Шпаргалка по дисциплине "Геодезия"
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:51, контрольная работа
Описание работы
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Геодезия" на казахском языке.
Файлы: 1 файл
GOOOOS.docx
— 3.21 Мб (Скачать файл)83. Өндірістік
алаңдарда геодезиялық
Гедозиялық таңбаларының қаланатын орындары құрылыстың бас жоспарында, сонымен бірге, құрылыс аумағының жоспарлануы мен салынуындағы жұмыстарды өңдеудегі қажетті сызбаларда көрсетілуі керек.
Таңбалардың қаланатын тереңдігі жердің ең қатты қату тереңдігіне тәуелді болады. Таңба негізі ең қатты қату деңгейінен, кемінде, 0,5-1 м төмен орналасы керек. Бұл жердің қатуы кезіндегі таңбалардың ісінуіне әлсірету үшін қажет.
Демек, барлық топырақтық орталықтары мен реперлерді көбінесе жер қыртысымен теңестіріп салады. Таңбалардың тұрақтылығы мен сақтығы үшін қолайсыз процестердің, көшкіндерден, ықпалы бар аймақтардан тыс, сонымен бірге су алып кетуден, деформациядан, яғни ірі объекттердің котловандардың 200-400 м жақын емес жерлерде салынады.
Еркше назарды, пункттардың котловандар немесе қадаларды қағатын орындарға жақын жерге бекітуіне аудару керек. Таңбалар орталықтарының орнықты жағдайының сақталуы үшін, оларды котлованнан, кмінде котлован тереңдігінің он еселі қашықтықта орналасуы керек.
Сонымен бірге, салынып жатқан объекттердің биіктігін есепке алып, тірек нүктелерін ғимарат қабырғаларынан, оның биіктігіне тең не одан артық қашықтықта бекіту абзал.
Бөлшектеу тораптарының пункттерін бекіту тұрақты таңбалармен өңделеді. Бұл котловандарға салынған төменгі жағында бетон тұтасы бар рельстердің кеспелтектерді немесе металл құбырлар, немесе бетон толтырылған ұңғымақтарға қойылған рельстердің кеспелтектері және металл құбырлары.
Кейде бұндай таңба-белгілердің үстіңгі жағына, бетіне белгі ортасы бұрғымен тесіліп немесе рискемен белгіленеді, мөлшері 20х20 с металл пластина сваркамен жабыстырады Құрылыс тәжірибесінде қада түрдегі таңбаларды аса тиімді санауға болады..
84. План, карта. Масштабтар: сандық, сызықтық, көлденеңдік
Карта-дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының, жердің қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. Карта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялық карталар жалпы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді.
Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалық-географиялық мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т. б.) және адам қызметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жол торабы және т. т.) кескінделеді. 1 : 10000—1 : 1000000 масштабтағы жалпы географиялық карталар топографиялық карталар деп аталады. Олар ірі масштабты — 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000, 1:10000, 1:25000, 1:50000, орта масштабты — 1: 100000, 1:200000, ұсақ масштабты — 1:500000, 1: 1000000 болып бөлінеді. 1:500, 1:1000, 1:2000 және 1:5000 масштабтағы топографиялық карталар топографиялық пландар деп аталады. Жер бетінің шектеулі учаскесі бедерінің, контурлары мен пішіндерін горизонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп және осы сияқты кескіндеуді (Жер қисықтығы ескерілмейді) топографиялық план деп атайды.
Ұсақ масштабты карталары халық шаруашылығының дамуын негізгі жобалау кезінде жерді жалпы зерттеуге, су кеңістігінің және жер бетінің қорларын есепке алуға, күрделі инженерлік объектілерді алдын-ала жобалауға, еліміздің қорғаныс мүддесіне арналған. Орта масштабты карталар егжей-тегжейлі мазмұнға және неғұрлым жоғары дәлдікке ие болады. Олар ауыл шаруашылығында егжей-тегжейлі жобалауға, жолдарды, трассаларды, электр жеткізу желісін жобалауға селолық елді мекендерді алдын ала жоспарлау және салуға пайдалы қазбалардың қорын барлау және іздестіруге арналған. Ірі масштабты карталар мен пландар әр алуан жұмыстарды неғұрлым дәл егжей-тегжейлі жобалау (суландыру, құрғату, көгалдандыру, қалалардың басты жоспарларын жасау, инженерлік тораптарды және коммуникацияларды жобалау) үшін жасалады. Тақырыптық арнайы карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалынады, бірақ олардың элементтерінің бірі ғана барынша толық ашылады (топырақ карталары, орман, сортаңдану, дымқылдану геологиялық карталар және т. б.). Қазіргі уақытта пайдалы қазбалар кенін барлау және игеру кезінде жердің үлкен ауданын мелиорациялау және игеру жөніндегі шараларды жүзеге асыруда жолды салуда, айналадағы ортаны қорғауда және халық шаруашылығының басқа мақсаттарында арнайы салалық карталар жасалынады.
План немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінін береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштаб: 1/500, 1/1000, 1/10000, 1/50000 және т. с. с. алынады.
Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, онын бөлімі жердегі сызықтардың план мен картада кескіндеу кезінде қаншалықты кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1 : 1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді. Сандық масштаб дегеніміз- алымы бір саны, ал бөлімі жергілікті ауданның көкжиектік бағыттағы проекциялық сызықтың картада қанша есе азаюына сәйкес болып, келетін дұрыс бөлшек болып табылады.
Сызықтық масштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен арақашыктықты өлшеуге және салуға болады. Арақашықтықты өте дәлдікпен анықтау үшін көлденең масштабты қолданады.
Сызықтық масштаб дегеніміз- қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай бөліктерге бөлінген сандық масштаб атауының түзу сызықты графиктік кескіні болып табылады.
Көлденең масштаб – сызықтық масштабтың бір түрі. Бұл аталған масштабтың қолданылуы, нақты инженерлік құрылыстардың жобалау жұмыстарының үлкен көлемді топографиялық пландарда бейнелеп, қашықтық өлшемдерін жүргізу үшін, өте жоғарғы дәлдіктердің қажет болатындығынан, арнайы, көлденең масштабты темір сызғышты пайдалану негізінде болып келеді.
85. Пландық геодезиялық тірек торлар. Оның мәні.
Геодезиялық жиілендіру тораптары мемлекеттік геодезиялық торап негізінде дамиды, қалалар мен ауылдарда, ірі өндіріс объектілерінің құрылыс алаңдарында, тау-кен өндірісі аумағында атқарылатын ірі масштабты түсірулерді, сондай-ақ инженерлік және геодезиялық, маркшейдерлік жұмыстарды негіздеу үшін қызмет етеді.
Топографиялық түсіруді белгілі бір масштабта жасау үшін геодезиялық жүйелерді тиісті тығыздыққа жиілендіру жұмысы түсіру жүйелерін немесе осылай аталатын геодезиялық түсіру негіздеулерін дамыту есебінен жүргізіледі, негіздеу планды жөне биіктік болып бөлінеді.
Ал түсіру тораптары да пландық және биіктік тораптары болып бөлінеді.
Пландың түсіру тораптары теодолиттік, тахеометриялық және мензулалық жүрістер немесе триангуляция арқылы құрылады. Тораптардың тығыздығы түсіру масштабына, жердің рельефіне тікелей байланысты. Мәселен, 1:500 масштабты түсіруде пункт саны 4-тен кем болмауы керек. 1:2000 масштабта 10-нан, ал 1:1000 масштабтағы түсіруде 16-дан кем болмауы қажет.
Аракашыктықтарын өлшеу қиынға түсетін жерлерде түсіру пункттері ұшбұрыштар тізбегін қүру, тура жөне кері қиылыстыру әдістері не теодолиттік жүрістер арқылы анықталады.
Түсірудің масштабтары өндіріс жүмыстарының ерекшеліктеріне байланысты алынады. Мәселен, көлемі үлкен, ірі кен орындарын барлау және игеру кезінде жер беті 1:5000 масштабта, ал шағын кен орындары планға 1:2000 жөне 1:1000 масштабтармен түсіріледі.
Күнделікті жүмысңа кажет сызбалар 1:1000 не 1:500 масштабтарға қима биіктіктері 0,5 м болып жасалады.
86. Поляр координаталарының бөлу тәсілі.
- Полярлы координата әдісі