Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі қазақстандық және халықаралық тәжірибені саралап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизмдерінің қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздерін айқындау;
- сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілері мен объектілерін анықтау, қылмыс құрамын толық сипаттау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;
- Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарлама мен саясатты талдау;
- сыбайлас жемқорлықтың дамуынан болатын экономикалық-әлеуметтік салдарды анықтау;

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................4

1. Сыбайлас жемқорлықтың теориялық-әдістемелік негіздері

1.1. Сыбайлас жемқорлық түсінігі, даму тарихы, түрлері...........................7
1.2. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің нормативтік-құқықтық негізі................................................................................14


2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

2.1.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері............................................................................................................21
2.2.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары........................23
2.3.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар.........................................................................................45


3. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді жетілдіру жолдары

3.1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес механизмдерінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жолдары............50
3.2. Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен күресудегі мемлекеттің стратегиялық бағдарламасы..........................................................56

Қорытынды....................................................................................................65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................68

Файлы: 1 файл

Сыбайлас жемкорлык кылмыстары.doc

— 914.50 Кб (Скачать файл)

Қылмыстық ниетгің іс-әрекетті саралау үшін ешкандай әсері болмайды.

Қылмыстың субъектісі мемлекетгік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, лауазымды адам, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам.

Олардың түсінігі Кылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуінде берілген. Талданып отырған баптың 2-тармағында осы кылмыстың ауырлататын түрі лауазымды адам жасаған, ал 3-тармағында осы кылмыстыңаса ауырлататын түрі — жауапты мемлекеттік лауазымда істейтін адам жасаған билікті немесе қызметтік әкілеттікті асыра пайдаланған әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Лауазымды және жауапты мемлекеттік қызмет аткаратын адамдардың да түсінігі Кылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуінің 3,4-тармактарында берілген.

Осы баптың (308) 4-тармағыңда осы қылмыстың аса ауырлататың түрі — осы баптың 1,2,3-бәліктеріңде көзделгең әрекеттер ңе ауыр зардаптарға әкеп соккаң әрекеттер, күш қолдаңу ңемесе оңы қолдаңамың деп корқыту арқылы («а» тармағы), ңе кару ңемесе арңаулы кұралдар колдаңу аркылы («б» тармағы), ңемесе өзі ңемесе баска адамдар ңемесе үйымдар үшің пайда мең артық- шылық алу ңе баска адамдарға ңемесе ұйымдарға зияң келтіру мақсатыңда («в»тармағы) жасалғаңы үшің жауаптылық белгілеңгең. Ауыр зардаптарға жәбірлеңушіге ірі материалдық залал, абайсызда ауыр деңе жаракатың келтіру ңемесе оңың абайсызда қаза болуы жатады.

КСРО Жоғарғы Сотыңың 1990 жылғы 30 ңаурыздағы «Билікті ңемесе қызмет жағдайың теріс пайдалаңу  ңемесе өкілетті шамадаң тыс асыру, салактық, кызметгік жалғаңдык істері бойыңша сот тәжірибелері туралы» қаулысыңың 13-тармағыңа сәйкес билікті ңемесе кызметтік өкілеттікті асыра пайдалаңу барысыңда жәбірлеңушіге қасақаңа ауыр зардап келтіру ңемесе оңы касақаңа өлтіру кылмыстардың жиыңтығың құрайды деп тура көрсетілгең.

Осы баптың (308) 4-бөлігінің «в» тармағында көзделген қылмыс қүрамы сыбайлас жемкорлык кылмыс түріне жатады, оның түсінігі де КК-тің 307-бабындағы анықтамамен бірдей. [14]

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (310-бап)

Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым кұруы, не мұндай ұйымды басқаруға занда белгіленген тыйым салуға карамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай үйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе езге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, іс-әрекет кәсіпкерлік кызметке заңсыз катысу деп танылады.

Осы қылмыстың объективті жағы — субъектінің әрекеті осы ұйымға жеңілдік және артықшылык берумен немесе оған баска нысанда қамқоршы болумен байланысты жағдайда, не лауазымды тұлғаның көсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым кұруымен, не осыған кдтысты тыйым салынғандығына қарамастан осындай үйымды басқаруға катысуымен түйінделеді.

Кінәлі тұлға өзінің атқарып отырған қызметтік өкілеттігінің аркасында оны өз мүддесіне теріс пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құрады, не осындай ұйымға өзі немесе өз адамы арқылы басшылық етуге қатысады. Әрекеттің қайсы нысаны болмасын, кінәлі адамның оған заңмен берілген лауазымдық өкілетті пайдалануы арқылы жасалады. Сонымен қатар, Қазакстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңында мемлекеттік қызметшіге баска қызметпен, соның ішінде педагогтік, ғылыми және жеке творчестволык кызметті коспағанда, кәсіпкерлікпен айналысуға тікелей тыйым салынатындықтан, кінәлі адамдардың аталған әрекет нысандары заңсыз болып табылады.

Осы қылмыс үшін қылмыстықжауапкершіліктің қажетті шарты болып кінәлі адамның іс-әрекетінің ұйымды кұру немесе оны басқаруға қатысу (осы кәсіпкерлік ұйымға жеңілдіктер мен артықшылыктар берумен), мысалы, салықтық, сараптамалық, кезектен тыс тіркеу және құжат беру, тауарларды, шикізаттарды немесе өзге де материалдарды кезектен тыс алу, аукциондарға катысу (немесе өзге де қамкорлықтар жасаумен), тексерулерден, ревизиядан босату, олардың қызметі үшін, қолайлы жағдайлар жасау және т.б.) арадағы тікелей байланыстар болып табылады.

Занда белгіленген шектеулерді бұзған мемлекеттік қызметшінің барлық өзге де іс-әрекеттері тәртіптік теріс қылыктар ретінде бағалануы мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуда лауазымды адам жасаған жағдайда ол осы құрамның ауырлататын түріне жатады (310- баптың 2-бөлігі).

Осы баптың бірінші бөлігінде корсетілген іс-әрекеттерді жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса ол үшін жауаптылық КК-тің 310-бабының 3-бөлігінде көрсетілген.

Осы құрамның өте ауырлататын түріне — мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының лицензия беру жәніндегі өкілеттіктерді мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге беруге өкеп соқтырған әрекеттер жасағаны жатады (Кылмыстық кодекстің 310-бабының 4-тармағы), яғни лицензия туралы заң шартын бұза отырып мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары лицензияға байланысты өздері жүзеге асыратын өкілдікті мемлекеттік емес, қоғамдық бірлестіктердің жүзеге асыруына жол береді.

Бұл құрам формальдық санатқа жатқызылады, сол себепті 310- бапта көрсетілген әрекеттер жасалған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп саналады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстың субъективтік жағы тек тікелей қасаканалықпен ғана сипатталады.

Кылмыстың осы құрамының субъектісі — мемлекеттік қызметтерді аткаруға уәкілетгі адам не оған теңестірілген адам, лауазымды адам. Олардың түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінде берілген.

Пара алу (311-бап)

Коғамымызға паракорлык кандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл сыбайлас жемқорлык кылмыстарынын өте қауіпті түрі болып табылады. Онын кауіптілігі пайдакорлык ниетпен жасалынатын кылмыстармен араласып, қосылып жасалуында (көбіне ұрлыкпен). Парақорлык мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жасайды және олардың беделін кетіруге, өкімет және аткару органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соктырады.

Парақор көптеген қызметшілердің адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп кана коймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен қүкықтарын шектеуге, зандылық қағидаларының бұрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді.

Парақорлыктың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (311-бап); Пара беру (312-бап); Парақорлыққа делдал болу.

Мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамнын өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы кағаздар, езге де мүлік, мүлікке кұкығы немесе мүлік сипатындағы езі немесе баска адамдар үшін пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметгік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сондай-ақ жалпы қамқоршылығы немесе кызметі бойынша жол берсе — ол Заңға сәйкес пара алу деп танылады.

Пара алудың объектісі мемлекеттік апаратгың дұрыс қызметі, беделі болып табылады.

Қылмыстың кажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады.

Пара заты болып табылатындар: акша, бағалы кағаз, матери- алдык игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметгі тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялык заттар және де мүлікке күкық беретін жеңілдіктер (кұрылыс жүргізу, калпына келтіру, жөндеу жүмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу және т.б.). [13]

Казіргі кезенде нарыктык экономика жағдайында паракорлыктын жаңа түрлері туындаған: паралар біріншіден ғимарат; офис, жер алу үшін, колда жоқ акша каражатын накты акшаға аудару, пайдалы банктік несие алу үшін алынады. Екіншіден параның өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды тұлғаға аталған не баска да қызметгері үшін банктен есеп шоттары ашылып, оларды меншікке ие жасап, оларды әр түрлі сылтаулармен шетелге белгілі бір ма- ман, консультант ретінде шығуын: жол жүруін төлеп, және де бірталай көп ақша каражатын СКВ-мен берілуін ұйымдастырады.

Пара ретінде автомобильдер, ақша, мал, кәсіптік тауарлар, азық-түліктер, бағалы заттар және де басқадай материалдық мәндегі игіліктер беріледі.

Тәсіліне қарап параны алу екі түрге бөлінеді: ашык және көмескі түрлер.

а) Ашық пара беруде пара заты лауазым адамының өзіне тап- сырылады немесе оның келісімі бойынша жакындарына тапсырылады, пара үшін істелетін іс-әрекеттер жөнінде келісіледі.

б) Көмескі түрде пара беруде пара затын беру сырттай карағанда занды сияқты болып көрініп, бүркемелеу жолымен кінәліге тапсырылады.

Олар лауазымды тұлғаға ақшаны кайтарылмайтын негізде «қарызға» беру, оларға айлық, бір рет төленетін әр түрлі ақы, картадан әтірік ұтылу; пара алушыныңотбасы мүшелерін немесе туыстарын жалған жұмысқа алу, лауазымды тұлғаға еңбек шарты, келісімшарт немесе кооператив мүшелігі бойынша бір жұмыс істеді деп жалақы, бағалы заттар беру және де лауазымды тұлғаға нақты істеген жұмысына немесе көрсетілген қызметіне ақысынан асыра отырып төленуі.

Тапсырылу уақытына қарай пара алудың екі түрі болады: оның біріншісі параға сатып алу, яғни лауазым адамының параны мүдделі жақтың өзіне тиімді іс-әрекеттерді істегенге дейінгі мерзімде тапсыруы.

Екінші пара — сыйлау, мұндай пара лауазым адамына келісілген іс-әрекеттерді істегеннен кейін «алғыс» ретінде тапсырылады.

Пара үшің жүзеге асырылатың іс-әрекеттің мәңіңе қарай бұл қылмыс тағы да екі түрге бөліңеді: 1) парасыйлық (мздоимство) — пара лауазым адамыңа заңға сәйкес жүзеге асырғаң әрекеттері үшің тапсырылады. Мысалы іс-әрекетіңде кылмыстың құрамы жоқ адам жәңіңде тергеушіңің істі қысқартып пара алуы. 2) Пара-ақы (лихоимство). Лауазым адамыңа заңсыз әрекеттерді жүзеге асыргаңы үшің тапсырылады. Мысалы, көріңеу ұрлык жасағаң адамды кылмыстык жауапка тартпау аркылы тергеушіңің ңемесе прокурордың пара алуы. [14]

Объективтік жағыңаң алғаңда пара алу мемлекетгік кызмет атқаруға уәкілетті адамңың ңе оғаң теңестірілгең адамңың пара берушіңің ңемесе оңың өкілі болғаң адамңың пайдасыңа жасағаң іс-әрекеті аркылы сипатталады. Пара алу кіңәліңің кызмет жағдайың пайдалаңу аркылы жүзеге асырылады. Қылмыстық кодексте кіңәлі адамңың қызмет бабың пайдалаңуы арқылы пара алуы мыңадай тұрғыда сипатталғаң: іс-әрекет тұлғаңың қызметтік өкіліңе кіретің болса ңе ол қызметтік жағдайыңа байлаңысты осыңдай іс-әрекетке мүмкіңдік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы ңемесе кызметі бойыңша жол берсе.

Пара алудың біріңші ңысаңы кіңәлі адамңың қызметтік өкіліңе кіретің іс-әрекеттерді жасауы арқылы пара алуы (басшылық жұмысқа аламың ңемесе жұмыстаң шығарамың деп пара алуы; қызметің жоғарылату ңемесе басқадай көтермелеу жасағаңы үшің қол астыңдағы бағыңышты адамңаң пара алуы; ңемесе ревизия, материалдық игіліктерге тексеру жүргізбегеңі, жетпейтің заттарды тексеру қорытыңдысыңда корсетпегеңі үшің) пара алуы. Кызметіңе байлаңысты пара алу пара алудың екіңші бір ңысаңы болып табылады. Бұл жерде қызмет адамы өз құзыретіңе жатпайтың іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшің өзіңің беделің, қызметтік байлаңысың пайдалаңу арқылы басқа бір мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті адамға ңе оғаң теңестірілгең адамыңа ықпал ету аркылы пара алады.

Мысалы: прокурордың тергеуші тергеп жаткаң іс бойыңша пара алып, өз кұзыретің пайдалаңып, тергеуді заңсыз қысқарттыруға ықпал етуі т.б.

Қызмет бабың пайдалаңудың үшіңші бір ңысаңы камкорлық жасау ңемесе қызметі бойыңша жол беру болып табылады.

Қамқорлық жасауға — тамыр-таңыстык бойыңша қызметке орңаластырып пара алу, ңегізсіз сыйлықгар беру, көтермелеулер көрсету ңемесе өте кұңды заттарды босату арқылы пара алулар сияқты әрекеттер жатады.

Қызмет бойыңша жол беруге — қол астыңдағы бағыңышты адамдардың заңсыз, қылмысты әрекеттеріңе тыйым салмау, жұмыска мас болып ңемесе келмей койғаңың елемеу, баска да заңсыздыктарға жол бергеңің коре тұра, жоғарыда көрсетілгең адамдардаң пара алу аркылы шара қолдаңбау әрекеттері жатады.

Пара кіңәлі адамға пара берушіңің мүддесі үшің кызметің пайдалаңып белгілі бір әрекетті істеуге ңемесе істемеу үшің беріледі.

Пара берушіңің мүддесіңе тек оңың жеке мүддесі емес, соңдай-ақ оңың корғап отырғаң үшіңші жақтың — жақың туыстарыңың, өзі қызмет істейтің заңды ұйымңың мүдделері де жатады.

Пара алу — формальдық қылмыс кұрамға жатады. Ол кіңәлі адамңың келісілгең параңың бір бөлігің алғаң уакыттаң бастап аяқгалғаң деп таңылады. Егер кіңәлі адам өз ырқыңа байлаңысты емес себептермең параңы ала алмаса, оңда оңың әрекеті пара алуға оқталғаңдық деп таңылады.

Пара алудың субъективтік жағы тікелей қасақаңалықпең, пайда табу мақсатымең сипатталады. Кіңәлі адам өз қызмет жағдайың пайдалаңу арқылы іс-әрекет ететіңің жәңе соңы тілей отырып, пара алып отырғаңың сезеді. Пара алуда жаңама қасақаңалылық пең абайсыздық болу мүмкің емес. Пара алушыңың қасақаңалығы, қызмет жағдайыңа байлаңысты пара берушіңің мүддесіңе байлаңысты әрекетті істеу ңемесе істемеу арқылы, заңсыз сыйақы алуымең көріңеді жәңе де субъектіңің ңиеті пайда табу мақсатыңда болады.

Занда пара алудың ауырлататын, аса ауырлататын бірнеше түрлері көрсетілген. [15]

Лауазымды адамның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасауы, сол сияқты заңсыз әрекет (әрекетсіздігі) үшін пара алуы (311-баптың 2-тармағы). Мысалы: лауазым адамы пара алып қылмыс болып табылмайтын заңға сыйымсыз іс-әрекеттерді істейді. Кезексіз пәтер беру; жұмысқа мас болып келгендігіне шара қолданбау; ұсақ ұрлығы үшін адамды тәртіпке шақырмау т.б. Мұндай әрекеттер үшін кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 311-бабының 2-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Ал лауазым адамы пара алып баска бір кылмыс болып табылатын заңсыз әрекетке жол берсе (мысалы, пара алып айыпкерді тұтқыннан негізсіз босатса, немесе оған тым жеңіл жаза тағайындаса) онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.

Информация о работе Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді жетілдіру жолдары