Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 15:05, диссертация

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қоршаған-қолайлы-ортаға-деген-құқық.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Адамда оның құқықтары  мен бостандықтарын үлкен құндылық деп тану саяси және заң тұрғысынан жеке тұлғаның мүддесін қамтамассыз  етуге бағытталған азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасына өзгерістер енгізуге әкеледі.

Адам құқығы-бұл мемлекет сыйы емес,адамзаттың ажырамас қасиеті.

Осы құқықтардың болуына  орай мемлекеттік өкімет өзінің көріну және ықпал ету амалдары бойынша  шектеліп қана қоймайды, сонымен бірге заңға бағынады.

Қазақстан Республикасында  жоғары құндылық ретінде бағаланатын  адамның құқықтары мен бостандықтарын конституцияда ресми түрде жариялауын 1948жылы Адам құқықтарының жалпы декларациясы секілді жалпыға танымал халықаралық актілер, 1966жылғы экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық шарт және азаматтық, саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық шарт болып танылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының экологиялық құқықтарын реттеп отыру, құқықтық мемлекетке тән құқық демократиясын куәландырады. Демократиялық мемлекет аумағына қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың тиімді іс-әрекеті азаматтардың экология саласындағы құқықтық санасы  мен құқықтық мәдениетінің өсуін ынталандыруына мүмкіндігі бар. Және экологиялық құқықты реттеу мемлекет беделінің нығаюына, оның халықаралық қоғамдастықтағы интеграциясына, Европалық және әлемдік құқықтық кеңістікке енуіне ықпал етеді.

Осы бағыттағы стратегиялық мақсат-адамзатты мүмкін болатын шаруашылық іс-әрекетке жіберу өзін құртып жіберетіндей тәуекелге бармай соның биосфералық әлеуметтік пайдалана алатындай баға беру,мемлекетішілік сондай-ақ халықаралық қатынастар жүйесінде осы бөліктің экологиялық ресерсын тауарға айналдырып,айналымға енгізу.

В.Д.Писарев атап көрсеткендей, халықаралық қатыначстарды экологияландыру  үрдісінің кері жағын осындай  трансформацияға бүгінгі күннен жоғары ұлттық приоритет ретінде  қатысатын сол мемлекеттің барынша  қолайлы позициясы білдіреді.

Қазіргі таңда ҚР да қоршаған қолайлы ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды реттеу аумағында 78 көп жақты келісімдердің қатысушысы болып есептеледі.

Сондай-ақ Европа,Азия,Америка  және тб елдерден табиғатты қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша екі жақты келісімге келген.

Бұдан РФ Конституциясында қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты  бекітудің саяси мәні жатқандығын  аңғаруға болады.

Берілген ереженің заңдық мәні оның мазмұнымен құқық месі ретіндегі  азаматтың мүмкіндіктерімен анықталады.

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты тану жіне құқықтық реттеудің тек адам үшін ғана емес,қоғам және тұтастай алғанда мемлекет табиғатты қорғау іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал етсе, екінші жағынан мемлекеттің өзі азаматтардың белсенділігіне мүдделі болуға тиіс.

Осылайша біртіндеп реттеу арқылы экологиялық құқықтар қоршаған қолайлы ортаны қалпына келтіру үшін негіз болатын маңызды құқықтық мәнге ие болады,ол адамнаң қалыпты өмір сүруін қамтамассыз етуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Конституцисяында қоршаған қолайлы ортаны қалпына келтіру үшін негіз болатын, маңызды құқықтық мәнге ие болады, ол адамның қалыпты өмір сүруін қамтамассыз етуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың бекітілуі, заң шығарушы үшін барынша тиімді пайдалану мақсатында берілген құқықты дамытады және жетілдіре түсуде мәні мен мазмұнын есепке алу қажеттілігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қоршаған қолайлы орта ұғымына анықтама бермейді, ол өз кезегінде қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың көлемі мен мазмұнын анықтауда кейбір қиындықтарға әкеп тіреуі мүмкін.

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық санатының мазмұнын анықтамас бұрын, Қазақстан Республикасының заңдарына талдау жасау негізінде осы ұғымның мән-мағынасын түсініп алу қажет. Мәселен, 2007 жылдың 19 ақпан айында Қазақстан Республикасының Экология Кодексінде азаматтың таза және қолайлы ортаға деген құқығын бекіте отырып, берілген құқыққа Қазақстан Республикасы Конституциясымен салыстырғанда нақты тұжырымдама береді. Сондықтан мынадай тұрғыдан қойылған сұрақ әділ болып табылар еді. Қоршаған табиғи орта және қоршаған орта ұғымдары мазмұны жағынан ерекшелене ме, жоқ па.

Қоршаған орта-заманауи ғылым мен  практиканың әлемі, экономика, қоғам және демократия сияқты санаттармен қатар жүретін іргелі категорияларының бірі. Міне, сондықтан табиғат емес, қоршаған орта ұлттық, сондай-ақ халықаралық құқық сияқты қазіргі кезеңдегі табиғатқа байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің интеграциялық обьектісі болып табылады.

Заңнаманың бір обьектісі ретінде қоршаған орта ұғымы экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция және тб .ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан қолданыла бастады, бұл кезеңде бұл елдердің табиғат жай-күйі күйреу жағдайында деп танылған болатын. Бұл шетел Конституциясында көрініс тапты. Қазақстанда қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы ғылыми айналымға кеш енгізілді. 1997 жылдың 06 тамызда қабылданған Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң деп аталады. Жаңа термин қауырт дамыған ғылыми-техникалық прогресс, халық санының өсуі урбандалу жағдайында адамзаттық табиғат жай-күйін қорғауға қызығушылық танытуымен байланысты енгізілді. Қоршаған орта ұғымының табиғат ұғымынан айырмашылығы бар екенін атап өткен жөн. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының өзінде нақтылана түседі, оның 32-бабында әркімге табиғатты және қоршаған ортаны қорғау міндеті жүктелетіндігі айтылады. Осылайша Қазақстан заң шығарушылары табиғат және қоршаған орта ұғымдарын олардың мазмұны бойынша ажыратып береді. Мұнда 1994 жылы заманауи үйлесімді заңнамаларда құруда Орталық және Шығыс Европа мемлекеттеріне көмек корсету мақсатында Европа кеңесінде қабылданған модельдік заң қызығушылық тудырады, онда қоршаған орта ұғымына табиғи ресурспен қатар қоршаған ортаға адамның әсер етуімен қалыптасқан құндылықтар, сондай-ақ адам денсаулығына әсер етуші немесе әсер ететін өмір сүрудің санасы мен шарттары да енгізілген.

Қорытындылай келе, айтарымыз  қоршаған ұғымына адамның тұрмыс жағдайы және табиғи емес басқа да обьектілер кіреді.

Табиғатты қорғау терминдерінің сөздігінің қоршаған ортаға  адамды қоршаған және оған әсер етуші жағдайлар жиынтығы деген анықтама беріледі,яғни қоршаған ортаға әрі табиғи әрі әлеуметтік орта оның ішінде тұтастай алғанда биосфера да жатқызылады.

А.С.Тимошенконың пікірі бойынша,қоршаған орта термині табиғи ортаға барынша сәйкес келеді.

Н.Ф.Реймерс айтқандай  адамда қоршаған орта – қоршаған табиғи ортаға қарағанда кең ұғым оның мазмұнына  тек әлеуметтік орта ғана емес, табиғат  асфальтталған жолдар үйлер тб кіреді. Осыған ұқсас көзқарасты басқа авторлар да ұстанады. Қоршаған орта мен қоршаған табиғи орта барабар тепе тең деген көзқарасты ұстанатындар да бар.

Біздің көзқрасымызша  бұл негізсіз. Егер философиялық сөздікке үңілетін болсақ, онда табиғат-санадан тыс және оған тәуелді емес, адамның мекен ететін табиғи ортасын білдіретін обьективті нақтылық. В.В.Петровтың пікірі бойынша адамды қоршаған орта дегеніміз адамнеың антропогендік іс-әрекеті процесінде өзгертілген органикалық бірлікте табиғи модификациялық экологиялық жүйелерден құралған табиғи ортаның бөлігі.Бұдан шығатыны әрекеттегі заңнама табиғи орта мағынада түсіндіреді, онда табиғат адамның санасына тәуелсіз болатын обьективті нақтылық. Ал нақты айтқанда бұл адамның шаруашылық іс-әрекетінде аз немесе мүлде өзгертілмеген адамның табиғи мекені.

Қазақстан құқығының дамуының заманауи  кезеңінде табиғат термині қоршаған орта терминімен алмстырылады деп болжам жасауға болады. Ол ғылыми зерттеулердің обьектісі құқықтық реттеу пәні болып табылады. Бұдан бұл немен байланысты деген сұрақ туындайды.

Адам қаншалықты табиғаттың құрамды бөлігі болып табылса  да, табиғат қоршаған орта болып  саналады. Табиғатқа қатысы жағынан  ол  обьект болып табылады.Ол қоршаған ортаның табиғи жағдайына тәуелді. Субьект ретінде адам өзінің шаруашылық міндеттерін шешу үшін табиғи ресурстарды пайдаланады және табиғи процестердің дамуына белсенді әсер етеді.Қоғам мен табиғаттың өзара әсері биологиялық байлныс шеңберінен шығып, әлеуметтік мәнге ие болады.

А.С.Тимошенконың пікірі бойынша бұл үрдіс қоршаған орта терминінің табиғи ортаға барынша сәйкес келуімен байланысты. Коршаған табиғи ортаның жағдайы қандай болса, халықтың денсаулығы да сондай болмақ.

Адамзаттың заманауи даму кезеңіндегі қоршаған ортаға шаруашылық іс-әрекеттердің ауыртпалықтары түседі, сондақтан оны жеке объект сакатында бөліп қарау орынды.

Бұл қоршаған ортаның  басқа табиғи ортадан айырмашылығын  оның жаңа сапалық құрылымынын болуымен, табиғи орта элементтерінің адам еңбегі өкімдерімен органикалық жағынан  қосылуымен түсіндіруге болады. Егер табиғи ортада табиғи экологиялық жүйе үстемдік құрса, ал қоршаған ортаға табиғи байланыстардың әлеуметтік байланыстармен араласып, жаңартылған және түрін өзгерткен экологиялық жүйелердің басым түсуі тән.

Сондай-ақ табиғи ортаның  сапасы зат алмасу мен энергияның эволюциялық процестерінің қосылысы нәтижесінде табиғаттың өзімен қамтамасыз етіледі. Адам үшін қоршаған ортаның сапалық жай-күйінің болуы қажет, бұл табиғи процесс мемлекеттің күш салуымен және тазалық сақтау қоғамының, адамның өмір сүру ортасын сауықтыру, жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жүзеге асырылады.

Егер табиғи орта қатынастарында қорғаудың орталық объектісі  табиғаттың экологиялық жүйесі болып  табылса, ал қоршаған орта өрісінде қорғаудың  жетекшісі бөлімі тікелей адамның өзі, оның денсаулығы, қазіргі және болашақ ұрпақтын экологиялық салауаттылығы.

Жоғарыда айтылғандар  негізінде мынадай тұжырымға  келуге болады қоршаған ортада қоғам  мен табиғаттың өзара іс-әрекеті  жүзеге асырылады, сондықтан мұнда  қоғам мүддесінің экологиялық және экономикалық қатынастары проблемасын шешу талап етіледі. Мұндай проблемалардың болуы мынадай себептермен түсіндіріледі:

  1. Кейбір табиғи объектілер табиғи күйде емес (Арал теңізі, Каспий  теңізі, ауылшаруашылық сипаттағы жерлер т.б.), не болмаса олардың, қалапты қызмет ету қабілеті, пайдалығы күрт төмендеген не болмаса олар Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы Занының 58,59-баптарында анықталған өлшемдерге сәйкес емес.
  2. Табиғатты қорғау іс-шараларының алдын алу немесе қалпына келтіру жұмыстарын  қаржыландыру  деңгейінің   төмендігі  тұтастай  алғанда  елде  әрі  жекелеген   объектілерде  қоршаған  ортаны  тиімді  қорғаудың  мүмкін  еместігіне   әкеп соқтырады.    

           Бұдан шығатыны: Декларацияда қауіпсіз қоршаған ортаға деген құқық ашық айтылмаған.

Бұл мәселе бойынша 1992 жылы Бразилияның  астанасы Рио – де – Жанейрода қоршаған орта және оны дамыту жөнінде БҰҰ -ның  Конференциясында да басы ашық мәселелер қамтылмады. Осы Конференция қабылдаған Декларацияның І-ші  құжатында   былай делінеді: «Тұрақты дамуды қамтамасыз етуді күшейтуде адамға қамқорлық жасау басты орынға қойылған. Олар табиғатпен үйлесімді салауатты және жемісті өмір сүруге құқылы».

Бұл жағдайда, әңгіме қоршаған ортаның сапасы туралы, тек экологиялық  шарттармен ғана шектеліп қалмайтын адам өмірінің сапасы туралы болып отыр. Сондай -ақ «табиғатпен үйлесімді өмір» тұжырымы да адамның табиғатпен өзара қарым – қатынасы қандай болу керектігін көрсетеді, бірақ адамды қоршаған орта үшін жеткіліксіз сипаттама ретінде  танытады.

Қоршаған қолайлы ортаға деген адам құқығы бірнеше тәуелсіз мемлекетіміздің достығын ТМД елдерінің Конституциясында қамтылған. Ол Украина республикасы (50-бап), Беларусь республткасы (46-бап), Грузия республикасы (37-бап), Азербайжан республикасы (46-бап), Қырғызыстан  республикасы (35-бап) елдерінде бекітілген.

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың нақтыланбауы (дефиниция) берілген субъективтік құқықтың мәні мен мазмұнын дұрыс түсіндіруге  кедергі жасайды. Алайда әдебиеттерде және практикада қоршаған қолайлы орта туралы кейбір түсініктер берілген.

Адамдарды қоршаған қауіпсіз (салауатты, қолайлы) орта проблемалары бойынша өткізілген Стокгольм конференциясының Деклорациясына сәйкес қоршаған орта дегеніміз – сапалық тұрғыдан адамдарға лайықты және гүлденген  өмір сүруге жағдай жасайтын орта. Бұл сапа салыстырмалы түрде алғанда  адамдардың анатомиялық және физикалық және химиялық шарттардың тар шеңберімен шектелген. Егер бұл шарттар орындалмаса, адамдардың салауатты өмір сүруі үшін қажетт табиғи байланыстар үзіледі. Мұндай ортаны адамдар үшін, қоғам үшін қауіпсіз деп айтуға болмайды.

Қоршаған ортаның сапасы заңдық тұрғыдан алғанда орнықты  нормативтік-құқықтық тәртіппен анықталады. Мұндай нормативтер мен лимиттер жүйесі, сондай-ақ оларды дайындаудағы жалпы талаптар Қазақстан республикасының  Экология  Кодексінде   анықталған. Қоршаған табиғи орта сапасының нормативтер жүйесіне: зиянды заттар концентрациясының шегіне дейінгі нормативтері, шу деңгейінің шегіне дейінгі нормативтері, вибрациялар, магнит өрістері және басқа зиянды физикалық әсерлер, радиациялық әсер деңгейінің шегіне дейінгі нормативтері, қоршаған табиғи ортаға жүктеменің шегіне дейінгі нормалары, санитарлық және ерекше қорғалатын  аймақтардың  нормативтері кіреді. Санамалап көрсетілген нормативтер қоршаған ортаны таза ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған біреу болса да бірегей сипаттамаға жатады.

Қоршаған орта жағдайының осы нормативтерге сәйкес келуі  оның қауіпсіздігін  танытса, сәйкессіздігі  оның сапасының адамдар үшін қолайсыз екендігін білдіреді.

Қоршаған қолайлы ортаға деген адам құқығы факт жағынан оның тиісті заңдық тұлғалардан экологиялық – құқықтық нормативтерді сақтауды талап ету құқығы болып табылады.

Қоршаған ортаның келесі маңызды сипаты оның табиғи байлықтарының  сыйымдылығы, сарқылмайтындығы, бұл 1997 ж Қазақстан Республикасының«Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы»  Заңына сәйкес табиғатты пайдаланудағы лимиттеумен қамтамасыз етіледі.

Қоршаған қолайлы ортаға сондай-ақ адамдардың эстетикалық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеттілігі тән. Эстетикалық қажеттілік қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың нормативтік мазмұнының маңызды элементі болып саналады және қоршаған орта сапасы үшін міндетті делінеді. Қоршаған қолайлы ортаны осы мақсатта ұстап тұру ерекше қорғауды қажет ететін табиғи аумақтармен мен объектілерді, рекреациялық зоналар мен басқа да территорияларды құрумен реттеумен қамтамасыз етіледі.  

Информация о работе Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу