Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 12:55, курсовая работа

Описание работы

Бұрынғы кезде судьялар сайлаушыларға және оны сайлаған органға есеп беретін, сондықтан осындай есеп берудің салдарынан судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған болатын. Яғни, соттар жергілікті атқарушы өкілетті органның тар өрісті шеңберінен аса алмайтын. Бірақ, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдерді одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырды. Елбасының 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысында бұл саладағы негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" судьяның азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы бекіді.

Файлы: 1 файл

сама работа.doc

— 321.50 Кб (Скачать файл)

 

 

3.3. Істегі тиісті тараптар. Тиісті емес тараптарды ауыстыру.

 

 

Сотта қорғану құқығы барлық азаматтарға берілген. Бұл құқық пен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарда пайдаланады. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке ие ұйымдарда осы құқықты пайдаланады. Сондықтан, кез келген құқыққа қабілетті тұлға тараптар ретінде іс жүргізу жағдайына ие бола алады.

Бірақ дегенмен сол ісіне қатысу үшін сол іс бойынша нақты материалдық-құқықтық мүдде болу керек. Яғни тікелей заң бойынша айтқанда тиісті тарап болу керек. Егер виндикациялық талап (қалпына келтіру) меншік иесі немесе заттың заңды иесі арқылы емес оның қызы не ұлы арқылы сол меншік иесінің көзі тірісінде берілсе онда ондай талап тиісті емес талапкермен берілген деп танылады. Сотқа талапты қоя отырып, талапкер өзінің осы іс бойынша тиісті талапкер, ал жауапкердің тиісті жауапкер екенін екеуінің де аты-жөндері мен мекен-жайларын көрсете отырып береді. Талапкер өзіне жауапкерді легимитациялап  алу, яғни заңдастырып алу керек. Легимитация, заңдастыру дауға дұрыс заңды жіктейді. Ол шын мәнінде мүдделі тұлғалардың материалдық қатынасты анықтауда шешім шығаруды қамтамасыз етеді.

Егер талап прокурор не мемлекеттік басқару органымен қойылып отырса басқа тұлғалардың мүдделерін қорғап, оларды талапкер мен жауапкерді легмитрлеп яғни заңдастырып алу керек. АІЖ тиісті тараптар дегеніміз олардың даулы материалдық құқықтық қатынастың субъектілері болып табылуы жетеді.

Тиісті тарап сотпен материалдық құқық нормаларының негізінде анықталады. Сот талапкердің талап арызды қабылдай отырып, жауапкерге дұрыс қойылып отыр ма соны анықтайды.

Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екнші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.

Соттың істі дайындау үстінде немесе бірнеше сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі.

Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды.

Азаматтық іс жүргізу заңы тиісті емес талапкер беріп отырған талаптан немесе талап тиісті емес жауапкерге беріліп отырылған жағдайда арызды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Тиісті емес талапкерді тиісті талапкермен ауыстыру үшін тек біреуінің ғана емес екеуінің де келісімі керек, яғни 1ші талапкер істен шығуға, ал 2 талапкер іске кіруге өз еріктері болғанда ғана ауыстыру жүреді.

Егер алдыңғы талапкер оны басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, ол тұлға дау нысанасына өз талаптарын мәлімдейтін тарап ретінде іске кірісе алады. Ал енді 1-ші талапкер соттан шыуға дайын, бірақ екінші тиісті талапкер іске кіруден бас тартады. Онда істе талапкер жоқ деп танып, сот істі қысқартады.

Ал тиісті емес жауапкерді ауыстыру талапкердің келісімімен жүзеге асады. Егер талапкер оған келіспесе, тиісті жауапкер 2-ші жауапкер ретінде іске қатыстырылады.

Тиісті тараптарды ауыстыру іс жүргізу барысында өндірісті тоқтатпай не қысқартпай жүзеге асады. Егер ауыстыру сот мәжілісінің залында жүзеге асатын болса, іс қарауды кейінге қалдырады, яғни ауыспай тиісті тарап іске кірісіп, өзінің мүдделерін қорғау үшін дайындалуға уақыт береді.

Тиісті тарап ауысқаннан кейін іс қарау басынан басталады. Тиісті тарапты ауыстыру тек бірінші инстанцияда жүзеге асады және оны ауыстыру ашық сот мәжілісінде барлық іске қатысушылардың қатысуымен болады.

 

 

 

 

 

3.4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. Іске бірнеше талап қоюшының немесе жауапкердің қатысуы.

 

 

Даулы немесе шешімімен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапқа жол беру, борышты ауыстыру және материалдық құқық қатынастарындағы тұлғалардың басқа да өзгеру жағдайы) сот ол тарапты оның құқық мирасқорлығымен ауыстырады. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады.

Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

Жоғарыда көрсетілген жалпы құқық қабылдаушылықтан басқа жеке құқық қатынастары бойынша сингулярлық құқық қабылдаушылық болады. Тараптар талап қою құқығына кіргеннен кейін несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысу негіздері мен тәртібі Азаматтық құқық бойынша қаралады.

Міндеттеме негізінде несие берушіге тиесілі құқықтың (талап етудің) ол мәміле (талап етуді беру) бойынша басқа адамға берілуі; немесе ол құқық заң құжатының негізінде басқа адамға ауыстырылуы мүмкін[16,78бет].

Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы жөніндегі ережелер регресті талаптарға қолданылмайды.

Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.

Егер несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып табылады.

Міндеттеменің жекелеген түрлері бойынша талап ету құқығын берудің ерекшеліктері заң актілерінде белгіленуі мүмкін.

Несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді.

Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықты, соның ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.

Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы. Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті.

Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезінде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы.

Міндеттеме жөніндегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде:

  1. несие берушінің құқықтарындағы әмбебеп құқықты мирасқорлық нәтижесінде;
  2. заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
  3. міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушысы немесе осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы нәтижесінде.
  4. Сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;
  5. Заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.

Несие берушінің талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі, себебі ол заң құжаттарына немесе шартқа қайшы келмейді. Егер несие берушінің жеке басының борышқор үшін елеулі маңызы болса, борышқордың келісімінсіз міндеттеме жөніндегі талап етуді беруге жол берілмейді.

Жазбаша (жай немесе нотариалды) түрде жасалған мәмілеге негізделген талап етуді беру тиісті жазбаша түрде жасалуға тиіс. Мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәміле бойынша талап етуді беру осы мәмілені тіркеу белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс. Ордерлі бағалы қағаз бойынша талап етуді беру осы бағалы қағаздағы индоссамент арқылы жасалады[17,89бет].

Талап етуді берген бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдында оған берілген талаптардың жарамсыздығы үшін жауап береді, бірақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшін бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдында борышқор үшін кепіл болуды өзіне алғаннан басқа жағдайда жауап бермейді.

Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Жаң борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы. Борышты аудару нысанына тиісінше ережелер қолданылады. Міндеттеменің жекелеген түрлері бойынша қарызды аудару ерекшеліктері заң актілерінде белгіленуі мүмкін.

Жоғарыда көрсетілгендей кез келген іс жүргізу мирасқорлығы тек материалдық құқықтық қатынас болғанда көшетінін байқадық. Егер де материалдық құқықтық қатынас жеке адамның өмірімен твғвз байланыста болса мұндай жағдайда құқық қабылдаушылық, яғни құқық мирасқорлығы жүрмеуі мүмкін. Мысалы: алимент өндіру, жұмысқа қайтадан орналасу, бірге тұруға мүмкін болмаған жағдайда үйден шығару жағдайларында материалдық құқық қабылданып алынбайды және іс жүргізу құқық мирасқорлығы ауыспайды.

Сондай-ақ кей жағдайда материалдық құқық қабылдаушылық автоматты түрде іс жүргізу мирасқорлығын тудырмайды. Құқық мирасқорының іске кірісуде өз еркі қаралады. Ал іске жауапкердің құық мирасқорын кіргізу, талапкер мен басқа іске қатысушылардың еркіне байланысты, істен шығып қалған яғни қайтыс болған азаматтың, не таратылып кеткен ұйымның орнына құқық қабылдаушылық қалай болады. Сол мүдделі тұлғалардан арыз түскеннен бастап, іс қайтадан жандандырылады. Бұл тараптардың іс жүргізудегі диспозитивтік қағидасына сәйкес болады.

Іске құқық мирасқорының қабылдау келесідей тәртіппен өтеді.

1) іс бойынша материалдық құқықта  құқық қабылдаушылық табылған  жағдайда құқық мирасқоры іске  кіріскенше іс тоқтатыла тұрады.

2) ал жекелеген сингулярлық құқық  қабылдаушылықта іске құқық мирасқоры  істі тоқтатпай-ақ кірісе алады.

3) құқық мирасқоры өзі іске кірісу үшін рұқсат беретін құжаттарын көрсетеді. (яғни мұрагерлікке құқық беретін куәлік, заңды тұлғаның таратылғаны жайлы құжат, бағалы қағаздар бойынша берілетін құқық).

4) егер материалдық құқықта бірнеше  тұлға болса, әрқайсысы өзінің  тілегі бойынша іске кіріседі. Бір құқық мирасқорының кіргені басқа құқық мирасқорларының құқығына әсер ете алмайды. Сот тек басқа іске қатысушыларды істі жандандырылғанын хабарлайды.

5) құқық мирасқорлық істің кез  келген сатысында жүзеге асады.

6) құқық мирасқоры үшін процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

Мысалы: құқық мирасқоры алдындағы даулы іс жүргізу құқықтың объектісін өзгерте алмайды, мысалы, талаптан бас тарта алмайды. Бітімгершілік келісімге келе алмайды, егер олар сотпен бекітілсе, сондай-ақ алдыңғы құқық өткізуші кезінде дәлелденген дәлелдемелерді қайта тексеруге құқығы жоқ.

7) іс жүргізу құқық мирасқорында  тиісті тарапты ауыстырған кездегідей  іс жүргізу қайтадан басынан басталмайды. Жалпы құқық мирасқорлығы сот өндірісінің тоқтаған сатысынан кіреді, ал егер сингулярлық құқық мирасқорлығында кіріскен сатысында яғни құқық мирасқорлығы ауысқан сатыдан басталады.

Сондықтан құқық мирасқорлығы іс жүргізудегі тараптарды ауыстырудағы ерекше жағдай болып саналады.

Тиісті емес тарапты ауыстырудан құқық мирасқорлығының бірнеше ерекше сәттерімен өзгешеленеді.

  1. құқық мирасқорлығы істің кез келген сатысында, керек десеңіз орындау сатысында ауысуы мүмкін, ал тиісті емес тараптарды ауыстыру тек соттың І-ші инстанциясында ғана жүзеге асады.
  2. Құқық мирасқорлығы қай сатыдан қабылданды, сол сатыда іс арық қарай жалғасын табады. Ал тиісті емес тарапты ауыстырғанда іс қарау басынан қайта басталады.
  3. Құқық мирасқорлығы ауыстырған тұлғадан құқық мирасқорына оның барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері өтеді. Ал тиісті емес тарап ауысқанда оның құқықтары мен міндеттері тиісті тарапқа өтпейді, жойылады. Яғни ол даулы материалдық құқықтың субъектісі болған емес.
  4. Құқық мирасқорлығында құқық мирасқоры, құқықты берушімен бірге өмірі қатыспайды, ал тиісті емес тарапты ауыстырғанда тиісті тараппен бірге тиісті емес тарапта бірге қатыса беруіне болады.

Кейбір жағдайларда даулы материалдық құқықтық қатынас көп субъектілі болуы мүмкін. Сонда талапкер жағында да жауапкер жағында да бірнеше іске қатысушылар болады.

Мысалы: 3 адамнан тұратын ағаш шеберлерінің бригадасы азамат Б-ның тұрғын үйін салуға кеткен еңбектері үшін шарт бойынша келісілген еңбек ақыларын ала алмады. 3 адам, яғни үш талапкер талапты жалғыз азамат Б-ға қояды.

Информация о работе Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар