Азаматтық іс жүргізу принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:54, курсовая работа

Описание работы

Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................................3
1.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:тарих пен біздің заман..........................5
1.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің Рим құқығында орнығуы және дамуы................................................................................................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің түсінігі мен мәні.......................................7
2.Тарау Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптер жүйесі...............................12
2.1 Ұйымдастырушы принциптер................................................................................12
2.2 Функционалды принциптер...................................................................................20
3.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:мәселелері мен болашағы...................30
3.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің конституциялық негіздері.....................30
3.1 Азаматтық іс жургізу принциптерінің мәселелері мен болашағы.....................32
Қорытынды....................................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................40

Файлы: 1 файл

азаматтық курсовой.doc

— 261.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе..............................................................................................................................3

1.Тарау Азаматтық іс жүргізу  принциптері:тарих пен біздің  заман..........................5

1.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің Рим құқығында орнығуы және дамуы................................................................................................................................5

1.2 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің  түсінігі мен мәні.......................................7

 

2.Тарау Азаматтық іс жүргізу  құқығының принциптер жүйесі...............................12

2.1 Ұйымдастырушы принциптер................................................................................12

2.2 Функционалды принциптер...................................................................................20

 

3.Тарау Азаматтық іс жүргізу  принциптері:мәселелері мен болашағы...................30

3.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің  конституциялық негіздері.....................30

3.1 Азаматтық іс жургізу принциптерінің мәселелері мен болашағы.....................32

 

Қорытынды....................................................................................................................38

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың  ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық  іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.

ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың  юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.

Құқықтық жүйенің құрылымының  принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.

Жұмыстың актуалдылығы, азаматтық  іс жүргізу принциптерін және олардың  конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің маңыздылығы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Принциптер, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Принциптердің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.

Сондықтан да, азаматтық іс жүргізудің принциптері түсінігін дұрыс  талқылау қажет.

Зерттеу объекті – азаматтық  іс жүргізудің принциптері және олардың  конституциялық негіздері.

Зерттеу пәні – азаматтық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.

Зерттеу мақсаты – азаматтық  іс жүргізу принциптерін талқылау.

Зерттеу гипотезасы: АІЖК-де азаматтық  құқық принциптерінің толық зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және түзеті енгізу қажеттілігінде.

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:

- азаматтық іс жүргізу принциптерінің  тарихын зерттеу;

- азаматтық іс жүргізу принциптерінің  жүйесін қарастыру;

- толық анализ жасап, азаматтық  іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік принциптің соңғы дұрыс талқылауы - сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі анықталғанын айта кеткен жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Тарау. Азаматтық  іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман

 

    1. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің рим құқығында орнығуы және дамуы

 

Өзін жасаған халықтан көп өмір сүрген және екі рет әлемді жаулаған рим құқығының адамзат тарихында  орны ерекше: Рим құқығының пайда  болуына себепкер жер бетінде  нүкте секілді де болмайтын, сол  кезде орта Италияда өзге тайпалардан еш айырмашылыға жоқ кішкене тайпа. Бұл даму сатысында рим құқығы патриархалдық және тек национальдық жақтары бар архаикалық  жүйе болатын. Егер ол осы сатыда дамымай қалса, онда тарихтын жоғалған беттерінде қалар еді.

Бірақ тағдыр Римге өзге болашақ таңдады. Тірлік үшін күресте кішкене civitas Roma өсу жолында көрші civitates-терді басып, өзінің ішкі ұйымдылығын күшейтті. Кейін терреториясы кеңейіп, бүкіл Италия, жақында орналасқан аралдар, Жерорта теңізінің жағалауын қамтыған, сол дәуірдің мәдени орталығы болатын алып мемлекет құрылды; Рим әлем сөзінің синонимына айналды.

Сонымен бірге  Римнің ішкі құрылымы да өзгереді: бұрыннан қалған әлеуметтік шектеулер жойылады, натуралдық шаруашылық күрделі экономикалық қатынастармен алмасады, патриархалдық басқару нысаны құлайды. Жаңа өмір әрбір индивидтан барлық күшін, жоғары кәсіби біліктілікті қолдануды мәжбур етеді. Осыған сәйкес рим құқығы индивидуалдылық жағына қарай өзгереді, енді оның негізгі жақтары адам бостандығы, мұрагерлік шарт, келісім шарт жасасу бостандығы болады.

Римнің әскери және саяси қатынастары оны экономикалық қатынастарға түсуге мәжбүр етті. Айта кетер жайт, Рим бүкіләлемдік тарихқа  шыққанға дейін, Жерорта теңізінде  Мысыр, Финикия, Карфаген және Грекия өзара  сауда қатынастарында болған. Рим де осы халықаралық сауда айналымына қатысты. Саяси қатынастыр орталығы болған сайын, Рим сауда қатынастырың орталығы бола бастады. Оның территориясында түрлі ұлттардың саудагерлері сауда шарттарын жасасатын, сондықтан рим магистраттары әрдайым осы қатынастардан туындайтын дауларды шешу үшін нормалар жасады. Бұл мәселені шешу үшін римнің ескі ұлттық құқығы жарамады. Римге грек те, галл да, римдік те қолдайтын жаңа құқық керек еді. Ескі, ұлттық емес, әмбебап құқық қажет. Сондықтан, рим құқығы бұрыннан қалыптасқан халықаралық қатынастарда жүретін әдет-ғұрыптарды сіңіре бастады. Бұл оған заңи күш пен ашықтық берді.

Бүлік антикалық  әлемнің жалпы құқығы болған рим  құқығы осылай пайда болды. Дәлірек  айтқанда бұл құқықты бүкіл әлем жасады, ал Рим негізгі халықаралық әдет-ғұрыптады жинап, қорытып шығарды. Индивидуалдық пен әмбебаптық – рим құқығының негізгі бастаулары.   

Классикалык период заңгерлерімен жасалған, әлемге мұрагерлікке қалған рим құқығының соңғы танымал  жинағы – император Юстинианның Corpus Juris Civilis заңдар тізімі.

Әлемнің тагдырын қолында ұстаған темір колосс құлай бастады: рим мемлекетінде тұратын халықтар әрқайсысы әр жаққа  ұмтылды; шекарадан варварлар шабуыл жасап жатты. Бір мезгілде олар бүкіл  антикалық әлемді басты. Ұлы халықтар көшу уақыты басталды. Ескі мен жаңаның арасындағы байланыс үзіліп, ежелдің бай мәдениеті құрып, тарих бүрынғыны өшіріп жаңадан жазғандай болды [1, 52].

Бірақ бұндай ой жалған. Ежелгі әлемге құйылған зор  адамдар ресурстары тұрақтылықты қажет  етеді, сол себепті, адамзат мәдениетінің дамуы сәл бәсеңдейді. Жаңа келген халықтардың орналасуы мен көшуімен, өзара қақтығыстарымен бірнеше ғасырлар өтеді. Әрине бұның бәрінің кесірінен көптеген құндылықтар жоғалады, бірақ барлығы емес. 

Рим құқығы тек  практиканы емес, сонымен бірге теорияны да анықтады. Рим құқығын бірнеше ғасырлар бойы зерттеу, әсіресе римдік заңи әдебиеттерді талқылау, бүкіл Батыс Еурапоның заң шығармашылық жұмысына қатысатын жоғары сапалы заңгерлердің, басшылар мен қоғамдық қайраткерлердің заңға деген көзқарастарын қалыптастырды. Рим құқығы Еуропаны практикада ғана емес, теориялық іздеулерде де біріктірді: бірдей мәселелердің шешімін іздеп, бір тілде сөйлеп, франциялық құқық неміс және италиялық құқықтарымен бірге жұмыс істеді. Осылай рим құқығының негізінде, антикалық әлем ойшыларының ісін жалғастырып, бүкіл еуропа заңгерлері жалпы іске бел буды: шексіз қолдан өтіп, белгісіз Юлиан, әлде Папиньянмен жағылған от жалауы қазіргі заманғы барлық ұлттың оқымыстыларына көшті.

Рим құқығының  тарихи тағдыры осы. Бүкіл антика әлемінің заңи шығармашылығының синтезі болып, кейін жаңа халықтардың құқықтық дамуының түп негізіне айналған, және Батыс Еуропа халықтарында осы негіз ретінде – Францияда, Германияда, Италияда; Англияда және т.б. елдерде зерттеледі. Заңи ойдың өсіп-дамыған базисі бола тұра, кездейсоқ және ұлттық жақтарынан арылған, негізгі заң институттары мен түсініктері ең таза анықтауды тапқан азаматтық құқық теориясы, құқық жүйесі ретінде қазір де зерттеліп келеді. Бұрынғы заманда рим құқығын ratio scripra – жазылған ой деп жай айтпаған [2, 45-46].

Тағдырдың тілеуімен  біз Батыс Еуропамен қатынасудан, олардың мәдениетінен алшақ болдық, енді арамызды ажыратқан шектеулер  құлағанда, біз адамзат дамуының соңында келеміз. Құқық жағынан  да қалып қойдық. Егер біз соңғы аспект бойынша Еуропамен теңескіміз келсе, егер бір тілде сөйлегіміз келсе, онда жалпыеуропалық құқық фундаменті – рим құқығын мектептен бастап оқуымыз қажет.

 «Рим құқығы»  деп антикалық Римнің құқығын,  құлиеленушілік Рим мемлекетінің құқығын айтады. Бұл мемлекеттің даму тарихы мен құқық жүйесі шет елдердің мемлекет пен құқық тарихы пәнімен зерттеледі.

«Рим азаматтық  құқығының негіздері» пәні меншік құқығының(сонымен  бірге неке құқығының) маңызды институттарын  зерттейді.

Қазіргі құқық жүйелерінде «азаматтық құқық» термині, сол қоғамдағы меншік қатынастарын реттейтін құқық саласын білдіреді [3, 123].

 

1.2. Азаматтық іс жүргізу  принциптерінің түсінігі мен  мәні

 

Азаматтық іс жүргізу құқығының, өзге де құқық салаларының принциптерінің мәселесі: олардың осы салалардың негізгі жақтарын сипаттауында. Сондықтан осы принциптердің түсінігін, мәнін, әрекет механизмін толық ашу үшін, олар қолданатын сала мен сот ісін жүргізуде қабылданатын нормалар мен институттардың анализін жасау қажет. Азаматтық іс жүргізу жайындағы әдебиеттерде және сот практикасында, принциптердің мәні мен түсінігі жайлы қөзқарас әртүрлі болғандықтан, мәселе қиындай түседі.

Кейбір авторлар, азаматтық іс жүргізу құқығының  принциптерін, азаматтық іс жүргізуге  негізделген, жалпы басқарушылық нормалары деп түсінеді. Бұнда, принциптер жалпы мазмұны бар, құқық нормалары секілді қаралады.

Өзгелердің  пікірінше азаматтық іс жүргізу  құқығының принциптері – ол оның түп тамыры. Кейбір ғалымдар, құқық  принциптерін, іс жүргізуді реттеу құралдарын және нысандарын анықтайтын, теориялық ережелер деп санайды. Енді біреулер, азаматтық іс жүргізу принциптерін, азаматтық істерде заңдылықты қамтамасыз ететін, осы саланың нормаларымен бекітілген, идеялар, ережелер жиынтығы деп түсінеді.

Латын тілінен аударылғанда «принцип» сөзі «негіз», «бастау» дегенді білдіреді. Бұл терминнің анықтауында(түрлі авторлар пікірінше) рационалдылық бар. Бірақ, бұлардың әрқайсысы осы уникалды құқықтық құбылыстың мәнін дәл ашпайды. Құқықтық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып айтсақ, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәні келесіде.

Сот пен заңдылық туралы идеялар бола тұра, принциптер құқық саласына дейін пайда болған. Кейін, құқықтық реттуді жүйелендіру  мақсатымен құқық нормалары біріктірілген  соң, өмірдің концентрацияланған айна көрінісі болады; қоғамның құқықтық түсінігінде орын алады, жалпы құқықтай өзгеріске ұшырамайтындықтан, азаматтық іс жүргізудің даму болашағын анықтайды.

Сонымен, азаматтық  іс жүргізу принциптері деп, азаматтық  іс жүргіудің сипаттамасын, қолдану тәртібі мен даму перспективаларын анықтайтын, азаматтық іс жүргізу құқығында бекітіліп, осыған байланысты оның сапалық ерекшеліктері мен негізгі ережелері болатын, сот және заңдылық жайлы идеялар мен ойларды айтамыз.

Принциптердің мәні ең алдымен, олардың нормативтік шығармашылыққа әсер етуі. Заң шығарушылық органдары заң нормаларына қандай да болсын өзгеріс енгізгенде, сол жаңа өзгерістер осы заманның құқық принциптеріне қайшы болмауы тиіс. Құқық қолдану сферасында принциптердің маңызы зор: олар азаматтық сот ісін жүргізу негізін, азаматтық істер бойынша заңдылықты қамтамасыз етуде, сот пен іске қатысушы тұлғалардың әрекет нысандары мен әдістерін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу принциптерін бұзу, бірінші сатыдағы соттың шешімін жоюға әкеп соғады [4, 93-94].

Н.Б. Зейдердің 1962 жылы ұсынған «біртұтас  азаматтық іс жүргізу құқығы»  туралы идеясы, азаматтық іс жүргізу  құқығында осы кезге дейін  даулы [5, 86]. Осы идея оппоненттерінің ойларының жалпы мәні келесіде:

1) құқықтық реттеудін жалпы пәні  мен әдісін белгілеу мүмкін емес;

2) принциптер құқықтық реттеудін  жалпы пәні мен әдісіне негізделетіндіктен, азаматтық құқықтарды қорғаудың  барлық нысандары үшін приниптер  жүйесін құру мүмкін емес;

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері