Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 15:05, диссертация

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қоршаған-қолайлы-ортаға-деген-құқық.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Қоршаған ортаның ластануына себепкер болатын зардап үшін қамсыздандырудың жауапкершілік шарттары мынадай:

келісім-шарт жасауда  тәуекелге барудың қатаң есеп деңгейі міндетті түрде болуға тиіс;

қамсызданушымен келісім-шарт бойынша шығынның орынын толтыру өтемін төлеу;

ластану түріне және келтірілген зардапқа байланысты қамсыздандыру өтемін төлеу;

шығынның орынын толтыру мөлшерін шектеу;

Шетелдіктердің тәжірибесін  ескере отырып, экологиялық қамсыздандыруды  ендіруде бірінші кезекте ерікті немесе міндетті экологиялық тәуекелге  баруды қамсыздандыру мәселесін  қарастырған жөн.

Мемлекеттік міндетті қамсыздандыруды ендіру үшін нормативтік құжаттармен қамсыздандыратын жағдайлар тізбесін анықтап алу қажет; оның ішінде ластанған заттардың әсеріне жеке тұлғалардың ауруға шалдығуы, оларға өтемақының қамсыздандыру есебінен төленуі; медициналық куәландыру тәртібі және тұрғындарға өтемақы төлеу мөлшерін анықтау; мүліктің, топырақтың, жердің, орманның және т.б. бүлінуіне немесе құруына байланысты зардапты қалпына келтіру деңгейі, ластанған территорияны тазалауға кеткен шығын көлемі.

Бұл ұзақ уақытты қажет етеді. Қазіргі таңда мемлекеттік экологиялық қамсыздандыру қорының қандай қаржының есебінен құрылатыны беймәлім. Елдегі экономикалық құлдырау жағдайында мемлекеттік экологиялық қамсыздандыру қорының қалыптасуына Республикалық бюджеттен қаржының бөліне қоюы екі талай.

Сондықтан мемлекеттік  міндетті экологиялық қамсыздандыруды  енгізу үшін (еріктіден ерекшелігі) тиісті заңның  қабылдануы қажет, онда қамсыздандыру ұйымы (бірнеше қамсыздандыру  ұйымы) тек анықталып қана қоймай, мемлекеттік экологиялық қамсыздандыру қорының құрылу тәртібі мен қызметі де белгіленген болар еді.

Мұндай құралдың болуы жәбірленушіге қандай да бір субъективтік жағдайларға қарамастан, соған тиісті соманы түгел алуға кепілдік берер еді. Басқаша айтқанда, қамсыздандыру қоры шығынның орнын жабудың және қолданыстағы заңдық нормаларының орындалуына кепілдік берген болар еді.

Қазіргі кезде қалдық шығару мөлшерін қысқарту жұмыстары  бойынша іс-шараларды қаржыландыру үшін қор құру мәселесі өткір қойылуда.

Қамсыздандыру қорын  құру профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін кез келген экогендік зиян орнын толтыру қажеттілігімен байланысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы принциптеріне сәйкес жеке азаматқа немесе оның, сондай-ақ заңды тұлғаның мүлкіне келген зардапты толық қалпына келтіру міндеттеледі.

1993 жылы Қазақстанда жекешелендіру кезеңінде және шетелдік инвестициялар кәсіпорыны құрыла бастаған кезеңде бұл өзекті проблема болып табылды.

Қазақстан Республикасының  экологиялық кодексіне сәйкес зардапты қалпына келтірудің қарастырып отырған екі амалын сот бір шешіммен жауап берушіден өндіре және оны зиянды әсерді азайтуға, кешені көгалдандыруға, санаторий тұрғызуға  міндеттей алады. Бұл іс-шара материалдық емес зардапты ақшалай қалпына келтіруге қатысты баламалы түрде жүзеге асырылады.

М.И.Васильеваның пікірі бойынша, қоршаған қолайсыз орта жай-күйі есебінен төмендеген өмір сүру деңгейін әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени сипаттағы  жеңілдіктермен толтыруға болады:

- аймақтағы экологиялық  жағдайға байланысты тұрғын үй  төлемін дифференциялау;

- экологиялық аймақ  деп жарияланған тұрақты қолайсыз  жағдайдағы  аймақ тұрғындарының  айлық жалақысының өсуі, азық-түлік  және медициналық көмектің жақсартылу  жағы қолға алынуы тиіс;

- қауіпсіз өндіріс  орындары салыну көзделген аудан  тұрғын үй құрылысы, коммуникация жағынан ведомстволық құрылыс есебін қаржыланып, жабдықталуы тиіс. [  ]

Қазақстан заңнамасында экологиялық құқық бұзылған жағдайда адам денсаулығы мен мүлкіне келген зардап  орнын  толтырып қана қоймай, моральдық  жарақат немесе моральдық зиян орнын толтыру жағы қарастырылған. Моральдық зиян деп азаматтың тиісті матераилдық емес игіліктеріне зардабы тигенде немесе оның жеке мүліктік емес немесе мүліктік құқығын бұзғанда уайым-қайғыға берілуін  айтады (1994ж. 20 желтоқсандағы ҚР Жоғары Соты Пленумының қаулысы, п.2, №10).

ҚР МК 3-п, 1099-бабына сәйкес моральдық зиян өтемі мүліктік зардапты қалпына келтіруден тыс жүзеге асырылатынын білген жөн.

Моральдық зиян өтемін талап  ету дегеніміз - субъективтік құқық  иесіне жеке мүліктік емес және басқа да материалдық емес игіліктердің өзгеруіне байланысты туындайтын талап-тілектер.

Моральдық зиян көлемін  анықтауда сот «зиян шеккен жеке тұлғаның индвивдуалдық ерекшеліктерін ескере отырып, уайым-қайғыға берілу деңгейін» (ҚР АІЖК, 151-бап) және қандай жағдайда, қандай амалдар арқылы болғанын дәлелдейтін фактілерді ескеру тиіс.

Сот айғақ ретінде  дене жарақатын алғанын, ауырғанын, функционалдық, психологиялық бұзылыстардың  болғанын, оның денсаулығына деген  шағымын, сондай-ақ оған көрсетілген  медициналық көмек сипатын дәлелдейтін медициналық құжаттарды талап етеді.

Қажет болған жағдайда жәбірленуші  қосымша медициналық тексерілуге  не соттық-седициналық сараптамаға  жіберілуі мүмкін.

Біздің ойымызша, Федералдық Зың экологиялық зардапты қалпына  келтіруде міндетті түрде төмендегілерді қарастырғаны жөн: «экологиялық зардап» ұйымы; экологиялық зардапты қалпына келтіру құқығы және оны жүзеге асыру механизмі; моральдық зиян орнын қалпына келтіру; азаматтың мүлкіне экологиялық зиян тигені үшін өтемақы тәртібін анықтау; осындай зардапты қалпына келтіруші жауапты органдар.

 

2.3. Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық

құқықты жүзеге асыру механизміндегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі

Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқық азаматтардың жекелеген немесе ұжымдасқан түрінде қоғамдық бірлестіктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ұжымдық құқықты құру Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында бекітілген: «Өз мүддесін қорғау үшін кәсіподақтар құру құқығын қамти отырып, бірлестік құруға әрбір жан құқылы. Қоғамдық бірлестіктердің еркін іс-әрекетіне кепілдік беріледі».

Бұрынғы Қазақстан  Республикасының  «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Заңының 2-бөлімінің 12-бабында да азаматтардың қоршаған табиғи ортаны қорғау жұмыстары бойынша қоғамдық бірлестіктер, қорлар және басқа да қоғамдық қалыптасулар құруына құқылы екендігі айтылған.

Азаматтардың бірлестікке  деген құқығының жүзеге асырылуы азаматтардың екі түрлі мүмкіндігінің  кепілі бола алады. Бір жағынан жалпы  мақсаттарға жету үшін мүдде ортақтығы  негізінде басқа адамдармен бірлестікке деген құқық, екінші жағынан басқа адамдармен бірігіп бірлестік құру жолында құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, оны қорғау (қалыптастыру) ісі бойынша азаматтың құқығы. Бірлестікке деген құқық мазмұнының екінші аспектісі азамат құқығының  негізгі кепілдігі болып табылады және оны жүзеге асыру механизміне кіргізіледі.

Азаматтарға ерікті түрде  өзінің рухани немесе басқа материалдық  емес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдар құру мүмкіндігі 1994 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 117-бабында қарастырылған және 1995 жылы 14 сәуірдегі «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, 1995 жылғы 7 маусымдағы «Қайырымдылық іс-әрекеттер және қайырымдылық ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында егжей-тегжейлі нақтыланған.

Қоғамдық бірлестіктер дегеніміз - жоғарыда аталған заңнамаларға сәйкес ортақ мақсаттарға жету үшін мүдде ортақтығы негізінде біріккен, азаматтардың инициативасы бойынша  құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын, коммерциялық емес құрылым.

«Қоғамдық бірлестік - заңға  қайшы келмейтін, әдіс-тәсілдер арқылы ортақ мақсаттарға жету үшін құрылған және мүдде ортақтығы негізінде  бірігіп, азаматтардың инициативасы бойынша  құрылаған мемлекеттік емес, ерікті, өзін-өзі басқарушы, коммерциялық  емес құрылымдағы бірлестікке деген конституциялық құқықты жүзеге асырудың маңызды формасы» делінген толығырақ анықтаманы А.А.Дарковтан кездестіреміз. [  ]

Сонымен азаматтарға  бірінші рет қоғамдық бірлестіктерді заңды тұлғалар арқылы емес, оларсыз жеке тұлғалардың бірігуі арқылы құру құқығы берілді. Бұл жаңашылдық қоғамдық, оның ішінде экологиялық қозғалыстардың дамуында маңызды болып табылады, себебі азаматтар қиын әрі қымбат тұратын тіркелу және әрі қарай ұстап тұру үшін шығындалу процесінен құтылады, алайда нақты мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда әрекеттегі заңнамада белгіленген экологиялық талаптарды сақтауға, қоғамдық бақылау жасауға міндетті.

Кейіннен одақтас республикаларда  да осыған ұқсас қоғамдар құрылды. 60-жылдардың соңына қарай әрбір одақтас республикада табиғатты қорғау қоғамы құрылды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаумен басқа проблемаларды шешу үшін алғаш құрылған қоғамдық бірлестіктер: кәсіподақтар, ғылыми-техникалық қоғамдар, аңшылар мен балықшылар бірлестігі айналысты. Әлемдік қоғамдастықтың дамуындағы заманауы кезеңнің ерекше бір айырмашылығы - ол қоршаған орта проблемаларын шешудегі мемлекеттік емес сектордың қатысуы. Осы процеске үлкен қоғамдастықты тартудың  мәні сонда, экологиялық жағдайды жақсарту үшін өз ұсыныстарын бере отырып, нақты жобаларды жүзеге асыруға қатыса отырып, қоғамдастық табиғатты қорғауға өз үлестерін қосады. Шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсеткендей, қоғамдастықты экологиялық шешімдер қабылдау процесіне тарту қоршаған қолайлы ортаға деген азаматтар үшін де, осы шешімді қабылдаушы жеке тұлғалар үшін де қажет болып табылады. Қоғамдастықтың пікірімен санасу мемлекеттік  органдарға проблеманы кешенді түрде оқып-үйренуіне, қолайсыз экологиялық-жағдайдан шығудың барынша тиімді жолдарын табуға, қаржының экологиялық қауіпсіз жобаларға аударылмауына және осыған байланысты әлеуметтік-экологиялық конфликтердің туындамауына көмектескен болар еді. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық мемлекет тарапынан эволюциялық жолмен өтілуі қамтамасыз етілуі тиіс.

Азаматтардың экологиялық  бірлестігі көрер көзге ғана істелетіндей формалды емес, табиғатты, әрі адам өмірі мен денсаулығын қорғау мақсаты қойылған нақты болуға тиіс.

Қоғамдық экологиялық  құрылымдарды құру заңгерлер мен  басқа да зерттеушілердің назарын өзіне аудармай қоймайды. Олардың іс-әрекеттері объективті факторлар арқылы танылады, олар: экономикалық мүддеден жоғары қою, қоршаған ортаның ластану масштабының ұлғая түсуі, табиғи ресурстардың сарқылуы, экологиялық жағдайдың апатты деңгейге келуі және т.б. Кейбір авторлардың пікірінше, экологиялық проблемаларды шешуде қоғамдастыққа ат салысудың ғылыми түріне өту керек. Ол  позиция мынадай жағдаяттарға негізделеді:

адам құндылығын, оның денсаулығын қорғау қажеттігін, қоғамда  экологиялық қауіпсіздік ахуалын құруды бірінші орынға қою;

қоғамдастық экологиялық  және экономикалық приоритеттерді байланыстырушы нақты күш болып табылады;

экологиялық проблемаларды  шешуге деген қоғамдық әсер ету формалары  әртүрлі және құқықтық нормалар құрылымы кей жағдайда тиісінше саяси еріктердің барын талдауға мүмкіндік жасайды.

Бүгінгі  таңда Қазақстан  заңнамасы азаматтарға коммерциялық емес мақсатта жаппай бірлесу үшін кең мүмкіндіктер беріп отыр.

Қазақстанның басқа  да қоғамдық ұйымдары сияқты қоғамдық экологиялық ұйымдар 1999 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей өзі үшін тиімді ұйымдастыру-құқықтық формасын анықтауы тиіс болатын. Қарсы жағдайда олар қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымын тіркеуші органдардың талап етуі бойынша сот тәртібімен таратылды.

Ұйымдастыру- құқықтық формасын таңдау құрылтайшылар қойған мақсат-міндеттерге, сондай-ақ олардың материалдық мүмкіндіктеріне байланысты және бірінші кезекте мемлекеттік тіркеуден өту қажеттілігін және тиісінше заңды тұлға статусын алу жағын, іс-әрекеттің жүргізілу территориясын - жалпы Қазақстандық, аймақаралық, аймақтық немесе жергілікті екенін шешіп алу керек.

Қоғамдық экологиялық  ұйымдар әрекетінің көп бағытта  жұмыс істеуі заңнамада анықталған ұйымдастыру-құқықтық нормаларының барлығын пайдалануға мүмкіндік береді. Қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардан басқа экологиялық ұйымдар жауапкершілігі шектеулі коммерциялық құрылымдар, акционерлік қоғамдар үшін қарастырылған формаларда да құрылуы мүмкін. Алайда қоршаған табиғи орта жай-күйіне және кәсіпорындардың іс-әрекетіне экологиялық тұрғыдан қоғамдық бақылау жасауға жол жоқ, себебі қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы Заң қоршаған ортаны қорғау аумағы бойынша өкілеттікті тек қоғамдық экологиялық бірлестікке ғана береді.

Заң шығарушы қоғамдық бірлестіктерге Жарғы мақсатын жүзеге асыру құқығын береді: өз іс-әрекеті туралы ақпаратты еркін тарату, әрекеттегі заңнамада қарастырылған мемлекеттік өкіметтік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдерін қарауға ат салысу; жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарына құрылтайшы болу және баспа жұмысы жүзеге асыру; өз құқығын, өзінің мүшелері мен қатысушыларының, сондай-ақ мемлекеттік өкімет органдарындағы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы және қоғамдық ұйымдардағы басқа азаматтардың заңдық мүддесін қорғай білу.

1995  жылғы 21 қарашадағы  «Атомдық энергияны пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында қоғамдық ұйымдардың белгіленген заңнамалық тәртіп бойынша тиісті органдардан мемлекеттік құпиядан өзге салынуға берілген, жобаланған, іске  қосуға, пайдалануға берілген және пайдаланудан шығарылған ядролық қондырғылардың, радиациялық көздер мен сақтау пункттерінің қауіпсіздігі жөнінде ақпарат алуға сұраныс беруге және алуға құқылы екендігі бекітілген.

Информация о работе Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу