Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 14:08, доклад

Описание работы

Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда, Шәкәрім жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу» дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады. Жастай жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосады.

Файлы: 1 файл

Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы.docx

— 121.36 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

 

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы

 

 

 

 

 

Тақырыпқа: Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

 

 

 

 

 

 

Орындады: Мурсагатов Абдулла

                    1 курс, 106 топ, ҚДС

Қабылдады: Оразымбетова Ғ. Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент-2014

 Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда, Шәкәрім жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу» дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады. Жастай жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосады. Бес жасынан оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан зейінді де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп ұзатпай орыс тілін де еркін меңгереді. Араб, парсы, түрік тілдерін өзінің туған анасы Дәметкеннен (шын аты Төлебике. – М.Ж.) үйренсе әкесі Құдайберді ескі кітаптарды, қазақтың көне қисса–дастандарын, ақын, жыраулардың өлең, жырларын жатқа айтатын кісі болған деседі. Осындай тәрбие көріп өскен Шәкәрімнің өлеңге деген құштарлығының оянуына осы үлгі қолайлы жағдай жасайды. Бұған бала Шәкәрімнің әкесі Құдайберді қайтыс болғанда айтқан мына бір тырнақ алды өлеңі дәлел бола алады. Далада ойнап жүрген жас Шәкәрім өрлеп бара жатқан бір жұлдыз құртын өлтіріп алады. Аздан соң өзінің сол ісіне әрі әкесінің өлімі есіне түсіп, мына бір өлең жолдарын жұлдыз құрты атынан суырып салып айтса керек:

     «Өлтірдің, онан  таптың қандай пайда,

      Өмір сүріп  жүруші ем жазда сайда.

      Өлімнің  қандайлығын көзің көрді,

      Кешегі  тірі жүрген әкең қайда?!

Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына. Әр кезеңде жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер белгі береді. «Қош, жұртым» атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының өткен өміріне көз жібереді, бүгініне үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған, қазақ даласына айрықша бір сәуленің нүры шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын жасаған ақын қуана тұрып өзіне «ендігі мақсатың не?» деген сауал қояды да, соған жауап іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді. Алайда ақында алаңдаушылық та бар. Ендігі жерде халқының бойындағы күндестік, мақтаншақтық сияқты қасиеттердің жойылуы қажет екенін алғатартады. Өкінішке орай, бұл қасиеттер әлі де болса аяққа тұсау болып отырғанына күйзеледі. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі. Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. «Бай мен қонақ» өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани түсінігінің деңгейін сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғышар кейіпкерлер бар. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық» адам баласын қалай аздыратынын ұлы Абай қандай шебер айтып кеткен болса, Шәкәрімнің мұндағы кейіпкерлері де алдында асы бар, істер ісі жоқ, тойғанына мәз, бірін-бірі кемсітуге құмар мүгедек жандар. Шәкәрім айналасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға әрдайым сергек қарады. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамдікі болу керектігін айтады.

Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.

Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.

 

Абай шығармаларының өзегіндегі адам тәрбиесі, Алланы сүю, халықтық тәрбие болашағы, ел бостандығы, рухани дамуға қол жеткізу мәселелерін де Шәкәрім ақын өзінше өрбітеді:

Жердың жүзін дәл тауып,

Ешбір дін жоқ орныққан.

Бәрінде де бар қауіп,

Дін көбейді сондықтан.

Сол көп дінде шешу бар,

Ол шешудің арты бар.

Адасқанға кешу бар,

Кешудің де шарты бар.

Тәңірі жолы ак жүрек,

Сайтан деген қиянат.

Ақ жүректі ертерек,

Ескер дагы қыл әдет.

