Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 12:55, курсовая работа

Описание работы

Бұрынғы кезде судьялар сайлаушыларға және оны сайлаған органға есеп беретін, сондықтан осындай есеп берудің салдарынан судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған болатын. Яғни, соттар жергілікті атқарушы өкілетті органның тар өрісті шеңберінен аса алмайтын. Бірақ, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдерді одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырды. Елбасының 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысында бұл саладағы негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" судьяның азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы бекіді.

Файлы: 1 файл

сама работа.doc

— 321.50 Кб (Скачать файл)

Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтуріге жатпайды. ұйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.

Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.

өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешіледі.

Аудандық немесе оған теңестірілген сотта істі жеке дара қараушы судья қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі сол сотта басқа судья қарайды. Егер іс қаралатын сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот арқылы іс басқа аудандық немесе оған теңестірілген сотқа беріледі.

Облыстық немесе оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас тартқан не қарсылық білдірген не соттың барлық құрамы қарсылық білдірген жағдайда, істі сол соттағы басқа судья немесе басқару құрамдағы судьялар қарайды.

Егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не заңда аталған себептермен осы істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру мүмкін болмаса, облыстық немесе соған теңестірілген сот іс бойынша тараптар болса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың құқықтық жағдайы

 

 

3.1. Тараптардың түрлері, түсінігі. 

 

 

1. Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады.

2. Заңда көзделген жағдайларда  заңды тұлғалар болып табылмайтын  ұйымдар да тараптар болуы  мүмкін.

        3. Басқа  тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын  және заңмен қорғалатын мүдделерін  қорғау үшін сотқа жүгінуге  заң бойынша құқығы бар адамдардың өтініші бойынша мүдделері қозғалып іс басталған адамға сот пайда болған процесс туралы хабарлайды және ол адам сотқа талап қоюшы ретінде қатысады.

4. Азаматтық процесте мемлекет  бір тарап болуы мүмкін.

5. Тараптар іс жүргізу құқықтарын  тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады.

Сондай-ақ тарап есебінде шетел азаматтары фирмалары және азаматтығы жоқ адамдар болуы мүмкін.

Әрбір істе талап өндірісіне барлық уақытта кемінде 2 тарап қатысады.

Талапкер - өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғаларды айтады[12,88бет].

Талапкер сөзі орысша "истец" яғни "искать" іздеу, яғни қорғануды іздеу мағынасында қазақша талапкер, яғни бұзылған құқығын талап ету табу деген мағынаны білдіреді. Талапкер қоятын тарапты активті яғни белсенді деп атау қолданады. өйткені талапкердің өз құқығын қорғау белсенділігі арқасында азаматтық іс қозғалады. Бірақ барлық уақытта талапкердің белсенділігі болмайды. өйткені :

1. Әрбір адам бұзылған немесе  даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заңның белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

2. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді  жүзеге асыру мақсатында және  азаматтардың, заңды тұлғалардың  құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік  мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.

3. Ешкімге өзінің келісімінсіз  ол үшін заңда белгіленген  соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен  төменгі соттың жүргізетін ісін  тараптардың келісімінсіз алып  қоюға және оны өзінің іс жүргіузіне қабылдауға құқығы жоқ.

4. Егер заңға қайшы келсе немесе  әлдекімнің құқығын және заңмен  қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа  жүгінуге құқығынан бас тарту  жарамсыз болады.

Сөйтіп осындай жағдайда мүдделі тұлға сотқа шақырылып, іске талапкер ретінде қатысуды ұсынады.

Жауапкер - өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғаларды айтамыз.

Көптеген жағдайларда талаптың қойылу себебі жауапкердің әрекеті не әрекетсіздігі  болады. Мысалы: белгіленген мерзімде қарызды өтемеу, авторлық құқықты иелену залал келтіру.бірақ кей жағдайларда жауапкер талапркедің құқығы мен мүддесіне нұқсан келетін ешқандай әрекет жасамайды. Мысалы, қауіпті жағдайдың иесі, болады немесе жасы жетпеген мұрагер, яғни өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап қойылған жауапкер болып табылады.

Жауапкер даулы материалдық құқықтық қатынастың обективті субъектісі ретінде пассивті тарап деп танылады.

Бұл жердегі даулы материалдық құқықтық қатынас – нақты азаматтыө істің объектісі, ал оның субъектісі тараптар болып танылады.

Бұл құқықтық қатынас барма, жоқпа, оның мазмұны, шын мәнінде талапкердің құқығы бұзылды ма, бұзылса қандай шамада, ол үшін жауапкер жауап беру керек пе, жоқ па бұның бәріне істі мәні бойынша қарап біткеннен кейінсот жауап береді.

Тек істің қозғау кезінде тараптардың маңызды белгілері анық көрінеді. Олар:

1) тараптардың атынан іс бойынша  процесс жүреді, ол іс азаматтық  іс деп танылады, өйткені бұның  практикалық маңызы бар. Судья  арызды қабылдаудан бас тарту  туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.

Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі келтіреді.

2) тараптар арасындағы қатынас  талапты қою қорытындысында ресми  даулы мінездемеге ие болады. Соттың міндеті бұл қатынасты  реттеу болып табылады.

3) тараптар – даулы материалды-құқықтық  қатынастың субъектілері істе  материалдық құқықтық мүддеге ие болады. Сот шешімі олардың материалдық құқығына әсер етеді. Олар бір материалдық игілікке ие болуы немесе одан айырылуы мүмкін.

4) сотпен процессуалдық іс жүргізу  құқықтық қатынастарына кіре  отырып, тараптарда өздерінің құқықтарын  қорғай отырып, өздеріне тиімді жағымды шешім алу үшін және оны жүзеге асыру үшін іс жүргізу қызықшылығынан туады.

5) басты іске қатысушылар отырып, тараптар сот шығындарын көтереді.

Жоғарыда көрсетілген белгілердің құрамы тек қана тараптарға қатысты болғандықтан бұл белгілер оларды басқа іске қатысушылардан ерекшелеп тұрады[13].

Тарап ұғымы талап өндірісі ісінде қолданылады. Ерекше өндірістің, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан туындайтын істердің қатысушылары арызданушылар, шағым берушілер және мүдделі тұлғалар деп аталады. Бұл тұлғалар тараптардың заңда бекітілген жеке құқықтарын ғана пайдалана алады.

 

 

3.2. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

 

 

АІЖ заңы бойынша тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады. Барлық іс жүргізу құқықтары ҚР Конституциясының сотпен қорғану құқығында негіз болады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорғалуына кепілдік беретін маңызды демократиялық бастаулар орнықтырылған. Конституцияның 75-бабында сот билігінің сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық, және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылатыны белгіленген.

Республикада Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар Жарлығының қолданылатынын атап көрсетудің маңызы зор. Осы Жарлықтың 4-бабында өздерінің жоғары органдары жоқ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-әрекеттеріне азаматтардың өтініштері сот тәртібімен шешілетіні белгіленген. Азаматтардың шешу тәртібі әкімшілік-құқық бұзушылық туралы, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық-атқару және өзге заңдармен белгіленген өтініштері, сондай-ақ өтініш айтушының аты-жөндері көрсетілмеген, қолдары қойылмаған, тұратын орындары, қызметі немесе оқуы туралы деректер келтірілмеген беймәлім өтініштер қарауға жатпайды[14,111 бет].

өтініш беруші азамат: шағымды, өтінішті тексеруші адамға өз дәлелдерін жүзбе-жүз баяндауға; қосымша материал ұсынуға; қабылданған шешім туралы ауызша немесе жазбаша нысанда дәлелденген жауап алуға; өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға шағымдануға; органдар мен лауазымды адамдардың заңды бұзып қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттеріне заң белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Тараптардың іс жүргізу құқықтары әртүрлі, қазіргі жағдайда оған жалпы назар аудару керек.

1) тараптар бәрінен бұрын іске  қатысуға барынша құқық алған. Олар іс бойынша соттың барлық  мәжілістеріне қатысуға, іс жүргізу  әрекеттерін жасауға қатысады, іс  материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер үзінділер алуға құқығы бар.

2) Тараптар сот құрамын алдын  ала бағалап оларға қарсылық  білдіре алады.

3) тараптар марериалдық мүдделі  тұлғалар бола отырып, өздерінің  құқықтары мен мүдделерінің қорғау  көлемін өздері анықтайды. Мысалы  талапкер талаптан бас тарта алады, ал жауапкер талапты мойындайды, тараптар арасында бітімгершілік келісімі жасалу мүмкін, талапкер талап қоюдың негіздемесінен нысанасын өзгерте алады.

1. Талап қоюшы талаптың негіздемесін  немесе нысанасын өзгертуге, талап  қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол  беріледі. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келіміммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.

2. Соттың өз бастамасы бойынша  талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді.

4) Тараптар сот қорғау құралдарын  іс жэүргізуге кеңінен қолдана  алады. Тараптар дәлелдеме ұсынуға, оны зерттеуге қатысуға, басқа  іске қатысушы тұлғаларға сұрақтар  қоюға сондай-ақ куәлар мен экспертке әртүрлі ұсыныстар айтуға, өздерінің болжауларын ұсынуға және қарсы жақтың болжамдарына қарсылық білдіруге құқығы бар. Жауапкер талапты мойындамау арқылы қорғау құралы ретінде талап бере алады.

5) Тараптар шешімнің заңды және  негізді екенін тексеруге құқығы бар. олар шешімге апелляциялық сатыда шағым беруге, оның жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды сұрауды, тиісті жоғары тұрған органдарға қадағалау есебінде қарауға ұсыныс жасауға құқығы болады.

Шешімнің соңғы реттелуі яғни орындалуы тараптарға байланысты. Олар мәжбүлеп орындатуды талап ете алады.

6) тараптар басқа да бірқатар  тұтас процессуалдық іс жүргізу  құқықтарына ие: істі өзі жеке  дара не өкілдер арқылы жүргізу, талапты қамтамасыз ету, сот шығындарын  өндіруді талап ету, т.б. құқықтарын айтуға болады.

Тараптардың іс жүргізу міндеттері 2 түрге бөлінеді. жалпы және арнайы.

Жалпы міндеттерінің қатарында ең маңызды орында құқықтарды адал пайдалану міндеті тұр.

Көрінеу теріс пиғылмен негізсіз талап қойған немесе қойылған талапқа қарсы әрекет жасаған тараптан сот екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. өтемақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді.

Тараптар іс жүргізу регламентіне бағыну керек – іс жүргізу әрекеттерін заң іс бойынша шығындарды өз уақытысында төлеу іс жүргізу құжаттарын заң бекіткен формада тапсыру керек.

Бұл талаптарды орындамаған тарап келесі тиісті іс жүргізу әрекеттерді жасауға тыйым салады[15,83 бет].

Тараптардың жалпы міндеті болып саналатын, оның адал болуы іс жүргізу барысында құқықтың мәннен бұрын моральдық мән-мағынаға жатады.

Тараптардың арнайы міндеттері жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасағанда қажет болады. Мысалы,

Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.

Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.

Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы өтінім берген тұлғаға соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады.

Информация о работе Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар