Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 12:55, курсовая работа

Описание работы

Бұрынғы кезде судьялар сайлаушыларға және оны сайлаған органға есеп беретін, сондықтан осындай есеп берудің салдарынан судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған болатын. Яғни, соттар жергілікті атқарушы өкілетті органның тар өрісті шеңберінен аса алмайтын. Бірақ, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдерді одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырды. Елбасының 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысында бұл саладағы негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" судьяның азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы бекіді.

Файлы: 1 файл

сама работа.doc

— 321.50 Кб (Скачать файл)

1. Тәртіп бойынша прокурор іске  қажетті тарап ретінде тараптардың  айтысынан соң сотқа қорытынды  ұсынатын тарап болды.

2. Көптеген істер бойынша прокурор  басты тарап ретінде, басқа тараппен  талапқа таласқа түсетін жауапкер  ретінде де талапкер ретінде де тарап болды.

Сондай-ақ прокурор мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін басты тарап ретінде іске қатысты. Басталған процеске кіре отырып өзінің не соттың бастамасымен іске қорытынды береді.

Бірақ практика жүзінде ол бос формальдық сотқа прокурор керек емес деген пікірді Г. Вербловский 1905 жылы былай жазды. "Азаматтық іске дәл осылай прокурор қатысатын болса оның іс-әрекеті шын мәнінде бос әурешілік" деді, осындай ой пікірлердің күшті болғаны сондай 1910 жылдары әділет министрліктері Мемлекеттік Думаға, азаматтық іске прокурордың қатысуынан бас тартқан жоба ұсынды. Бұл идея Думада барынша қолдау таппағанымен 1911 жылғы 9 майда шыққан заңмен азаматтық істер бойынша прокурордың қызметі едәуір қысқартып кетті.

Революциядан кейін АІЖК құрушылар революция көсемі Лениннің "алға жылжу үшін жеке құқықтық қатынастарға, азаматтық құқыққа мемлекеттің араласуын күшейту керек" деген конспекция идеясы негізінен АІЖ процесіне прокурордың қатысуы қайта жалға қойылды. 1923 жылғы АІЖК 2-бабы бойынша, прокурор істі бастауға, сондай-ақ істің кез келген сатысынан қатысуға құқығы бар, егер ол мемлекет пен еңбекші массаларының мүдделерін қорғау қажет етіп талап қойса.

10 жыл өткеннен кейін соттар  іс қарауда ол азаматтық іс  болсын, қылмыстық іс болсын соттармен  кластық линияны жүргізу үшін соттар прокурордың қадағалауының астында болды[21,76бет].

Сонымен отызыншы жылдардан бастап азаматтық сот процесіне прокурордың қатысуы азаматтық істерді сотта қараудағы заңдылығын қадағалау міндетіне алады.

80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында прокурорлық қадағалау консепциясы қайта қарауды талап етті. өйткені демократиялық қоғамға қадам басқан елімізде құқықтық мемлекет құру үшін билік тармағын 3-ке бөліп, оның бірін сот билігімен қамтамасыз еті тұрды. өйткені сот тәуелсіздігін қамтамасыз етпесек жартылай әкімшілік бағыныстағы прокуратура органының бақылауындағы сот, қандай заңды, негізді шешімдер шығара алады.

Осындай ұқсас аргументтер осыдан 100 жыл бұрын француз институттарындағы прокуратура қадағалауына, наразылық білдіріп, сот өзі заң қорғайды, оған бақылау қадағалау жоғары тұрған сот органымен жүзеге асады делінген.

Соңғы қабылдаған Прокуратура туралы заңда іс бойынша заңдылықты қадағалау жалған консепциясынан бас тартты. Жаңа редакцияда "прокурор соттармен іс қарауға қатыса отырып заңға қайшы келетін сот шешімдеріне, үкімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына наразылық келтіре алады" делінген.

 Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы стқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамтастан талап қоя алады[22].

Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаның істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

АІЖК прокурордың соттың І-ші инстанциясында іске қатысуын 2-формада қарайды.

1) Прокурор кез келген азаматтық  істі кез келген азаматтық  сот өндірісінде, яғни талап, әкімшілік, ерекше өндірісте іс қозғай алады.

2) басқа мүдделі тұлғалармен  бірге процестің кез келген  сатысында іске кірісе алады.

Азаматтық іс бойынша прокурордың жағдайы азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында тартысты мәселе болып саналады. Бір авторлар процесте прокурор тарап ретінде қатысады, сондықтан тарап деп саналады, - дейді.

 

 

4.3. Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақтардың және жеке азаматтардың іске қатысуы.

 

 

Басқа тұлғалардың құқықтарын қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгіну.

1. Заңмен көзделген жағдайларда  мемлекеттік органдар және жергілікті  өзін- өзі басқару органдары, ұйымдар  немесе жекелеген азаматтар олардың  өтінуімен басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, солл сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып сотқа жүгіне алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін[23].

2. Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Аталған органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мәлімдеген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың құқықтарына қысым жасалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалырады.

1. Заңмен көзделген жағдайларда  мемлекеттік органдар мен жергілікті  өзін-өзі басқару органдары өздеріне  жүктелген міндеттерді жүзеге  асыру және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын  мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік  мүдделерді қорғау мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін өз бастамашылығы бойынша, іске қатысушы тұлғалардың бастамшылығы бойынша, іске қатысушы тұлғалардың бастамшылығы бойынша, сондай-ақ соттың бастамшылығы бойынша процеске қатыса алады.

2. Заңда көрсетілген органдар  өз өкілдері арқылы АІЖК 47 бабында  көзделген іске қатысушы адамдардың  барлық құқықтарын пайдаланады.

1. Құқықтары мен заңды мүдделері  бұзылған заңды тұлғалар, заңды  тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті  жүзеге асыратын азаматтар осы құқықтарды бұзушымен дауды тікелей реттеу мақсатында оған жазбаша талаппен жүгінеді.

2. Талапта:

  1. талапты мәлімдеушінің, талап қойылатын заңды тұлғаның толық атауы мен почта реквизиттері, талапты қоюдың күні мен оның нөмірі;
  2. негізінде талап мәлімдеген мән-жайлар және заңдарға сілтеме жасай отырып осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
  3. мәлімдеушінің талаптары, талап сомасы және оның есебі, банк реквизиттері;
  4. талапқа қоса берілетін құжаттардың, сондай-ақ басқа да дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.

3. Мәлімдеушінің талаптарын растайтын  құжаттар түпнұсқаларға немесе  олар екінші тарапта болмаған  жағдайда куәландырылған көшірмелерге  қоса тіркеледі. Екінші тарапта  бар құжаттар талапта бұл туралы  айтыла отырып қоса тіркелмеуі  мүмкін.

4. Талаптар тапсырыстық немесе бағалы хатпен, телеграф немесе факс арқылы немесе оның жөнелтілген күнімен тиісінше берілуін қамтамасыз ететін байланыстың басқа да құралдарын пайдалана отырып жіберіледі не қолхатпен тапсырылады.

1. Егер шартта өзге мерзімдер  ескертілмесе, талап оны алған күннен бастап екі апта мерзімде қаралуға жатады. Талапты қарау кезінде заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар қажет болған жағдайда есептерді салыстыруға немесе дауды сотқа дейін ретке келтіру мақсатында өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

2. Талапқа жауапта:

  1. талапты мәлімдеушінің және жауап жіберілетін заңды тұлғаның толық атауы, почта реквизиттері, жауап берілген талаптың күні мен нөмірі;
  2. талапты толық немесе ішінара таныған жағдайда – танылған сома, осы соманы аударуға төлемдік тапсырманың нөмірі мен күні, не талапты қанағаттандыру мерзімі және, егерол ақшалай бағалауға жатпаса, әдісі;
  3. талап толық немесе ішінара қабылданған жағдайда – талаптың қабылданбауын негіздейтін тиісті нормативтік актілер мен құжаттарға сілтеме жасай отырып, қабылдамау себептері;
  4. жауапқа қоса тіркелген құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.

3. Талап толық немесе ішінара  қабылданған жағдайда, мәлімдеушіге  талаппен бірге алынған құжаттар  қайтарылуға, сондай-ақ егер олар талапты мәлімдеушіде болмаса, талаптың қабылдануын негіздейтін құжаттар жіберілуге тиіс.

4. Жауап тапсырыстық немесе бағалы  хатпен, оны жөнелтілгенін тіркеуді  қамтамасыз ететін байланыстың  басқа да құралдарымен жіберіледі.

5. Ақшалай бағалауға жататын талапты толық немесе ішінара қанағаттандырған жағдайда талапқа қайтарылған жауапқа қызмет көрсететін банкке оның орындалуы не орындауға тапсырма қоса тіркеледі. Егер талапты тану туралы жауапта танылған соманың аударылуы туралы хабарланбаса, талапты мәлімдеушінің жауапты алғаннан кейін жиырма күн өткен соң банкке борышкер таныған соманы даусыз тәртіпте есептен шығару туралы инкассалық өкім қоюға құқығы бар. өкімге борышкердің жауабы қоса тіркеледі, ал онда танылған соманың мөлшері көрсетілмесе, өкімге талаптың көшірмесі  де қоса тіркеледі.

1. Заңды тұлғаның, заңды тұлға  құрмай кәсіпкерлік қызметті  жүзеге асыратын азаматтың келісімі  болмаған жағдайда мемлекеттік  органның, жергілікті өзін-өзі басқару  органының және олардың лауазымды  адамдарының актілерімен бірге оның заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасайтын осы органға (лауазымдық адамға) актінің нөмірі мен күні, оның қысқаша мазмұны, сондай-ақ ол бойынша мәлімдеуші актімен келіспейтін негіздемелер мен себептер көрсетіле отырып, талап жіберіледі. Екі апта мерзімде жауап ала алмаған жағдайда немесе теріс жауап алған жағдайда мәлімдеуші осы актіні толық немесе ішінара жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы[24,77бет].

2. Бағыныштылық тәртібімен әрекеттеріне  алдын ала шағым беру тәртібі заңдармен белгіленген салық органдарының, өзге де органдардың актілеріне дауласқан жағдайда актіні дауға салу туралы талап та жоғары тұрған органға жіберіледі. Талапқа дәлелдемелер мен мәлімдеуші сілтеме жасайтын материалдар қоса тіркелуге тиіс. Талапты қараудың тәртібі мен мерзімдері АІЖК-нің 137-бабымен белгіленген.

3. Заңдармен белгіленген, дауды  реттеудің сотқа дейінгі тәртібін  сақтау міндетті болып табылмайтын  жағдайларда мәлімдеуші өзінің  бұзылған құқығын қорғау үшін  тікелей сотқа жүгінуге құқылы. Бұл жерде сөз тек іске талап қойып кіретін прокурорлар жайында болып отыр. Осы көзқарасты бекіткен бірқатар авторлар талап қойып отырған прокурорды тек тарап есебінде іс жүргізу мағынасында санау керек.

Іс қозғауға қатысқан прокурор талап арызды жалпы негіздерде береді. Прокурор заңмен бекітілген сотқа жүгіну формасын сақтау керек. Бірақта бұл жерде прокурор үшін бірқатар ерекшеліктер бар яғни прокурор ешқашан мемлекеттік баж төлемейді. Прокурор басқа адамдардың құқығын қорғау үшін іске кіріскенде арнайы өкілеттілік талап етілмейді. 

 Азаматтық процеске мемлекеттік  органдарының жергілікті атқару  органдарының және жекелеген  азаматтардың және жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  қатысуы.

2 нысанада қатысуы.

  1. Осы ұйымның азаматтық іс қозғауы.
  2. Басқа біреулердің арасындағы басталған іске осы ұйымның қорытынды беру үшін қатысуы.

Мемлекеттік органдардың  және басқа да аталған тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы АІЖК-ң 56-57 бабына сәйкес реттеледі. Осы ұйымның бірінші нысанында іске қатысуы., яғни азаматтық іс қозғауы талап арыз негізінде жүзеге асырылады. Талап арыздың мазмұны АІЖ кодексінің 150 бабына сәйкес жазылуы керек. Бұл ұйымдардың азаматтық іс жүргізуге қатысуы  нысанада қатысса да жеке субъектілікмүддесінің жоқ болуымен ерекшеленеді. АІЖК-ң 56 бабына сәйкес заңда көзделген жағдайда делінуі прокурордың іске қатысуынан ерекшеленеді. Прокурор әртүрлі істер бойынша азаматтық сот өндірісінің барлық сатысында қатысуға құқылы десек, ал мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар, ұйымдар немесе жеке азаматтар тек қана заңмен көзделген жағдайда ғана қатысады. Мемлекеттік орган және басқа да 56 бапта аталған тұлғалардың 1-ші нысанында іске қатысуы осы аталған тұлғалардың барлығына берілген. Ал қорытынды беру үшін іс бойынша тек қана 1-ші мемлекеттік органдар, 2-ші жергілікті өзін-өзі басқару органдары ғана қатыса алады.

Неке және отбасы заңы бойынша мемлекеттік органдар және басқа да аталған тұлғалар некені жарамсыз деп тану, егер неке кәмелетке толмаған тұлғамен тіркелген болса, және ол үшін арнайы рұқсат болмаса, ата-ананың құқықтарынан айыру туралы істер кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру істері бала асырап алу істері бойынша асырап алуды жою туралы. Азаматты әрекет қабілеттігі жоқдеп тану немесе шектелген деп тану істері бойынша АІЖК-ң 302 бабының, 2-тармаңына сәйкес отбасы мүшелері, жақын туытары қамқоршы және қорғаншы оршгандары, емдеу мекемелері қозғай алады. 1-ші тармағы бойынша осы тұлғалар шектеулі деп тану үшін де іс қозғай алады. АІЖ-де белгілі бір тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін сотқа жолданумен қатар анықталмаған бірнеше тұлғаның немесе бір тұлғаның құқығын қорғау үшін сотқа жолдануға құқылы. 56 бапта аталған тұлғаның азаматтық процесте қатысушылардың ерекшелігі олар тек қана азаматтық іс жүргізудіңқозғалуына, дамуына, аяқталуына бағытталған әрекеттер жасауға құқылы, бірақ билеу әрекетін пайдалана алмайды, өйткені бұл тұлғалар заңның материалдық объектімен билей алмайды және даулы субъективтік құқыққа ие емес. Талапкер болып бұл жерде кімнің мүддесіне іс қозғалып отырса соны атаймыз. 56 бапта аталған тұлғалардың азаматтық процесте талаптан бас тартулары талапкерді егер де ол келіспесе істі қысқартуға күштемейді. АІЖ кодексінде де бұл тұлғаларға қарсы талап қойылмайды, олар сот шығындарын өтемейді және бейбіт келісімдік келе алмайды.

Информация о работе Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар