Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 12:55, курсовая работа

Описание работы

Бұрынғы кезде судьялар сайлаушыларға және оны сайлаған органға есеп беретін, сондықтан осындай есеп берудің салдарынан судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған болатын. Яғни, соттар жергілікті атқарушы өкілетті органның тар өрісті шеңберінен аса алмайтын. Бірақ, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдерді одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырды. Елбасының 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысында бұл саладағы негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" судьяның азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы бекіді.

Файлы: 1 файл

сама работа.doc

— 321.50 Кб (Скачать файл)

Міне, бірнеше жылдан астам уақыт бойы республика соттары "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" жаңа конституциялық заңның талаптарына сәйкес жұмыс істеп келеді.

Аталмыш заңды қабылдау сот жүйесінде нағыз тәуелсіз сот билігін қалыптастыру, жалақыны көтеру және материалдық-техникалық қамсыздандыруды жақсарту бағытында реформалауға айтарлықтай мүмкіндік берді. Мамандандырылғансоттарды ары қарай дамыту бойынша шаралар қабылданды. Сот әділдігін атқарудың сапасын, тәртіптік және этикалық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті көтеруге бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды.

Мемлекет басшысының "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004-жылға арналған негізгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында сот жүйесін ары қарай жетілдіру, соттардың кадрлық және материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені дайындалып, жүзеге асырылуда. Айталық, Жоғарғы соттың төрағасы жетекшілік еткен жұмыс тобы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы". "Жоғарғы сот кеңесі туралы" және "Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы" заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ алқабилердің қатысуымен жүргізілетін сот ісін жүргізуге байланысты заң жобалары дайындалды.

Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, сот жүйесін жетілдірудің 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірледі. бұл құжат қазіргі кезде мемлекеттік органдардың қарауында жатыр. Сонымен қатар, Жоғарғы сот жанындағы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты да белсенді жұмыс істеуде.

Бір сөзбен айтқанда, сот құқықтық реформасын жүзеге асыруға байланысты аз шаруа атқарылған жоқ және бұл көптеген халықаралық және тәуелсіз сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болады.

Сот жүйесінің қызметін және судьялардың мәртебесін жетілдіру мәселелері қоғамның орынды қызығушылығын тудыратын рас. Себебі, елдегі демократиялық процестердің дамуы сот жүйесін нығайтумен тығыз байланысты. Тап сот жүйесі заңдылық пен әділбиліктің, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың сенімді кепілі болып табылады. Демек, бұл тақырыпты талқылауға Қазақстандағы азаматтық қоғамды демократияландыру және дамыту бойынша тұрақты кеңестің бірнеше мәжілісін арнағанына таң қалуға болмайды.

Бүгінде Қазақстанның демократиялық даму жолына түсуі сот тәуелсіздігі мәселесін алдыңғы орынға шығарды. Соттың тәуелсіздігі мен оның жұмыс тиімділігін арттыруда қажетті екі негізгі принцип: заңнаманы жетілдіру мен билік тұтқаларын ажыратудың мәні зор. Сот жүйесін басқа мемлекеттік органдардан ажыратып, тәуелсіздігін нығайту бүгінде мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саяси бағыттардың бірі болып саналады. Сот тәуелсіздігін қалыптастыруда сүйенетін негізгі заң – Ата заң мен 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заң. Онда судьялардың мәртебесі айқындалып, тәуелсіздігін нығайтуға қажетті шаралар қамтылды. Сот өндірісінің сапасын арттыру мақсатында судьялардың саяси партияларға мүше болуына, депутаттыққа сайлануға және кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынған. Әділет министрінің айтуынша, судьялардың саяси партияларға мүше болуына тыйым салу уақытша құбылыс, алдағы уақытша шектеудің күші жойылуы мүмкін.

Судьялардың тәуелсіздігі заң талаптары мүлтіксіз орындалатын қоғамды құрудың негізгі принципі болып табылады. бұл тұрғыда Италиядағы Турин қаласының судьясы, Халықаралық судьялар ассоциациясы бас хатшысының орынбасары Джакомо Оберто ой қозғады. Оның айтуынша, XVIII ғасырда өмір сүрген Монтескье "Заң рухы туралы" деген кітабында: "Егер билік заң және атқарушы тармақтарға бөлінбесе, онда бостандық туралы әңгіме қозғауға болмайды" деген еді. Бір адамдар заң шығарып, оны өздері шексіз билікке ұрындыратыны анық. 1789 жылы қабылданған француз декларациясында да қоғамда адам құқығын қамтамасыз ету кепілдігі мен заң және атқарушы билік тұтқаларының жігі ажыратылмаса, азаматтар бостандығының аяқасты болатындығы айтылады. Міне, сондықтан да судьялардың тәуелсіздігі адамдардың құқығын қорғау үшін басты қажеттілік болып саналады. Бұл артықшылық емес. Мұның өзі судьяларға үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейді. Сонымен бірге, судьялардың тәуелсіздігі оны мемлекеттік қызметкерлерден ажыратып қарауға мүмкіндік береді[8,98 бет].

Бұдан ары қарай Джакомо Оберто сот тәуелсіздігі мәселесін билікті бөлісу тұрғыснан тарқата келе, бірқатар Еуропалық елдердің тәжірибесінен нақты мысал келтіреді. Мәселен, көпшілік ¦лыбританиядағы сот жүйесі толық әрі мүлтіксіз тәуелсіздіктің шынайы айғағы дегенмен келісе алмайды. Алайда, сонымен қатар бұл сот ведомствосын басқаратын адам әділет министрінің, Лордтар палатасы спикерінің және мемлекеттің белді судьясы қызметін атқаруға қауқарлы болатын жан жұмыс істейтін жүйе. Әрбір құқықтық жүйе сот жүйесінің заң шығарушы және атқарушы биліктен ең болмағанда заң жүзінде тәуелсіз болатынын мойындайды. Алайда, іс жүзінде мұндай тәуелсіздікке жер жүзінің барлық құрлығында түбегейлі қол жеткізудің сәті түспей отыр.

1948 жылы қабылданған Италия Конституциясында "Судья ешқашан да мемлекеттік  қызметкермен бір деңгейге қойылмауы  тиіс, олар мемлекеттік қызметкерлерден бөлектенуі керек, өйткені олар шын мәнінде мемлекетке тәуелді жағдайда болмайды" деп көрсетілген. Соттар тәуелсіздігінің әртүрлі формасы бар. біріншісі, сыртқы тәуелсіздік. Бұған сот жүйесінің басқа мемлекеттер органдардан тәуелсіз болуы кіреді. Сондай-ақ, судьялардың өз арасындағы тәуелсіздік мәселесі де әртүрлі пікірталастарға негіз болуда. Судья шенеунік болмауы тиіс. сот төрағасы өз араларынан ерікті түрде сайланып қойылады[9,234бет].

Джакомо Оберто сот тәуелсіздігінің бір формасы саяси партиялардан тәуелсіз болу дегенді айтады. Еуропада бұл мәселеге қатысты екі түрлі пікір қалыптасты. Бір жағынан Орталық және Шығыс елдерінен судьялардың билік партиясына мүше болғанына қарсы тұрып, қалыптасқан дәстүрлі мансұқ етуде. Ал, екінші жағынан Солтүстік Еуропа елдерінің бұл тұрғыдағы ұстанымы мүлдем қарама-қайшы бағытта. Олар судьяның бойынан саяси ұйымдарға қатысу құқығы шектелмеген қарапайым азаматты көргісі келеді. Орайы келгенде айта кететін нәрсе, бір-бірімен ымыраға келуді қаламайтын екі бағыттың арасынан ортақ шешім тапқан Италия сияқты елдер де бар. Бұл мемлекеттің Конституциясына сүйенсек, заң судьялардың саяси партияға мүше болуына шектеу қоя алады. Алайда, шектеу сипатындағы заң ешқашан қабылданған емес.

Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы әділсотты жетілдіру жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сергей Вицин Ресейдің сот саласында жүргізіп жатқан жұмыстары мен қазіргі күйі туралы баяндады. Оның айтуынша, Ресейде бүгінде қазан төңкерісіне дейінгі қолданылып келген бітімгершілік судьялар қалпына келтірілуде. Судьяларды материалдық жабдықтау жайы да Ресейде біршама шешімін тапқан көрінеді. Ресейде "Судьялардың мәртебесі туралы" заң 1992 жылы қабылданған. Ресейдегі құқықтық мемлекет орнатудың негізі де осы кезден бастау алады деген Сергей Ефимович: "Біреулер бұрын да, яғни, кеңес заманында да сот жүйесі болған дегенді айтады. Шындыққа тура қарап айтар болсақ, ол кезде сот жүйесі түгелдей партияның бақылауында болған жоқ па?! Судьялардың кандидатурасы партия комитетінде талқыланып, содан кейін баламасыз сайлауға ұсынылатын. Осылайша "сайланған" судьялар іс жүзінде түгелдей партия комитетінің бақылауында болатын. Тәуелсіз сот жүйесі одақ елдерінде 90-шы жылдардан кейін ғана қалыптаса бастады. Бұл саладағы өзгерістер Қазақстан мен Ресейге өте ұқсас" деді[10, 54 бет].

        Қазақстандағы сот билігінің қалыптасу мәселелері, соттың құқық қолдану барысында әрекет етуі мен әрі қарай дамуын  қайта қарауды  қажет етеді.

       Осы ретте Республика Президентінің Нурсұлтан Назарбаевтың Елорда-Астана қаласындағы  6.06.2001.жылғы соттардың “Әділсот- әділеттілік” деген III-съезіндегі сөзін келтіре кеткім отыр. «Ел Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық  реферундум арқылы қабылданды. Ел Конституциясы мен заңдары қалыпты бөлікпен қоғамды қамтамасыз ете отырып экономикикалық реформа егемендіктің нығайуының негізгі құралы болып қала береді. Жүргізілген реформа саясат төңірегінде адам құқығы мен бостандықтарын қорғауда фундаменталды түрде қайталанбас ерекшелігі мен көзге түсті.

       … Сіздер өздеріңіз сот билігін  көз алдарыңызға елестете аласыздарма, негізгі бағыттары адам құқықтарын қорғаудан тұрады, азаматтардың ұйымдардың бостандығы мен заңды  мүдделерін, елдегі Конституция мен Заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сотттардың бұл қызметі қоғам үшін өте маңызды. Монтеське  айтқандай  адамдар үшін сот әділдігінен  басқа маңызды еш нәрсе жоқ деді. Сондықтан сот қызметі қоғамда тек заң жағынан емес сонымен  қатар саясат жағынан да көп маңызға ие болады.

      …Біз Қазақстан  тәуелсіздігінің он жылдығы жылында кездесіп отырмыз.Бұл кез келген мемлекеттің тарихында, ал біздің мемлекетіміз үшін – тіпті де өте маңызды белес. Қысқа тарихи мерзімде біз экономикада бірнеше дағдарысты еңсердік, мемлекет оның институттарын құрдық, саясат пен экономиканы 180 градусқа бұрдық. Қазақстан тұрақтылық жағдайында өмір сүруде. Экономиканың артуы бізге барлық салада жақсылықтар жасауға мүмкіндік туғызды. Мұны сіздер, судьялар , сезініп отырсыздар.

        Біздің еліміздің  судьялары ең басты мәселеге  негізделген жаңа көзқарастарды талдап жасайды деген сенімдемін,. мәселені адамдар өздерінің құқықтарын қорғау үшін шенеуніктерге емес,әкімдерге емес, Үкіметке емес, Президентке емес, сіздерге келетіндей етіп қойыңыздар. Мәселені олар сіздерге сенетіндей,сіздерге келетіндей етіп, ал сіздер барлық проблемаларын әділдікпен шешіп беретіндей етіп қойыңыздар. Тек осылай ғана сіздер біздің халқымыздың құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене аласыздар»-деді Елбасы.

             Республика Президентінің бекітулерін еске ала отырып, сондай-ақ

арықарайғы процесстерде саралауда біз мынандай шешімге келдік, ол бүгінгі нақты сот жүйесін анықтаумен сот қызметі мазмұнын бағыттарын айқындау. Бұл ретте сот билігінің мазмұны мен функцияларын  ашу болып табылады және сот практикасын  Қазақстан Республикасын құқықтық жүйедегі анықтау, соттық құқық қолдануда оған жаңа түсінік беру ,соттың талқылау және оның түрлерін жүйелеу. Сонымен қатар сот жүйесінің тиімділігін көтеру қызметін, әрі қарай дамуына көтерілуіне ықпал ететін реформаланған іс шаралар  жүйесін анықтау.

 

 

2.2. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі.

 

Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істерді қоспағанда соттың бірінші сатысындағы сондай-ақ апелляциялық сот сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.

Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істерді бірінші сатыдағы сотта, сондай-ақ барлық істерді соттың апелляциялық қадағалау инстанциясындағы соттарда қарауда соттың алқалы құрамы қарайды. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады.

Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы түрде қараған және шешкен кезде туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес.

Төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан дауыс береді.

Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол төрағалық етушіге тапсырылады және мөр басылған конверттегі іске қоса тіркеледі. Ерекше пікірмен апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы сот осы істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің бар екендігі туралы іске қатысушы адамдарға хабарланбайды және ерекше пікір соттың отырыс залында жарияланбайды.

Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.

Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.

Осы сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды[11].

Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.

Егер судья:

1) осы істі мұның алдындағы  қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының  хатшысы, сот орындаушысы, сот приставасы ретінде қатысса;

2) іске қатысушы адамдардың немесе  олардың өкілдерінің біреуінің  туысы болса;

3) істің нәтижесіне жеке, тікелей  немесе жанама түрде мүдделі  не оның әділдігіне күмән туғызатын  өзге де мән-жайлар болса, ол  істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.

Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.

Заңда аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.

өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.

Істі жеке дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе ол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда – жоғары тұрған сот судьясы қарайды.

Істің соттың алқалы құрамда қарау кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судьяға қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауыспен шешеді.

Информация о работе Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар