Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 12:55, курсовая работа

Описание работы

Бұрынғы кезде судьялар сайлаушыларға және оны сайлаған органға есеп беретін, сондықтан осындай есеп берудің салдарынан судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған болатын. Яғни, соттар жергілікті атқарушы өкілетті органның тар өрісті шеңберінен аса алмайтын. Бірақ, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдерді одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырды. Елбасының 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысында бұл саладағы негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" судьяның азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы бекіді.

Файлы: 1 файл

сама работа.doc

— 321.50 Кб (Скачать файл)

Бұл тұлғаларға шешімнің заңды күшіне енуінің материалдық құқық салдары әрекет етпейді. Жоғарыда айтылып кеткендей іс бойынша қорытынды беру үшін мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қатысады. Бұл органдар қорытынды беруді өз белсенділігімен немесе соттың инициативасымен береді. Мемлекеттік органдардың беретін қорытындылары 2 бөлімнен тұрады.

1. Мемлекеттік оргадардың қызметкерлері  мен арнайы білімдері негізінде  жиналған мән-жайлар жөніндегі  мәліметтер. Ол жазбаша құжат ретінде тапсырылады.

2. Осы оганның іс бойынша жеке  пікірлерін көрсетуі, яғни қаралып  отырған даудың құқықтық сипаты, дәлелдемелерді бағалауы және  дауды шешудегі өздерінің жолдарын  ұсынуы. Бұл қорытынды, сот үшін  міндетті емес, бірақ судья өз шешімінде қорытындыны неліктен қолданбағаны жөнінде дәлелді жауап бойынша мемлекеттік органдарының қатысуы міндетті болып, ал бұл тұлғалар қатыспаса немесе құрытынды бермесе шешім заңсыз және негізсіз деп табылып жоюға жатады. Бұл органдарға өкілетті өкілдер қатысады және олардың берген қорытындысы сарапшының қорытындысына құқықтық баға берумен ерекшеленеді. Сарапшының қорытындысында іс бойынша жиналған дәлелдемелер бойынша құқықтық баға берілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе енді азаматтық іс жүргізудің арнайы субъектісі соттардың мәртебесі жайлы айтып өтпесек болмайды. өйткені сотсыз тек тараптармен азаматтық іс қозғалмайды.

Азаматтық іс жүргізу кодексі мен басқа да кодекстердің баптарында тиісінше өзгерістер енгізіліп келеді. Бұдан кодекстің кейбір нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл орайда, нормативтік қаулының жобасында сотқа берілетін талап-арыздар төлемі, соның ішінде тараптардың мүліктік жағдайын ескере отырып мұрсат беру, мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру немесе оны төлеуден босату мәселелері бойынша түсініктемелер берілген.

АІЖК апелляциялық тәртіппен істердің қаралуын реттейтін, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша заң күшіне енген сот актілерін қайта қарау өлшемдеріне, басқа да бірқатар маңызды мәселелерге түсініктемелер беріледі.

Сондай-ақ сот жүйесі үшін маңызды құжат соттардың беделін көтеруге арналған бағдарлама болып отыр. Бағдарлама Президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша дайындалған.

Бағдарлама жобасын дайындаудағы бірінші мақсат – адам құқығын қорғаудағы сот беделін арттыру болуда. Сондай-ақ, сот жүйесінің халық үшін және бұқаралық ақпарат құралдары үшін хариялылығын да мақсат етеді. Бағдарламада соттардың материалдық жағдайы да қамтылған. Сот беделін нығайтуға арналған бағдарлама белгілі бір кезеңге көрсетілмеген. Себебі, сот беделін арттыруды күнделікті іске айнылдыру көзделіп отыр.

Ендігі кезекте сот саласындағы қызметкерлердің материалдық жағдайын көтеру керек. Айталық, аудандық сот судьяларының жалақысы шамамен жиырма мың теңге болса, сот мәжілісі хатшылары бес-сегіз мың теңгенің айналасында ғана алады. мұндай қаражатқа қарап отырған судьядан барлық жағдайда дербестікті күтудің өзі күмән тудырады. Яғни, бұл соттардың тәуелсіздігі мәселесіне көлеңкесін түсіретін қосымша жәйт. Сонымен қатар, бүгінде соттар мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерден айырылып отыр. Бұған қоса соттар заң бойынша 63 жасқа келгенде зейнеткерлік демалысқа шығады. Енді салыстырмалы түрде қарастырып көрелік. Мәселен, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері денсаулығына байланысты қызметінен босаса, олар зейнеткерлік жасқа келген, келмегеніне қарамастан зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Судьялар үшін мұндай жағдай қарастырылмаған. Яғни, олар денсаулығының нашарлағанына қарамастан зейнеткерлік жасқа жеткенше жұмыс істеуге мәжбүр. Ал, белгілі бір себептермен қызметінен кетеді екен, онда зейнетақы не басқадай табыс көзі жоқ судьяға жұмыс іздеуге тура келеді. Бұл, меніңше судьялардың тәуелсіздігі принципіне кереғар, қала берді соттардың мәртебесіне нұқсан келтіретін жәйт.

