Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:51, контрольная работа

Описание работы


Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Геодезия" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

GOOOOS.docx

— 3.21 Мб (Скачать файл)

Карталарға және ғарыштық түсірулерге негізделіп құрылатын болжау карталарының дәлдігі жүргізілетін зерттеулердің іргелігіне, оқып-үйренетін картографиялық ақпараттың көлеміне, қисындылығы мен заідылықтарды экстраполяциялау аппаратын дұрыс пайдалануына тәуелді болады.

60. Картаны-қолдану, құру жүйесінде картографиялық зерттеу тәсілдері

61. Картаны  құру кезеңдері. Географиялық редактрлеу  ролі.

Карталар мен атластарды құру бағдарламалары туралы түсінік

Ұсақ масштабты карталар әртүрлі картографиялық, статистикалық басқа да дерек көздерін пайдалана отырып, камералық өңдеу жағдайында құрылады. Оларға аэроғарыштық түсірулер, гидрометеорологиялық бекеттер торлары сияқты тікелей табиғаттан алынған бастапқы деректер, картаның тақырыбы бойынша бұрын орындалған геодезиялық түсіру, картографиялық, физикалық және экономикалық-географиялық тағы басқа жұмыстардың материалдары жатады. Карталар мен атластарды құруға бұрын құрылған топографиялық және ұсақ масштабы жалпы географиялық және тақырыптық карталардан. әртүрлі статистикалық анықтамалардан, кітаптар мен кестелерден басқа да еңбектерден алынған көлемі ірі деректерді өңдеу кіреді.

Карта бағдарламаларының рөлі. Караны жобалау барысында картаның бағдарламасын (саралау жоспарын) құруға баса назар аударылады. Кез-келген картаның бағдарламасы оның атын, атқаратын қызметін, түрін, матиматикалық негіздерінің элементтерін, картаға түсірілетін материалдардың мазмұнын және оның рәсімделуін, жинақталу қағидалары мен дәрежелерін, географиялық құбылыстар мен нысандарды картада көрсететін бейнелеу әдістері мен кестетік нышандарын, картаны құруға қолданылатын негізгі дерек көздерінің тізімін, фототеруге қажетті жазулардың көшірмесін, картаны жасаудың технологиялық үрдістерін қамтиды.

Картаның кез келген бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын кестелік қосымшалар төменде көрсетілген құрамдас бөліктерді қамтиды:

  • картаның негізгі бөліктерінің картографиялық кескінделуін, жабдықтаушы элементін, қосымша карталарды, көлденең қимасызбалар мен диаграммалардың өзара орналасуын көрсететін құрастыру макеті;

  • маңызды реперезентивті телімдердегі картаның үлгілері;

  • әртүрлі аудандар үшін географиялық аудандастыру тәсілдері мен жинақтау үлгілері;

  • картаның мазмұнының барлық элементтеріне арналған шартты белгілердің үлгілері;

  • барлық элементтердің жазу үлгілері.

Аэрофототүсіру материалдарын пайдаланып, топографиялық карталарды құру және жаңарту қағидалары. Топографиялық карталар уақыт өте келе есіктерді, табйғи және антропогендік факторлардың әсерінен жергілікті жерге сәйкес келуден қалады. Оларда жаңарту мемлекеттік шекара өзгергенде, жаңа елдімекендер салынғанда, ірі шаруашылық нысандардың салынуына байланысты аумақ түленген тағы басқа жағдайда жүргізіледіТопографиялық карталарды құру және оларды жаңарту төмендегі кезеңдерді қамтиды:

  • техникалық жобасын ұру;

  • аэрофототүсіру;

  • дайындық жұмыстары;

  • жоспарлы және биіктіктік жаңарту, геодезиялық жұмыстар;

  • аэрофотосуреттерді фотограмметриялық өңдеу;

  • изосызықтар жүргізу үшін картаның негіздерін дайындау;

  • аэрофотосуреттерді камералық дешифрлеу, фотограмметриялық әдіспен жергілікті жердің бедерін құру;

  • аумақта далалық зеріттеу жұмыстарын жүргізу;

  • картаның далалық түпнұсқасын рәсімдеу және оларды картаның басқа беттерімен үйлестіру;

  • картаның түпнұсқасын басып шығаруға дайындау;

  • картаның түпнұсқасын тексеріп саралау;

  • картаны типографияда басып шығару сатысы;

Ұсақ масштабты карталарды құру мен жасаудың дәстүрлі технологияларының негізгі кезеңдері. Қазіргі кезеңде картаны жасаудың негізгі 2 әдісі бар. Біріншісіне картаны қағазда құрып жасайтын дәстүрлі әдіс, екіншісіне электронды карталар құратын компьютерлік технология жатады.