Адам бойындағы имандылық қасиеттердің туындауын адамгершілік ақыл-ой, білім, еңбек бәрі де ізгілікке ден қойған жастар бойынан табылса деген пайымдау да – Абай үлгісі. Екі ақын да адам бойындағы жағымсыз мінездерді жоюдың жолы ретінде білімді, ақылды, еңбекті бірінші кезекке қояды. Көрсеқызарлық, арамдық, залымдық, өтірік, өсек, надандық – адамның ізгі  қасиетін тежейтін залалды іс. Бұл тек қана жекенің іс-әрекеті ғана емес,  халық бойынан аулақ, сылып тастайтын зиянкес екендігін баса айтады. Ендеше, осылардан арылтатын құралдың бірі – Абайдың рухани дүниесі, Абайдың ізгілік жолымен жүріп, тағлымын тану дейді Шәкәрім. Ақыл, жүрек, ақжүрек, ой ұғымдарының дәріптелуі – Абай көркемдеп, келістіре жырлаған үрдістің заңды жалғасы. Шәкәрім шығармаларындағы философиялық көзқарас, дүниетаным мәселесінде Алла, жан, өлім, өмір, адамгершілік туралы ойлары да Абай дәстүрінің ықпалы екеніне дау жоқ. Абай көркемдеген «толық адам» бейнесi – алланы сүйген, адамзатты сүйген, әдiлеттi ту еткен махаббат иесі ретінде сомдалған. Алайда «толық, түзу адам» дәрежесiне әулие, хакiмдер, пайғамбарлар ғана жеткен десек те адам баласына Аллаға құлшылық ету, iшкi дүниесін жетілдіру, қанағат, рахым, мейiрiм, ынсаб қасиеттерін ұстану – адами қағидалардың негізі.  Сондықтан да ақын «Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» – деп тұжырымдайды.

Шәкәрім өлеңдері ащы шындық пен оптимистік үнге толы. Ақыл-ой, сезім деңгейі ерекшеленіп, дербестік дәрежеге жеткен, дараланған тұлға бейнесін, ісләмдік діни пәлсапа мен қоса ғылыми тұжырымдар, абстракциялық ойлау мен логикалық жүйені біріктірген, рухани таза жанды дәріптеген:

Тәнірін іздеп бір мұңғыл,

Тас суретке шоқынса .

Өлседе  соған болып құл,

Иманын бұзбай отырса .

Атақ пайда іздемей ,

Ойында мақтан жоқ болса.

Қиянатты көздемей ,

Қанағатқа  тоқ болса.

Молдеке ау оған таңданба,

Сол кіреді бейіске .

Екі жүзді сандалма ,

Сен қаласың кейісте .

Құдайың мен дүниеге,

Кезекпе кезек шоқынсаң.

Инедей пайда тие ме ,

Мешітте мың жыл отырсаң .      

 

Екі ғұлама көзқарастарындағы ортақ желі – өлім мен өмір жайлы тәлім. Адам мен болмысты Жаратушы бір құдай, діндер қанша көп болса да, адамзат әртүрлі болса да, барлық шындықтың бір себебі – Жаратушы. Жаратушы мейірімді және жомарт деген ойлардың сабақтастығы анық аңғарылады.

Ал Шәкәрім жан мен тән жайында сөз қозғағанда, жан мәселесіне айрықша мән береді. Абай ұғымында «ақыл мен жан – мен өзім», Шәкәрім болса «Ақылды жан, тән қамы үшін жұмсап жүр. Соған қызмет етеді» деген ұғым басым. Өмір жайындағы Абай толғаныстары мен ойларын Шәкәрім өзгеше сипатта суреттейд. «Ойлай берсең, у екен» – дейтін Абай тұжырымдары Шәкәрім толғамында:

Кейбіреулер жазады: «Қу өмір» – деп,

«Тұрағы жоқ алдамшы су өмір» – деп,

«Көрген қызық, қылған іс-бәрі де ұмыт,

Иә, көлеңке, яки түс, у өмір» - деп сипатталып, өмірді терең түсінуге, адам баласына мінді өз бойыннан іздеуге міндеттейді.

Қанша тілегіңе жетсең де, бақытқа кенеліп шаттансаң да ғұмыр қысқа барар жерің – біреу. Адамның жалған дүниеде мазмұнды өмір сүруінің маңыздылығын өмірдің қас-қағым сәттей өтінішті екендігі жайында ой қорытады:

Суынан да

Уынан да

Құтылармыз жоқ болып.  

 

Осы мазмұны терең өлеңінде ақын ұғынықты оймен қоса, әдемі табиғат көрінісін бейнелейді. Бұнда негізгі ой адам өмірінің қысқалығы, алайда оны мағыналы өткізу маңызды екендігі айтылады.

Сондай-ақ Шәкәрімнің «жан» ұғымына тереңінен қарап, Абай қара сөздеріндегі үлгіні парасаттылықпен, байыппен пайымдап, зерделеуі «Жан мен Һәм көңіл», «Тәңір мен жан», «Тіршілік, жан туралы», «Мен адамның таппадым ақылдысын» т.б. өлеңдерінде ой айқын байқалса Шәкәрімнің «Тіршілік жан туралы», «Дін», «Мақтау мен сөгіс», «Талап пен ақыл», «Өмір», т.б. өлеңдерінде Абай зерделеген шындықтарды жаңаша пайымдай білді. Халыққа ғибрат ұсынған данышпандардың екеуі де түзу тіршілік жасаудың жолы  білім, біліктілік пен адалдық, тазалық екендігін алға тартып, адам баласының бір-біріне мейірімді, қайырымды болуын тәңір алдындағы парызы деп есептейді. Қашаннан да қазақ халқының берекесін алып, құтын қашырып келе жатқан кемшіліктер – күншілдік, іштарлық, бақталастық жалқаулық екенін айтуда да ойлары үндеседі.

Шәкәрім өз шығармаларында «ар білімі» деген терминді қолданған. Ол «ар» сөзін «совесть» деп тәржімалаған. Ар дегеніміз не? Ол тек адамға ғана қатысты түсінік. Михаил Лермонтов: «Адам ісіне құдаймен бірге төреші бір нәрсе бар, ол - ар» деп айтқан. Абай аудармасында ол өлең былайша келтірілген:

Менің сырым, жігіттер, емес оңай,

Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!

Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,

Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай.

Философ Ғарифолла Есімнің айтуынша: «арлы адам, алдымен, құдайына қараған, құдай мақұлдамайтын іске бармайтын адам. Ар - әр адамның өз ісінің төрешісі». Ғ.Есім: «Құдай құратын «сотқа» дейін адам өзінің арының алдында жауап бермек» дейді. «Менандрдың: Әр адамның құдайы - өзінің ары» деген сөзі бар.

Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар - адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді.

Ар - адамдық сананың негізі деп: «ар түзер адамның адамдық санасын» деген өлең жолдарымен Шәкәрім де айтқан. Шәкәрімше айтқанда ар өзіне жақын, әлі ара жігі ашылып зерттелмеген ұят, ұждан ұғымдарымен бірлікте.

Шәкәрім «Ашу мен ынсап» атты өлеңінде «ар» сөзін бірнеше рет қайталанған:

Бәріне де құлақ сал,

        Рахым, ұят, ар қайда?     

Көп наданнан жасқанып,

Сорлың елге бас ұрған.

       Рахым, Ұят, Арының,

       Бетін  топырақ жасырған.     

Дайын қылдым бәрін де,

- Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,

Ынсап деген кәрің де.

Бұл өлеңде ар адам бойындағы ашу-ызаға қарсы, ынсапқа жақтас қасиет ретінде көрініс тапқан.

Шәкәрім өлеңдерінде, аудармаларында ар тазалығы, имандылық, адамгершілік мәселелерін жиі көтереді. Оның шығармаларында өзінің ішкі табиғатына, көзқарасына сәйкес келетін және сол идеясын жеткізуге лайық детальдар мен сюжеттік элементтер тапқанда ғана сол туындыны жазуға бой ұрады.Шәкәрім ар түзейтін ғылым жағында. Ол «ар білімін» жақтайды. Соның аты озғанын қалайды. Оның «Таза ақыл», «ақ жүрек» дегені жай бір қысыр кеңес емес, адамгершілік философиясынан тарайды. Ізгілік, әділеттілік бар істе басты болуға керек. «Мылтық билеп тұрғанда, әділет жоқ» деген құнарлы пікірге  келеді. «Жиырмасыншы ғасырдың адамынан, Анық таза бір елді көрмей өттім» дейтіні де сондықтан.

Шәкәрім «Үш анық» атты философиялық еңбегінде: «Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ» деген.Ілім дегенде біз діннің де ар ілімін қалыптастыруда өзіндік орны бар деп санаймыз. «Дін дегеніміз - ғылым мен білімнің анасы» деген Шәкәрім ақылман. Демек Шәкәрім дін мен ғылым-білімді біртұтас дүние, бірге дамуы тиіс ілім деп қарастырған.

Информация о работе Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы