек шектеулі тұтынушылар жоғарғы дəлдікті өлшеулерді ала алады. 2000 жылы үш жер серігі Геостационарлық орбитаға шығарылды. Мұндай жүйе қазіргі кезде орын мен уақытты дəл анықтау жəне байланыс қызметін көрсетіп, GPS жүйесін тиімді толықтыруда. Осымен қатар тағы екі жер серігі ұшырылуға жоспарланған. Compass жерсеріктік 21 навигациялық жүйесі тек Қытай территориясында қызмет көрсетіп, соңғы мəліметтер бойынша көрші елдерге да өз қызметін ұсынуда. Қытай елі жерсеріктік навигацияны жасауда басқа да елдермен келісімге келіп, Compass жүйесінің басқа ғаламдық навигациялық жүйелерімен жұмыс істеуіне əрекет жасауда.

Қытайдың ұлттық ғарыштық басқармасы бұл навигациялық жүйені ашуды 3 кезеңге жоспарлады, олар:

1. 2000—2003 жылы:  үш  спутниктен құралған Бэйдоу эксперименттік  жүйесі.

2. 2012 жылы:  аймақтық  жүйе  Кытай жерін және оған  іргелес жатқан аумақты  қамтуы.

3. 2020 жылы: .ғаламдық  навигациялық жүйе Compass

Ең бірінші спутник «Бэйдоу-1А»  30 октября 2000 жылы жіберілген еді..  Бэйдо́у спутниктік навигациялық жүйесі 2012жылы2 6 қазанда геостационарлық орбитада орналасқан  16 спутникті  камтыған еді. Кытай жерін және оған іргелес жатқан аумақтардың географиялық координаталарын анықтаумен қамтамасыз етеді

Жүйе коммерциялық пайдалануға 2012 жылы 27 желтоқсанда  аймақтық жайғастыру (позиционирование) жүйесі ретінде жіберілген болатын. Толық қуатты жүйеге айналу 2020 жылға жоспарланған.

76. Негізгі  картографиялық көздер

Картаны құру барысында қолданылатын барлық материалдарды картографиялық материал немесе кортографиялық дерек көздері дейміз. Оларға бірінші кезекте жаңа картаның географиялық негізін құруға қолданған болатын бұрын басылып шығарылған карталар жатады. Тақырыптық карталар негізінен жаңа картаның тақырыптық мазмұнының элементтерін құру үшін дерек көзі ретінде қолданылады. Ол алуан түрлі болады. Мазмұнының біраз бөлігі басқа картадан көшірілуі мүмкін (мысалы, кешенді экономикалық картаны құру үшін бастапқы материал ретінде өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы тағы басқа карталар тартылады). Дерек көздері ретінде карталардың басқа төменде көрсетілгендер материалдар қолданылады:

  • тірек нүктелерінің координаталарының тізбесі:

  • картаның тақырыбына, сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық бөлінуіне, географиялық атауларға тікелей қатысы бар анықтамалар мен статистикалық деректер:

  • әдеби-сипаттау материалы, ғылым-техникалық есептер, кітаптар, журналдар т.б.

Бастапқы карталар мен тірек нүктелерінің тізбелері негізінен картографиялық материалдарға, қалғандары картографиялық матриалдарды толықтыратын жерек көзіне жатады. Қатаң талаптар негізгі бастапқы материалдарға қойылады.

Олар картаның масштабына, мазмұнының толықтығына, дәлдігіне, заманауилығына, сапалы рәсімделуіне қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Картаның шыққан жылымен бекітілген дерек көздері мен ондағы картографиялық материалдар заманауи балуы тиіс.

Мәлімет жинақтаушы көздер:

* астрономия-геодезиялық  мәліметтер;

* жалпы географиялық және  тақырыптық карталар;

* кадастрлық мәліметтер, жоспар және карта;

* дистанциялық зондпен  тексерілу материалдары

* тікелей өлшеу мен  бақылау мәліметтері;

* гидрометеорологиялық бақылау  мәліметтері;

* экологиялық және басқа  да мониторинг мәліметтері;

* экономика-статистикалық  мәліметтер;

* сандық модельдер;

* лабораториялық талдау  нәтижелері;

* әдебиеттер (мәтіндік) көздер;

* теориялық және импирикалық  заңдылықтар.

77. Нивелир репері және маркалары. Жоғарғы дәлдікті нивелирлер мен инварлы рейкалары.

Барлық кластық нивелирлік түзулер жер бетінде репер және маркалармен бекітіледі. Репердің түрі физико-географиялық шарттарға байланысты таңдалып алынады. Сондықтан әр зонаға лайықты реперлердің конструкциясы жасалынған.

Реперлерді орнатуға ыңғайлы жер рельефтердің жоғарғы формалары, рі түіршекті және суы аз грунтар немесе жартасты грунтар. Қабырғалық реперлерді қабырғалары жақсы бекітілген ғимараттарға орнату керек, ол ғимараттар кешінде 7-8 жыл бұрын салынған болсын және реперлер жер бетінен 0,4-0,6 м биіктікте орналассын. Грунтта бекіту сапасныа қарап реперлер келесідей бөлінеді: қатарлы, барлық класстың нивелирлік түзуде әр 5-7км сайын орналасқан және фундаментальды әр 50-60 км сайын І және ІІ класстық нивелирлеу түзуінің түйіндерде орналасқан. Фундаментальды репердің бекіту треңдігі-репердің төменгі жағы жердің қату шегінен 1 м төмен орналасып, жер бетінен 2,5 м-ден км болмау керек; грунттық реперлерге бұл шамалар 5 см және 1.3 м тең.

Репер (белгі, бастау, нүкте) —ғимарат тұғырларыңда (немесе қабырғаларында) немесе топырақта бекітілген, абсолюттік деңгейі нивелирлеу аркылы анықталатын белгі. Репер деңгейі өзгермейді, сондыктан да жер бетіндегі өзге объектілердің деңгейлері репердің деңгейімен тексеріліп отырады;    

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"