Картаны жасаудың дәстүрлі технологиясының өндірістік тізбектерді саралау- дайындау, картаны құру, баспаға дайындау және картаны басып шығару кезеңдерінен тұрады.

1. Саралау-дайындау жұмыстары  Негізінен бастапқы картографиялық  материалды жинауға баса назар  аударылады. Оларға бірінші кезекте  жаңа картаның географиялық негізін  құруға қолданған болатын бұрын  басылып шығарылған карталар  жатады.

2. Картаны құру жұмыстары. Картаны жасаудың келесі кезкңі  мазмұнының элементтерін құру  болып табылады.Содан кейін арнайы  прибор координатографта олар  қатты негізге жапсырылған қағазға  түсіріледі. Қатты негіз (алюминий  табақша) картаны құру үдерісінде  бұрмалануды азайту үшін қажет.Картаны  құрудың бұл кезеңінің нәтижесінде  жоғарғы дәлдікпен сызылған құратын  түпнұсқа дайын боады

3. Картаны басып шығаруға  дайындау басып шығару түпнұсқасы  мен баспа қалыптарын алудан  тұрады. Басып щығару түпнұсқасын  алу үшін құрылған түпнұсқадан  қағазда немесе арнайы жылтыр  металл табақшаға жарық өтпейтін  нақышты қабаты көгілдір көшірмелер дайындалады.

4. Одан әрі баспа қалыбы  картаны тікелей басып шығаратын  цехқа жіберіледі. Тираж көп бояулы  баспа машинасында арнайы картографиялық  қағазда бастырылады. Алюминий табақшадағы  баспа қалыптары көп тиражды  карталарды басып шығарға шыдайды.

Картаны жасаудың заманауи компьютерлік технологиялары. Қазіргі кезде компьютерлік технологиялар картаны құру мен жасаудың негізгі әдістеріне айналды.

Компьютерлік технологиялар карталарды құру, рәсімдеу және басып шығаруға дайындау жұмыстарын біртұтас үрдіске айналдыруға; алынған картографиялық шығармалардыңжоғарғы кестетік сапасы мен қолайлы сақталуын қамтамасыз етуге, олардың эстетикалық, эргономикалық және коммуникативтік қасиеттерін жақсартуға және картографиялық ақпаратты қарапайым жаңартуға мүмкіндік береді

62. Картографиядағы дизайн. Дәстүрлі  және компьютерлік технологияларды  қолдануда карта рәсімдеудің  ерекшеліктері.

Картографиялық дизайн – карталады көркемдік жобалау синонимі, яғни картаның, атластың, кез-келген картографиялық шығарманың функциялық мақсатымен, тематикасымен, қазіргі көркемдік принциптермен және техникалық, қазіргі көркемдік принциптермен және техникалық мүмкіндіктермен сәйкес эстетикалық бейнесін қалыптастыру.

Столүсті баспа жүйесі базасындағы компьютерлік технологиялар (САЖ). Бұл технологиялар картографиялық өнімді жаппай дәстүрлі басып шығару нұсқасында (қағаздағы негізде) біршама кең таралады.

Электронды баспа жүйелері файылды басып шығаруға дейінгі дайындаудан, ЭЕМ ақпараттарды енгізуден бастап, түрлі-түсті позитивтерді шығаруға дейінгі барлық жұмыстарды қамтитын қуатты технологиялық кешен болып табылады. Мұндай кешеннің ядросы енгізу-шығару қондырғыларын, бейнені өңдеу, макеттеу, беттеу, түс бөлу бағдарламаларын басқаруды қамтамасыз ететін торға біріктіретін жұмыс бекеті болып табылады. Столүсті ақпараттық жүйелерінің (САЖ) құрамдас бөліктеріне түстер бөлінген позитивті енгізу, өңдеу және ақпараттарды шығару жүйелері жатады. Пайдаланатын құрал-жабдықтарға жеке компьютерлер, шағын форматты сканерлер, А-4, А-3 форматты ақ-қара және түрлі-түсті және тамшыланатын принтерлер жатады.

Бейнені өңдеу әртүрлі бағдарламалық құралдардың көмегімен жеке компьютерде жүзеге асырылады. Растрлы бейнелерді өңдеу үшін растрлы кестеаның Adobe PhotoShop, Corel PHOTO-PAINT тағы басқа бағдарламаларын қолданады. Олар түстік және өңдік түзетулер енгізуге, бір түс жүиесін екіншісімен алмастыруға, арнайы нәтижелерді қолдануға, монтаждауды, түпнұсқаның растрлі бейнесіндегі меншікті және сканерлеу үрдісіне пайда болған ақауларды тазартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Векторлы кестемен жұмыс істеу үшін IIIuctrator, Macromedia Free Han және CorelDRAW бағдарламалары қолданылады. Векторлық редакторлар күрделі шартты белгілерді пайдалана отырып картаны рәсімдеуге, оның құрылымын қабатты ұйымдастыруға, кесте мен мәтінге көптеген нәтижелерді қолдануға мүмкіндік береді. Кестетік пакет басылымды беттеуге қажетті көптеген мүмкіндіктердің болуымен ерекшеленеді.

63. Картографиялық генерализацияның  маңызы мен факторлары. Генерализацияның  түрлері мен приемы.

Генерализация- картадағы құбылыстарды іріктеуден, олардың сандық, сапалық сипаттамаларын жалпылаудан қарапайым объектілерден күрделі объектіге ауысуын көрсетеді. «Генерализация» термині латын тілінің «generalis» деген сөз ортақ немесе басты деген мағына ереді.

Генерализация түрлері:

Картографиялық генер-я – картаның картографы немесе редакторы тағайындайтын ценз және нормамен сәйкестендіре таңдай отырып нысанның басты типін айқындап көрсететін түрін айтады

Қашықтықтық ген-я – техникалық факторлардың кешенімен (түсірім биіктігі мен әдісі, спектрлі диапазон, масштаб, шешілім) және табиғй ерекшелігімен пайда болған бейнені суретте геометриялық және спектрлы түрде бейнелеуді айтады.

Автоматтық немесе алгоритімдік ген-я – алгоритімді және формальды критерий мен берілуіне сәйкес бейнені формальды сұрыптау, жеңілдетуді айтады.

Динамикалық ген-я – анимацияны механикалық жинақтауда, уақытына қарай біршама тұрақты нысан мен құбылыстың бастысын көрсетуді айтады.

Картографиялық генерализацияның факторлары:

  • Карта масштабы – яғни генерализацияға көп әсер етеді. Бұл ірі мастабта көрсетілген барлық объектілерді ұсақ етіп графикалық түрде көрсету мүмкін емес екенін байқаймыз, яғни бейнені жалпылап ішінде маңызды элементтерін теріп алуын көрсетеді.
  • Карта тағайындалуымен – картографиялық генерализацияның әр түрлі болуына байланысты генерализацияда түрлі болады, тіпті олар бір ғана масштабта бір ғана територияны бейнелеиді.
  • Карта тақырыбымен- картографиялық генерализация әсер етеді мыс: Экономикалық картада жер бедері қатты генерализацияға ұшырайды, ал елді мекен шекаралары анық көрсетілуі тиіс.
  • Картографиялық територияның ерекшелігімен – бұлардың генерализацияға әсері картаға сол територияның неғұрлым маңызды сол жері сипаттайтын ерекшеліктермн көрсетеді.

64. Картографиялық  классификациялардың жіктелуі. Картографиялық  проекцияларды зерттеу. Проекцияларды  тану.

Картографиялық проекциялардың классификациясы. Әдетте картографиялық проекциялардың классификациясы сыртқы белгілеріне қарай жасалынады, себебі тереңделген генетикалық амалдар картографиядан математикаға қарай алшақтап кетеді. Картографиялық проекциялар классификациясындағы кең таралған белгілер тобы: 1. Карталардың математикалық-геодезиялық негіздеріне жататын белгілер - бейнеленетін беттің түрі, проекцияны салу математикалық тәсілдері және т.б. 2. Проекцияны сипаттайтын белгілер - бұрмаланулардың сипаты және мөлшерлері, картографиялық тордың түрі, оның ерекше қасиеттері. 3. Картаның арналуымен, қолдануымен және мазмұнымен негізделген белгілер. 4. Картографиялау объектісімен қойылатын белгілер – оның пішіні (түрі), өлшемдері және географиялық орны.

Картографиялық проекциялар туралы түсінік. Жер элипсоидының немесе шардың бетін жазықтықта кескіндеудің математикалық әдістерін картографиялық проекция дейміз. Жер градус торларын картада кескіндеуді картографиялық тор , ал меридиандар мен параллельдердің түйілісетін нүктесін тоғысу нүктесі дейміз. Ол К әрпімен белгіленеді.

проекциялардың келесі кластарын бөледі: азимуталды, конустық, цилиндрлі

Цилиндрлі проекциялар. Білігі мен диаметрлері сәйкес келетін жанасатын қалыпты цилиндрлі проекциямен құрған карталардың тоғысу нүктелері мен картографиялық тордың сызықтары шар тәрізді глобустың бетінен цилиндрдің бүйір қабырғасына жобаланады.

Конустық проекциялар.  Конустық проекцияда картографиялық торды тұрғызу үшін қалыпты жанасатын немесе қиып өтетін конустар қолданылады. Барлық қалыпты конус проекцияларының меридиандарының сыртқы пішіні бір нүктеден таралатын сәуле тәрізді түзң, параллельдерінікі концентрлі доға сияқты болады.

Азимутты проекциялар. Глобустың градус торларын жанасатын жазықтықта жобалау арқылы құрылатын картографиялық  торлардың барлығын азимутты проекциялар дейміз. Қалыпты азимутты картографиялық тор жазықтықты глобустың полюсында, ал көлденең азимуттыны экваторда, көлеу азимуттыны глобустың кез-келген бөлігінде жанастырып жобалау нәтижесінде құрылады.

Картографиялық проекцияларды бұрмалану сипатына қарай жіктеу. Кескінделетін картографиялық торлардың қасиеттеріне қарай проекциялар тең ауданды, теңаралықң тең бұрышты және еркін болып бөлінеді. Тең ауданды проекцияларда картографиялық  тордың барлық бөлігінде аудандық масштаб тең болады.

Тең бұрышты проекцияларда ұзындық масштабы барлық бағыттарда бірдей болғандықтан бұрыштары мен шексіз шағын геограяилық нысандардың пішіндері бұрмаланбайды.

Картаның белгілі бір бөлігіндегі географиялық нысандардың бұрыштары, аудандары мен пішіндері бұрмаланып, математикалық заңдылықтарға сай олардың мөлшері аз болатын проекцияларды еркні проекциялар дейміз.

65-66. Картографиялық проекцияларды таңдауды анықтайтын факторлар. Негізгі картографиялық проекциялардың (әлемнің, мұхит жартышарларының, құрлықтар мен ірі аймақтардың, жеке мемлекеттер мен олардың бөліктерінің) сипаты

Проекциялардың таңдауына әсер ететін факторлар. Жаңа картаны жасау процесінде проекцияның таңдауы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл тиаңдауда қабылданған проекция жаңа картамен орындалатын міндеттердің максималды шешілуін қамтамасыз ету керек. Қазіргі жағдайдағы геоақпаратты технологияларды қолдануында маманддандырылған коммерциялық картографиялық бағдарламалық пакеттер қолданылады. Бұл пакеттер жүздеген картпроекцияларды қамтиды. Осыған қарай таңдау міндеті жеңілденеді, яғни картаны құрастырушы берілген тізімнен бір проекцияны таңдап, оны жаңа картаны салуында қолданады. Таңдауды белгілейтін факторларды үш топқа бөлуге болады:

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"