Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 20:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде сотқа беріледі. Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін түрінде.

Содержание работы

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13

II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................27

Файлы: 1 файл

Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері.docx

— 80.28 Кб (Скачать файл)


 

М А 3 М Ұ Н Ы

 

 

КІРІСПЕ

 

I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.

§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6

§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10

§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13

 

II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.

§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15

§2. Тараптардың  және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17

§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18

§4. Жазбаша  дәлелдемелер.........................................................................19

§5. Сарапшылардың  қорытындысы...........................................................22

§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23

 

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді.

Азаматтардың  және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде  сотқа беріледі. Оның қызметі істің  ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық  іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін түрінде.

Сотпен  субъективтік құқықтарды және заңмен қаралатын мүдделерді қарау азаматтық  істерді қарау мен шешу арқылы жүргізіледі. Құқықтар мен  мүдделерді қорғау актісі болып заңды және негізделген  сот шешімі.

Сот төрелігін  жүзеге асыру үшін сотқа алдымен  азаматтық істі қозғалғанға дейінгі  орын алған фактімен мән-жайларды анықтау  қажет, содан кейін оларға материалдық  құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады. Фактілік мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерді жүзеге жүргізу  арқылы жасалады.

Соттық  дәлелдемелер көмегімен істің фактісін мән-жайларды анықтап алып және қолдануда  жататын материалдық нормаларға сүйене, сот ішкі наныммен көмегімен  субъективтік құқықтар және міндеттер  туралы шынайы қортындыға жетеді.

Сот қызметі  барысында нақты фактілердің  бар немесе жоқ екендігін дәлелдеуі. Сот дәлелдемесіне жатқызылатын, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар  фактілерді тікелей немесе жанама түрде  растайтын фактімен мәліметтер.

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер  бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін  дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу  барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер  бойынша шығарылған мәлімдердің  күші жойылуда.

Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында  және дәлелдеме құқығында негізгі  орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған  байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық  іс-жүргізуде оны пайдалануда  ерекше маңызға ие болады.

Бітіру  жұмысымның тақырыбы қазіргі азаматтық  іс жүргізу құқығындағы өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі болып табылады. Дәлелдемелер жинау және оны сот процесінде ұсына беруден сот шешімі тікелей тәуелді деп атауға болады.

Заңмен  көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын  негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде  алынған нақты деректер іс бойынша  дәлелдемелер болып табылады.

Осы бітіру жұмыстың мақсаты болып дәлелдемелер мен дәлелдеудің мәнін түсіндіріп ашу, азаматтық іс жүргізу құқығындағы  алатын орнын көрсету табылады.

Бітіру  жұмыстың мақсатына жету үшін қойылатын  негізгі міндеттер:

-    дәлелдеудің түсінігі мен міндетін  көрсету;

-    дәлелдемелерді ұсыну, оған жол  беру және растығын қарастыру;

-    дәлелдемелерді қамтамасыз ету;

-    куәнің айғақтары, міндеттері  мен құқықтары;

-    жазбаша дәлелдемелер;

-    заттай дәлелдемелер;

-    сараптама тағайындау және оны  жүргізудің тәртібі.

Бітіру  жұмысының мақсатына   жету   үшін   төмендегі   авторлардың еңбектері қаралып, зерттелді. Олар, Суханов Е.А., Сергеев А.П.,  
Осипов П.М., Муинс А.М., Треушников М.С., Шакарян А.А. және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ТАРАУ.  АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ

 

§1. Дәлелдемелер түсінігі

 

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз — Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын  негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын  сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өре  де маңызы мән-жайларды солардың негізінде  анықтайтын заңды түрде алынған  нақты дәлелдер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып  бекітілген: бұл нақты деректер тармақтардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс-жүргізу  әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Енді  дәлелдемелердің маңызын, мазмұнын ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың  осы айында берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Орыстың революцияға дейінгі  процесуалист ғалым К.Н.Малышев: "Дәлелдеме  біздің ойымызды кез келген фактінің растығына немесе өтіріктігіне сендіретін бәрін тайқызған. Бұл мағынада дәледемелер  логика ғылымына жатады — деген, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер — деп даулы юридикалық фактінің бар-жоқтығына туралы соттық шешіміне себеп болатын занды негіз", - деп айтқан. Шын мәнінде Малышев  соттық дәлелдемелерге анықтаманың  логикалық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып  аяқтаған. Шынымен де логикалық дәлелдемелер мен соттық дәлелдемелер бір-біріне ұқсас. Басты айырмашылығы М.К.Треутниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы дәлелдеме мәнінде. Треутников: "логика нысанында дәлелденіп отырған ой казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп аталады" — дейді: басқаша айтқанда дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар, дәлелдемені ережелер болады. Ал сот тәжірибесінде фактінің нағыз өмірде орын алған, алмағандығы дәлелденеді: ірілікті күнделікті қолданып жүрген логикалық дәлелдемелермен соттық дәлелдемелердің мәндері арнаулы". Треутниковтың берген анықтамасын төмендегідей: "Соттық дәлелдемелер дегенімі - қатыстылық сипаты бар істі дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін заңда көзделген процесуалдық сипаттағы және заң талаптарына сай алынған және зерттелеген мән-жайлар"1.

С.В. Курылевтің көзқарасы бойынша дәлелдемелердің мәні бірге белгілі фактілер мен біресе белгісіз фактімен арасындағы байланыста. Бұл жерде автор табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстардың бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шарталған деген материалистік диалектикалық заңына сүйеніп берген2.

Дәлелдемелерді  тек фактілер ретінде процессуалдық  формасынан айырып қарауға болмайды. Өйткені заң талаптары бойынша  дәлелдемелер ретінде тек қана заңда көрсетілген бойынша алынған дәлелдемелер танылады. Осы туралы М.Х.Хутыза былай деген: "Дәлелдеу құралынған бөлек фактілер деректер немесе дәлелдеу құралдары фактілі деректерден бөлек дәлелдемелер ретінде таныла алмайды" — деген3.

Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс ретінде қарайды. Олардың ойы бойынша сот дәлелдемелері екі мағынаны береді, және бұл мағыналар бір-біріне синоним ретінде қолданылады. Бірінші мағыналы, - деректі фактілер, екіншісі, дәлелдемелер көзі. Мысалы, М.С.Строгович: "Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған — жасамағандығын, қылмыстың бар-жоқтығын және адамның негізін де анықтайтын фактілер, ал екіншіден заң қалыптарында көрсетілген дәлелдемелердің қайнар көздері"4.

Т.В.Саханова көзқарасы бойынша: "Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік. Бұл түсінікте  фактілік деректен дәлелдеу құралы өте  тығыз байланымдан және бір-біріміз  фактілік деректер де дәлелдеу құралы да дәлелдеу функциясынан айырмада басқаша  айтқанда соттық меншікте заңды негіз  бола алмайды". Бұл оймен көптеген авторлар келеді, және де автор: "деректер туралы фактілер", "деректі фактілер" деген ұғымның орнына "информация", "мәлімет" деген ұғымды қолдануды  ұсынды. Осыған байланысты Сахонова дәлелдемелерге осы сөз арқылы жаңа анықтама берді:

1. Дәлелдеме  ретінде істі дұрыс шешу үшін  қолданылатын және заң талаптарын  сәйкес алынған мәлімет табылады;

2.  Бұл  мәлімет тараптардың жауаптарынан, куәлардың айғақтарынан,  құжаттарда  немесе заттай дәлелдемелерден,  сарапшының қортыныдысынан, маманның  түсініктемесінен, және де ЭЕМ-ның  көмегімен, аудио-, видео-,   және  компьютерлік техникадан алынуы  мүмкін;

3.  Шығу  тегі белгісіз дәлелдеме ретінде  қолданыла алмайды5.

Заңмен  көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын  негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды тұрде  алынған нақты деректер іс бойынша  дәлелдемелер болып табылады.

Бұл нақты  деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың  түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың  қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің  хаттамаларымен және өзге де құжаттармен  анықталады.

Әр тарап  өзінің талаптарының және қарсылықтарының  негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Дәлелдемелерді  тараптар мен іске қатысушы баска  да тұлғалар береді.

Істі  дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа  да тұлғалардың тараптары мен  қарсылықтарының негізінде, материалдық  және іс жүргізу құқығының қолданылуга  тиіс нормаларын ескере отырып, сот  анықтайды.

Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша  дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға  құқылы.

Тараптар  мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық  келтірген жағдайда, сот олардың  өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

Дәлелдемелерді  сұратып алдыру туралы өтінімде сол  дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы  дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар  қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені  өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге  тиіс.

Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі  бар тұлға оны тікелей сотқа  жібереді немесе сотқа табыс ету  үшін тиісті сұратуы бар адамның  қолына береді.                                                                                      

Сот дәлелдеме  талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жок лауазымды немесе өзге тұлға  соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін  көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті.

Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған  себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын  өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық  бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік  жазаға қолданылады.

Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі  бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.

Егер  тарап сот сүратқан дәлелдемені  өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне  қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.

Егер  дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың  бар екендігі туралы тұжырымдары  растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты  деп таниды.

Заң бойынша  белгілі бір дәлелдемелермен  расталуға тиіс істің мән-жайлары  ешқандай басқа дәлелдемелермен  расталуға тиіс емес.

Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта  қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің  өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:

1) күш   қолдану,   қорқыту,   алдау,   сол   секілді   өзге   де   заңсыз   іс-әрекеттерді қолдана  отырып;

2) оларға  түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс  түсіндірмеудің салдарынан   туындаған   іске қатысушы адамдардың өз  құқықтары мен міндеттеріне қатысты  жаңылуын пайдалана отырып;                  

3) осы  азаматтық іс бойынша іс жүргізуді  жүзеге асыруға құқығы жоқ  адамның іс жүргізу іс-әрекетін  жүргізуіне байланысты;

4) қарсылық  білдіруге жататын адамның іс  жүргізу іс-әрекетіне қатысуына  байланысты;

Информация о работе Азаматтық iс жүргізудегі сот дәлелдемелері