Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 15:05, диссертация

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қоршаған-қолайлы-ортаға-деген-құқық.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Қоршаған орта факторларының  әсер ету  ерекшеліктері  тұрғындар  денсаулықтарының   көрсеткіштеріне  айрықша  әсер етеді. өзгерістің ізі сондай – ақ  демографиялық процесте де  көірнеді.  Бұл барлық өзгерістерді жинақтай  келе   былайша тұжырымдалуы   мүмкін:

денсаулықты  сипаттайтын  барлық көрсеткіштердің  динамикалық  темпі  жеделдетіледі (ауыршаңдық, мүгедектік, өлім –жітім, дене бітімінің  дамуы);

 потологиялық жаңа  эпидемиялық емес  темпі қалыптасты;

демографиялық өзгерістер жіті  байқалды  (қартаю, ерте қайтыс болу);

жоғары деңгейдегі аурулар  саны  анықталды (қан айналу  жүйесінің  аурулары, тыныс алу органдарының спецификациялық    емес созылмалы   түрлері,  бақытсыз  жағдайлар,  улану,  дене жарақаттары   және т.б.);

бұрын сирек кездескен  аурулар тобы  байқалды (эндокриндік, аллергиялық, туа біткен  жүрек  ақау,  иммундық жүйе  аурулары  және т.б.);

кейбір инфекциялқ аурулар  өсімі  байқалады;

көптеген патологиялардың  қалыптасу  үрдістері  байқалды.

Қорыта келгенде, еңбек  ету сапасы, әлеуметтік – демографиялық  процесстер, ұрпақты тәрбиелеу  және  оқыту  адам денсаулығының жағдайына  байланысты.

-   Бұл проблемалардың  өзектілігі, өткірлігі  мен масштабтық сипатқа ие  болуы Лондонда  1999 жылдың  17 маусымында  Қоршаған  орта мен  денсаулықты қорғау бойынша   министрлер  деңгейінде   үшінші  конференция  декларациясыны  қабылдануға    әкеп соқтырды.

-  Осы Декларацияға сәйкес  адам денсаулығы мен қоршаған орта  жағдайын   жақсарту жұмыстары бойынша жергілікті жоспарларды дайындау және  жүзеге  асыруға   нұсқау   беріледі (24б), тұрғындарға ақпараттан хабардар болуға, қоғаммен   байланысты  күшейтуге, қоғамдастық  бірлестіктердің   ролін күшейтуге кеңес беріледі. (30б). (48б) Айтылған «қоршаған ортаның факторлары әсіресе бала мен репродуктивті денсаулыққа зиян  келтіреді»  деген   тұжырым ерекше қызығушылық туғызады.

Осыған байланысты балалар  ауруының санын көбейту үшін, олардың  денсаулық жағдайын жақсарту  үшін  Бүкіләлемдік  Денсаулық  сақтау Ұйымдарының  қойған  міндеттерін  орындауда  жетістіктерге қол жеткізу үшін белсенді шараларды  қабылдау  қажеттігі  туады. 1999жылдың 30 наурызында қабылданған «Тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайының жақсаруы туралы»   Қазақстан Республикасының заңына сәйкес  адамның тұратын жерінде зиянды факторлардың  болмауға  тиіс  екендігі  айтылады.

- Өкінішке орай  жоғарыда айтылған  факторлардың  кері жағы да бар. Аталған заңның  денсаулық пен қоршаған қолайлы ортаға  деген конституциялық құқықты жүзеге  асыруда тұрғындардың  санитарлық -  эпидемиологиялық әл – ауқатының  жақсаруына  бағытталғанын  айта кеткен жөн.

Алайда, құқықтың қоршаған қолайлы ортаға деген негізгі роліне қарамастан осы құқықтың  басқа құқықтар мен бостандықтардың  бұзылуына әкеп соғады, іс – тәжірибе жүзінде оны жүзеге асыру қиынырақ. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың жүзеге асырылуына  кедергі болатын факторларды жағдайлар мен себептерді анықтаған дұрыс.

- Жоғарыда айтылғандар азаматтардың  экологиялық  құқықтарының  бұзылуының  негізгі себептерін айқындауға көмектеседі.

Негізгі себептердің  бірі – бұл азаматтардың   экологиялық  құқық саласындағы заңнамалық нормаларды саналы түрде   бұзатын жеке тұлғалар. Аталған тұлғалара  құрылыс, реконструкция т.б.  жұмыстарда экологиялық сараптаманың  қорытындысы оң болған  жағдайда,  ол мемлекеттік жобаны қолдаудың міндетті элементі   болып табылады.

Одан әрі радиациялық  апаттар, радиоактивті  қалдықтар туралы  апараттардың  жарияланбай  құпия   түрде  сақталуы  да Экологиялық Кодексте  заң  бұзушылық болып  табылады.  Мұндай  заңнамалардың   бұзылуына  көптеген  мысалдарды келтіруге болады.  Түптеп  келгенде,   бұзу саналы   түрде  лауазымдық тұлғалардың  іс әрекеттегі  заңнамаларды  бұзумен  сипатталатындығы  қорқыныш тудырады.  

- Қоршаған қолайлы ортаға  деген құқық бұзушылықтың кең таралған себептерінің бірі – лауазымды тұлғалардың экологиялық авантюризмі, олардың қабылдаған шешімдері   азаматттардың көптеген  конституциялық   құқығын  бұзып жатады.  Бұл шешімдердің  мазмұны құқыққа  қарсы емес  сияқты болып көрінгенмен,  олар адам денсаулығына   жағымсыз   әсер етіп,  қоршаған орта  жағдайының  нашарлауына  әкеп соқтырады. Бұл сол шешім қабылдағандарға  әу бастан  белгілі болатын жайт.

- Осыған байланысты, біздің көзқарасымызша, қоршаған қолайлы ортаға деген лауазымды  тұлғалардың, тіпті жалпы алғанда қоғамның құқықтық мәдениет деңгейі де  байланысты.

- Осыдан  басқа  үшінші себепті  бөліп көрсетуге болады. Ол – экологиялық проблемаларды  шешуге  бағытталған  мемлекеттік  құрылымдардың іс - әрекеті бекітілген халықаралық талаптар  деңгейіне  ғана емес, тіпті елдегі әлеуметтік, экологиялық – экономикалық  күйреу  проблемаларын  шешудің  нақты мүмкіндіктеріне  де сәйкес  келмейді. 

Осындай жағдайда  шетел  тәжірибесін оқып – үйрену мен  жинақтаудың  мән маңызы ерекше.

Соңғы он екі жылдықта Қазақстан экономикалық және экологиялық кеңістік жағынан   қатты даму үстінде, оның  нәтижесі  көзге  көрінерліктей.                          -   Экологиялық  менеджмент  және аудит   сызбасы  сияқты  жаңа әдіс -тәсілдер қолданылуда. Қазіргі таңда  Қазақстанда  қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша халықаралық стандарттарда  көрінетін экологиялық басқару  жүйесі қалыптасуда және  дамуда. [  ]

-  Осы және  басқа  да түйткілді мәселелерді шешу   үшін табиғатты пайдалану   және қоршаған табиғи  ортаны  қорғау  жұмыстары бойынша Үкіметтік  комиссия құрылған. Бұл атқарушы үкіметі мен атқарушы өкімет органдарының   іс - әрекетін үйлеструді  қамтамасыз   ету мақстында  құрылған болатын.

-  Экологиялық құқықтардың  бұзылуының төртінші себебі - әрекеттегі  заңнамалардың  тек сөз жүзіндегі   қалуы. Бұл  жеке адам, қоғам  және  мемлекет мүдделерінің объективті  түрде сәйкеспеуімен байланысты туындап жатады.

-  Бірнеше ондаған  жылдар бойы біздің мемлекетіміз  «Мемлекет – қоғам – жеке  адам»  принципі  бойынша өмір  сүріп келді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жылы «жеке адам қоғам мемлекет» деген    басқа принципті нығайту  үшін  барлық  Қазақстандық азаматтарға  біраз уақыт керек. Н.Б.Мухитдинов дұрыс атап өткендей «Әлеуметтік экономикалық даму процесінде   қоршаған  табиғи ортаны  сақтау және сол күйінде ұстап тұру үшін  мемлекеттік органдардың қызметін қайта құру мен  экологиялық  талаптарға сай өмір сүруден  басқа мүмкіндіктері жоқ»! алайда бұл стратегиялық міндет  іс – тәжірибе  жүзінде іске асырылып   жатқан жоқ.

- М.М. Бринчук экологиялық  заңнамалардың  дамуын  келесі  принциптерге   қағидаттауға негізделуі  мүмкін  деп өз пікірін қарастырады. [  ]

1. Конституциялық 

2. Экологиялық заңнамаларды: «құқықтар – міндеттер – жауапкершілік  – жүзеге асыру  процесі   кепілдік»  жүйесі  бойынша   орналастыру.

3. Экологиялық    заңнамаларға  құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру, идеологиялық  механизмдерді    жүзеге асыратын құқықтық нормаларды жасау және  енгізу;

4. Ғылымшылық;

5. Қабылдау практикасын  есепке ала отырып мерзім –  мерзіммен жаңартып отыру.

-  Қазіргі  экологиялық   жағдай қабылданатын  заңдардың  тиімділігіне, сапасына  және барлық заңнамалар  жүйесіне  ерекше  талаппен қарауды  қажет етеді.

-  Табиғатты қорғау  жұмыстарында заңнамаларды реттеу  қажеттігі  экологиялық саясатты  жүзеге асыру  жұмыстары бойынша  іс – шаралар кешенінің маңызды элементтерінің  бірі болып   табылады.

Қоршаған орта туралы заңнамаларды қалыптастыру барысында  аталған саладағы жаңашыл идеяларды  ескеріп отырған жөн. Олардың  ішіндегі  негізгілері  экологиялық  қауіпсіздікпен тұрақты даму   болып табылады.

Тұрақты даму проблемалары  сондай – ақ әлемдік деңгейдегі  талдау көзі  болып табылады. Мәселен, 1997 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының  арнайы сессиясы бойынша тұрақты даму жұмыстарындағы іс – шаралардың  жүзеге асырылу  қажеттігін  қолдайтындығын білдірді. БҰҰ Ассамблеясының Бас хатшысының  есебінде  қоршаған ортамен оның дамуы бойынша үкімет  тұрақты даму  жұмыстары бойынша ұлттық  комиссияларды құру  жұмыстарын күшейтуді жалғастыру  керектігі айтылады  және БҰҰ жүйесіндегі ұйымдар тұрақты даму стратегиясында тұрақты дамуды қолдап  отырулары тиіс. [  ]

Қазіргі таңда қоршаған орта  жөніндегі заңнамаларды  қалыптастыруды тұрақты  дамыту  мынадай  бағыттарда  жүзеге асырылуы қажеттігі  артып отыр.

табиғатты пайдалануды  тиімді түрде  қамтамасыз ету;

экологиялық талаптардың  орындалуын  қамтамасыз ететін механизмдерді  құру;

Біздің көзқарасымызша, экологиялық  саясат келесі бағыттар бойынша  жүзеге асырылуға тиіс;

- азаматтардың конституциялық  экологиялық құқықтарын   жүзеге  асыру, сақтау  және қорғау;

-  қоршаған ортаны  қорғау жұмыстары  бойынша  табиғатты пайдалану  және   қаржылай қамтамасыз етудің экологиялық механизмдерін  жетілдіру;

-  табиғи  ресурстарды  өндіру және  қоршаған  ортаны  қорғау механизмдерін  жетілдіру;

-  қоршаған  ортаны  қорғау саласындағы экологиялық  білім, тәрбие мен ғылыми  зерттеулерді  дамыту;

-  технологиялық   процестер  мен өндірілетін  өнімдердің халықаралық стандарттар  жүйесін   өндіру және дамыту.

Бұл бағытттар тізбесін кеңейте   және толықтыра  беруге  болады, алайда  қоғамдық  қабылдауларда  экологиялық   өзгерістер енгізбей тұрып оң нәтиже күтуге   болмайды.

Бүгінгі таңда едәуір  зиян шегіп  отырған   қоршаған  ортада лайықты өмірге  деген  құқықты  және басқа да негізгі  құқықтарды  жүзеге  асыру қиын, кей жағдайда  тіпті мүмкін емес. Қоршаған  ортаны қорғау – адамзаттың  қазіргі келешектегі жақсы өмір сүруінің кепілі.

Жоғарыда  айтылғандай  қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың адамзат  дамуының  қазіргі кезеңінде  ерекше мәні  бар екендігін  көрсетеді. Оның жүзеге  асырылуы   қоғамның  саяси, экономикалық, әлеуметтік,  мәдени салаларын түгел  қамтиды.

Қорытындылай келе, адамның  өмірге деген құқығы ғана емес,  қоршаған қолайлы ортаға  деген  құқығы да негізгі құқықтың бірі болып танылуы  тиіс. Азаматтардың  экологиялық  құқығын  адам  құқықтарының негізгі құқықтарының  бірі ретінде бағалау   қажеттігі пісіп – жетілді,  онсыз басқа құқықтардың  болуы да мүмкін емес. Бұл құқықтарды жүйе құрушы   құқық деп  атауға  болады,  олар  басқа құқықтарды  анықтауға  себепші  болып отырады.

   

 

2.   ҚОРШАҒАН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАҒА  ДЕГЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ.

1. Қоршаған  қолайлы ортаға  деген құқықты  жүзеге асыру тәсілі ретіндегі  экологиялық ақпарат.

Қоршаған  қолайлы  ортаға  деген құқыты конституциялық жағынан бекітудің  маңызы зор.  Бұның  әлеуметтік құндылығы оның заңдық бектілуінде емес, жүзеге асырылу  мүмкіндігінде.

Осыған қатысты И.В.Дюрячиннің «Мән мен мағына тек қаншалықты  құқыққа  ие  болуда  ғана емес, соншалықты  оның  жүзеге асырылуында, пайдалануында» деген  ұстанымы  әділ болып табылады.

Табиғатына  қарай  әрі  объективті  субъективті  болып саналатын   құқық  өзінің адамдардың  іс – әрекетінде жүзеге асырылуын  талап етеді.

Бұдан құқықты  жүзеге асырудың жалпы проблемаларының  бір бөлігі болып табылатын  азаматтардың  субъективті  құқығын жүзеге асыру проблемасы  туындайды.

Құқықтың  жүзеге асырылуы  - бұл оның әлеуметтік   болмысы  мен әрекет  тәсілі, басты қызметінің  орындалуы, субъективті  құқықтың  «материализациялануы». Кең мағынада алып қарастырғанда, жүзеге  асыру  ұғымы ұйымдардың, органдардың, лауазымды тұлғалар мен  азаматтардың  заңдық  нормаларды   нақты істе  көрсетуімен  түсіндіріледі.

Құқықтар мен  бостандықтардың  жүзеге асырылуының саяси – практикалық  мәні   бар, олардың жүзеге асырылуы  процесінде ғана құқықтар мен бостандықтар нақты шындыққа  айналады, әлеуметтік қажеттіліктер мен мүдделерді қанағатандыру  мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

Құқықтар мен  бостандықтардың  практикалық жағынан жүзеге асырылуы  өзінің заңдық табиғи нормалары жағынан тұтас жүйелердің  іске асқанын білдіреді,  яғни сол құқықтың   шарттарының  оны пайдалану тәртібінің, қолдану ерекшеліктерінің, жүзеге асырылуының  қайта қалпына  келтірудің мазмұны нақтылана түсуі мүмкін.

Еңбектерде құқықтың жүзеге асырылуының мынадай формалары  дәстүрге  айналған: сақталу, орындалу, пайдалану және қолдану. Аталған  формалар  конституциялық нормалардың жүзеге асырылу  процесінде  ерекше мәнге ие болады және  олардың арасында  өзге құқықтық  нормалардың   жүзеге асырылу  процесіндегідей емес,  басқаша  қатынас  орнайды. Бұл кейбір ортақ  элементтердің   болуына қарамастан конституциялық  нормалардың  жүзеге асырылуында түрлі  формалардың  бір бірін жұтып жібермеуімен  түсіндіріледі,  тікелей жүзеге асырылу  формалары (сақталу,  орындалу, пайдалану) құқық субъектілерінің  мінез – құлық  ерекшеліктерін   бейнелейді.  Конституциялық нормаларды қолдану мен жүзеге асыруды   ұйымдастыру  белгілі бір мақсатқа  бағытталған  реттеу  жұмыстарын  жүргізудің  бір амалы  ретінде  көрінеді.  Әрине құқықты   жүзеге асыру формалары   өзара тығыз байланысты және бір – бірін толтықтырып отырады.  Бұл жағдайда  мына бір жайтты есте ұстаған жөн: бір конституциялық норманы  түрлі субъектілер   әр түрлі формада  жүзеге асыруы  мүмкін.

Сақталу әлеуметтік субъектілердің  барлық  жүйесін, тіпті барлық  конституциялық  нормалардың жүзеге асырылуының бір формасы -  орындалуды ажырата білген дұрыс.

Информация о работе Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу