Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 15:05, диссертация

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қоршаған-қолайлы-ортаға-деген-құқық.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Қоршаған орта жағдайы  оның ластанбаған, сарқылмайтын, қор сыйымдылығына, экологиялық тұрақтылығына, әр түрлілігіне және эстетикалық байлығына қатысты табиғатты қорғау заңнамасында орныққан өлшемдерге, стандарттарға, нормативтерге сәйкес келгенде ғана қолайлы деп есептелуі мүмкін.

Бұдан да басқа орныққан көзқарастар бар. Мәселен, М.И.Васильеваның пікірі бойынша қоршаған қолайлы ортаға деген құқық – бұл жеке бастың емес, нақты, субъектіге тән, үздіксіз  жүзеге асырылатын, заңды бекітілетін, мемлекет кепілдік беретін және қорғайтын, адам денсаулығы үшін қауіпсіз табиғи игіліктерді пайдаланатын, сондай-ақ табиғатты пайдалану және басқа да экологиялық мәні бар іс – әрекеттерді жүзеге асыруда тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін мемлекеттен, басқа азаматтар мен заңды тұлғалардан өз міндеттерін орындауды талап ету, бағынбаған жағдайда мемлекеттік немесе қоғамдық қорғау орындарына жүгіну мүмкіндігі.

Біздің пікірімізше, бұл  анықтама қоршаған қолайлы ортаға деген  құқықтың барлық саласын қамтыса  да, жетімсіздеу болып саналады.

Ғылыми әдебиеттерде басқа да анықтамалар (дефиниция) ұсынылады. Мәселен, М.М.Бринчуктың ұстанымы бойынша, қоршаған орта егер оның жағдайы таза «ластанбаған), сарқылмайтын ресурс сыйымдылығына, экологиялық тұрақтылығына, әр түрлілігіне және эстетикалық байлығына қатысты заңнамада белгіленген өлшемдерге, стандарттар мен нормативтерге сәйкес болса ғана қолайлы деп танылады.

Жоғарыда берілген анықтама қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтық емес,  тек «қоршаған  қолайлы  орта» терминінің ғана мазмұнын ашады.

Біздің көзқарасымыз бойынша қоршаған қолайлы ортаға деген құқық былай анықталуы тиіс: бұл Қазақстан республикасының Конституциясында бекітілген және Қазақстан мемлекеті кепілдік берген әркімнің табиғи игілікті пайдалану , халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын, таза қоршаған ортада өмір сүру, оның жай – күйі туралы толыққанды ақпарат алу және өзінің, қоғамның мүддесі мен қажеттілігін қорғау үшін заңды түрде маңызды іс – әрекеттерге бару мүмкіндігі.

Қазақстан  республикасы Конституциясы сияқты берілген анықтамада да әрбір жанның құқығы туралы сөз болады. Кім заңды түрде Қазақстан  республикасының  аумағында орналасқан: Қазақстан  респуликасының азаматтары ма, шетелдіктер ме, апатридтер ме, қос азаматтығы бар тұлғалар ма – әркімнің құқығы осында айтылады.

Халықаралық құжаттар  - 1948 жылы адамдардың құқықтары мен бостандықтары туралы жалпы деклорацияда, сондайақ 1966 жылы Біріккен  ұлттар  ұйымында   қабылданған адамдардың құқықтары мен бостандықтары туралы Халықаралық Шарт – және адамның қандай да бір мемлекетке саяси  қатысы туралы қағадаттан азат. Олар «азамат» деген терминді қолданбайды, «адам» және оның құқықтары мен бостандықтары туралы айтылады.

Халықаралық құқыққа  сәйкес Шартқа қатысушылар өздері тұратын мемлекетте барлық тұлғалар нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа сеніміне, ұлттық немесе шығу тегіне, сословиесіне т.б. қарамастан, Шрт бекіткен   құқықты пайдалануға мүмкіндік алады.

Бұл Шартқа қосылған мемлекетке олардың талаптарына сәйкес өзінің ұлттық заңнамасына енгізуге  міндеттейді міндеттейді.

Осы шартқа қосылғанна кейін  құқықтық мәртебесі анықталады және  құрылады, онда халықаралық – құқықтық актілер ішкі заңнамалардан үстем болады.

Осыған қатысты Қазақстан  республикасының Конституциясы екінші тараудың атында және мәнінде «азамат» терминімен бірге «адам» терминін де қолданады, бұл кеңестік Конституцияда болмаған.

«Адам» деген заңдық термин.

Конституцияда екі жақты  жүктемеге ие болады. Біріншіден, ол меемлекеттің негізгі заңының мәтінінің жоғарыда аталған Халықаралық құжатпен сәйкестігін көрсетеді; екіншіден, Қазақстан  республикасы аумағында территориясында орналасқан тұлғаның саяси – құқықтық жағдайына қарамастан тануын қамтамасыз етеді. Алайда мемлекетте бұл құқықтар мен бостандықтар бірінші кезекте азаматтың құқығы мен бостандығы болып табылады.

«Адам құқығы» және «азамат  құқығы» ұғымдары жақын, бірақ мазмұны  жағынан бір емес. Олар жеке адам статусының түрлі аспектілерін бейнелейді. Сондықтан Қазақстан  республикасының Конституциясы құқықтық  мәртебеге  мән бере отырып, екі ұғымды да – адам, азамат құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады.

Адам құқығы – жеке адамның дүниеге келгеннен бергі ажырамас құқықтары мен бостандықтары. Бұл олардың мемлекетті тануына дейін де бола береді. Оның үстіне адам құқықтарының табиғи, ажыратылмайтын, әмбебап мәні бар.

Аталған санаттардың маңыздылығы сонда, қоғамның бүкіл тарихи топтасып, жеке адамды, тұрғынды, қоғамдастықты қорғауда басқаша айтқанда, адам құқығында бейнеленеді.

Азамат құқығы – мемлекет таныған, негізгі заңда ресми  түрде жарияланған, мемлекет қорғауында болатын адам құқығы. Азамат құқығы тек сол мемлекеттің азаматтығын алған тұлғамен байланысты. Яғни «адам құқығы» ұғымы «азамат құқығы» ұғыымнан мазмұны жағынан көлемдірек, олар жеке адам мәртебесінің заңдық конструкциясында түйіседі.

Одан басқа «адам  құқығы» ұғымы – тек заңдық қана емес, философиялық, адамгершілік. этикалық, саяси санаққа  жатқызылады.

Бұл құбылыс абстрактілі  емес, реалды, өміршең. Ғылыми әдебиетте  бұл аталғандар дискуссиялық сипатқа  ие болады және жеке проблема санатында  зерттеледі.

Адам құқығы мен азамат құқығы қатынасындағы мәселелер  олардың  ғылыми анықтамасын жасаудың теориялық және практикалық қажеттілігін көрсетеді.

Адам құқығы жөнінде  анықтамалар (дефиниция) жеткілікті. Мәселен, Б.С.Эбзееваның пікірінше «адам» құқығы – оның құндылығына, әлеуметтік жағдайына қарамастан, қоғамның автор берілген санатынан кең аспектіде қарайды, демократиялық қоғамда оған жоғары құндылық ретінде тәжірибе  береді.

В.К.Забигайлоның   берген анықтамасы да қызығушылық тудырады: «..адам құқығы қажетті шарттармен қамтамасыз етілетін ресми түрде жарияланған  және жан – жақты кепілдік берілген мүмкіндік... Бұл жүйе жеке тұлға мен қоғам мүддесін үйдесімді байланыстыра біледі және жеке тұлғаның жем болып қалмауы қарастырылады, алайда ол өзіне қоғам мүшесі ретінде жүктелген жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды».

Басқаша айтқанда, бұл бостандық басқалардың мүддесіне тимей, өзін жүзеге асыра алады. Келтірілген пікір  тұжырымдамасының күшті жағы құқықты жүзеге асыру кепілдігінің болуы.

Біздің  көзқарасымызша, А.С.Мордовецтің берген тұжырымдамасы сәтті шыққан секілді: «Адам құқығы – әрбір жеке тұлға үшін белгіленген  халықаралық және ұлттық  стандарттар мен процедураларға сәйкес лайықты өмір сүру, мемлекет қысымынан тиімді әлеуметік қорғау жүйесін жасау мүмкіндігі»

Ұғымдарға дәйекті талдау жасаудың өзіндік негізі бар. Ол қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың заңдылық табиғатын ашу, сондай-ақ осы құқықтың объектілері мен субъектілерін анықтау қажеттілігімен байланысты. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың жүзеге асырылуы жеке адамның белгілі бір құқықтық қатынасқа түсуімен байланыстырылады, ол кез келген құқықтық қатынастардың элементтеріне объект, субъект, құқықтар мен міндеттер жатқызылады.

Адам құқығы тек жекелеген  тұлғаларды ғана емес, тұтас қауымды  да қамтитындығын атап өткен жөн (мәселен, балалар, әйелдер, әлеуметтік топтар т.б.).

Азамат құқығының адам  құқығына қарағанда аумағы тар. Осыдан қоршаған қолайлы ортаға деген құқығының  объектілік және субъектілік айырмашылығы көрінеді.

Қоршаған қолайлы ортаға деген адам құқығының объектісіне  қазіргі және болашақ ұрпақтардың  өміріне, денсаулығына және дамуына кепілдік беретін әлемдік экологиялық жүйелердің сапалық жай – күйі болып табылады.

Осы құқықтың субъектісіне тек жекелеген адамдар ғана емес, қауымдастық, азаматтар, көп ұлтты Қазақстанда халқы, сондай-ақ  Қазақстан  республикасының  аумағында орналасқан шетелдік азаматтар мен апатридтер де жатады. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық субъектілерінің құрамын бөліп қарау өте маңызды, себебі оның мәні әрбір субъектіге қатысы жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, Р.Ф.Хабированың пікірінше, қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың жергілікті халық үшін мәні зор. Егер дәстүрлі ұғымда қоршаған қолайлы ортаға деген адам құқығы жеке құқық болып табылып, әлеуметтік маңыздылығы жеке адамның мүддесін қорғауға бағытталған болса,  қоршаған қолайлы ортаға деген жергілікті мемлекеттік  басқарма  құқығы белгілі бір адам қауымдастығының мүддесін қорғауға бағытталған және олар үшін қоршаған орта өзіндік қауымдасудың шарты болып табылады.

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық объектісіне тек Қазақстан  республикасы тән белгілі бір сапалы биосфера жай – күйі жатса, ал субъектісіне Қазақстан азаматтары, бипадридтер, сндай-ақ сол аумақта орналасқан тұлғалар жатады (шетелдік азаматтар, Қазақстан  республикасының  азаматтары  және  азаматтығы  жоқ  шетел  азаматтары).

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық Конституциялық нормаларда бекітілген субъективтік құқық. Заңы  әдебиеттерде азаматтардың барлық құқығы субъективті болып табылмайды деген түсінік қалыптасқан. Егер  құқық тікелей заңнан, Конституциядан туындайтын болса, олар «құқықтық қабілет элементтері» деп аталатын түрде көрінеді және заңдық фактілер кезінде ғана субъектіге айналады. Мұнда нақты жеке адаммен «индивидпен) байланысы жоқ қандай да бір «жалған құқық», «екінші дәрежелі құқық» немесе жалпы иесіз заңдық нормалар деген пайда болады. «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары», - деп жазады Н.И. Матузов, - өзінің нақты қаситеттері, заңдық табиғаты, мазмұны, қоғамдағы дәрежесі, құқықтық реттеу механизміндегі орны мен роліне қарай әр түрлі, алайда бұл әр түрлілік басты және негізгілеріне тимейді.Олардың барлығы  субъективті, оларға мінез – құлық еркіндігі, өз мүддесін қорғауы, қажеттілігін қанағаттандыруы үшін заңдық кепілді мүмкіндік беріледі.

Бұл азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына  қатысты. Берілген тұжырым бізге дұрыс болып көрінеді, себебі ол конституциялық құқықтар мен бостандықтардың субъективті сипатта екенін дәлелдейді.

Конституциялық және барлық басқа да құқықтар субъективті, жеке  болғанымен, олардың заңдық табиғатты  әр түрлі, ерекшеліктері бірдей емес, олар түрлі негіздер бойынша субъективтік сипатқа ие болады.

Әдебиеттерде әділ аталып көрсетілгендей, сол немесе басқа  құқықтардың субъективтілігін анықтаудың негізгі өлшемі құқықтардың жеке адамға, әрбір субъектіге қатысты  екендігімен көрінеді.

В.А.Кучинскийдің пікірі бойынша «...азаматтардың негізгі  құқықтары мен міндеттері субъектілер  сияқты олардың құқықтары мен  міндеттері де дәл анықталған құқықтық қатынастарда жүзеге асырылады».

Құқық адамға «немесе адамдар тобына) өзінің әлеуметтік мүддесі мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Сондықтан «ешқандай субъективтік құқықтың оның субъектіге қатысынсыз, жеке адамсыз және  олардың өзара қатынасынсыз мәні болмайды!». «Субъективті құқықтық әлеуметтік мәні, - деп жазады. И.А.Фарбер, - әлеуметтік игілікке ие жеке тұлғаның адами мінез – құлқының ерекше үйлесінен тұрады. Ол заң кепілдік  берген мінез – құлық және әлеуметтік игілікке ие болу өлшемі. Яғни субъективтік құқықтың әлеуметтік маңыздылығы сонда, ол жеке адамға өз мүддесін жүзеге асыру және  қорғауға заңдық тұрғыдан кепілді мүмкіндік береді. Адам құқығы ұғымы екі негізгі компоненттен тұрады: Ол адам және оның құқығы. Олардың өзара қарым – қатынасы зерттеліп отырған құбылыстың негізгі ішкі байланысы болып табылады.

Табиғаттың бір бөлшегі және бүкіл әлеуметтік байланыстардың эпицентрі ретінде адамның өзі және оның табиаты дербес ішкі және сыртқы өзара әрекеттер жүйесінде ашылады.

Адамның ішкі байланыстарына сананың адам қажеттілігінен, мүддесімен, талап етуімен өзара әрекеті  жатады.

Бұл – қоршаған ортамен  тығыз  әрекеттегі бұзылмайтын байланыс және өзінің сапалық нақтылығын сақтайды.  Мүдде  қажеттіліктен туындайды, одан өзара әрекеттесу арқылы санаға әсер етеді, одан тым адам жеке   тұлға ретінде қалыптаса алмайды.

Тұтастай алғанда бостандық, оның ішінде таңдау бостандығы, талап етушіліктер, қажеттіліктер шексіз бола алмайды.

Біздің  ойымызша түптеп келгенде мынадай қорытындыға келуіміз  қажет  субъективтік құқық нақты құқықтық қатынастар шеңберінде ғана көріне алады. Алайда, егер нақты құқықтық  қатынастар  шеңберінде субъективті деп тек құқық пен бостандық есептелінсе, ондай жағдайда олардың ерекшеліктері объективті құқықпен салыстырмалы түрде қарауын қажет етеді.

Нақты құқықтық қатынастарда көрінген құқықтар мен бостандықтар азаматтың бір ғана құқығы мен бостандығы болып табылмайды. Оған заңда бекітілген барлық құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тән.

Барлық конституциялық құқықтар мен бостандықтар, оның ішінде қоршаған қолайлы ортаға деген құқық  олардың заңдық табиғатын сипаттайтын бірлік, жалпылық, теңдік, кепілдік сияқты принциптерге негізделеді. Бұл қағидалар «адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың және қорғаудың конституциялық – құқықтық механизмі негізіне жатады.

Субъективтік құқықтың мазмұны нақты заңдылықты, яғни құқық элементтерін құрайды. Олардың  мазмұнына үңіліп көрейік:

1. Құқықты пайдалану  тұлға үшін белгілі бір құқықтық  мүмкіндіктің берілгенін білдіреді.  Ол белгілі бір әлеуметтік  игіліктерді яғни өзінің материалдық  және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру құқығына  мүмкіндік береді.

Белгілі бір құқықты  мемлекеттің  ресми түрде жариялауы  әрдайым заңды тұлғаға осылай немесе басқаша әрекет ету мүмкіндігін  білдіреді. Мұндағы «мүмкіндік сөзі» - адам мен азаматтың құқықтары  мен бостандықтары туралы алғашқы түсінік беретін конструктивтік элемент.

Мүмкіндік категориясы  азаматтық заңды құқықтары мен  бостандықтарының ерекше белгілерін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге  олардың табиғи болмысын дұрыс бейнелеп көрсететін ұғымға да негізделеді.

Әдетте мүмкіндік сөзі белгілі бір шарттардың реалды, нақты  шындыққа айналуымен түсіндіріледі. Бұл  – әрбір өмірлік құбылыстарда болатын даму бағыты.

Информация о работе Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу