Қылмыстық іс жүргізу қағидасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 17:07, реферат

Описание работы

Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы - тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқат және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.

Файлы: 1 файл

Қылмыстық іс жүргізу қағидасы.docx

— 19.54 Кб (Скачать файл)

Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.  
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы - тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқат және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі. 
Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген қағидалар жүйесі қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен ҚІЖК-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген:  Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген. Бұл қағида негізіне Конституцияның 34-бабы алынған [1.], онда былай делінген: "Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті". Бұл негіз адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны туралы Конституцияның басқа қағидасымен (17-бап) күшейтіле түскен. Адамның жеке басының бостандығына конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен тікелей байланысты.  
Конституцияның 18-бабындағы ереже ҚІЖК-тің 16-бабында[1.], келтірілген: "Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі". 
Адамның жеке басына тиіспеушіліктен заңды түрде айырудың кепілдіктері (іс жүргізу шарттары) мыналар: 
-мәжбүрлеу шараларын тек қылмыстық іс жүргізу шегінде қолдану; 
-адамның жеке басына тиіспеушіліктен айырылуы мүмкін субъектілерді заңмен белгіленген толық шеңбері (сезікті және айыпталушы); 
-мәжбүрлеу шараларын қолданудың дербес іс-әрекетін белгілеу (адамды қамауға алу, ұстау, күштеп әкелу, тінту және т.т.); 
-мәжбүрлеу шараларының қолданылуын іс жүргізу мерзімдерін шектеу; 
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының заңсыз қолданылғанына шағым жасау мүмкіндігі; 
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолданудың нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу; 
-прокурор мен соттың іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары қолданылуының заңдылығын қадағалауы және адамның Құқықтары бұзылған жағдайда қажетті шаралар қолдануы. 
Диплом жұмысының тақырыбы: «Қылмыстық іс жүргізу  қағидаларының түсінігі,  жүйесі және мақсаты». 
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, салалық құқықтық актілердің кейбір ережелерінің мәнінен қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге болады.  
Қолданылып жүрген қылмыстық істі жүргізу кодексінде «қағида» ұғымы мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау қағидаларға арналған. Бұрын қолданылып келген қылмыстық істі жүргізу кодексінде тіпті «қағида» терминінің болмауы қылмыстық іс жүргізу құқығы қағидаларының мәнін түрліше талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз. Заңның ортақ арқауынан осы қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен айқындады. Логикалық қателіктер түрлі ұғымдардың (қағидалардың, сот процесінің жалпы жағдайларының және т.т.) араласуына әкеліп соқты.  
Еліміз әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақ-сатын алға қойып отыр. Осыған байланысты қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық норма-лар-дың тиімді жақтарын пай-да-лану, қоғамға қауіптілігі шамалы іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны із-гілендіру, қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды жетіл-діру-ге пайдалану, оны зерттеу – өзекті мәселе болып табылады. 
Зерттеудің мақсаты: Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу  қағидаларының түсінігі мен мәнін, маңызын, жүйесі мен мақсатын ашу осы зерттеудің мақсаты болып табылады. 
Зерттеудің  міндеттері:  
- Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызын зерттеу;  
- -олардың қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін жүзеге асыруда және социалдық әділеттілікті жүргізудегі ролін қарастыру; 
- -Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын бекітудің құқықтық нысанын анықтау;  
- олардың нормативтік сипаттамасын көрсету;  
- ҚР Конституциясындағы және қылмыстық іс жүргізу заңындағы бекітілген қылмыстық іс жүргізудің қағидаларын қарастыру; 
- Қылмыстық іс жүргізудің әр түрлі стадияларындағы қылмыстық іс жүргізудің қағидаларын жүзеге асыру;  
- Қылмыстық іс жүргізудің әр түрлі стадияларындағы жалпы шарттар мен қағидалардың ара-қатынастарын зерттеу. 
Зерттеу көздері: Процессуалдық әдебиеттер, заң мақалалары және прокуратура органдарының тәжірибесіне көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар ғылыми ұғымдарды қалыптастыру туралы еңбектер, оқулықтар мен әдістемелік құралдар,  озық тәжірибелер. 
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: Қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді. 
Жұмыс құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. 
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің нысаны, мақсат-міндеттері, әдіснамалық негізі, зерттеу әдістері мен тәсілдері көрсетіліп, жұмыстың ғылыми жаңалығы, практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.  
Бірінші бөлім «Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы» деп аталады. Онда қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігіне, мәні мен маңызына және қылмыстық іс жүргізу қағидалар жүйесінің сипаттамасына жалпы шолу жасалады. 
«Қылмыстық іс жүргізу қағидалары, қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген бастама ережелер» атты екінші бөлімде ҚР Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің қағидалары мен ҚІЖК-де бекітілген қағидалар және қылмыстық іс жүргізу қағидаларының сипаттамасы толық қарастырылады. 
«Қылмыстық іс жүргізуде қағидалардың алатын орны» деп аталатын үшінші бөлімде қылмыстық процесте жүргізуші органдардың қағидаларды қолданудың  ерекшеліктері мен қылмыстық іс жүргізу ісінде қағидаларды сақтамаудан туындайтын  проблемалар жан-жақты қарастырылды. 
Қорытындыда дипломдық жұмыс нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.


Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу қағидасы