Азаматтық іс жүргізу нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды. Осы уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, әнұраны сияқты мемлекеттiк рәмiздерi қабылданып, тәуелсiз елдiң алғашқы Конституциясы өмiрге жолдама алды. Осы 18 жыл iшiнде мемлекет және қоғам дамуның барлық бағыттарында сүбелi жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған мәрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет танылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Азаматтық іс жүргізу нысанына түсінік.........................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу нысанының құқығы мен бастаулары........................8
1.3 Азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері.......................................................12
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1 Азаматтық процестің негізгі қатысушылары...........................................12
2.2 Азаматтық істердің ведомстволық бағыныштылығы..................................15
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдеу мен дәлелдемелер..................16
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................28

Файлы: 1 файл

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫ.doc

— 218.00 Кб (Скачать файл)

- соттық сөз жарысына  қатысу.

Соттағы өкіл сенім берушінің сенімхатында берілген құқықтарға ие. Осындай құқықтарға төмендегілер жатады:

- талап-арызға қол  қою;

- төрелік сотқа істі  беру;

- бейбітшілік келісім  жасасу;

- сот актісіне шағымдану.

Сенімхатта барлық берілетін  құқықтар нақты белгіленуі керек. Өкілдердің қолында оларға берілген құзыреттердің жазбаша рұқсат қағазы немесе сенімхат болуы керек және сот алдында осы құжаттар ұсынылуы қажет.

Адвокат құзыреті АІЖК 59-бабы бойынша ордер арқылы куәландырылады. Басқа тұлғалардың құзыреттері  мекеменің басшысы қол қойған, мөрі басылған құжаттармен расталады (анықтама, сенімхат, жарғы, бұйрық). Сенімхат міндетті түрде нотариус арқылы куәландырылады:

-  әскери қызметкерлердің  құжаттары медициналық бөлімше, кезекші дәрігер қолымен бекітілсе;

- бас бостандығынан  айырылған азамат мекеме басшысымен расталған құжаттарымен;

- қамқоршы  органмен  расталған  құжаттар  (нотариуспен  расталған құжаттарға тек АІЖК 167-бабы жатады).

Сенімхаттар 3 жылға беріледі, аяққы мерзімі белгіленбесе бір  жылға дейін күші бар.

Адвокат өкілеттігі. Процессуалдық мерзімдер ҚР «Адвокаттар әрекеттері туралы» заңында белгіленген. Процессуалдық мерзім сотпен немесе заңмен белгіленеді. Заңмен белгіленген мерзімдер бір себептермен уақытында қолданбай өтіп кетсе, сот арқылы қайта қалпына келтіріледі

АІЖК мерзімдердің келесі түрлері белгіленген:

- талап-арызды қабылдау  мерзімі (152-бап);

- істі соттык, қарауға  дайындау;

- істі қарау;

- қосымша шешім шығару  мерзімі.

Сот орындаушылары сот  шешімін іске асыру барысында  заңмен атқарушылық әрекеттерінің  мерзімі белгіленген.

Мерзімдердің есептелуі  мен тоқтатылуы. Мерзімдердің есептелу түрлері:

- нақты күнтізбе бойынша  белгіленген күні;

- оқиғаны белгілейтін; -уақыт кезеңімен;

- белгіленген уақытта  сотқа келу;

-жылдар, айлар немесе  күндермен есептелетін кезең. Мерзімдердің тоқтауы: Жылмен есептелетін мерзімнің уақыты аяққы күні, сағатында аяқталады. Аяққы күн демалыс күніне келсе, онда келесі 13 жұмыс күні есепке алынады. Процессуалдық мерзімдер азаматтардың өлу немесе заңды тұлғаның жойылу фактісіне сай тоқтатылады (әскери борышын атқаруға шақырылуы, ауыруы жәнө бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі бойынша, т.б.). Соттың, прокурордың және тұлғалардың өтініштері бойынша мерзімдер тоқтатылуы мүмкін.

Азаматтық істерді қарастыратын мерзімдер. Бірінші инстанцияда қарауға істер 7 күн ішінде даярланады. Істі қарау мерзімі соттың бірінші инстанциясында талап-арыз берілген күннен бастап 2 ай. Мерзімдерді ұзарту жәнө қысқарту деген ұғымдар бар. Бір ай уақыт ішінде қаралатын істер мерзімі қысқарған деп танылады:

-сайлау құқықтарын қорғау;

- психиатриалық стационарға  мәжбүрлеп жатқызу;

- құқықтық актіні заңсыз деп тануға әзірленген прокурор талабы.

Ұзартылған уақыт:

- некені бұзу - 3 айдан 1 жылға дейін;

- хабарсыз, жоғалды деп  тану - 3 айдан 3 жылға дейін.

Сот бұйрығын шығару жайлы өтінішті қарастыру мерзімі. АІЖК 13-бабына сай даусыз талаптар бойынша борышкерден ақша немесе мүлік қарызын өндіріп алу өтініші бойынша сот бұйрық шығарады. 145-бапқа сай, сот бұйрығы 3 күн ішінде өтініш қабылданған күннен бастап шығарылады.

Апелляциялық инстанциясының соты шағым түскен күннен бастап істі қарауға әзірлейді. 349-бапқа сай, апелляциялық инстанцияда іс бір ай ішінде қаралуға тиіс.

Қадағалау инстанциясында да іс қарау мерзімі бір ай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тәуелсіз мемлекет құрудың ең басты шарттарының бірі заңдылықты сақтау болып табылады. Заң нормаларын сақтау-әрбір азаматтың міңдеті. Осыған орай мемлекет мүддесін және жеке азаматгың қүқығын қорғау, тәртіпті нығайту, құқық бұзушылыкпен күресу, халықты заң ержелерін сақтауға үйрету еліміздің көптеген құқық қорғау органдарымен қатар сот органдарына да жүктелген.

Соңғы жылдарда азаматтық  және қылмыстық істер қараудың сапасы мен жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Мұндай оңды нәтижелер 2001 жылғы маусымда іс жүргізу заңнамасына жаңа ережелер енгізіп, соның арқасында істерді қайта қарауға қайтармай, облыстык соттардың апелляциялық және қадағалау инстанцияларында түпкілікті шешудің оңтайлы жолын таңдауға мүмкін болғанына да байланысты болып отыр.

Дегенмен еліміздің сот әділдігі жүйесін жетілдірудің барлық мәселелері толық шешілді деп айтуға болмайды. Біз демократиялық қоғам орнатып жатырмыз. Ал демократия-адамдардың Конституциялық құқықтарының, бостандықтарының қатаң сақталуы. Олай болса, азаматгардың құқықтары бұзылмауының немесе бұзылған құқықтарының уақтылы, дер кезінде қалпына келтірілуі мемлекетімізде сот органдары арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген соттардың және сот әкімшілігі органдарындағы кемшіліктер, заңды және сот этикасын бұзу немесе заңсыз, негізсіз шешімдер шығару сияқты келеңсіз жағдайлар әлі де көптеп кездесетіні белгілі.

Соттардың жіберген қателіктерінің көпшілігі сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енбей тұрып, яғни, апелляциялық сатыларда істерді қайта қарау арқылы түзетіледі. Дегенмен заңсыз немесе негізсіз шешімдердің де занды күшіне еніп кететін жағдайлары аз кездеспейді.

Демократиялық зандылықты нығайту жолында мұңдай сот актілері өзгертілуге немесе күшін жоюға тиіс.

Заңды күшіне енген заңсыз және негізсіз сот актілерін түзету-сот жүйесінде азаматтық істерді қадағалау тәртібімен қайта қарау арқылы жүзеге асырылады.

Қадағалау тәртібімен істерді  қайта қарау өндірісінің мақсаты-төменгі  инстанциялардағы. соттардың шығарған актілерінің заңдылығын тексеру  болып табылады. Бұл институг азаматтардың, ұйымдардың, мемлекетгін бұзылған құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады. Себебі қадағалау сатысындағы соттарға апелляциялық инстанциясының соттарына қарағанда заңмен бекітілген көп мүмкіндіктер берілген.

Азаматтық іс жүргізу сатысының жеке дербес сатысы ретінде сот актілерін кадағалау тәртібімен қайта қарау-түпкілікті мақсатқа жету үшін бағытталған іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығы деп қарастыратын болсақ, түпкілікгі бір мақсатқа жету үшін оны реттейтін заң нормалары жекелеген азаматтар мен ұйымдардың және мемлекеттің мүддесін қорғау үшін жауап бере алуы тиіс.

Заңды күшіне енген сот  актілеріне қадағалау шағым беру құқығы Қазақстан Конституциясында бекітілген сотқа жолдану құқығының кепілдігінің бірі болады.

Тақырыбымызды қорытындыласақ, бүгінгі жұмысым кеңінен ашылды деп ойлаймын. Осы бүгінгі жазған тақырыбым арқылы көптеген мәліметтерді алдым, осы алған білімім келешектегі мамандығыма өз септігін тигізеді деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30–шы тамыз 1995 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексі 13–ші шілде 1999 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 жыл.
  4. Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы ҚР заңы, 1998 ж. 30 маусым.
  5. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное прово Республики Казахстан. Т. 1, Общая часть, Алматы; КазГЮА, 2001. – Б. 210.
  6. Гурвич М.А. Право на иск. М.-Л., 1949 г. бет
  7. Гурвич М.А. Судебное решение. М., 1976 г.
  8. Гражданский процесс М., 1995 г. Под ред. Шакарян М.С
  9. Добровольский А.А., Иванова С.А. – Основные проблемы исковой    формы защиты права. М., 1979 г.
  10. Добровольский А.А., Иванова С.А. – Иски о признании как средство    защиты права. Советская юстиция . 1977 г., № 196 с. 9-10
  11. Кожухов А.Н. Право на судебную защиту исковом  производстве . Кишенев 1969
  12. Логино П.В. Понятие иска и исковая форма защиты права. Советское государство и право, 1983 г., № 3. Пушкарь
  13. Пушкарь Е.Г.  Предпосылки право на обращение в суд. К., 1977 г.
  14. Пушкарь Е.Г. Исковое производство в советском гражданском  процессе. Л., 1978 г.
  15. Пучинский В.К. Элементы иска в советском гражданском процессе.  Советское государство и право. 1979 г. № 3.
  16. Советский гражданский процесс. М., 1996 г. Под ред. Осипова Ю.К.
  17. Советский гражданский процесс. М. 1985 г. Под ред. Гурвича М.А.
  18. Учебник гражданский  процесса. М., 1996 г. Под ред. Треушникова

 

Antiplagiat.ru

Antiplagiat.kz

 

Справку!




Информация о работе Азаматтық іс жүргізу нысаны