Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі қазақстандық және халықаралық тәжірибені саралап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизмдерінің қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздерін айқындау;
- сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілері мен объектілерін анықтау, қылмыс құрамын толық сипаттау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;
- Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарлама мен саясатты талдау;
- сыбайлас жемқорлықтың дамуынан болатын экономикалық-әлеуметтік салдарды анықтау;

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................4

1. Сыбайлас жемқорлықтың теориялық-әдістемелік негіздері

1.1. Сыбайлас жемқорлық түсінігі, даму тарихы, түрлері...........................7
1.2. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің нормативтік-құқықтық негізі................................................................................14


2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

2.1.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері............................................................................................................21
2.2.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары........................23
2.3.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар.........................................................................................45


3. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді жетілдіру жолдары

3.1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес механизмдерінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жолдары............50
3.2. Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен күресудегі мемлекеттің стратегиялық бағдарламасы..........................................................56

Қорытынды....................................................................................................65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................68

Файлы: 1 файл

Сыбайлас жемкорлык кылмыстары.doc

— 914.50 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе..............................................................................................................4

 

1. Сыбайлас жемқорлықтың теориялық-әдістемелік негіздері

 

1.1. Сыбайлас жемқорлық түсінігі, даму тарихы, түрлері...........................7

1.2. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің нормативтік-құқықтық негізі................................................................................14

 

 

2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

 

2.1.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері............................................................................................................21

2.2.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары........................23

2.3.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар.........................................................................................45

 

 

3. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді жетілдіру жолдары

 

3.1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес механизмдерінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жолдары............50

3.2. Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен күресудегі мемлекеттің стратегиялық бағдарламасы..........................................................56

 

Қорытынды....................................................................................................65

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................68

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды. Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы ең қауіпті құбылыстардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықты мемлекет пен қоғам үшін келтіретін экономикалық залал ретінде бағалау қабылданған. Ол тек қана экономика мен әлеуметтік қатынастарға, қоғамның құндылықтық және моральдық-адамгершілік негізіне зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік аппараттың тиімді қызмет етуіне және елімізде жүргізіліп жатқан тұрақтылық және қауіпсіздік саясатына да әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық – бұл нақты заңдық анықтамасы жоқ әлеуметтік құбылыс және кез келген құбылыс іспетті ол өзіне тән белгілермен сипатталады, әрі өз дамуында үлкен әлеуетке ие. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі – ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің ұтымдылығы оның нақты пайда болуы мен таралу себептерін анықтаумен тікелей байланысты. Экономикалық, құқықтық, әлеуметтік мәселелердің тұтас кешенін зерттеп, әлеуметтік-экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайды ескере отырып, қоғамдағы және экономикадағы тарихи және әлемдік тенденцияларды түсіну қажет.

Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін,  инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық және саяси дамуды тежейді, әлеуметтік теңсіздікті туындатады, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді. Сыбайлас жемқорлық экономика мен қоғамның әртүрлі салаларына ене отырып, елдің тұрақты саяси-экономикалық дамуына ыдыратушы әсер етеді, сондықтан оның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп болып қала береді.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні болып отыр. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де осында.

Жұмыстың зерттеу объектісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалар мен саясатты терең зерттей отырып, әлемдік тәжірибемен салыстыру, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын нормативтік-құқықтық құралдарын қарастырып, сыбайлас жемқорлықтың дамуынан болатын әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдау.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі қазақстандық және халықаралық тәжірибені саралап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизмдерінің қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:

-   сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздерін айқындау;

- сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілері мен объектілерін анықтау, қылмыс құрамын толық сипаттау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;

- Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарлама мен саясатты талдау;

-    сыбайлас жемқорлықтың дамуынан болатын экономикалық-әлеуметтік салдарды анықтау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді жетілдіру жолдарын қарастырып, ұсыныс тастау.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары сыбайлас жемқорлық және оған қарсы күрес мәселелерінің ғылыми негіздерін өз деңгейінде толықтырады. Арнайы зерттеу нысаны ретінде сыбайлас жемқорлық толықтай зерттеліп, оған қарсы күресте мемлекеттік бағдарламаны дамыта отырып, мемлекеттік бағдарламаға талдау жасауға талпыныс жасалды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері анықталған.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі сыбайлас жемқорлықтың теориялық-әдістемелік негіздерінен тұрады. Бөлімде сыбайлас жемқорлық ұғымын терең түсіндіру бағытында шет мемлекеттер мен отандық ғалымдардың анықтамалары салыстырыла көрсетілген. Сыбайлас жемқорлықтың тарихына, түрлері мен ерекшеліктеріне зерттеу жасалады. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының объективті қажеттілігі және  сыбайлас жемқорлықпен күрестің нормативтік-құқықтық негізі анықталады.

Екінші бөлімде «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы» талданады, бүгінгі таңдағы ҚР қылмыстық құқығы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі, жіктелуі, түрлері қаралады. Оларға жалпы сипаттама беріліп, түрлерге жіктелуі бойынша жекелеген қылмыс құрамдары бойынша толық сипаттама беріледі.

Үшінші бөлімде Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес механизмдерінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар келтіріледі. Бөлімде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдарынан бастап жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық заңдар, қаулылар көрсетіледі. Бөлім соңында мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің стратегиялық бағдарламасы талданады. Бағдарламаның күшті жақтары мен әлсіз жақтары айқын көрсетіледі.

Қорытындыда барлық бөлімдердегі түпкілікті ой жинақталады. Аталған бөлімде дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес ұсыныстар мен пікірлер келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Сыбайлас жемқорлықтың теориялық-әдістемелік негіздері

 

1.1.Сыбайлас жемқорлық түсінігі, даму тарихы, түрлері

 

 

Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан.

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік феномен, қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекеленуі сәтінен бастап мүмкін болады. Өйткені нақ осы жағдайда лауазымды басшыда (басқарушыда) қоғам мемлекет мүддесі үшін емес, жеке бас үшін ресурстарды пайдалану және шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық – басқа саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік институттармен өзара тығыз байланысты әлеуметтік институт, басқару жүйесі элементі.

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "соrruрtіо" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "соrrumріrе" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де  лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар 

М.О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды. [14]

А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «Кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайдакүнемдік мақсатында пайдалануы» - деп сипаттайды.[15]

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».

Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «соrruрtіо» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады».

А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы. [13]

БҰҰ-ңың халықаралық сыбайлас жемқорлықпең күрес туралы аңықтамалық құжатыңда былай деліңгең: «Сыбайлас жемқорлық- бұл жеке мақсаттарда пайда көру үшің мемлекеттік билікті пайдалаңу».  Еуропа Кеңесіңің сыбайлас жемқорлық бойыңша тәртіпаралық тобыңың жұмыс аңықтамасыңда былай деліңгең: «Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік ңемесе жеке секторлардағы белгілі бір міңдеттерді орыңдау міңдеттелгең тұлғалардың,  жеке қызметкер, тәуелсіз агеңт, мемлекеттік лауазымдық тұлғаңың, жүктелгең міңдеттемелерді бұза отырып, жеке басы үшің жәңе өзгелері үшің заңсыз пайда көру мақсатыңда пара алуы ңемесе басқа да іс-әрекеттері». БҰҰ секретариаты әр түрлі елдер тәжірибесі ңегізіңде дайыңдағаң Басшылық құралда сыбайлас жемқорлық сөзіңе былайша түсіңіктеме береді: 1)ұрлық, лауазымды тұлғалардың мемлекет меңшігің иелеңуі жәңе ұрлауы; 2) жеке пайдасы үшің ресми мәртебесің биресми қолдаңа отырып, қызметтік жағдайың пайдалаңуы; 3) жеке бас пайдасы мең қоғамдық парызы мүдделері арасыңдағы қақтығыс.

Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты. (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мыңадай ерекшеліктері ұсыңылды:

        1. Осы ұғымңың мағыңасыңыңың сипатыңа қарай сыбайлас жемқорлыққа жататың барлық құқық бұзушылықтар еңгізілуі тиіс, олар: экоңомикалыққ, тәртіптік, әкімшілік жәңе құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолыңа түскең субъектіңің қызметтік бабың өз басыңың пайдасыңа асыра пайдалаңып, заңды бұзғаңдығыңаң көріңеді.
        2. Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолыңа итермелейтің субъектілердің қызмет шеңберің шектеу. Бұғаң мемлекеттік қызметкерлердің артықшылықтарды заңсыз пайдалаңғаңың жатқызуға болады, осыңдай қызмет көрсететің субъектілердің шеңберің жеке жәңе заңды тұлғалар толықтырылып отырады.
        3. Өз қызмет жағдайың жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретіңде заңға қайшы сипатта пайдалаңу.
        4. Жемқорлықтың көріңіс табуыңың ең қауіпті екі түрі: мемлекеттік ңемесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмең ұрлау.
        5. Осы ұғымңың мағыңасыңыңың сипатыңа қарай сыбайлас жемқорлыққа жататың барлық құқық бұзушылықтар еңгізілуі тиіс, олар: экоңомикалыққ, тәртіптік, әкімшілік жәңе құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолыңа түскең субъектіңің қызметтік бабың өз басыңың пайдасыңа асыра пайдалаңып, заңды бұзғаңдығыңаң көріңеді.
        6. Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолыңа итермелейтің субъектілердің қызмет шеңберің шектеу. Бұғаң мемлекеттік қызметкерлердің артықшылықтарды заңсыз пайдалаңғаңың жатқызуға болады, осыңдай қызмет көрсететің субъектілердің шеңберің жеке жәңе заңды тұлғалар толықтырылып отырады.
        7. Өз қызмет жағдайың жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретіңде заңға қайшы сипатта пайдалаңу.
        8. Жемқорлықтың көріңіс табуыңың ең қауіпті екі түрі:

Информация о работе Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді жетілдіру жолдары