Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:51, контрольная работа

Описание работы


Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Геодезия" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

GOOOOS.docx

— 3.21 Мб (Скачать файл)

VI класс нивелирлеу  тура жүрісте орындалады, рейкадан  алынатын есеп негізгі шкаласының  орта және шеткі бір жіп  торынан және қосымша шкаланың  ортаңғы жіп торынан алынады.

Геометриылқ нивелирлеу нәтижесінің дәлдігін бағалау, жүрістер жабық полигонын құрғанда, орташа квадратты кездейсоқ қатесі 1 км-ге келесі формулада беріледі.

 

Мұнда L - полигон периметрі, км; N - полигон саны; f - полигон невязкасы, мм.

56. Жоғары дәлдікті  геодезиялық тірек торларын құруда GPS-өлшегішін жобалау.

Жерсеріктік геодезиялық тораптар нәтижелерін геодезиялық қатмтамасыз ету жүйесінде тиімді пайдалану үшін ФАГТ және ЖДГТ әрбір пункты өзара дәл GPS - өлшеумен байланысқан бес пункт жиынтығынан кұрылуы керек. Басты пункт - GPS - өлшеулеріне арналған жұмыс центрі, ол қолайлы жағдайда бақылау арналған кол жететін жерлерде орналасады. Ол дәл GPS - өлшеулері мен екі жақын орналасқан басты негіздегі нивелирлік пунктермен байланысқан. Сонымен қатар жұмыс центрі және нивелирлік пунктер жерсеріктік өлшеулер екі көршілес жатқан МГТ пунктімен тікелей байланыста болып тұрады.

Дәстүрлі геодезиялық тораптармен байланыс 1 класты жерсеріктік геодезиялық тораптарды (ЖГТ-1) дамыту үшін де қолданылады.

Жоғарғы класты жерсеріктік геодезиялык тораптар пунктінің ФАГТ, ЖДГТ және ЖГТ-1 пунктерімен байланысы теңестіру немесе трансформациялау жолымен 1 - 4 класты Мемлекеттік геодезиялык тораптарының дәлдігін растайды, ең бастысы МГТ-ның барлық пунктер координаталарын бір геоцентрлік координат жүйесінде анықтайды. Айталық, МГТ барлық пунктерінің жиынтығы екі коор- динаттар: мемлекеттік референцтік және жалпы жердегі геоцентрлік жүйесін іске асырады.

GPS - өлшеулерін кеңінен қолдану жағдайында геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін тиімді дамытуды кешенді шешу кезінде, тек қана жалпы жердегі геоцентрлік координаттар жүйесін кұруды қарастырмай, жерсеріктік, гравиметриялық және нивелирлік деректерді бірге қолдану негізінде бір нормальды биіктіктер жүйесінде қарастырған жөн.

Геодезияльқ тірек тораптарының жоғарғы тізбесі - ФАГТ, ЖДГТ және ЖГТ-1 пунктерінің жиынтығын жоғарғы дәлдіктегі координаттар жүйесінде кұру, оларды ғаламдык геодинамика процестерінсіз зерттеу мүмкін емес. Қазіргі таңда геодинамика мақсатында халықаралық түрақты ЖЖС-нің бақылау пунктерінің тораптары кұрылған.

Геодезиялық GPS өлшеулері GPS қабылдағыштарымен төрт (одан да көп) жер серіктерін бір уақытта бақылау арқылы жүргізіледі. Екі қабылдағыштың бірі базалық, ал екіншісі ровер болып келеді. Базалық қабылдағыш барлық, өлшеу процесі бойы координаталары белгілі геодезиялық негіз пункттерінде орналасады. Ал ровер координаталары анықталатын нүктелер бойынша жылжиды. Осы екі қабылдағыштар арқылы алынған деректердің нәтижесінде база мен ровер аралығындағы кеңістіктік вектор анықталады. Бұл вектор базалық сызық деп аталады.

Базадан есептегендегі ровердің орнын анықтау үшін әр түрлі өлшеу әдістері қолданылады. Бүл әдістер өлшеулерді жүргізудің ұзақтығымен ерекшеленеді, яғни нақтылы уақытта өлшеулер жүргізу үшін радио модель қолданылады. Ол база деректерін роверге жіберіп отырады. Нәтижелер, яғни нүкте координаталары далалық жағдайда-белгілі болады.

Өлшеу нәтижелерін өңдеу алғаш далалық деректерді жазып алып, кейін офистік компьютерлерде қайтадан өңдеуді талап етеді. Өңдеу әдістерін таңдау келесі факторларға: кабылдағыштық түріне, кажетті дәлдікке, уақыттың тығыздығына және нәтижелерді алудың нақты уақытына байланысты болады.

GPS өлшеу әдістері. GPS өлшеулер кинематикалық, дифференциалдық және жедел статика әдістері арқылы жүргізіледі. Кинематикалық және дифференциалдық әдістер тек нақтылы уакытта өлшеуге, ал жедел статика кейін өңдеуге қолайлы.

57. Карта  серияларын құру.

Географиялық карталар жеке беттермен және сериямен басылып шығуы мүмкін.Картографияда серияға (латын тілінде қатар,топ) қандай да бір біріктіретін жалпы белгілері бар немесе біртекті карталар тобын жатқызады.Оған мазмұны әртүрлі болғанымен,қамтыған аумағы әртүрлі немесе мазмұны әртүрлі болғанымен қамтыған аумағы бірдей карталар жатады.Белгілеріне  қарай географиялық карталар сериялары төменде көрсетілген үш түрге бөлінеді:

1)әртүрлі аумақтардың  мазмұны біртекті;2)бір аумақтың  мазмұны әртүрлі; 3)бір аумақтың  біртекті.

Әртүрлі аумақтардың мазмұны біртекті географиялық карталар сериялары.Мұндай карталар серияларын басып шығарғанда бір-біріне тәуелсіз әр қайсысын жеке пайдалану шарты қойылады.Оларды бірлесіп пайдалану қарастырылмағанымен қолданылуы мүмкін.Өз кезегінде бірдей масштабта құрылатындықтан мұндай карталар түрі жағынан біршама ірі аумақты үздіксіз кескіндейтін (жаппай картографиялық кескіндеу) көп бетті топографиялық шолу карталарымен үйлеседі.Олардың географиялық негізгі қызметін гидрографиялық торлар атқарады.Жаппай картографиялық кескіндеуі бар карталарға облыстардың әкімшілік- аумақтық бөлінуі,елді мекендер мен қатынас жолдары айқын бейнеленген саяси-әкімшілік аңықтама карталар сериясы мысал болады.Бұл сериядағы басқа карталардааумақты жаппай үйлесімді кескіндеу берілмейді.Олар бірдей масштабта жеке беттерде басылғанымен бір-бірімен байланысы болмайды.Оған елдімекендер,жолдар,өзен торлары мен орман алқаптары тағы басқалар кескінделген облыстардың туристік карталары жатады.Аталған карталарда туристер үшін аса маңызды тарихи-мәдени және табиғи нысандар,туристік бағыттар мен базалар ерекше бөліп көрсетіледі.

Бір аумақтың мазмұны әртүрлі географиялық карталар сериялары.Оларға белгілі бір аумақтың мазмұны әртүрлі карталры жатады.Бұл сериядағы карталарға белгілі бір аумақ туралы терең әрі жан-жақты ақпарат беру тән.Белгілі бір аумақтың табиғаты,шаруашылығы мен халқы туралы жан-жақты әрі мол мағлұмат беретіндіктен оларды басқа карталармен беттестіре отырып қажетті аумақтың ерекшеліктерін оқып-үйрену мақсатында пайдаланудың маңызы зор.

Бір аумақтың мазмұны бір текті географиялық карталар сериялары.Бұл түрге жататын карталар сериялары бірінші және екінші түрдің белгілерін біріктіріп,бір аумақтың біртекті мазмұнын түзеді.Мұндай карталарда мазмұнының салмағы,картаға түсіру әдістері,нысандарды жинақтау тәсілдері мен шартты белгілері бірдей болады.Оларға материктердің оқу карталары мысал болады.Серияның құрамына Ламберттің тең ауданды проекциясымен құрылған материктердің саяси,физикалық,климаттық,табиғат зоналарының,халықтар және экономикалық карталары кіреді.Жоғарыда аталған сериялармен шығарылған карталарда аумаққа тар немесе біршама кең ауқымда сипаттама беруге болады.

Орта мектепке арналаған өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылығының қабырға карталар сериялары тақырыбы жағынан ауқымы біршама кеңейтілген.Елдің аңықтама карталар сериясы мазмұнының ауқымы одан да кең.Оның құрамына физикалық,геологиялық,тектоникалық,топырақ,өсімдік,орман және зоогеографиялық карталар енгізілген.Белгілі бір аумақтың карталар сериясының картографиялық проекциясы,масштабы,географиялық негіздері мен бұрышнамалары бірдей болады.

Карталарды талдау серияның құрамында немесе жеке пайдалану мүмкіндігін бағалаумен аяқталады.Картаны терең талдау үшін ірі масштабты карталарды,сипаттамаларды,анықтамаларды тағы басқа  материалдарды  қосымша қолданады.Карталар серияларын;әсіресе,географиялық атласты біршама күрделендірілген талдау мен бағалау;карталар серилары мен карталар топтарын ғана емес,атластағы барлық карталар жүйесінің тақырыптық толықтығын,бірлігі мен үйлесімділігін саралауды қамтиды.

58. Карталар мен атластардың жіктелуі. Карталардың түрлері мен типтері.

Карта дегеніміз – табиғи денелер мен құбылыстардың кішірейтілген сызықша моделі, немесе белгілі бір математикалық заңға сүйеніп құрылған, кішірейтілген, таңбаланған, генерализацияланған жер бетінің және элементтік табиғи құбылыстардың бейнесі.

Мазмұнына қарай карталар жалпы географиялық, тақырыптық немесе арнайы болып бөлінеді. Зерттелетін аумақты жалпы шолып танысу мүмкіндігі жалпы географиялық карталарда қамтылған, онда аумақтың негізгі физикалық-географиялық және әлеуметтік-экономикалық элементтерінің алуан түрлі сипаттары кескінделеді. Бірде-бір құрамдас бөлігі ерекшеленбейтін жалпы географиялық картаның мазмұнының құрамына су нысандары, жер бедері, елді мекендер, жол тораптары, әр түрлі шекаралар, топырақ пен өсімдік жамылғысының кейбір элементтері енгізілген.

Бір, екі, сирек жағдайда өзара байланысы бар бірнеше табиғи және әлеуметтік-экономикалық элементтері тереңдетіліп нақты көрсетілетін және олардың бірі тақырыбын айқындайтын карталарды тақырыптық карталар дейміз. Арнайы немесе тақырыптық карталардың қатарына төменде көрсетілген карталар жатады.

1.Жалпы географиялық  карталардың бірнеше элементтері  енгенімен солардың бірі басым  болатын карталар, оған гипсометриялық  карта жатады. Өйткені оның басты  мазмұны жер бедері саналады.

2.Белгілі бір  құбылыстарды сипаттау арқылы  жалпы географиялық картаның  элементтерінен басқа арнайы  деректер берілген карталар. Ондай  карталарға экономикалық, климаттық, топырақ карталары жатады. Арнайы  тақырыптық карталарда жалпы  географиялық элементтері толық  берілмейді.

Жіктеу тұрғысынан алғанда арнайы карталар үш топқа бөлінеді. Олар: физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және техникалық карталар.

Аумақты қамтуына қарай географиялық карталар төмендегідей топтарға бөлінеді:

1.Дүние жүзінің  картасы;

2.Жартышарлар картасы (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік);

3.Материктер мен  мұхиттардың картасы;

4.Мемлекеттер тобының  картасы (Орталық Азия, Балқан және  т.б.)

5.Мемлекеттің және  оның жеке бөліктерінің картасы.

Синтездңк карталарға жеке көрсеткіштерді жинақтау нәтижесінде құбылыстардың тұтастығын айқындайтын карталары жатады. Оған климат обылыстарынң карталары мысал болады. Тақырыпты карталар мазмұнына қарай  физикалық, географиялық және экономикалық географиялық карталарға бөлінеді.   

Физикалық, географиялық, тақырыптық карталар географиялық ортаның негізгі компоненттерінің басты белгілерін жинақтап сипаттайды. Оларға табиғат белдеулері мен зоналарының, климат, топырақ, өсімдік, жануарлардың карталары жатады. Кейбір тақырыптық карталар жер қабықтарының бір-бірінен ерекшеліктенуімен шектеледі. Оларға тетоникалық, геологиялық, климаттық топырақ басқа да карталар жатады.Жер бедерінің ерекшеліктері гипсометриялық, геоморфологиялық карталарда кескінделеді.     

Әлеуметтік-экономикалық тақырыптық карталарға халықтардың саяси және саяси-әкімшілік, экономикалық, тарихи және мәдени карталардығы топтары кіреді.        

Қызметіне қарай белгілі бір қажеттілікті өтеп, міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін оқу, әскери, навигациялық, теңіздік, жол және туристік карталарға бөлінеді.  

Масштабына қарай жіктеу масштабы картаның мазмұны мен аумақты қамтуына, картографиялық торына әсеріне негізделіп анықталады. Барлық географиялық карталар масштабына қарай ірі масштабты (1:200 000 және оданда ірі), орта масштабты (1:200 000 нан 1:1 000 000 дейін) және ұсақ масштабты (1:1 000 000 ұсақ) болып бөлінеді.

Ірі масштабты жалпы географиялық шолу карталары топографиялық карталар, ал ұсақ масштабтылары шолу карталары деп аталады.

Атластар – бұл біртұтас шығарма ретінде бірыңғай бағдарламамен құрылған карталардың жүйеленген жиынтығы. Тақырыбы өзара үйлесіп, бір-бірімен беттестіріліп талдау жасау қызметіне, мазмұнына және тағы басқа белгілеріне қарай жіктеледі. Атластар кітап, альбом немесе арнайы қорапқа салынған жеке беттер түрінде бастырылып шығарылады. Онда карталардан басқа мәтіндік түсініктемелер, анықтама материалдар, графиктік сызбалар мен суреттер беріледі.

Атластарда аумақ туралы,сонымен қатар,географиялық сипаттаулар мен оның ерекшеліктері жөніндегі деректер,әртүрлі кестелер мен нұсқаулар болады. Мазмұнына қарай: жалпы географиялық; салалық тақырыптық (геологиялық,климаттық,топырақ,ландшафтық,ауылшаруашылығы,экономикалық); өзара байланысқан құбылыстарды (климат  пен мұхитты) қамтитын карталар кіретін  кешенді, сонымен қатар, аумақтың табиғаттың, халқың, экономикасын, саяси-әкімшілік құрылымын сипаттайтын көп мақсатты атластарға жіктеледі.

Атқаратын қызметтеріне қарай ғылыми-анықтамалық, өлкетанулық, оқу, туристік, жол тағы басқа атластар болады.      Географиялық атластың мынадай түрлері болады:

 территорияны   қамтуына қарай — дүние жүзінің, жеке елдер мен облыстардың т. б. атластары;

мазмұнына қарай — жалпы географиялық карталардың атласы;

тақырьптық карталардың (мысалы, геологиялық және климаттық, ауыл шаруашылық т. б.)

салалық атластары: көптеген өзара байланысты құбылыстардың (мысалы, дүние жүзілік мұхиттың климаты мен океанографиясының көрсетілетін территорияның толық сипатын беретін комплексті атластар;

арналған мақсатына қарай — ғылыми-анықтама, өлке тану, оқулық, туристік, көлемі жағынан бірнеше томдық үлкен атластан қалта атласына дейін болады.

59. Карталарды болжам мақсаты  үшін қолдану жолдары.

Болжау мақсатында, әсіресе жергілікті жердің динамикасын зерттеу көбінесе картаға негізделеді. Белгілі бір уақыт шегінде қалай дамитынын болжауға болады.

Оқиғаның уақыт ішінде дамуын болжау белгілі бір аумақтын әртүрлі уақытта құрыған карталарын пайдалану арқылы жүргізіледі. Мысалы, мұндай болжаулар негізінде синоптикалық карталар құрылады.

Кеңістіктегі құбылыстарды болжау оны зерттеуге тікелей қатысы бар тақырыптық карталарды оқып-үйрену қажет етеді. Атап айтсақ, белгілі бір тереңдіктегі тау жыныстарының жатыс бағытын талдауға мүмкіндік беретін геофизикалық карталарды қолдана отырып пайдалы қазбалар болжанады.

Қолжетімсіз аумақтардың карталарын құру үшін ғарыштық түсірулерді пайдалану экстраполяция әдісіне немесе таныс заңдылықтарды географиялық жағдайы мен экономикалық дамуы бірдей нысанға көшіруге негізделеді.

Болжау карталарына адамдардың шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғи ортаның өзгеру карталарын жатқызуға болады. оларды құру үшін нысанның немесе өңірдің ағымдағы уақыттағы жағдайы ғана емес, өткен кезеңдердегі түрге өзгеру сипаты туралы деректер жиналады. Кез-келген әлеуметтік-экономикалық жоспарлау барысында (мысалы, мұнай-газ кен орындарын игеру) құбылыстың өзінің ғана емес, өоршаған орта жағдайының өзгеруін картаға түсіру қатар жүруі мүмкінү қоршаған ортаның экологиялық жағдайын мониторинглеу кезінде карта бойынша болжаудың маңызы артады.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"