Қоғамда болып жатқан барлық даулы жағдайларды соттар шешеді, небір қанды қасап, жантүршілегрлік қылмыстарға соттар нүкте қояды. Тиісінше, судьяларға қызмет бабымен бірнеше адамның қанын жүктеген қанішермен де, небір тонауларды жүзеге асырған баукеспе ұрымен де жүздесуге тура келеді. Ал, істің шешімі бойынша жеңуші және жеңілуші тарап болатындықтан, билік бір тараптың көңілінен шыққанымен, екнші жақтың ашу-ызасын тудыруы мүмкін. Мұндайда ұтылған тараптың өз кегін билік шығарған судьядан немесе оның отбасынан қайтармасына кім кепіл. Ал, судьяның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе, болмаса күзет қызметі, өкінішке орай бізде жоқтың қасы.

Алайда, судьяның жұмысындағы қауіп-қатердің жоғарылығын ескергендіктен болашақта бұл мәселенің шешімін табу орынды болар еді. Ал, Ресейде судьяға іс қараған кезде арнайы күзет беріледі. Итальяндық судьяларды қай жерде болмасын арнайы күзетшілер алып жүреді.

Сот қызметінің қауіпсіздігін нығайтуға орынды қадам жасадық. Бірақ, бұл қызметке "сот приставтары" деп атау бергенмен, тиісті өкілеттіктерден қалыс қалдыруымызға не себеп? Бұған келтіретін дәйектер көп-ақ. Айталық, сот приставтарының қазіргі жалақылары мардымсыз, сот ғимаратындағы тыныштықты құрғақ сесімен күзетіп тұрғаны болмаса, қатерлі жағдайда қорғанатын қаруы да жоқ. Сырттан келген адам оның кім екендігін  білмей де қалады. өйткені, онда арнайы форма жоқ. Мәселен, қоғамдық тәртіпті күзететін полиция қызметкерлері өз мінлетін атқару кезінде жарақаттанса оған мемлекет тарапынан зейнетақы төленеді, жеңілдіктер жасалады. Ал, сот приставтарында мұндай құқық жоқ. Сонда сырттан қауіп төнген жағдайда қолында қаруы жоқ пристав қара күшіне сеніп төбелесуі керек пе деген сауал туындайды. Ал, Ресейдегі жағдай мүлдем басқаша. Онда сот приставтары сот орындаушыларының қызметін атқарады және жалақылары да жоғары әрі формамен, қарумен қамтылған.

Меніңше, сот залында судьяға, жалпы сот жүйесіне сыйластық қатынасты қалыптастыратын сот приставтары болу керек. Бұл үшін, әрине тиісті өкілеттіктер беру керек. Мәселен, шет мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, оларда сот залында тәртіп бұзған, судьяны сыйламаған адамды сот приставтары кідірместен сол жерде қамауға алады. Бұдан кейін сотты сыйламаған адамға айыппұл төлетеді. Болашақта біздің де осы тәжірибеге көшуіміз керек.

Жалпы, судья дегеніміз сот билігінің ғана емес бүкіл қоғамның абыройы, әділет өлшемі болғандықтан, ол өз бойында адамға тән ең биік, жоғары, жақсы қасиеттерді жинақтауы керек. Бұл соттардың тәуелсіздігін нығайту мен судьяларға деген сыйластықтың артуының да кепілі. 1996 жылы қабылданған Сот әдебі кодексінің судьялардың жүріс-тұрысының прнциптерін бекіткені белгілі. Аталмыш кодекске сәйкес әрбір судья демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылатын сот жүйесінің тәуелсіздігі мен абыройын сыйлауға тиісті. Ал, бұл принциптерді бұзғаны үшін судья моральдық жауапкершілікке тартылады және мұндай жағдайда судьялар қоғамның алдында тәртіптік шара қолдану туралы мәселесінің қойылуы әбден мүмкін.

Жауапкершілікке тартылып жатқан жүріс-тұрысы дұрыс емес судьялар баршылық. Алайда, жауапкершіліктен тайқып, қалтарыста қалатын судьялар да жоқ емес. Мәселен, сот саласында отбасының шырқын бұзған, жұбайынан ажырасқан судьялар істейді. Менің пікірімше, жақсы отбасын қалыптастыра алмаған судья өз қызметіне адал болып, әділдік жолымен қарай алмайды. Керек десеңіз, ажырасып, балаларына көмек көрсетуден бас тартқан судьялардың артынан әйелдерінің арызданып жүрген жағдайлары кездеседі. Ал, өз отбасына, баласына жанашырлық танытып, әділетті бола алмаған адам дүйім жұрттың дауына түсінікпен қарап, әділ болады деп ойлау қисынсыз. Мұндай адамдардың сот саласында болуы күмән тудырады.

Сот жүйесінде бір апта жұмыста болып, екі, үш апталап ауырып қалатын судьялар бар. Олардың шын мәнінде сырқаттанып қалатындарына күмән келмегенімен, бұл жағдайдың белгілі бір судьяларда жиі қайталануы шынында да түсініксіз. Бұл біріншіден, мемлекетке зиян, екіншіден басқа судьялардың жүктемесін ауырлататын жағдай. Айталық, заң жүзінде қылмыстық іс бір айдың көлемінде қаралып біту керек болса, істі қабылдап алған судья ауырып қалғандықтан, мұндай істерді басқа судьяға беруге тура келеді. Бұл істі қарау мерзімінің бұзылуына әкеп соғады. Ал, іс бойынша сотталушы үкім шыққанша сырылып күтуге мәжбүр болады. сондықтан, жұмыста болғанынан ауыратын кездері көп судьялар біздің жүйеде істемеуі керек деп ойлаймын.

"Судья – сөйлеп тұрған  заң" деген қағида бар. ал біздің  судьяларымыздың сапалы жұмыс  істеуі үшін заңды жетік білуі  бірінші кезектегі міндет десек, сол білімі іс қарау барысында жазылатын іс қағаздарды дұрыс толтыруынан көрінеді. судьяның мемлекет атынан шығаратын үкімі мен шешімінің сауаттылық сапасы – судья деңгейін көрсетеді. Осы тұрғыдан қарағанда судьялармен әлі де көп жұмыс істеу қажеттілігі байқалады. өйткені, ойы орамсыз, тіл сауаттылығы мен біліктілігі төмен судьялар шығарған үкімдер мен шешімдерді оқығанда, еріксіз қынжыласың. Тіпті, мемлекет атынан жарияланған акт деуге ауыз бармайды. Сондықтан, судьялардың білім деңгейін үнемі көтерумен қатар олардың іс қағаздарын сауатты болуын баста назарда ұстап, сол бағытта тынымсыз тиянақты жұмыс істеуіміз керек. Осы бағытта біз облыс судьяларының назарына сот – іс қағаздар үлгісін ұсына отырып, құжаттардың сауатты жазылуы, судьялардың әжептілік нормаларды сақтай отырып, сот процесстерінде, қоғамдық ортада дұрыс сөйлеуіне де мән беруіміз қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Әдбіразақұлы 2003 жылы Мәскеу қаласында өткен "Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы сот-құқықтық реформа дамуының жағдайы мен келешегі" атты ғылыми-практикалық конференцияда "Құқықтық мемлекеттегі сот билігі" тақырыбына жасаған баяндамасында, 2000 жыл біз үшін қорытындылаушы жыл болғанын атай отырып, атқарушы биліктің соттарға ықпал етуін тоқтатуға қол жеткізгеніміз жөнінде айтып өтті[30,76бет].

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту шаралары туралы Жарлығы сот реформасының қағидатты жетістігі екенін атап көрсетті.

Өркениетті елдерде азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын сот жүйесі арқылы қорғау қалыптасқан. Сонымен қатар, әділ билікті жүзеге асыру сот органдарына жүктелген және оның сапалы түрде жүзеге асырылуына қатаң назар аударылады. Демек, сот ешкімге жалтақтамайтын, тәуелсіз орган болуы керек. Судьялардың тәуелсізігі, олардың тек Конституцияға және заңға бағынуы сот төрелігін жүзеге асырудың басты алғышарты, яғни қандай да бір қаралған істің әділ шешілуінің кепілі болып табылады.

Сот беделінің құндылығы қабылданған сот шешімінің уақытында орындалуында, азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін соттарға сенім артуында болып отыр. Сондықтан судьялардың істі сөзбұйдаға салып, кернеаулық танытуына жол беруге болмайды. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заң қабылданғаннан кейін судьялардың сот төрелігін мантиясын киіп жүзеге асыруы қалыптасты. Сот ғимараттарында, сот мәжіліс залдарында Қазақстан Республикасының көк байрағы желбіреп, мемлекеттік елтаңба бейнесі қойылды. Жергілікті соттардың материалдық-техникалық жағдайы да жақсарып, бөлмелер мен сот мәжілісінің залдарына жаңа жићаздар беріліп, компьютерлер қойылды, модем байланысы орнатылды, автокөліктермен қамтамасыз етілді[31,5бет].

Жергілікті соттардың сапалы жұмыс жасауына Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет тарапынан жағдай жасалды. Судьялардың еңбекақысы өсті. Енді, тек қана соттарға заң талабына сай әділ билікті жүзеге асыру ғана қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының 20.03.2003ж Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының «Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңдарының кейбiр нормаларын қолдануы туралы» қаулы
  2. Азаматтық процессуалдық комментарий М.,1991ж
  3. Қазақстан Республикасының 30.08.1995ж қабылданған Конституциясы,21.05.2007 ж өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
  4. Мельников А.А. Курс гражданского процессуального право.М.,1981.
  5. Шакарян М.С. Гражданский процесс. М.,1993
  6. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право.Алматы, 2001.
  7. Шакарян М.С. Субъекты советского гражданского процессуального права М., 1970.
  8. Абдулина З.Қ Азаматтық iс жүргiзу құқығы. Алматы, 2002.
  9. Гражданская процессуальная форма и производства / под ред. Чечина Н.А., Чечот Д.М. М.,1979.
  10. Сравнительное конституционное право./ под ред.Чиркина В.Е.М.,2002.
  11. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение. М.,2000.
  12. Қазақстан Республикасының 25.12.1995ж қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесi мен судьялардың мәртебесi туралы» Конституциялық заңы, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
  13. Қазақстан Республикасының 13.07.1999ж қабылданған Азаматтық iс жүргiзу кодексi   өзгерiстер мен толықтырулар енгізілді.
  14. ҚазССР АПК-ке ғылыми тәжiрибелiк комментарий. Алматы, 1976
  15. Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом производстве, Томск 1990.
  16. Философский энциклопедический словарь. М., 1983.
  17. Гражданский процессуальное право России. /Под ред.Шакарян М., 1996
  18. Советский гражданский процесс. /Под.ред. Добровольского. М. 1979.
  19. Семенов В.М. Конституционные принципы судопроизводства. М., 1982.
  20. Гурвин М.А. Судебное решение, теоретическое проблемы. М.,1976.
  21. Муравьев И.В. Прокурорский надзор в его устройстве и деятельности. М.,1994.
  22. Советское прокуратура. М., 1981
  23. Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заң күшi бар Жарлығы. 1995ж. 21-желтоқсанда қабылданған (1997ж. 2-шiлдедегi №266-I, 1999ж. 7-сәуiрдегi №374-I, 1999ж. 23-шiлдедегi №454-I, 2000ж. 29-наурыздағы №24-II, 2000ж. 5-мамырдағы №48-II ҚР Заңдарымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар).
  24. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Пленумының 2000ж. 30-маусымдағы №9 «Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңдарының кейбiр нормаларын қолдануы туралы» қаулысы.
  25. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК.Алматы, 1999
  26. Концепция развития судебной системы Республики Казахстан (проект) // Справочная система казахстанского законодательства «Юрист».
  27. Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысы
  28. Мами К.А. Конституционная законность и судебная власть в Республике Казахстан: основные тенденции и приоритеты. // Дисс. д.ю.н. – Алматы, 2003.
  29. Қазақстан Республикасының Президентінің 05.05.2004. "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы"
  30. Указ Президента Республики Казахстан от 20.09.2002 г. № 949 «О Концепции правовой политики Республики Казахстан»// Казахстанская полиция. Астана, 2002 г
  31. Выступление Н.А. Назарбаева на III съезде судей Республики Казахстан «Правосудие – это справедливость». Астана, 06 июня 2001 г.
  32. Указ Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2000 года № 440 «О мерах по усилению независимости судебной системы Республики Казахстан». Справочная система казахстанского законодательства «Юрист».

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар