Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:51, контрольная работа
Описание работы
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Геодезия" на казахском языке.
Файлы: 1 файл
GOOOOS.docx
— 3.21 Мб (Скачать файл)1—2 сызығына миллиметрлік
қағазды параллель тақап ұстап,
1 және 2 нүктелерін олардың биіктігіне
сәйкес миллиметрлік қағазға
түсіреді. Табылған нүктелерді (1/ және
2') түзу сызықпен қосып, 1—2 нүктелерінің
профилін табамыз. 1/—2' сызығының (профиль)
миллиметрлік қағаздың цифрланған
сызықтарымен қиылысқан нүктелерін (а, в, с, d, е нүктелері)
белгілейміз. Осы нүктелерді 1—2 сызығына
проекциялап, биіктіктері 50, 51, 52, 53 және
54 метрлі горизонтальдар өтетін нүктелердің
орнын табамыз.
Практикада интерполяциялау үшін миллиметрлік қағаздың орнына палетканы—теңаралықпен жүргізілген параллель сызықты кальканы жиі қолданады. Кальканың сызықтарын белгіленген жер бедері қимасының және пландағы нүктелердің биіктігіне сәйкес етіп цифрлайды. Олар горизонтальдардың орнын табатын нүктелердің арасында болуы тиіс.
6-сурет
Палетканы интерполяция жасайтын нүктелердің үстіне қояды, бұл уақытта нүктелердің бірі биіктігіне сәйкес палеткадағы белгінің үстіне дәл түсуге тиіс. Сонан соң палетканы а нүктесінде циркульдің ашасымен қысып b нүктесінің биіктігі палетканың биіктігімен сәйкес болғанша палетканы осы нүктенің төңірегінде айналдырады. Мұнан кейін а—d сызығының палетканың сызығымен қиылысқан 1, 2, 3, 4, 5 нүктелерін шаншып әрбір нүктенің қасына 43, 44, 45, 46 және 47 м биіктіктерін жазады. Басқа барлық нүктелердің арасын осылайша интерполяциялайды. Содан кейін пландағы биіктіктері біркелкі нүктелерді бірқалыпты қисық сызықтармен қосып жер бедерінің горизонтальдар жүргізілген кескінін табады.
44. Жер
бетіндегі сызықтарды бағдарлау.
Азимуттар (шын және магнитті), дирекциондық
бұрыштар. Олардың өзара байланыстары.
Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде Шын азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0°-тан 360°-қа дейін өлшенеді.
Шын азимут деп сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстік бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты атайды.
Магниттік азимут деп, сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның солтүстік бағытынан (магнит тілінің солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді.
A = AM + δi; A = A’M + δБ
Егер шығыс бұрылуды оң деп, ал батыс бұрылуды теріс деп қабылдасақ, онда екі жағдайда да мынаны шығарып аламыз. Мұндағы δш , δ6 —магнит тілінің сәйкесінше шығыс және батыс бұрылулары.
A = AM + δi
Магниттік азимуттан шын азимутқа көшу үшін магнит тілінің бұрылуының шамасын және атын (шығыс немесе батыс) білу қажет. Магниттік азимутты АМ
ЯҒни шын азимут магниттік азимут пен магнит тілінің бұрылуының қосындысына тең.
Дирекциондық бұрыш (а) дегеніміз осьтік меридианның солтүстік бағытынан немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен осы бағытқа дейін есептелетіп горизонталь бұрыш екендігі шығады. Ең жақын солт.немесе оңт. меридиан бағытынан берілген нүктеге дейін алынған бұрыш румб деп аталады.
Азимуттар, дирек-қ бұрыштар арасындағы байланыс. Географиялық меридиан мен координаттар торының вертикальды сызығы арасындағы бұрыш Гаусстық меридиандар жақындауы деп аталады γ=λ*sinφ. Бір координаттық зонаның ішінде λ 00-ден (өстік меридианда) 30 дейін (зонаның шеткі меридиандарында) өзгереді, ал sin-0-ден (экватор) 1-ге дейін (полюс). Вертикальдық сызық өстік меридианнан алыстаған сайын γ үлкейеді. Полюстың жанында зонаның шетінде γ=30, экватордың жанында γ=00.
Вертикальдық сызықтың солтүстік ұшы өстік меридианнан шығысқа қарай алыстаса, меридиан жақындауы шығыс жақындауы болады (+), батысқа – батыс (-). А=Т+γ
Магниттік азимут шын азимуттан алшақ. Берілген нүктенің магниттік және географиялық меридиандар арасындағы бұрыш магниттік бұрылу деп аталады δ. Магниттік меридиан географиялық меридианның шығысында болса, магниттік бұрылу шығыс бұрылуы болады (+) керісінше – батыс бұрылуы (-). А=АМ+δ.
Румбылар мен азимуттар арасында
төмендегідей қарапайым байланыс бар:
I ширек (СШ) Ш1=А1; А1=Ш;
II ширек (ОШ) Ш2=180°-А; А2=180°-Ш2;
III ширек (ОБ) Ш3=А3-180°; А3=180+Ш3;
IV ширек (ХСБ) Ш4=360°-А4; А4=360°-Ш4
45. Жергілікті жердегі қоординаталар жүйесі. Координаттарды жүйеден жүйеге ауыстырғандағы формулалар.
Бұл жағдайлар қатарынан ең ыңғайлысы жергілікті координаттар жүйесін және локальды жербеті қатысын қолдану. Жер беті қатысы ретінде референц- эллипсоидың қолдану қолайсыз, онда жазықты немесе анықталған радиус сферасын, тор шегіндегі референц-эллипсоидының орта радиус қисығына тең. Барлық өлшеулер нәтижесін осы жербеті сферасында редуцирлейді. Берілген ретінде жақындатылмаған координаттардың белгілі кез келген пункт торларын таңдайды.
Жиелету торларды жергілікті координаттар жүйесінде теңестіру шарты үшін барлық МГТ пункттерінің берілген координаттарын жергілікті координаттар жүйесіне қалалық жербетінің қатысымен есептеріне айналдырады.
1942 ж. жүйеден пункт координаттарын
жергілікті және керіге айналдыру
үшін келесі параметрлер, белгілі
болу керек:
- 1942 ж. жүйедегі 0 0 X ,Y пункттінің
бастапқы координаттарының мәні;
- жергілікті координаттар жүйесінде x 0, y 0 пункттінің бастапқы
координаттар мәні;
- γ жергілікті жүйедегі бұрылу бұрышы 1942 ж. бас пункт жүйесіне
қатысты;
- жергілікті жер координат жүйесінің m масштабы 1942 ж. қатысты;
- Жербеті қатыстылығының мәні (H0), оған өлшеулер енгізілген: әдетте бұл теңіз деңгейі H0 = 0 немесе қаланың орта деңгейі H0 = Hгор;
- Жергілікті жер жүйесінің L0 осьтік меридиан бойлығы;
- Жергілікті жер жүйесінің
қабылданған референц-эллиспоиды;
- Қабылданған биіктік
жүйесі Балтық немесе жергілікті
жер, сондай-ақ бір жүйеден екінші
жүйеге өтудегі формулалар айналымы.
Жергілікті жер координаттар жүйесінің бұрылу бұрышын есептеуі. Бұрылу бұрыштарының мәні әдетте беріледі және жергілікті осьтік меридианның бұрылу бұрышы болып табылады, ол сағат тілі бойынша Гаусс-Крюгер зонасында 60 осьтік меридианымен есептеледі.
Кейбір жергілікті параметр жүйесінің бойлауынан оларды қосалқы жолымен 1942 ж. Жердегі жаңа торларды теңестірумен және жергілікті координаттатар жүйесін ескі торлармен салыстырудағы нәтижелері бойынша анықталады. Егер бұрылу бұрышы берілмесе, оны 1942 ж. жүйесіндегі қабырғалардың дирекциондық бұрыштарын және жергілікті координаттар жүйесінің айрмашылығы ретінде анықтаиды
мұнда αki - 1942 ж жүйесіндегі ki қабырғаларының дирекциондық бұрышы; αki ,- жергілікті жүйедегі ki қабырғаларының дирекциондық бұрышы; - 1942 ж жүйесіндегі және жергілікті координаттар жүйесіндегі геодезиялық сызықтың қисықтық түзету көрінісі. 1942 ж. жүйесіндегі жоқ бас пункт координаттар мәні X0 ,Y0 геодезиялық торды теңестіргеннен кейін 1942 ж, жүйеден алды.
Координаттарды жүйеден жүйеге ауыстырудағы формулалалар.
Қала аумағына байланысты және оның осьтік меридиан зонасынан жоқ болуы, 1942 ж жүйеден координаттарды жергілікті жүйеге айналдыру және қайта толық және толық емес формулалармен орындалуы мүмкін.
Кіші қалалар және ПГТ торлары үшін МГТ-ның берлгендеріне сүйенетің,
Олардың айналдырылған толық емес формуласын қолдануға болады.
1942 ж. жүйесіндегі координаттарды
жергілікті толық емес формулаларға
ауыстыру: xM=∆X42m cos γ+∆Y42m sin γ+x0, yM=∆Y42m cos γ+∆X42m sin γ+y0,
Мұнд. ∆X42= X42- X420; . ∆Ү42= Ү42- Ү420, мұнд. X420 ,Ү420 – 1942 ж жүйедегі бас пункт координаттары.
М – масштаб, γ – МСК бұрылу бұрышы, х0,ү0 – жергілікті коорд жүйесіндегі бас пункт координаттары.
46. Жердің пішіні туралы мәлімет (шар, геоид, жер эллипоиды). Ф.Н.Красовскийдің референц-эллипосоиды.
Жердің физикалык бетінің жалпы ауданы 510 млн км 2-қа тең және геометрия жағынан алғанда пішіні күрделі. Орасан кеңістікті (жер бетінің 71%-ін) мұхиттар мен теңіз шұңқырлары алып жатыр, олардың тереңдігі 11000 м-ге дейін жетеді. Егер де бүкіл планета материктер астымен үздіксіз жалғасып жататын дүниежүзілік мұхит бетінің тынық кезіндегі жағдайымен шектелген десек, тұтас алғанда жердің пішіні туралы түсінік алуға болады. Осындай тұйық бет өзінің әрбір нүктесінде вертикаль бағытқа, яғни, ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады, ал ол деңгейлік бет деп аталады. Осы деңгейлік бетпен шектелген денені геоид дейді. Геоид — толқын мен ағынның жоқ кезінде мұхиттардағы судың орта деңгейі мен материктегі мұхитпен жалғасқан шартты түрде алынатын су деңгейінің фигурасы. Салмақ күші деңгей бетінің потенциалы болып табылатын геоид жер фигурасы деп есептелінеді.
Жердің фигурасына мейлінше жақын келетін эллипсоидты жер эллипсоиды деп атайды. Жер эллипсоидының көлемдерін анықтау үшін жер бетінің барлық жерінде геодезиялық өлшеулер жүргізілуге тиіс. Әзірше мұндай өлшеулер толық жүргізілмегендіктен, жер эллипсоидының дәл параметрлерін анықтауға мүмкіндік болмай отыр. Осы орайда кейбір елдерде геодезиялық өлшеулерді өңдеу барысында геодезиялық жұмыстардың нәтижелері бойынша шығарылған өз эллипсоидтары қолданылады, олар сол елдің немесе бірнеше елдің территориясын толық, не ішінара қамтиды. Осындай эллипсоид референц-эллипсоид деп аталады. Референц-эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.
Жер эллипсоидының көлемін әлденеше рет әртүрлі елдердің ғалымдары анықтады. 1946 жылға дейін ТМД-да 1841 жылы неміс ғалымы Ф. В. Бессель есептеп шығарған жер эллипсоидының көлемі қолданылды (а=6377397 м, b = 6356079 м, а=1:299,2). 1945 жылдан бастап геодезиялық және картографиялық жұмыстар үшін Ф.Н.Красовскийдің референц-эллипсоидының мынадай көлемдері бекітілді: а=6378245 м, b = 6356863 м, а=1:298,3. Батыс Еуропаның және АҚШ-тың гравиметриялық және астрономиялық материалдарының өңдеуден алынған градустық өлшеулері осы эллипсоидтың көлемдері қолданылған материалдардан аумағы жағынан да, оларды өңдеудің дәлме-дәлдігі жағынан да неғұрлым басымырақ болып табылады.
Көптеген есептерді шығарғанда сфероид сығылушылығының аз (сс=1:300) болғандығынан жердің фигурасы үшін радиусы 6371,11 км сфераны қолдануға болады. Кейбір жағдайларда, жер учаскелерінің ұзындықтары 20—30 км-ден аспаған кезде, жердің сфералылығын елемеуге де болады.