Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 12:55, курсовая работа

Описание работы

Бұрынғы кезде судьялар сайлаушыларға және оны сайлаған органға есеп беретін, сондықтан осындай есеп берудің салдарынан судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған болатын. Яғни, соттар жергілікті атқарушы өкілетті органның тар өрісті шеңберінен аса алмайтын. Бірақ, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдерді одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырды. Елбасының 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысында бұл саладағы негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" судьяның азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы бекіді.

Файлы: 1 файл

сама работа.doc

— 321.50 Кб (Скачать файл)

Азаматтық іс жүргізу Заңында іске қатысушы тұлғалар барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдаланып, іс жүргізу міндеттерін атқару керек делінген[5, 55бет].

Құқықты асыра пайдалану және заңда белгіленген міндеттерді орындамау жаза қолдануға немесе сот шешімінің мазмұнында көрсетілуі мүмкін. өйткені, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Мысалы тараптар талапкер мен жауапкер өздерінің құқықтары мен мүдделерін заңмен қорғау мүмкіндігін пайдаланбай белсенді қорғанбады. Бұл жағдайда талаптан бас тарту жайлы шешім алса, жауапкер талапты қанағаттандыру жайлы шешім алады.

өзінің құқығына жауапсыз қарап, міндеттерін орындамау іске қатысушыға санкция қолдануға дейін алып келуі мүмкін.

1. Талап етілген жазбаша дәлелдемелерді  табыс ету немесе оны сот  берілген мерзімде табыс ету  мүмкіндігі жоқ тұлғалар бұл  туралы себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.

2. Сот хабардар етілмеген жағдайда, сондай-ақ соттың жазбаша дәлелдемелерін табыс ету талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаса, іске қатысушы тұлғалар – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал соттың қайталама және одан кейінгі талаптарын орындамаған жағдайда, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Аыппұл салу өзінде жазбаша дәлелдемені ұстап отырған тұлғаны сот талап еткен затты беру міндетінен босатпайды.

3. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа  күйінде беріледі. Егер құжаттың  көшірмесі берілсе, сот қажет  болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.

 

 

1.2. Сот өндірісіндегі тараптардың  құқық қабілеттілігі мен әрекет  қабілеттілігі.

 

 

Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі – яғни азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын сот өндірісіндегі барлық тараптар мен барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Ол азаматтық құқықтық қабілеттелікпен тығыз байланысты, бірақ оған бағынышты емес. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілік мынадай: Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтың әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық  көлемінде пайда болады.

Ал АІЖК құқық қабілеттілікте азаматтық сот өндірісінде тек қана азаматтық істер ғана емес, сондай-ақ әкімшілік, еңбек, неке, отбасы, салық, мемлекеттік және басқа қатынастарды қарайды. Азаматтық құқық үшін қазірде субъектілер: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ заңды тұлғалар, ҚР және шетелдің.

Азаматтық құқық сияқты АІЖ құқығы да азамат туғаннан бастап қайтыс болғанда аяқталады. Ал заңды тұлғаларда тіркелген кезден емес, яғни материалдық құқықтың субъектісі болғаннан бастап пайда болады. Ал енді бұл іс жүргізу құқық қабілеттілігі тек қана тараптарға, яғни талапкер мен жауапкерге ғана қалданыла ма жоқ іс жүргізудің басқа субъектілері сот прокурор, сот өкілдеріне де қолданыла ма деген сұрақ әлі даулы мәселе күйінде қалып отыр[6,75 бет].

 Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі.

1. Сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен  жүзеге асыру және міндеттерін  орындау, іс жүргізуді өкілге  тапсыру қабілеттілігі (азаматтық  іс жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарда  және ұйымдарда толық көлемде болады.

2. Он төрт жастан он сегіз  жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі  деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын  мүдделерін сотта олардың ат-аналары  немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

3. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке  толмағандардың, сондай-ақ әрекет  қабілеттілігі шектеулі деп танылған  азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сота олардың заңды өкілдері қорғайды.

4. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік, әкімшілік және өзге де құқық  қатынастарынан және тапқан табысына  немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістеріне билік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өз басы қорғауға құқығы бар. кәмелетке толмағандарға көмек үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін мұндай істерге қатысуға тарту соттың қалай шешуіне байланысты.

Біздің азаматтық құқықта 16-жасқа толған азаматты еңбек шарты бойынша жеке еңбек ашртымен немесе кәсіпкерлікпен айналысса ата-ана, асырап алушылары, қорғаншы, қамқоршы органдардың келісімімен толық әрекет қабілеттілікке ие бола алады. Оны эмансипация дейміз. Бізде бұл тек неке және отбасы заңдарында кездеседі.

Оны яғни әрекет қабілеттілігі жартылайдан толыққа ата-аналарының келісімімен қорғаншы қамқоршы органдардың шешімімен танылады. Егер ондай келісім болмаса соттың шешімімен.

Азаматтық заңдар бойынша азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.

Сонымен, 14 пен 18 жас арасындағы кәмелетке толмағандардың дәне әрекет қабілеттілігі шеектелгендердің құқықтарын азаматтық іс бойынша сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.

Егер іс қозғау барысында тараптардың бірі кәмелетке толмаған болса немесе әрекет қабілеттілігі шектелген болса сот олардың өкілдерімен бірге өздерінде іске қатысуға шақыра алады. өйткені оларсыз өкіл бітімгершілікке келе алмайды, талапты мойындай немесе одан бас тарта алмайды.

Бірқатар құқықтық қатынастарда мысалы еңбек қатынасындағы зиян келтіру мәселесі бойынша кәмелетке келмегендер өздерінің құқықтары мен міндеттерін өздері қорғай алады. Мысалы, әкімшілік бастамасымен жұмыстан шыққан 17 жасар кәмелетке толмаған жасөспірім, қайтадан жұмысқа алу туралы талапты сотқа өзі қоя алады. Бұл жағдайда сотқа заңды өкілді шақыру –шақырмау, соттың өзінің қарауына байланысты болады[7, 44бет].

16 жасқа келіп некеге отырған  азамат толық әрекетке қабілетті  деп саналғандықтан ол жасөспірім  ол некені кейін жарамсыз деп  тануды немесе некеден ажырату туралы талапты өзі қоя алады, сондай-ақ балаға алимент өндіріп алу туралы істерді қарағанда, мүлікті бөлу жайлы істерді талапты өзі береді және басқа мысалы Тұрғын үй қатынастарынан туындайтын істер бойынша да ол талапты өзі қоя алады.

Әрекет қабілеттілігі толық емес, яғни 15 жасқа келмеген немесе заң бойынша әрекет қабілеттілігін шектеген азаматтардың атынан олардың заңды өкілдері қорғайды.

Кей жағдайда әрекетке қабілетсіз тұлға өзі істі қозғауымен әрекет жасайды, сот арызды қозғалыссыз қалдыра тұрып, оның заңды өкілдерін іске қатысуға қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Азаматтық іс жүргізу қатынасының сот – міндетті субъектісі ретінде.

 

 

2.1. Сот - Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының арнайы субъектісі. 

 

 

Азаматтық іс жүргізу қатынастарын қарау барысында нақты азаматтық істер бойынша сот өндірісіне қатысушылардың барлығы азаматтық іс жүргізудің субъектілері деп танылады.

Соттар азаматтық іс жүргізудің арнайы субъектісі ретінде үлкен екі топқа бөлінеді. оның біріншісі азаматтық істі маңызы бойынша қарайтын бірінші инстанциядағы соттар болса, екінші топқа апелляциялық сатыдағы соттар, яғни заң күшіне енбеген шешімдерді қадағалау бақылау сатысындағы жоғары тұрған облыстық соттар.

Соттың іс жүргізу әрекеттері іс жүргізу қатынастарының динамикасына әсер ететін нақты юридикалық фактілер болып саналады. Оның көрсетулері азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының басқа қатысушылары үшін міндетті. Сондықтан соттың азаматтық істегі құқықтық жағдайы екі қасиетке ие, оның біріншісі – азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасқа қатысушы, екіншісі – нақты азаматтық істі қарауда істегі барлық сұрақтарды шешуге өкілеттілік берілген орган.

Бұзылған құқықты қорғаудың сенімдік кепілі сот болып табылады. Яғни азаматтық іс жүргізудің арнайы субъектісі сот оның ішінде аудандық және қалалық соттардың судьяларының қызметі болады.

Бітіру жұмысының алынған тақырыбы маңызды әрі дер кезінде көтеріліп отырған мәселелер болып табылады. Себебі, сот жүйесінің аудандық буынының сот істерін шешу бойынша негізгі жүктемені көтеретіні белгілі. Қазіргі кезеңде жергілікті соттардың негізгі мәселелері тұтастай алғанда шешілді, ал материалдық-техникалық қамсыздандыру айтарлықтай жақсарды, десек те сот әділдігін атқарудың пәрменділігін арттыру, соттардың әлеуметтік беделі, судьялардың тәуелсіздігі, сот кәсібінің әдептілік аспектілері, сот ісін жүргізудегі ашықтық пен жариялық, сот билігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби дайындығына байланысты көптеген мәселелер әлі де өзекті күйде қалып отыр[7, 67бет].

Қазақстан Республикасының қазiргi заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыдағы аудандық соттар iс бойынша iс жүргiзудi қозғаудан бастап, процестiң барлық сатыларында процестiң жеке мәселелерiн және негiзгi мәселе – iстi мәнi бойынша қарауға байланысты мәселелердi шешу бойынша процессуалдық iс-әрекеттердi жасайды. Аудандық сот аталған әрекеттердi жасай отырып, әр кезде сәйкес ведомоствалық бағыныстылықты дұрыстап, соттылықты шығаруы керек.

Аудандық сот процестiң жеке мәселелерiн неғұрлым дұрыс шешсе және ұйғарымдарын дұрыс шығарса, соғұрлым ол шығарылған шешiмдер заңды және негiздi болады.

Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, бірінші инстанция бойынша аудандық (қалалық) соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және істерді сотқа дейін әзірлеу, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды.

Аудандық сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.

Аудандық соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады.

Аудандық соттарға, сонымен қатар мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талапкерді немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талапкердің пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қандай атаумен болсын арнайы және төтенше соттарды бекітуге тыйым салады. Кеңес өкіметі ХХ ғасырдың 20-30 жылдары төтенше өкілеттіктер берілген арнайы органдарды белгілейді. Конституцияға жат мұндай органдар заңдарды өрескел бұзды, кінәсіз азаматтарды негізсіз айдау-сүргінге салды. Бірақ бұл мамандандырылған соттар белгіленуі мүмкін емес дегенді білдірмейді. "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңы соттарды мамандандыруға және осы мақсатта мамандандырылған соттар құруға рұқсат етеді. Шаруашылық, салық, отбасы, әкімшілік, еңбек істері, кәмелетке толмағандардың істері және т.б. бойынша мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін. Егер мамандандырылған соттар белгіленетін болса, онда олардың аудандық (қалалық) сот мәртебесі болады. Сот төрелігін тек заңға сәйкес және соның негізінде белгіленген соттар арқылы ғана жүзеге асырылатынын атап айтқан жөн. Ешқандай өзге органның, лауазымды адамның сот қызметін міндетіне алуына құқығы жоқ. Азаматтар тарапынан өзінше билік етіп, жеке сотын ұйымдастыруына заңмен тыйым салынады.

Аудандық соттарды уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Республика Президенті құрайды, қайта ұйымдастырады және таратады. Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін. Аудандық соттардың жалпы санын Президент бекітеді. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Аудандық соттар: 1) заң бойынша басқа соттардың қарауына жататыннан өзге барлық істерді бірінші инстанция бойынша қарайды; 2) сот статистикасын жүргізеді және талдайды; 3) заң бойынша өзіне берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Аудандық соттың төрағасына белгілі бір өкілеттіктер берілген. Ол бірінші инстанциядағы істерді қарайды, азаматтарды қабылдайды, сот практикасын зерделеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататындығына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан тең құқық қамтамасыз етіледі.

Аудандық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандидат іріктеуді Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетін адамдар, сондай-ақ судья қызметінің бос орнына орналасуға өтініш берген, қызмет істеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негізде Әділет біліктілік алқасы жүзеге асырады

Көрсетілген міндеттерді шешуге, менің ойымша осы қиындықтардан шығудың жаңа тәсілдерін белгілеп, өзге елдердің тәжірибесін ортаға салатын және жергілікті соттардың рөлін күшейтуге, судьялардың тәуелсіздігі мен сот билігінің қол жетімді болуын қамтамасыз етуде қосымша қуат беретін бүгінгі ғылыми-практикалық тәжірибелердің қомақты үлес қосатынына сенімдімін.

Информация о работе Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар