Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 15:05, диссертация

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қоршаған-қолайлы-ортаға-деген-құқық.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан  Республикасының Конституциясында экологиялық құқығы бұзылып, адамның денсаулығына немесе мүлкіне зиян келген жағдайда оны қайта қалпына келтіру құқығын қарастырған. Осындай құқық  Экология кодексінде қарастырылған.

Адамның және азаматтың жеке және заңды тұлғалар арқылы экологиялық құқығының бұзылуының белгілі бір құқықтық салдары бар. Егер адамның және азаматтың денсаулығы мен мүлкіне зардабы тиген болса, ондай зардап белгіленген заң бойынша қалпына келтірілуі тиіс.

Зардапты қалпына келтіру тәртібі Қазақстан  Республикасының Экология кодексімен  реттеледі (86-90-баптар).

Алайда Азаматтық кодексте қоршаған ортаға жайсыз әсер етуші қатынастарды құқықтық жағынан реттеудің жалпы формалары қамтылмаған. Ол тек қоршаған ортаға жайсыз әсер ету нәтижесінде денсаулыққа немесе мүлікке зардабы тиген жекелеген оқиғаларды ғана ретке келтіреді. Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік құқық бұзушыға артылады, ол тиісінше жәбірленушіге заттай немесе моральдық зиян өтемін өтеуге тиіс.

Қолданыстағы  Экологиялық кодексте «экологиялық зардап» ұғымына анықтама берілмеген. Осы ақтаңдақтың орнын толтыру мақсатында заң туралы еңбектерде біраз мәселелер айтылды. Мысалы, Қ.Таукеннің пікірінше, экологиялық зардап дегеніміз – бұл экологиялық қолайсыз жағдайда ластанған табиғи ресурстарды (су, ауа), химиялық заттар араласқан азық-түлік өнімдерін пайдаланған және зиянды физикалық әсері бар (шу, радиация, электромагниттік өріс) жерде тұрумен байланысты келеңсіз генетикалық әсері бар, денсаулықты бұзып, ауруға әкеп соқтыратын зардап.[]

Біздің көзқарасымызша анықтамасы нақтырақ және дұрысырақ  болып табылады. Экологиялық зардап дегеніміз – құқықтық экологиялық  талаптардың бұзылу салдарынан болған және сол себепті материалдық  және материалдық емес игіліктердің, оның ішінде заңмен қорғалатын адам өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүліктеріне де нұқсан келетін қоршаған орта жай-күйінің нашарлауы.

-  Қоршаған табиғи  ортаның қолайсыз әсерінен адам  өмірі мен денсаулығына келетін  зардап оның ағзасының өміршеңдік, биологиялық қызметтерінің толық немесе жартылай жойылуына әкеп соқтырады. Зардап түрі адам өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін антропологиялық түріне жатады. Зардап салдары адамның денсаулығын жоғалтумен байланысты болады.

1998 жылғы 5 шілдедегі  «экологиялық құқық бұзу жауапкершілігі  туралы заңнаманың сотта қолданылу  практикасы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Пленумының қаулысына сәйкес адам өміріне тигізетін зардабы оның денсаулығын, еңбекке деген қабілетін жоғалтумен, бір немесе бірнеше адамның ауыр, орташа  немесе жеңіл жарақат алумен сипатталады.

Бұл жерде келеңсіз салдар көзі В.Т.Абрамов атап өткендей: «Бұл экологиялық құқық бұзылған жағдайда оның адам денсаулығына немесе мүлкіне тигізетін зардабымен түсіндіріледі». [  ]

Экологиялық құқық бұзылып, оның адам өміріне немесе мүлкіне  тигізетін әсеріне деген конституциялық құқықты азаматтардың экологиялық  құқығын жүзеге асырудың маңызды  заңды кепілдігі ретінде қарастыруға  болады.

Зардапты қалпына келтіру  сот және соттан тыс тәртіп бойынша іске асырылады. Оның амалдары әртүрлі болуы мүмкін:

Ауырған жағдайда, оның ішінде қоршаған ортаның ластануына байланысты жұмыскерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде парағын беру;

Қоршаған қолайсыз ортаның  адам денсаулығына әсер етуіне байланысты мүгедектікке шығару;

Қоршаған қолайсыз ортаның  келеңсіз әсерінен жәбірленушіні әлеуметтік-экологиялық  қорғау шараларына, жеңілдіктер мен  өтемақыларға ұсыну;

Қоршаған ортаның ластануынан  азаматтың денсаулығы мен мүлкіне  тигізген зардап орнын қамсыздандыру;

Сот шешіміне бойынша  азаматтың денсаулығы мен мүлкіне  тиген зардапты қалпына келтіру;

Зардапты қалпына толтыру  принциптері Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің  баптарында көрініс тапқан.

Олар: - тигізген  зардапты   толық көлемде  қалпына келтіру

заңда немесе келісім  шартта қаралғандай жәбірленушіге  зардап шығынын өтемақы түрінде  өтеу;

зардап шектіруші өзінің кінәсі  жоқ екендігін  дәлелдеген жағдайда зардап орнын  толтырудан  босату;

зардап шектіруші болмаған күнде де зардап орнын толтыру жағы қаралуы мүмкін;

егер заңда қаралған болса, құқықтық  әрекеттер  арқылы келтірілген  зардап шығынының орынын толтыруға тура келеді;

келешекте зардаптың  қауіп  төндіру мүмкіндігі іс әрекетті тоқтату  жөніндегі арыз шағым  жазуға негіз болады,  ондай қауіп  төнген жағдайда сот жауап берушіні  тек шығын орынын толтыруға ғана емес,  кәсіпорын жұмысын тоқтатуға міндеттеуге құқылы.

Заңды тұлға  немесе жеке тұлға және  оның жұмысшысы  еңбек ету барысында зиян  шеккен болса, зардап шығынын көтереді;

Жұмыс кезінде айналасындағыларға қауіп төндіретіндей болса, заңды тұлғалар  мен  азаматтар шығын орнын  толтыруға міндетті.

- Қоршаған ортаны ластауға, ядролық энергияны пайдалануға  байланысты  іс-әрекеттер, вирация, магниттік өріс  әсері  қауіптілігі  жоғары  белгілерге сәйкес  келеді. Сондықтан болар қауіптілігі  жоғары деп  есептеліп,  шығын  өтемі талап етіледі. Қолда бар деректерге қарағанда, тұрғындардың 20-30 пайызының ауруы, қоршаған ортаның ластану әрекетімен  тікелей байланысты. Бұл деректер  экологиялық  құқығы  бұзылып, адам  денсаулығына   немесе мүлкіне  зардабы тигені  үшін оның конституциялық  құқығын   қорғау  проблемасының  өткір  және  өзекті  екендігін  көрсетеді.

Келтірілген шығын  орынын толтыру  қоршаған табиғи ортаның үнемі, үздіксіз  әсер етуіне (яғни  экологиялық  жайсыз  аймақта  тұру),  немесе бір  рет не бірнеше рет қайталанған  жағдайларға да (ластанған табиғи  ресурстар: су, ауа, табиғи азық-түлік  өнімдері, сондай – ақ физикалық зиянды әсерлер: шуыл, радиация  электромагниттік өріс және т.б) байланысты  болады.

Бірінші жағдайда келген шығын орынын толтыру талассыз  жүргізіледі (экологиялық жағынан ластанған аймақта тұрудың өзі заңды фактіге  негіз   болып  табылады.),  мұнда экологиялық жәрдем ақы төленіп,  нақты жеңілдіктер  т.б. жасалады.  Ал екінші жағдай  сот тәртібі бойынша шешіледі.

Қоршаған  ортаның  ластану нәтижесінде азаматтың  денсаулығына тиген зардапты қалпына  келтіру   үшін және де уақытша жұмысқа жарамсыздығы үшін  төленетін өтемақы қалыпты болып есептеледі.  Жәбірленушіге   шеккен  зардабын  қалпына келтіру үшін   бұл жағдайда  медициналық мекеме  көмегіне  жүгінуге  тура келеді, онда  уақытша   жұмысқа жарамсыздығы   туралы  қағаз алады немесе дәрігерлік еңбек сараптама комиссиясының  қорытындысы бойынша медициналық және әлеуметтік қамсыздандыру, басқа да материалдық  көмек есебінен жәрдемақы қамтамасыз етіледі.

Азаматтың денсаулығына тиген шығын орынын толтырудың тағы бір түрі - ол жәбірленушінің  өзіне төлеген жәрдемақыға немесе зейнетақыға қанағаттанбауы. Мұндай жағдайда ол өзіне зардап келтіруші адамнан шеккен шығын орынын толық өтеуді талап етеді, мәселен, емделуге және талап  денсаулығын қалпына келтіруге кеткен шығындар, ауруды күтуге кеткен шығындар, тұрғылықты жерін, мамандығын ауыстыруға байланысты кеткен шығындар, сондай-ақ моральдық шығындар. Жәбірленуші бұл жағдайда зардап орынын қалпына келтіруге деген өзінің құқығын қорғау үшін өз талаптарын негіздеуге мәжбүр бола отырып, денсаулығына келген зиянды, қоршаған табиғи ортаның ластануынан денсаулығына келген зиянды, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы мен ластандырушы өнеркәсіп, өндіріс орындары, ұйымдар мен азаматтардың арасындағы себептік байланысты дәлелдеп көрсете алуы тиіс.

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты қорғаумен байланысты мәселелерді шешуде зардапты қалпына келтіру механизмі мен оның алдын алу маңызды болып табылады.

Біріншіден, зардап экологиялық  болып табыла ма, жоқ па, соны анықтап  алған жөн. Өндірістік немесе әлеуметтік зардап проблемалары біздің зерттеу  пәніміз болып табылмайды. Сапасыз азық-түлік өнімдерінен болған зардапты қалпына келтіруді кешенді түрде жан-жақты шешкен дұрыс, себебі зиянды қасиеттерін қалыптастырған өндіріс технологиясының бұзылуы ма, әлде химияланған шикізат па - осы жағын нақтылап алған жөн.

Адамның өндіруге еңбегі жұмсалмаған табиғи өнімдер химиялық заттармен уланған болса, төмендегі ереже  бойынша зардап орынын толтыру ұсынылады. Су құбырындағы сулардың құрамында минералды және басқа химиялық элементтердің шамадан тыс болуы экологияға жатады.

Экогендік зардап латенттік сипатқа ие. Экогендік зардапты қалпына келтіру материалдық және материалдық емес формаларда болады.

Қалпына келтірудің нақты  тәртібі зардаптың құқыққа қарсы  ма, әлде жоқ па - сол жағын анықтау  заңдық біліктілікке байланысты. Құқыққа қарсы түрі құқық бұзушылық ретінде танылады. Экогенді зардаптың құқықта танылған түрі санитарлық-гигиеналық және өндірістік нормативтер мен стандарттардың сақталуымен анықталады.

Егер зардап құқықта  танылған болса, оның орынын толтыру санитарлық-гигиеналық, сауықтыру, профилактикалық іс-шараларға жарым-жартылай өтемақы жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Белгілі Ресейлік ғалым М.И.Васильева табиғатты пайдаланудың ақылы жүйесіне мыналарды қосуды ұсынады: біріншіден, автокөлік иелеріне оның көлігінің техникалық сипатына қарай салық салу; екіншіден, тұрмыстық қоқыс заттарды жоюға байланысты шығынды қаржыландыруға бағытталған жарна; үшіншіден, технологиялық қажеттілікке жіберілетін төлемдер. [  ]

Зардапты қалпына келтіру  мөлшері такса мен шығынды  есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады.

Мұнда сот азаматтың  мүліктік жағдайларын ескере отырып, шығынды қалпына келтіру мөлшерін азайтуға құқылы (ҚР  АЗЖІК).

Сот қаланың сол ауданына сәйкес зиянды заттардың ауада таралуы  мен сауда орын алу деңгейі  жөніндегі экологиялық мониторинг деректерімен және медициналық қорытындыда көрсеткендей, ауру басталған сәттен бастап қалдықтардың саны мен сапасы жөнінде таныс болуы тиіс. Тиісті құжаттарды соттың өзі талап етеді. Адамдар тобы жарақат алған жағдайда себебін анықтаудың қарапайым тәртібі де жүргізіледі: олардың әрқайсысына сараптама жүргізу міндетті емес, зардапты қалпына келтіру үшін медициналық куәландыру мен оларды тізімге енгізу  жеткілікті.

Қажет болса, 2006жыл 7 шілдедегі «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасы заңының  негізіне сәйкес жеке тұлғаның жазбаша өтінішіне байланысты медициналық-әлеуметтік сараптама тағайындалады.

Осы категория бойынша  соттық-экологиялық сараптама жүргізілуі мүмкін. Азаматтық істерді соттың қарауындағы мұндай сараптау жұмыстары  дәлелді мүмкіндіктері әлі де толық бағаланбағандықтан, болашақтың еншісіне жатқызылуы мүмкін.

Зардапты қалпына келтіру  сондай-ақ арыз-шағымсыз, қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындардың азаматттық-құқықтық қамсыздандырылуы бойынша солардың жарнасынан құрылған арнайы қор арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Мұндай қамсыздандыру  экономикалық тұрғыдан алып қарағанда  қамсыздандыру қорын құраудың бір  формасы ретінде көрінеді, оның әлеуметтік мақсаты - жәбірленушінің мүддесін толық  қамтамасыз ету.

- Заңдық тұрғыдан алып қарағанда, қамсыздандыру-қамсызданушы мен қамсыздандырушы арасындағы құқықтық қатынас.

Қазақстан Республикасының  Экология кодексінде (23-бап) экологиялық қамсыздандыруды енгізудің құқықтық негіздері қарастырылған.

Экологиялық тәуекел  етуді қамсыздандыру мен экологиялық апаттардан мүлікті қамсыздандырудың ара жігін анықтап алған жөн.

Шет елдерде қамсыздандырудың экологиялық түрлеріне бірінші  экологиялық апаттардан жеке объектілерді емес, экологиялық тәуекел етуді  қамсыздандыру жағын жатқызады. Біздің елімізде әлеуметтік қамсыздандырудың экологиялық түрлері қолданылмаған.

Жүргізілу тәсіліне қарай әлеуметтік қамсыздандырудың 2 формасын ажыратып көрсетеді: міндетті және ерікті. Біздің елімізде мемлекеттік қамсыздандыру заң жүзінде іске асырылады да, қамсызданушымен қамсыздандырушы арасындағы келісім-шартты талап етпейді.

Мемлекеттік міндетті әлеуметтік қамсыздандыру заңнамалық актілер негізінде жүзеге асырылады, онда қамсыздандыру объектілерінің тізбесі, қамсыздандыруды жүргізу шарттары мен тәртібі, қамсыздандыру жауапкершілігінің көлемі, қамсыздандыруды қамтамасыз ету деңгейі, тарифтік ставкаларды құру принциптері мен қамсыздандыру төлемін төлеу мерзімі анықталады. Қамсыздандыру органдары қамсыздандырудың міндетті түрлері бойынша жыл сайын қамсыздандыруға тиісті мүлікті тіркеуден өткізіп, қамсыздандыру төлемін алып отыруға міндетті. Қамсызданушы берілген төлемді заңда белгіленген мерзім ішінде төлеп отыруға тиіс.

Ерікті  қамсыздандыру  қамсыздандырушы ұйым мен қамсызданушы арасында болған ерікті келісім-шарт негізінде  жүзеге асырылады. Қамсыздандырудың ерікті түрі таңдау негізінде болады, онда объектіні толық түгелімен қамту жағы бола бермейді.

Бұрын ерікті қамсыздандырудың әр түрі бойынша келісім-шарттар - кооперативтік  және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік  кәсіпорындардың (бірлестіктердің), тұрғындардың мүлкін, жеке басты қамсыздандыру - Мемлекеттік қамсыздандыруда жасалып, Қаржы Министрлігіне бекітілетін. Қазіргі таңда Ресей территориясында мемлекеттік қамсыздандыру органдарында монополизм жайлаған уақытта ерікті қамсыздандыру  түрлерінің ережелерін қамсыздандыру ұйымдары өз бетінше жасайды және лицензия негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес қамсыздандыру әрекетін жүргізуге берілетін лицензиялар мен қамсыздандыру әрекетін лицензиялаудың негізгі және ерекше шарттарын белгілеу Қазақстан Республикасының аумағында қамсыздандыру әрекетіне қадағалау жасайтын ұйымдардың қызметінің құзыретіне кіреді.

Информация о работе Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу