Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 15:05, диссертация

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қоршаған-қолайлы-ортаға-деген-құқық.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Мүмкіндікке берілген қасиет конституциялық құқықтар мен бостандықтарға тән, бұдан осы құқықтар мен бостандықтардың практикалық құндылығы шығады.

Қоршаған қолайлы  ортаға деген құқық – бұл қалыпты  өмір сүруге сапалық жағына жарамды  табиғи мекеннің табиғатын пайдалану  мүмкіндігі. 

Алайда мыналарды ескерген жөн: қоршаған қолайлы ортаның жай  – күйі оның тазалығына, ресурс сыйымдылығына, сарқылмайтындығына, экологиялық тұрақтылығына, түр жағынан сан алуандығына қатысты заңнамада белгіленген нормативтері сәйкес келген жағдайда ғана пайдалануға болады.

Өкінішке орай,  көптеген себептерге (объективті, субъективті) байланысты қазіргі жағдайда көрсетілген заң күшін жүзеге асыру қиындық  тудыруда.

2. Талап ету құқығы  – субъектінің басқа тараптағы  тұлғалардан белгілі бір істі  орындауды талап ету мүмкіндігінің  болуы. Басқаша айтқанда, субъект  басқа тұлғалардан өз құқығын жүзеге асыру мақсатында талап ете алады. Біздің жағдайымызда бұл шарттарды мемлекет жасауы тиіс.

3.  Әрекет ету құқығы  – субъектіде қоршаған қолайлы  ортаға деген тиісті сапаның  субъективті құқығы бұзылған  жағдайда, соны қорғау үшін өзінің  мүмкіндігінің болуы. Бұл мүмкіндік 3 – тарауда толық қарастырылмақ.

4. Соңғы элемент бұл  – талап ету құқығы – егер  қоршаған қолайлы ортаға деген  құқық бұзылса, ықпалды органдарға  барып, еріксіз көндіру, күштеу  яғни мәжбүрлеу механизмдерін  іске қосу құқығы. Бұл құқықты пайдалану үшін табиғи және техногендік сипаттағы қоршаған орта жай – күйінің нашарлағанын дәлелдейтін фактілер мен соны тану негізге алынады.

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты бәрі пайдалана  алады, алайда Қазақстан  республикасының Конституциясында бекітілген басқа да құқықтар сияқты әркім өз қалауы  бойынша пайдалана алатындай мүмкін болатын варианттардың да қарастырылуы мүмкін.

Бұның күрделілігі сонда, тіпті ең  жетілген деген заңдық механизмдердің өзі тұрақсыз саяси  ахуал, құлдыраған экономика, құнды бағдарлаудың жоғалуы, моральдық жағынан құлдилау, әлеуметтік конфрантация алдында дәрменсіз. Өкінішке орай, осындай қолайсыз жағдайлар қазіргі таңда Қазақстан қоғамында қалыптасып қалған.

Қоршаған қолайлы ортаға  деген құқықпен бірге Конституция оның жай – күйі туралы толыққанды ақпарат алу құқығын, экологиялық құқық бұзылу салдарынан адам денсаулығына немесе мүлкіне зиян келген жағдайда, оның орнын толтыру құқығын да белгілейді. Бұл жөнінде диссертацияның 2-бөлімінде қаралады.

 

1.2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесінде адам мен азаматтық қоршаған қолайлы ортаға деген құқық орны.

 

Заң ғылымында «жүйе» термині қоғамдық саяси ұйымдарға, мемлекеттік органға, құқыққа және басқа да көптеген күрделі қоғамдық құбылыстарға сипаттама беру үшін пайдаланылады.Философиялық ұғым ретіндегі жүйе – бұл бір – бірімен өзара байланысты және өзара әрекеттегі бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас бүтін құбылыс. Тұтас нәрсенің өзін құрайтын бөлшектерсіз мүмкін болмайтыны сияқты, жекелеген бөлшектердің де жүйеден тыс дербес қызмет атқаруы мүмкін емес.

Барлық күрделі қоғамдық құбылыстарды жүйелі түрде қарастыру  жүйе түзген құрылымдық бөліктердің  барлық белгілері мен ерекшеліктерін көріп ескеруге мүмкіндік береді. Бұдан жалпылық және ерекшелік диалектикасы құрылады.

Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері Қазақстан заңнамасында және әдебиеттерде бұрын да, қазір де бір бүтін жүйе ретінде салыстырмалы түрде алып қарағанда сирек сипатталады.

Олар күрделі құқықтық категория ретінде қарапайым  жиынтық емес, бірлік пен ішкі саралану (дифференциация) тән жүйеден тұрады.

Құқықтар мен бостандықтар бірлігі олардың мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар негізінде болады және қалыптасады.

Тұтастай алғанда, Отандық  құқықтық жүйе сияқты Қазақстан азаматтарыныңда құқықтары, бостандықтары  мен міндеттер жүйесі материалдық және заңдық қатынастар   тұрғысынан  бірдей.

Теория мен практикада құқық саласының үш негізгі тармақшаға бөлініп  қалыптасуына  орай, құқықтар мен бостандықтарды  да үш топқа  бөлуге болады.

негізгі (негізін қалаушы);

материалдық;

процессуалдық;

Біздің қарастырып отырған  қоршаған қолайлы ортаға деген  құқық  бірінші топқа жатады. Ол конституцяилық  құқық нормаларымен  бекітілген және мемлекет пен азамат арасындағы  қатынасты  жанама түрде көрсетеді.

Көптеген конституциялық құқықтар мен  бостандықтардың,  оның ішінде  қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтық  құқықтар  мен  бостандықтардың азаматтық,  еңбек  және  әлеуметтік – экономикалық негізін құрайтынын айта кеткен жөн. Көптеген конституциялық құқықтар мен бостандықтарсыз  жеке адамның субъективті құқықтары мен бостандықтар  жүйесі  жүзеге асырылады деп есептелінбейді. Бір конституциялық құқықтар   мен бостандықтар құрамды  бөлік ретінде  бірнеше салалық жүйеге кіре алады. Көптеген салалық жүйенің органикалық бөлігі бола  отырып,  конституциялық құқықтар  мен бостандықтар олардың ішінде ерекше орын алады, ол осы жүйелер үшін құқықтар мен бостандықтардың барлық салалық жүйелері  арқа  сүйейтін   жетекші принцип болып табылады.

Осыған  байланысты конституциялық құқықтар мен  бостандықтарды жеке адамның   барлық  құқықтары мен  бостандықтары  шеңберінде өз алдына  бөлек жеке жүйе ретінде  бөліп алып қарастырған жөн.

Алайда заң тұрғысы  қарастырылатын еңбектерде конституциялық құқықтар мен бостандықтарға осындай қадам жасау сирек кездеседі.

Конституциялық құқықтар мен бостандық жүйесінің   даму  үстінде  екенін атап өткеніміз жөн: ол пісіп жетілудің  көп немесе өз дәрежесіне   жетуі, салыстырмалы  түрде алып қарағанда қарапайым  немесе күрделі болуы мүмкін.  Қойылған мәселелердің шешіміне  тек осы жағдайларды  ескере отырып қана келген  жөн. Құқықтар мен бостандықтар  жүйесінің  жетілген үлгісіне 1948жылы қабылданған  адам құқықтарының  жалпы декларациясы, адам құқығы мен бостандықтары туралы  Халықаралық факт және осы іспеттес басқа да  құжаттар  жатады.

Жүйені қоғамның  әрбір  мүшесінің өмірінде және іс - әрекетінде мүмкін болатын барлық маңызды  салаларын   өзінің   реттеуші  әсерімен  қамтып  отыратын  жеке  адамның   құқықтары,   бостандықтары  мен  міндеттер  жиынтығы  құрайды. Тиісті сала бойынша  конституциялық  құқықтар,  бостандықтар   мен міндеттерді  азаматарға  бекітіп беру олардың жиынтығын   жүйеге   айналдырады. Бұл сол немесе  басқа конституцияның құқықтар, бостандықтар  мен міндеттер жүйесінің  бар немесе жоғына  дұрыс төрелік   ететін  шенеуші  критерий  болып табылады.

Құқықтар мен бостандықтар  жүйелілігі  оның кепілдік  беруімен  тығыз  байланысты. өз кезегінде   конституциялық кепілдік жүйесі. Өз ішінде де, бір – бірімен  де негізгі  құқық  ретінде  ішкі  байланыстардың   күрделі  гаммасы  ретінде құқықтар мен бостандықтар жүйесі ішіндегі байланыстар оны  құраушы элементтер ретінде көптеген  бағыттар   бойынша  өтеді.

1.Бір конституциялық  құқықтар мен  бостандықтардың  немесе міндеттердің  жүзеге асырылуы   басқа құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру үшін  негіз болып табылады.

2. Бір  құқықтар, бостандықтар  мен міндеттердің  орындалуы   басқа міндеттердің орындалуын  тоқтату үшін  негіз болып   табылуы мүмкін.

3. Құқықтар мен бостандықтардың  бұзылуы  немесе азаматтардың өз міндеттерін  орындамауы  басқа  конституциялық құқықтар мен бостандықтарға әсерін тигізеді.

Құқықтардың  негативті  және  позитивті болып бөлінетін  жалпы классификациясы  қызығушылық  тудырады.

Бұлай бөлудің   мәні мынада:

Негативті құқықтар мемлекеттің  және басқа тұлғалардың  міндеттерін  адам өмірі  үшін барынша маңызды  салаларда  анықтайды. Негативті  құқықтар негізі болып  саналады, олар жеке  бостандықтың  негізін  қалайды.  Олардың жүзеге асырылуын  мемлекеттік  ресурстарға тәуелді  болмайды.

Позитивті құқықтар,  керісінше, олардың практика  жүзінде  іске асырылуы үшін мемлекеттік иснтитуттар  тарапынан белгілі бір жағдайлар  туғызуға  қадам жасайды. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық  позитивтік құқық  болып  табылады., яғни оның  жүзеге   асырылуы,   мемлекеттің оның органдарының, лауазымды тұлғалардың  және жеткілікті ресурстардың  араласуынсыз мүмкін емес негізгі заңдар мен құқықтардың қазіргі позитивтік классификациясы:  біріншіден, азаматтық (жеке) және саяси құқықтар мен   бостандықтар;

Екіншіден,  әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар  мен бостандықтар болып бөлінеді. Құқықтар мен бостандықтарды  бұлай  бөліп  қарау  заңдардың әлемдік  практикасында да, ұлттық  оның ішінде Қазақстан құқық  жүйелерінде де қарастырылған.

Қазіргі   зерттеушілер тарихи  контексте  үш құқық жалғастығын  бөліп көрсетеді.  Осыдан «адам  құқығының  жалғастығы»  деген  ұғым шығады.

Бірінші жалғастық құқығының  табиғатында  екінші жалғастық құқығынан  ерекшелігі  бар. Оларды негативті  құқықтарға жатқызады, ал екнші  жалғастық құқығы позитивті, әлеуметтік болып саналады.

Адам құқығының  үшінші жалғастығы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптаса  бастады.  Үшінші жалғастық құқығының  табиғаты әр түрлі көзқарасқа толы: Р.А.Мюллерсонның  пікірінше, адам үшінші жалғастығын адам құқығы және халық құқығы деп атауға болады: бейбіт өмірге,    қоршаған ортаға немесе әлеуметтік және экономикалық  дамуға деген құқық  әрбір адамға және  кез келген  халыққа, оның ішінде, жалпы алғанда,  адамзатқа тән.

К.Васак құқықтың үшінші жалғастығына адамдардың  ынтымақтастығына негізделген  ұжымдық құқықты  жатқызады және  оларды «ынтымақтастық  құқығы»   деп  атады.

Көптеген авторлар  үшінші жалғастыққа  негізінен  «жаңа»  құқықты  жатқызады.

- Аталған құқықтардың  жекелеген адамға қатысты екендігі күмән тудырмайды.  Алайда, біздің   көзқарасымызша,  бұл құқықтардың ерекшелігі  сол – олар  ұжымдық болып табылады  және  жеке  адамдармен ғана емес,  ұжыммен,  қоғаммен, ассоциясымен  жүзеге асырылады.

Осы көзқарас тұрғысынан  алып  қарағанда  қоршаған  ортаға   деген  құқықты  жеке  адамға тән дербес  және  ұжымдық  деп қарастыруға  болады.

Құқықта  деген жаңа  көзқарастың  адам құқығына  деген  жаңа  қадамның  бірінші дәрежелі, екінші  дәрежелі,  негізгі  және негізгі  емес  деп  бөлінуін  жоққа шығаратынын атап өткен  жөн. Бұл адамның  әрбір құқығының  оның  өмірінде   басты роль атқаратындығымен  байланысты, олардың  ешқайсысы

бір - бірін  алмастыра  алмайды және бір - біріне бағынбайды.

- Тұтастай  алғанда  қоршаған қолайлы  ортаға  деген  құқық конституциялық құқық пен  бостандықтар жүйесінде  маңызды орын алады, бұл құқықтың  бұзылуы Қазақстан Республикасының конституциясында  бекітілген басқа құқықтармен,  бостандықтармен  тығыз қарым – қатынаста болады.

өмір сүруге деген  құқыпен (экологиялық  авариялармен, катастрофалармен немесе  өлім қаупі  бар  созылмалы  ластанумен  байланысты адам  өміріне  қауіп  төндірушілік); 

денсаулықты қорғауға  деген құқықпен (өмір сүрудің  экологиялық  қауіпті   шартарының  болуы);

жеке адамның қабілетіне деген құқықпен (түрлі  экологиялық  факторлардың   әсер ету  нәтижесінде  адам денсаулығына  экспременттер  қолдану);

демалуға деген құқықпен  (ауа, су, топырақ, азық – түлік  өнімдерінің ластану  деңгейінің  өсуі);

қауіпсіз аймақтарда  еңбекке  деген  құқықпен (жұмыс  орында қоршаған  ортаға деген қолайлы  жағдайлар мен қамтамасыз ету  қажеттілігі);

тұрғын үйге деген  құқықпен (тұрғын  үйлер аумағындағы жекелеген өндірістік кәсіпорындарда экологиялық қауіптің сақталуы); адамдар мен азаматтардың   құқықтарына тікелей  қатысты  құжаттармен,  материалдар мен танысуға  деген құқықпен; кез келген  заңды тәсілдер  бойынша  экологиялық ақпарат алу үшін ізденіске, ақпарат  алуға, ақпарат беруге, таратуға  деген құқықпен;

экологиялық құқық бұзылған  жағдайда келген шығынның  орнын  толтыруға  деген құқықпен;

экологиялық  факторларға   байланысты мемлекеттік өкіметтік  органдардың  немесе лауазымды тұлғалардың  заңсыз  іс әрекетіне  байланысты  мемлекеттен келген  зиянның  орнын  толтыруға  деген құқықпен. Осыдан мынадай  сұрақ туындайды:

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың  бұзылуы  неге өзінен  кейін басқа негізгі  құқықтар  мен  бостандықтардың   бұзылуына   жол береді?      

«Қоршаған орта»  және «денсаулық»  ұғымдары бір – бірімен  тығыз байланысты және  соңғысы  қоршаған орта  жағдайына тәуелді. Бұл мәселені  кеңінен қарастырып  көрейік.

«Денсаулық» ұғымын әр түрлі  сипаттауға  болады.  Жалпы алғанда, Бүкіләлемдік  Денсаулық сақтау  Ұйымының (БДҰ)  анықтамасы  бойынша, денсаулық деп дене, рухани  және  әлеуметтік жағынан   толық қалыптасқан  жағдай  түсініледі. Заңдық тұрғыдан   алып қарағанда денсаулық дегеніміз – жеке адамның жеке қоғамның  құқығын  жүзеге асыру   және оны пайдалану  мүмкіндігі.

әлеуметтік – экономикалық  аспектілер материалдық және рухани құндылықтарды құру үшін қоғамның  рухани және  интелектуалдық әлеуметінің өлшемі ретінде қарастырылады.  Психофизиологиялық  көзқарас  тұрғысынан  қарағанада денсаулықтың мәні еңбектің  әр түрін   жүзеге  асыруда  дене және  ақыл – ой  еңбегіне қабілеттілік   деңгейінен көрінеді.

Информация о работе Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу