Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 12:55, курсовая работа

Описание работы

Бұрынғы кезде судьялар сайлаушыларға және оны сайлаған органға есеп беретін, сондықтан осындай есеп берудің салдарынан судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған болатын. Яғни, соттар жергілікті атқарушы өкілетті органның тар өрісті шеңберінен аса алмайтын. Бірақ, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдерді одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырды. Елбасының 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысында бұл саладағы негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" судьяның азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы бекіді.

Файлы: 1 файл

сама работа.doc

— 321.50 Кб (Скачать файл)

Азаматтар А мен Б азамат К-ге денесіне жарақат салып, қортындысында мүгедек болып қалды. Денсаулығына келген зияннан азамат К мүліктік зиян шекті. Сондықтан ол денсаулығына келген шығынның орнын толтыру үшін А менБ-ға жауапкер ретінде талап қойды.

Сондай-ақ заң бойынша талап бірнеше тұлға қатысып даулы құқық қатынасты шешетін болса, онда олар іске бірге қатысушылық деп танылады. Бір іске бірнеше талапты қосып қарау құқықты қорғау процесін жеделдетеді. Бірге қатысу бір істің аясында барлық дәлелдеу материалдары, сот оларды 1 құрамда қарайды, объективті шындықты қамтамасыз етеді. Және комплексті даулы сұрақтарды бірден шешеді.

Бірігіп қатысушылық көп субъектілігіне байланысты міндетті және қосымша яғни факультативті қатысу деп 2-ге бөлінеді. Олардың барлығы тең құқықтарға ие болып бірдей міндеттер атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Үшінші тұлғалар түсінігі, түрлері.

 

 

4.1. Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар және дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

 

 

АІЖК бойынша талапкермен, жауапкермен бірге іске тараптар есебінде 3-тұлғалар қатысады. Іске үшінші тұлғалардың қатысуы іс бойынша шешім процессуалдық құқыққа ие емес тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. 3-тұлға ешқашан істі өздері қозғамайды және алғашқы талапкер мен жауапкер арасында туындайтын даулы материалдық құқықтық қатынастың формасын құрмайды[18,45бет].

Азамат А-ның қайтыс болғаннан кейін артынан үйі мен бақа мүліктері қалды. үйде А-ның өзі тұрған, оның бір бөлмесін кухнясымен феранданы қосып азамат Б-ға жазбаша шартпен жалға 1992 жылдан 1996 жылдың май айына дейін. Үйді босатуға қарсылық білдірген соң қайтыс болған марқұмның баласы А, азамат Б-ға талап қояды. Ал іске азаматша С-қатысқысы келеді, өйткені марқұм үйді бүкіл құрылысымен оған мұраға қалдырған.

Азамат Б өзінің үйінің ауласына машинасын қойған. Таңертең арнайы мусор шығаратын машина оның машинасын қағып кетіп есігі мен жанына үлкен нұқсан келтірген. Рульде шофер Ф-болған.

Жұмысшы Ғ-ны еңбек заңының 35 бабы 4п. Касіподақтың келісімінсіз санкция жіберген. Ғ-ны заңсыз жұмыстан босатып жіберген деп таныған сот оны бұрынғы жұмысына қайта алып отырып,оның бос жүрген күндеріне 15000 еңбек ақы өндірген. Іске Ғ-ны жұмыстан заңсыз шығарып , бұйрық шығарған кіспорынның директоры тартылды. Онығ кінәсынан кәсіпорынға 15000 теңге матреиалдық зиян келді.

өсиет бойынша мұрагер С, шофер Ф, екінші мысалдағы, ал үшіншіде дирекор Д үшінші тұлғалар есебінде іске қатысып солардың құқықтық жағдайын өз мойындарына алу керек.

Олар басталып кеткен процеске қатысады. Бірақ ол процесс олардың басамасымен басталған жоқ. Бірақ іс бойынша олар материалдық құқықтық мүддеге ие болады, өйткені іс бойынша шешім олардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Үшінші тұлғалар іске кірісе отырып, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бірақ олардың құқықтары мен міндеттерін тараптардың құқықтары мен міндеттерімен сәйкес келмейді.

Сонымен, басталып кеткен іске өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кірісетін тараптарды үшінші тұлғалар деп атаймыз.

1) үшінші тұлғалардың іске қатысуы  бір іске барлық дәлелдеу материалдарын  біріктіруге, яғни үшінші тұлға  да өзінің болжауларын тиісті  фактілік негіздерімен дәлелдеуі  мүмкін.

2) Іске үшінші тұлғалардың қатысуы  істегі барлық жағдайды жан-жақты  зерттеп қарма-қайшы шешім шығаруға  жол бермейді.

3) олардың іске қатысуы іске  қатысушылардың бұзылған құқықтары  мен мүдделерін қорғау сұрақтарының  тез шешілуін қамтамасыз етіп, сот уақытын үнемдейді.

Үшінші тұлғалардың іске мүдделігі әр алуан болады. Оның бірі дау нысанасына өз талабын мойындайтын үшінші тұлғалар және дау нысанасына өз талабын мойындамайтын үшінші тұлғалар.

Заңда бұлар екі түрі яғни екі формасымен бекітілген.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады. Талапкермен қозғалған іске бәрінен бұрын жауапкер тартылады. Бірақ дау пәні басқа тұлғаның құқықтары мен мүдделері болса оны ол сол тұлға қорғауға шығады. Осылай үшінші тұлға шығады.

Мысалы талапкер С мен жауапкер Б-ның арасында сот дауы "Ауди" автокөлігінің сатып алу-сату шарты бойынша меншік құқығына кім ие екенін қарайды. Бұл дауды басқа Д-деген азамат біледі де сотқа, бұл дау нысаны болған "Ауди" көлігі, өзінің бұрынжоғалып кеткен көлігі деп естептеп іске қатысады. Бірақ талапкер оның талабымен басталып кеткен  іске ол дау нысанасына өз талабын мәлімдейтін үшінші тұлға ретінде қатысады. Нақты жағдайда бұл тұлға автокөлікке меншік құқығын тануды талап етеді.

Бірақ дау пәні барлық кезде тек мүлік бола бермейді. Тараптар арасында тұрғын үй құқығына дау болуы, шығармашылық және авторлық құқыққа дау болуы т. б. с. нәрселерге дау болуы мүмкін.

Сондықтан даулы құқықтық қатынастың дау нысанына бірінші тұлға байланысты болғандықтан, ол да АІЖ құқығы бойынша іске қатысушылар да танылады. 

 Даудың нысанасына дербес  талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады. Бұл дегеніміз үшінші тұлға өзінің іске кірісуін талап арыз беру жолымен бекітеді. Ол барлық талаптарға сай болу керек. Яғни талап арызға мемлекеттік баж төленуі керек. үшінші тұлғалардың іске жіберілуіне рұқсат берген сот ал жайлы ұйғарым шығару керек.

Жеке талап қойып іске кіріскен үшінші тұлға талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады. өйткені, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол  беріледі. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келіміммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.

Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді. Бұған қарап, үшінші тұлғаның жағдайы талапкердің іс жүргізу жағдайымен бірге деп санамау керек. "Үшінші тұлға" термині бұл жағдайда "таза техникалық маңызға ие, бұл жайлы кейде әдебиеттерде айтылып қалады"[19,22бет].

Сонымен қатар үшінші тұлға тараптармен арнайы қатынаста болады. өтйкені ол талапкерге де, бірігіп қатысушыларға да тән емес. өйткені үшінші тұлға талапты екі тұлғаға қойса, ол үшін жауапкер, талапкерде жауапкерде болады. Әдебиеттерде бұл көбіне осылай айтылады. өйткені үшінші тұлға бірінші тарапқа талап қоймайды. Ол әрқашан екі тарапқа бірден талап қояды деп жатады. Бірақ бұл қате пікір. Кей жағдайларда үшінші тұлға талабын тек талапкерге қоюы мүмкін, жауапкерге тиіспей. Мысалы: жауапкерді үйден шығару мүддесі қаралып жатқан талапқа үшінші тұлға жауапкерге емес талапкерге талап қояды.

Дау нысанасына өз талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар іске өз бастамасымен қатысуы. Кей жағдайларда сот оған өзінің мүддесіне нұқсан келген іс қаралып жатқанын хабардар етуі керек. үшінші тұлға істі дайындау сатысында, не істі қарау сатысында басталып кеткен процестің кез келген сатысында, яғни шешім шыққанға дейін іске кірісе алады.

Үшінші тұлғаның ісі бойынша шешім шығып қойса, ол онда өз мүдделерін қорғау үшін дербес талап қойып іс қозғай алады.

үшінші тұлғаның іске кірісуі бойынша сот 2 талапты қарау керек. 1) алғашқы талапкер мен 2) үшінші тұлғаның дербес талабы бойынша. Осыған орай соттың шешімінде көрсетілуі керек.

3. Дау нысанына өз дербес талаптарды  мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады. Олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін. Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды монйыдау не бітімгершілік кеісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады.

Мысалы, азамат Д – Талдықорған қалалық тұтыну қоғамына талап қойды. ГАЗ – 24 автомашинасына сатып алған сатып алу-сату шартын заңсыз деп тану жайлы. өйткені тергеу органдары машина басқа Б деген азаматтан ұрланып, комиссиялық магазинде сату тәртібі бұзылып сатып кеткен. Тиісті жауапкер бұл жерде тұтыну қоғамы.

Ал екінші жағдайда алимент өндіріп алу жайлы істерде бұл өте көп кездеседі. өтйкені сот шешімімен бұрынғы некедегі балаларына алимент өндірсе басқа некедегі екінші балаға алимент төлеп отырған жауапкердің алимент мөлшерін азайту мақсатымен, үшінші тұлға есебінде алимент алып отырған алыңғы баланың анасы шақырылады.

Жоғарыда көрсетілген екі жағдайда да үшінші тұлғалар жауапкер жағында іске қатысады. Олардың талапкер жағында қатысуға мүмкіндіктері бар. бірақ ол сот практикасында өте сирек.

Үшінші тұлға ретінде сотқа жіберуге негіз болатын жағдайлар.

1) болашақта оған кері талап  қою мүмкіндігінің болуы.

2) іс барысында басқа заңды  мүдде көздеуі.

3) Қай тараптың жағында қатысса  сол тұлғамен материалдық құқықтық  қатынаста болуы және қарама-қарсы тарапқа материалдық қатынасының болмауы.

Осы негіздерге қарап бұл үшінші тұлғаға даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар деп айтуға болады. Үшінші тұлға іске өзінің бастамасымен не тараптардың бастамасымен іске тартылады. Сондай-ақ ол сот бастамасымен, прокурордың ұсынысымен тараптар жағында іске қатысады. Бұл үшінші тұлға да тараптардың құқығына ие. 

1. Іске қатысушы тұлғалардың  іс материалдарымен танысуға, олардан  үзінділер жазып алуға және  көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқау ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өөз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.

2. Іске қатысушы адамдар, орындалмауы  азаматтық сот ісін жүргізу  туралы заңдарда көзделген салдарды  туғызатын жағдайда, өздерінің іс  жүргізу міндеттерін атқарады.

Даулы құқықтық қатынастың қатысушысы бола отырып дау нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлға даулы құқықтың қатынастың негізі бойынша материалдық құқықтарға ие бола алмағандықтан ол талапты тани алмайды, одан бас тарта алмайды, талаптың мәнін негізін өзгерте алмайды.

 

 

4.2. Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы.

 

 

1. Азаматтық сот ісін жүргізуде  заңдардың дәлме-дәл және бір  үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау  жүргізу ісін мемлекет атынан  Қазақстан Республикасының Бас  прокуроры тікелей өзі жәнеөзіне  бағынатын прокурорлар арқылы  жүзеге асырады.

2. Прокурордың азаматтық ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда міндетті. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.

3. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы стқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамтастан талап қоя алады.

4. Егер талап қоюшы прокурор  мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

5. Талап қойған прокурор, бітімгершілік  келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаның істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

Ресейде І Петрдің қолдауымен құрылған прокуратура бір жарым ғасырлық өзіндік тарихында, яғни ХІХ-ғасырдың 60-жылдарындағы сот реформасына дейін әкімшіліктерді орнында қадағалау органы ретінде басым болды "Оның жеке соттық айыптау және талап әрекеті бақылау функциясын толықтыру ғана болды. Ол заңға жай белгіленген, практикада әлсіз болды"[20,3бет].

1864 жылғы сот реформасынан кейін  прокурорлық әрекеттің консепциясы  қайта қаралып оның негізгі  бағыты сот өндірісі саласына  ауысты. Сол кездердегі прокурордың  азаматтық сот өндірісіне қатысуы мынадан тұрды.

Информация о работе Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар