Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 15:05, диссертация

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қоршаған-қолайлы-ортаға-деген-құқық.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Конституциялық нормалардың  орындалуы жалпы,  сондай –ақ  нақты құқықтық  қатынастар арасында  болуы мүмкін.

Пайдалану  құқықтың жүзеге асырлуының бір формасы, мұнда тиісті субъектілер  өзіне берілген құқықты  пайдалана отырып, конституция рұқсат еткен амалдарды жүзеге  асырады. Пайдалану – жүзеге асырудың  белсенді формасы, бірақ  орындалуымен салыстырып  қарағанда, құқықты  жүзеге  асырушы  субъектілердің  көзқарас   мүмкіндігімен  ерекшеленеді. Ол аз да болса  мемлекеттік органдарға  тән. Көп  жағдайларда құқықты   пайдалану   конституцияны  орындау  міндетін білдіреді.  Конституциялық  нормаларды  пайдалану  - құқық субъектілерінің  әлеуметтік  белсенділігінің   өзіндік индикаторы, маңызды шарты.

Көптеген  конституциялық нормалардың  жүзеге  асырылуы, оның ішінде  қоршаған қолайлы  ортаға  деген  құқықтың  жүзеге асырылуы  мемлекеттік органдардың  тек  құқық қолдану әрекеттерінің  нәтижесінде ғана мүмкін  болатындығын   айта  кеткен жөн.  Аталған  әрекеттердің ерекшелігі сонда: ол өзінің  тікелей  қатысуымен белсенді, шығармашылық  сипатқа ие  және белгіленген тәртіп  бойынша  жүзеге  асырылады.

Конституциялық нормалардың  орындалуы коснтитуциялық құқықтық қатынастардың  пайда болуымен,  жалпы жағдайдан  нақты  заңдық байланыстарға ауысуымен  түсіндіріледі.

Алайда, біздің  көзқарасымыз бойынша, құқық  нормаларының жүзеге асырылуы азаматтарға   бекітіліп   берілген құқықтардың  жүзеге асырылуымен  тепе – тең емес. Бұлардың  арасында айырмашылықтар  бар. Біріншіден, субъективті   құқықтардың жүзеге асырылуы    барлық құқықты  реттеуші    нормамен  ғана  байланысты.  Мұны  міндеттемейтін  әрі тыйым салмайтын   құқықтық реттеуші   нормалардың субъектіге  құқықты жүзеге  асырудағы ерікті  таңдау   мүмкіндігінің  берілуімен  түсіндірілуге   болады.  Субъективтік  құқыққа  ие тұлға қашан және  қандай формада    өзінің   субъективтік  құықығын  жүзеге асыратынын   өзі  шеше  алады.  Екіншіден,  субъективтік  құқықтың барлығының  жүзеге  асырылуы   құқықтың тек бір нормасының орындалуымен   байланысты   бола бермейді. (мәселен,  қоршаған қолайлы ортаға  деген құқық тек конституциялық  құқық   нормаларымен ғана емес, экологиялық  құқықпен де  байланысты). Азаматтың нақты субьективтік   құқығының   жүзеге  асырылу  процессі  әр түрлі   сатыларда  сол процесстің  күрделілігі    мен  көп  қырлылығына  байланысты да  реттеліп  отырады.  Үшіншіден,  құқықтар мен  бостандықтар  олардың  практикалық  жағынан жүзеге   асырылу процесінің  бәрін  қамтиды. Ерекше назар аударуды  талап  ететін негізгі  мәселелердің бірі  құқықтар  мен бостандықтардың жүзеге асырылу механизмі. Бұл  демократиялық  процедураларға заңдық принциптерге және  әлеуметтік әділеттікке   сәйкес тәртіптілік,  құрылым,  түрлі  әлеуметтік  және  заңдық  факторлар,  формалар, амалдар, конституциялық нормалардың   жүзеге асырылу шарттары мен  кепілдіктері  арқылы ашылатын  ұйымдастырушылық саяси әрі заңдық қатынастардағы  күрделі  және   көп қырлы мәселе.  Бұл   жерде әңгіме құқықтар мен бостандықтардың нақты жүзеге  асырылуы   жөнінде   болып отыр. 

Тікелей  пайдалану  сатысы жүзеге асырылу процесінің   негізгі  сатысы болып табылады.  Оның алдындағы  саты негізгі сатыға  дайындық  ретіндегі  өтпелі саты  болып  табылады.

Жүзеге  асырылу  қажеттігі   бостандықтар  мен  құқықтарды   жүзеге  асыру процесінің   барлық  сатыларында    белсенді  мінез  - құлықты  талап етеді.

Құқықтармен бостандықтардың  жүзеге  асырылу  сатысын  бөліп алып  қарау бізге  жүзеге  асыру   механизмінің  жалпы   сипаттамасын  білуге  мүмкіндік  тудырады.

Е.В.Аграновскаяның   пікірінше,  құқықтар  мен бостандықтардың  жүзеге  асырылу  механизмін   толық оқып  - үйрену  үшін  мына  мәселелерді  зерттеген  жөн:

1) нақты құқықтар  мен бостандықтардың  жүзеге  асырылу тәртібі  анықталатын  заңдық фактілер;

2) құқықтар мен бостандықтардың   жүзеге  асырылуының   белсенді  заңды тәртібі, мұнда субьективтік  құқық иесі   оның  жүзеге  асырылу тәртібін   өзі  анықтайды;

3)  жүзеге асырылудың заңмен  анықталатын процедуралық –құқықтық тәртібі;

4) азаматттардың  құқықтары  мен  бостандықтарын қорғау  (сақтау) [ ]

Басқаша  айтқанда,  азаматтардың құқықтарын жүзеге  асыру  механизмінде олардың жүзеге асырылуына  негативтік қасиетін көрсетуші   түрлі факторлар белгілі бір роль  атқарады. Олардың  қатарына: экономика  жағдайы,  өмірлік  игіліктерді  тарату  қоғамдағы игі ахуал, мәдени  әлеумет, материалдық құқықтық  реттеу  қажеттілігінің болуы,   азаматтардың  арызына  байланысты   жұмыстарды  қамтамасыз  ету жөніндегі   атқарушы  өкімет  институттарының    құқықтарды жүзеге асыруын  процеске   жұмылдыру, прокурорлық  қадағалау  әдіс – тәсілдерін  пайдалану;  өзге мемлекеттік емес  органдардың  белсенді  іс – қимылы  және т.б.  кіреді.  Бұған сондай  - ақ  азаматтық  қоғам, жергілікті  басқару   институттарының  дамуын  қосу қажет.  Қазақстан Республикасының Конститутциясы (18,33,45 және т.б  баптар) атқарушы  өкімет  органдарына  азаматтардың  құқығын  қорғауды  міндеттейді. Әйткенмен  мемлекеттік басқаруда  осындай әлеуметтік – құқықтық қорғаудың нақты жұмыс істеуші механизмі әлі құрылмаған. Сондықтан азаматтар құқығының жүзеге  асырылуы  тек заңға ғана емес,  әкімшілік    пен жауапсыз  шенеуніктердің  іс - әрекетіне де байланысты. Осыған орай атқарушы үкімет   органдарының  іс - әрекетінде     жеке тұлғаның  конститутциялық   құқықтарын,  бостандықтарымен  мүддесін  әлеуметтік – құқықтық  жағынан   қорғау  амалдары  өзекті  болып  қала береді. 

Сонымен жеке тұлғаның  құқығын жүзеге асыру  механизмі  құқықты пайдалануды   бекіту мен  қамтамасыз   ету  жұмыстары  бойынша іс - әрекеттің  барлық түрлерін  қамтуға  бағытталған.

Олар:  

Құқықтар,  бостандықтар  мен  мүдделер  кепілдіктерінің  барлық түрлерін  заңдық тұрғыдан  бекіту;

 - Азаматтардың құқықтарын мемлекеттік қорғау  мен сақталудың кең таралған  жүйесі,  оларды  нақты пайдаланумен   қамтамасыз етілуі,  құқықтар  мен бостандықтар  саласындағы  түрлі  құқық бұзушылықпен күрес;

- азаматтардың  қоғамдық саяси белсенділігінің  дамуы, құқықтар,  бостандықтар мен  заңды мүдделерді  пайдалануға  саналы түрде атсалысу, құқықтар мен бостандықтарды, заңды мүдделерді  қорғауға  бағытталған мемлекеттік  және қоғамдық бақылаудың болуы.

Қазақстан  Республикасы Конституциясының 42-бабына сәйкес әрбір жан  қоршаған орта жағдайы жөнінде   толық  ақпарат алуға құқылы. 1995 жылдың 20 ақпанында қабылданған Қазақстан  Республикасының «Ақпарат, ақпараттандыру  және ақпаратты қорғау  туралы» Заңында ақпаратқа таныстыру формасына қарамастан  жеке тұлға, зат, факт, оқиға құбылыстар  мен  процестер  жөнінде  мәлімет  беру деген анықтама  берілген. 

-  «Ақпарат – біздің  сезімдеріміздің    бейімделу процесінде  сыртқы  әлемнен   алынған мазмұнды  білдіру Алу және  пайдалану  процесі сыртқы  әлемдегі  кездейсоқ жағдайларға  біздің  қалыптасу  және  осы ортаға  деген өміршеңдік  процесі  болып   табылады» деген  мазмұнды анықтаманы біз                 Н. Винерден кездестіреміз. [  ]

Бізді қызықтырушы  ақпарат  экологиялық  сипатқа ие, сондықтан  «экологиялық ақпарат» ұғымның  мәнін  түсініп  алған  жөн. әрекеттегі заңнамада  экологиялық ақпаратқа анықтама берілмеген, бұл біздің  көзқарасымызша Қазақстан заңнамасына теріс сипаттама  береді. «Азаматтардың  қоршаған  орта жағдайы  туралы  ақпаратқа   деген құқығы  және  оны  қорғау туралы аталған мәселенің нормативтік   шешімдері пайдалы болар еді.

Егер  Еуропалық  заңнамаларға  көңіл бөлер болсақ, Еуропалық қоғамдастық Директивасына  сәйкес экологиялық ақпаратты   еркін  ала алу деген – су, ауа, топырақ, хайуанаттар, жануарлар дүниесі (фауна), өсімдіктер дүниесі (флора), ауыл шаруашылық жерлері мен қорықтар және олардың пайдасы туралы білу деген сөз.

- Экологиялық ақпарат қоршаған ортаны қорғау туралы 1954 жылы қабылданған Евразиялық Кеңесте кең баяндалады. Осы Заңға сәйкес (21-бап), онда су, ауа, топырақ, фауна, флора, жер және жекелеген табиғи телімдер жағдайы туралы ақпараттар қамтылған. Бұл ақпарттар жазбаша, визуальді, ауызша формада болуы мүмкін.

М.М.Бринчуктің пікірі бойынша, экологиялық  ақпаратта мынадай әрекеттер қамтылуы тиіс:

- су, ауа, фауна, флора,  жер, топырақ, табиғи ландшафтар  мен кешендер жай-күйі туралы;

- халықтың денсаулығы  мен өміріне зиянды экологиялық  қауіп-қатер туралы;

- қоршаған орта жай-күйіне  химиялық, физикалық және биологиялық әсерлер туралы;

- табиғи объектілер  мен адамға кері әсер етуші  іс-әрекеттер туралы;

- қоршаған ортаны қорғау  ісі бойынша жүргізілетін іс-шаралар,  оның ішінде құқықтық, әкімшілік  және басқа да шаралар туралы;  [  ]

- егер Қазақстан заңнамасында  мына іс-әрекеттердің қажеттілігі бекітілген болса, онда табиғи ресурстарды, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық құқығы мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету салалары бойынша мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен кәсіпкер азаматтардың әрекеттері туралы.

Жоғарыда айтылғандарды  саралай келе, біздің көзқарасымызда, экологиялық ақпаратқа мынадай  анықтама беруге болады: сол арқылы адамды қоршаған орта, оның табиғи объектілер мен адам ағзасына тигізуші (немесе тигізетін) жағымсыз әсері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау шаралары және азаматтардың экологиялық құқығын қорғауды қамтамасыз ету шаралары бойынша мәліметтер алу  деп түсінуге болады.

Экологиялық ақпаратты  қоршаған ортаға дейін құқық субъектілерінің барлығы пайдалана алады. Олар: Қазақстан  Республикасының азаматтары, шетелдік, апатридтер, қоғамдық қалыптасулар, кәсіпкерлікпен айналысушылар, мекемелер, ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ муниципальдық органдар.

Қазақстан  Республикасының Экологиялық кодексінің 12-бабына сәйкес берілетін экологиялық ақпарат ақиқат, толыққанды және өз уақытында болуы тиіс. [  ]

Бұл жерде қоршаған орта туралы ақпаратты4 ақиқаттығы жөнінде мемлекеттік органдардың арнайы өкілеттілігі мен басқа тұлғалар айналысады. Ақпараттың қаншалықты ақиқат екендігін бағалау барысында қоршаған ортаның ақпаратын алуда тиісті  мемлекеттік органдардың нақты мүмкіндіктері ескерілуі мүмкін.

Ақпараттың толыққандылығы деп оның қызығушы тұлғаларға, атап айтқанда, мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, қоғамдық қалыптасу мен өкілеттік берілген құзырлы тұлғаларға берілуін айтады.

Ақпараттың өз уақытында берілуі дегеніміз – егер заңнамада көрсетілген болса, пайдаланушыға сұраныс берген сәттен бастап, содан кешіктірмей, мүмкіндігінше аз уақыт ішінде құлақтандыру. Егер заңнамада мерзімі белгіленбеген болса, Қазақстан  Республикасының Азаматтық Кодексінде қаралған ереже қолданылуы мүмкін.

Заманауи батыстық саяси  және құқықтық философияға сәйкес жеке құқықты сыйлау және қорғау концепциясы жеке адамға өз өмірі үшін бақылау жасау құқығын береді. Осыған байланысты ақпараттық келісім туралы доктринаның мәні зор.

Адам өз құқығын жүзеге асыру үшін ақпаратпен танысып отыруға  мүмкіндігі болуы тиіс. Ақпарат арнайы, яғни тек осы жеке тұлғаға қатысты немесе сол адам кіретін әлеуметтік тұлғаға да қатысты болуы мүмкін.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде ауқымды проблемаларды  шешу үшін ақпарат рөлінсіз өсу қарқыны  байқалады. Бұл «қазіргі таңда қай мемлекет барынша сапалы ақпарат жасай біледі және оны тиімді пайдалана алады, сол өркениеттің жоғары деңгейіне жете алады» деген қорытынды жасауға негіз болады. [  ]  Сондай-ақ қоршаған ортаға тиімді экологиялық саясат жүргізудің негізі болатынын айта кеткен жөн.

Осыған байланысты егер қоғам ақпараттандырудың жоғары жетістігіне жете алған болса, онда ол әрі экономикалық, әрі табиғатты қорғау проблемаларын ойдағыдай шешуге қабілетті деген тұжырымға келуге болады. Басқаша айтқанда, ақпараттық қоғам жетістігі нәтижесінде экологиялық ақпаратқа деген құқықтың жүзеге асырылуымен байланысты мәселелердің табысты шешілуіне мүмкіндік бар.

Экологиялық ақпаратқа  деген құқықты заңнамалық жағынан  реттеуге қарамастан, қарастырылып отырған  құқықты практикалық жағынан  жүзеге асыруға шешілмеген проблемалардың өте көп екендігін айтуға болады. Олардың барлығы мемлекеттік деңгейде шешімін күтуде. Себебі мемлекеттің Қазақстандық Қазақстан  Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауға міндетті екенін ұмытуға болмайды.

Осыған байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, экологиялық ақпаратқа деген құқықты барынша тиімді жүзеге асыру үшін мыналар қажет:

Қазақстандық заң шығарушы «экологиялық ақпарат» ұғымына нақты  дәл анықтама беруі тиіс;

Қоғамның заңнамалық шешімдер жөнінде  барынша толық ақпараттандырылуы үшін сол ақпараттың жалпы Қазақстандық қайнар көзі болуы тиіс; Қоғамды өз уақытында экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған процедуралық кепілдіктер заң тұрғысында бекітілген болуға тиіс;

Қоғамдық қызығушылықтың қоршаған орта, оны пайдаланудағы практиканың дамуы туралы тиісті есебін жасау;

Лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлердің  экологиялық-құқықтық білімін, экологиялық  білімін насихаттауды және экологиялық  мәдениетін тәриелеуді жүзеге асыру;

Қазақстан  Республикасындағы экологиялық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жайлы қоғамдық және парламенттік тыңдалымдары  жүйелі түрде жүргізіп отыру;

Табиғатты қорғау заңнамаларын және басқаларды үнемі жетілдіріп отыру.

 

 2. 2. Экологиялық зардапты қалпына келтіру

Информация о работе Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу