Азаматтық іс жүргізу нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 18 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамуның барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған мәрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік.........................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы мен бастаулары........................8
1.3 Азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері.......................................................12
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1 Азаматтық процестің негізгі қатысушылары...........................................12
2.2 Азаматтық істердің ведомстволық бағыныштылығы..................................15
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдеу мен дәлелдемелер..................16
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................28

Файлы: 1 файл

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫ.doc

— 218.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

 

І    АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

    1. Азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік.........................................................5

1.2 Азаматтық іс жүргізу  нысанының  құқығы мен бастаулары........................8

1.3 Азаматтық іс жүргізудің  қайнар көздері.......................................................12

 

ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫ  МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ

2.1 Азаматтық  процестің  негізгі   қатысушылары...........................................12

2.2 Азаматтық істердің ведомстволық  бағыныштылығы..................................15

2.3 Азаматтық іс жүргізудегі  соттық дәлелдеу мен дәлелдемелер..................16

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 18 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамуның барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған мәрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде  орнықтыра отырып адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасында адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына арналған 30 бап бар.

Бiздiң мемлекетiмiздiң  ең басты қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.

Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік. Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу мен бостандық әкелерін уақыт өте келе біздің өз тәжірибеміз көрсетуге тиіс.

Қазіргі уақытта жан-жақты  заң шығару және нормативтік-әдістемелік  құжаттарды қамтитын көптеген заң және құқықтық деректер банктерінің бар  болуы құжаттардың әзірлену сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Азаматтық іс жүргізу  бұл сот және басқа субъектілер  арасындағы азаматтық іс қарау мен  шешу кезіндегі құрылатын азаматтық  іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу  құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады.

Курстық жұмыс барысында азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері мәселесін қарастырған отандық және шетелдік авторлардың нормативтік-құқықтық еңбектері, мерзімді басылымдар қолданылған. Отандық авторлар ішінде Егембердиев Е.О., Габдулхакова Г.Г., Абдуллина З.К., Байсалов А.Д. редакциясы бойынша жазылған оқулықтар қолданылған.

Курстық жұмыстың мақсаты: Азаматтық іс жүргізу нысанын зерттеу үшін, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.

Курстық жұмыстың міндеті:

- азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік беру;

- азаматтық іс жүргізу нысанының  құқығы мен бастауларын қарастыру;

- азаматтық іс жүргізудің қайнар көздерін қарастыру;

- азаматтық  процестің  негізгі қатысушыларын анықтау;

- азаматтық істердің ведомстволық бағыныштылығын анықтау;

- азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдеу мен дәлелдемелерді қарастыру.

Зерттеу нысаны. Азаматтық іс жүргізу нысаны.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. АЗАМАТТЫҚ  ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 

    1. Азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік

 

Азаматтық іс жүргізу нысаны бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтың іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар жөне процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтың іс жүргізу нысаны соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.

Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер:

а) сот істерін қарау  жөне шешу тәртібі алдын ала азаматтың іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;

б) істің аяқталуына мүдделі  тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;

в) сот шешімі іс бойынша  сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.

ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі:

1)  бұйрық бойынша іс жүргізу істері;

2)  талап қоюмен іс жүргізу істері;

3)  ерекше талап  қоюмен іс жүргізу істері;

4)  ерекше іс жүргізу  істері.

Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсат-арга жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.

Сот азаматтық істерді  мынандай жағдайларда қарайды:

1)  өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы бойынша;

2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.

Азаматтың іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол бойынша тиісті ұйғарым шығарады.

Істі сотта  қарауға әзірлеу сатысы.

Азаматтың істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты - істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды:

1)  талап қоюшыдан  талаптардың мән-жайы жөнінде  сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

2) қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

3)  үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені шешеді;

4)  іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын күшін, сондай-ақ балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.

Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.

3. Сотта іс қарау сатысы.

Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.

4. Заң күшіне  енбеген сот шешімдері мен  ұйғарымдарына апелляциялық шағым  беру және наразылық келтіру  арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық  өндіріс).

Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.

5. Сот актілерін  орындау сатысы.

Бұл сатыда соттың заң  күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен  немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай).

6. Заң күшіне  енген сот актілерін қадағалау  тәртібі бойынша қайта қарау  сатысы (қадағалау өндірісі).

Сот шешімінің дөлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

1)  Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді  өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;

2) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, алелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;

3) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;

4)  Іс бойынша шығарылған  шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;

5) Бірінші, апелляциялық қадағалау сатысындары соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.

Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар  материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады.

7. Заң күшіне  енген сот актілерін жаңадан  анықталған мән-жайлар бойынша  қайта қарау сатысы.

Кейбір ғалымдардың  пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады.

Шешімдерді жаңадан  анықталған мән-жайлар бойыншша қайта қарауға мыналар негіз болады:

1)  іс үшін елеулі  маңызы бар, арыз берушіге белгілі  болуы мүмкін емес мән-жайлар;

2)  заңды күшіне  енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле түра жасаған жалған қорытындысы, аудар-машының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;

3)  заңды күшіне  енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа  адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қыл-мыстық әрекеттері;

4)  сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы.

Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.

 

1.2 Азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы мен бастаулары

 

Азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтык, істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т.б.) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтың іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу нысаны