Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

        Өркениетті елдерде жас ұрпаққа  психологиялық білім беру ертеден  келе жатқан дәстүр және ол  жақсы жолға қойылған. Бізбен  тағдырлас Ресей, Украина, Өзбекстан, Армения, т.б. ТМД елдерінде педагогика-психология  пәні орта мектептерде оқытылып  жүр.

        Елдік пен еркіндікке қол жеткен  қазақ елі бүгін де қоғам  іргесін бекемдеп, саяси-экономикалық, әлеуметтік жағынан өркениетті  елдер қатарынан орын алуда. Осындай  еліміздің ары қарай алға қарай  дамуына өзіндік үлес қоса  білетін азаматты тәрбиелеп шығару  үшін, алдымен біз мектеп қабырғасындағы  тәрбиеге аса мән беруіміз  қажет.

         Тәрбие беру сынып жетекшілерінің  немесе пән мұғалімдерінің міндеттері  ғана емес, сонымен қатар қазіргі  кезде мектептерде педагог-психолог  мамандарының құзырында. 

            Білім беру мекемелерінде педагогика және психология мамандарының қандай қызмет атқаратындығына тоқталмай тұрып, осы сала бойынша қандай ғалымдар қарастырғандығына тоқтала кететін болсақ, әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби білімнің мазмұнын – мағынасын анықтау және оған жіктеу жасау жөніндегі Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми ой – пікірдің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды. [15].

  Сөйтіп  ол білім салаларының дамуында  және оларды жүйелеуде елеулі  рөл атқарады. Әл-Фараби тәрбиенің  барлық мәселелерін логикамен, тәрбие  мұратымен, білім алумен, үйренумен, үлгілі тәжірибемен және оқумен  байланыстыра уағыздағанын білеміз.Ол  өзі жазған «Ақыл мен түсінік»  атты еңбегінде адалдық пен  адамгершілік үлгілі тәрбиеге  байланысты, оның негізі таза  еңбекте, еңбек өз кезегінде –  тәрбиенің негізінен туындайды  деген еді. Ал «Бақытқа жету»  тағы басқа шығармаларында ғылымды  меңгеруді бұл дүниедегі бақыт, кемел табудың қажетті шарты деп санайды. Ол өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларынан адамгершілік, ақыл – ой, еңбек тәрбиелерін адамды ақылдылыққа үйретіп, еңбекке үйретіп баулудың, күнделікті еңбек етуге үйретеді. Сонымен қатар жас ұрпақ тәрбиесі, жеке бала тәрбиесі, тіпті кейде жеке адам тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас жұбайлар тәрбиесі жайлы жан – жақты ұлағатты ұғымдар, өсиеттер трактаттар, үлгілі - өнеге сөздер, пікірлер біздің заманымызға дейін сақталып, халық педагогикасының қазынасына айналды.

  Сонымен  қатар психология саласы бойынша  адамның жан қуаттарының әр  қилы жақтарын түсіндіруде  «Жанның  мәні туралы», «Түс көру туралы  сөз», «Жан туралы», « қыл және  ұғым», «Жас өспірімнің ақылы  туралы кітап», «Ересектердің ақылы  туралы кітап », «Темперамент  туралы», жазған еңбектері бар. [19].

  XV ғасырдың бірінші жартысындағы психологиялық ойлар дала философы атанған Асан Қайғы толғауларымен, қара үзген шипагер Өтегібойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянынан» ерекше көрініс тапқан. Дала ғалымы – аталған еңбегінде адамның жан құбылыстары (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, мінез, қабілет т.б.) туралы біраз мағлұматтар келтіреді. Ғұлама адам иіс түйсігін – мұңк (қазіргіше иіс), татым (дәм),  ойлауды «ойламалық», сөйлеуді «сөйлемелік», миды «миақ», атауларымен өрнектейді. Оның адам есіне, ойлауына байланысты ой түйіндері мен нақты мысалдары қазіргі ғылым тұрғысынан дәйекті де, нанымды.

  XIX ғасырдың екінші жартысындағы педагогикалық – психологиялық ой – пікірлердің қазақтың  үш ой алыптары Ыбырай, Шоқан, Абай есімдерімен байланысты.Ыбырай Алтынсарин ағартушы – педагог тек мектеп ашумен  шектеліп қалуға болмайтынын, бұған лайықты  оқу-әдістемелік құрал – жабдықтар керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырырып,  қазақ балаларына арнап «Оқу құралын» жазды. Сондай – ақ ол әдістемелік мәні бар  «Семья мен мектеп», «Халық мектебі» журналдары басылып шығарылған. [19].

    Абай  Құнанбаевтің педагогикалық мұраларының  негізгі  идеяларының бірі –  адамдардың өзара қарым – қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу.

  Шоқан  Уалиханов еңбектерінде психологиялық  мәселелерге байланысты әр түрлі  сипаттағы деректер баршылық  осылардың ішінде басқа мәселелерден  көбірек сөз болғаны – халқымыздың  ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік  психологиялық ерекшеліктері туралы  мәселе еді.

  Көркем  очерк түрінде жазылған Шоқан  күнделіктері мен қол жазбалары  – құлжа сапарының күнделігі  «Қашқария сапарының күнделігі»  психологиялық жағынан құнды  дүниелер. Табиғатты көз алдына  әкеліп кісіні қызықтыратындай. [20].

    XX ғасырдың бірінші ширегіндегі  педагогикалық – психологиялық  ой – пікірлердің дамуы –  А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов т.б. еңбектерімен айырықша  ерекшеленеді.

   Ш. Құдайбердиев психологияға  байланысты көзқарасын «Анық  пен танық», «Қазақ айнасы», «Мұсылмандық  шарттары» т.б. шығармаларынан

кездестіреміз. Бұларды ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің, қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып – біл оның өлшеусіз байлығын мұратыңа, қажетіңе жарат, бұл үшін жаратқан адамға ми берді білу, нану, ұғыну, тану – бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды.

   Ж. Аймауытовтың  психология саласындағы еңбектерінің («Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Комплекс пен оқыту жолдары»  т.б.) басты бір ерекшелігі бұлар  төл тіліміздегі тұңғыш психологиялық  туындылар болуымен қатар, бұрынғы  кеңес елін мекендеген түркі  тілдес халықтар тілдерінде (қырғыз, өзбек, түрікпен, әзербайжан, башқұрт, т.б.) алғашқы жарық көрген басылымдар  екендігінде.

   М. Жұмабаев ұстаздық етумен шұғылданған, оның үстіне оқу- әдістемелік құралдарын жазған. Ал ақынның «педагогика» кітабы, бүгінге дейін мұғалім, жалпы қазақ қауымы үшін таптырмайтын үлгі, тұнғыш қолтума оқулық.

   М. Жұмабаевтің  «Педагогика» оқулығы әрі оқулық, әрі әдістемелік тұрғыдағы құрал, автордың көзінің тірісінде екі  мәрте жарық көрген. Бірі 1922 ж. Орынборда, екіншісі 1923 ж. Ташкент қаласында  басылған.

  XX  ғасырдың  екінші жартысында Қазақстанда  психология ғылымының дамуына  үлес қосқан академик Т. Тәжібаев  пен профессор М. Мұқанов, доцент  Ә. Сыдықов т.б. қазақ ғалымдарының  еңбектерін қамтиды. [21].

   Т. Тәжібаевтің  ғылыми ізденістері негізінен  екі бағыттың төңірегінде, атап  айтқанда ұлт тілінде психологиядан  оқу құралдарын құрастыру мен  халқымыздың педагогикалық және  психологиялық ой–пікірлерінің  даму, қалыптасу жолын зерттеу  ісіне бағышталады. Т. Тәжібаев бұрын  әр жерде шашырап, белгілі жүйеге  түспей жүрген ұлттық психологиялық  терминдерді саралап, бұл ғылымның  төл тілімізде тамыр жол  түсуіне  жағдай жасады. Т. Тәжібаевтің  «Жалпы  психология» деген атпен «Қазақ  Университеті» баспасынан жарық  көрген еңбегіне ( 1992 ) психология  ғылымының теориялық негіздері  баяндалады.

   Қазақстандағы  ғылыми психологияның дамуына  ерекше үлес қосқандардың бірі  – М. М. Мұқанов. Оның 1979 жылы жарық  көрген «Дәстүрлі мәдениет өкілдеріндегі  когнетивті эмпатия мен рефлексияның  зерттелінуі» атты ғылыми мақаласы  мен 1980 жылы жарық көрген «Ақыл  ой - өрісі» кітабынан жекелеген  тараулары да осы кітапта орын  алып отыр.

   Профессор  М. Мұқановтың қазақ психологиясына  сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол  өзінің артына 10-нан астам жеке  кітап (оқу құралдары, монография, әдістемелік  жинақтар т.б.) қалдырды. Өзінің 20 жылға  созылған этнопсихологиялық еңбектерінде  қазақ халқының сонау ерте  замандардың өзінде – ақ ой - өрісі өте жоғары болғанын  эксперимент арқылы дәлелдеп  берген. [23].

   Шәрапи  Әлжанов 30 жылдары мұғалімдерге  арнап «Ес және есте сақтау  мәселелері, Ой мәселелері, Дағдылану  мәселелері» атты көлемді еңбегінде  шәкірт психологиясының жас және  жеке дара ерекшеліктері жайлы  сөз қозғалады. [24].

   Ғалым психологиялық мәселелерді өз еңбектерінің қай – қайсысында болмасын кең пайдаланып отырған. Мәселен оның  «Оқу кітабы коммунистік тәрбие беру жөніндегі құрал»,  «Эстетикалық тәрбие негіздері» т.б. мақалаларында жалпы психологияның көптеген теориялық қисындары, жекелеген терминдік сөздері біршама сөз болды.

   Ресейдің  педагогика – психология ғылымдарының  негізін салушылардың бірі –  А. П. Начаев.  Ол араласпаған психология  саласы кемде – кем. А.П. Начаев  елуден астам кітаптың, жүздеген  ғылыми мақалалардың авторы. Олардың  кейбірі «Қазіргі эксперименттік  психология және оның мектеп  ісіне қатысы» (1908),   «Кітапхана  ісінің психологиялық мәселелері» (1922)  «Дене тәрбиесінің психологиясы» (1927)  «Шахмат ойынының психологиясы» (1928)   «Ес және оны тәрбиелеу» (1930)  т.б. Ол өмірінің соңғы  жылдарында Семейдің  Н. К. Крупская  атындағы педагогикалық институтында  психология пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге  арнап  «Психология» оқулығының  қол жазбасын даярлады. Оның 1940 жылы  жазып бітірген «Психофизиологиялық  синдромдар жүйесі»  атты еңбегі  бұл автордың психология саласындағы  қырық жылдық еңбегінің қорытындысы. [23].

    XVII ғасырдың ортасынан  XIX ғасырдың  аяғына дейін. Песталоццидің айтуы  бойынша, «педагогиканы психологияландыруды  сезіну қажеттілігіне» қарай  жалпы дидактикалық деп атауға  болады. Бұл кезең ең алдымен, Ян Амос Коменскийдің (1592-1670), Жан-Жак  Руссо (1712-1778), Иоганн Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841), Адольф Дистерберг (1790-1866), К.Д. Ушинский (1824-1870),  П.Ф.Каптеревтің (1849-1922) өзінің есімдерімен көрсетілуі  мүмкін. Бұл ойшыл-педагогтардың  педагогикалық психологияның дамуына  қосқан үлестері өздері қарастырған  мәселелермен анықталады: даму, оқу  және тәрбие байланысы; оқушының  шығармашылық белсенділігі, баланың  қабілеттілігі және оны дамыту, мұғалімнің рөлі, оқытуды ұйымдастыру  және көптеген басқа мәселелер. Алайда бұл – аталған процестің  мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндірудің  тек алғашқы әрекеттері еді. Осы  мәселелердің шынайы психологиялық  жақтары толығымен ашылмағандығы  жөнінде П.Ф. Каптерев «Дидактикалық  очерктер. Білім беру теориясы»  атты кітабында осы кезеңдегі  педагогикалық теорияның дамуына  терең және жүйелі талдау жүргізу  негізінде дәлелдер келтіреді. П.Ф.Каптерев  « ... Коменскийдің дидактикасына  тым маңызды кемшіліктер тән: бұл сыртқы механикалық құрал  ретінде ұсынылған әдіс дидактикасы; Бұл дидактикада        оқушылардың қабілеттерін оқыту арқылы дамыту туралы мүлдем сөз жоқ; ... Коменскийдің дидактикасына психология жетіспейді» [24 ].

    Ал, И.Песталоццидің рөліне талдау жүргізе келе, П.Ф.Каптерев «Песталоцци оқудың барлығын оқушының өз шығармашылығы деп түсінген, ал барлық білімді әрекеттің іштен дамуы, өз бетімен әрекет жасау, өзін-өзі дамыту акт ретінде түсінген ». Алайда, сонымен қатар П.Ф.Каптерев айтқандай «...Оның оқытуда әдістің әсерін тым асыра көтеріп, оқытуда мектепте қолданылатын әдіс, тәсілдерді механизациялауға көп мойын бұрғаны анық. Мектептегі көрнекті фактор ретіндегі мұғалімнің жанды тұлғасы әлі түсініксіз. Жалпы, Песталоцци білім беру процесінің психологиялық жағын, оның негіздері, жолдары мен нысандарын қажетті деңгейде ашпаған ». Педагогикалық психологияға И.Гербарттың қосқан үлесін бағалай келе, П.Ф.Каптерев «...Гербарт дидактикасының аса маңызды басымдылықтары бар: ол педагогикалық әдіске психологиялық талдау берді, ол оқуға қызығушылық туралы аса маңызды мәселені көтереді, ол оқыту мен тәрбие беруді бір-бірінен ажыратпайды. Гербарт дидактикасының жетіспеушілігі- оның бір жақты интеллектуализмі және кейбір мәселелерді толығымен игермеуінде, мысалы, оқушылардың қызығушылықтары жөнінде ».

Бұл жерде «тәрбиелеп оқыту» ұғымы И.Гербарттың тұжырымдамасынан бастау алады. [25]. ынтығы, педагог пен оқушы әрекетінің байланысы ретіндегі «білім беру» ұғымын кіргізді. Сонымен бірге мұғалім еңбегі мен мұғалім дайындаудың педагогикалық психологиялық мәселелері, эстетикалық даму мен тәрбие беру мәселелері және басқа да көптеген мәселелер қарастырылды. Білім беру процесінің өзін П.Ф.Каптерев психологиялық тұрғыдан қарастыруы өте маңызды, ол жөнінде «Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» атты кітабының екінші тарауы «Білім беру процесі-оның психологиясы» дәлел болды. Автордың ойы бойынша, білім беру процесіне «адам ағзасының ішкі әрекетінің көрінісі», қабілеттілікті дамыту және басқа үрдістер кіреді. [26].  

Педагогикалық психологияның қалыптасуына сол кезде пайда бола бастаған әлеуметтік психология өкілі С.Т.Шацкийдің (1878-1934) қосқан үлесі орасан зор. С.Т.Шацкейге әлеуметтік-педагогтың субъектісі ретінде оның тұлғасы мен кәсіби құзырлығына қойылатын жалпылаған талаптарды қамтитын педагог моделін құрған.

XIX  ғасырдың аяғынан  XX ғасырдың  ортасына дейін созылған. Бұл  кезеңде  педагогикалық психология  алдыңғы жүз жылдықтың педагогикалық  ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизикалық эксперименталдық  зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса  бастады.

Педагогикалық психология эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады.        Педагогикалық психологияның осы кезеңінің басы П.Ф.Каптеревтың, Э.Трондайктың, Л.С.Выготскийдің кітаптарының атауларынан байқауға болады, сонымен қатар осы саладағы алғашқы эксперименталдық жұмыстардың пайда болуымен белгіленеді. Л.С.Выготский  Г.Мюнстербергпен келісе отырып, педагогикалық психология – соңғы бірнеше жылдардың өнімі; бұл медицина, юриспруденция және басқа ғылымдармен бірге қолданбалы психологияның бір бөлігі болып табылатын жаңа ғылым екенін атап өтеді. Сонымен қатар бұл дербес ғылым.Шынайы педагогикалық мәселелер, есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту, зерде дамыту, дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т.б.

    Осы кезеңде С.Л.рубинштейн  «Психология негіздерінде» оқу  – білімді меңгеру деген жан  – жақты сипаттама берді. Меңгеруді  ары қарай әртүрлі тұрғыдан  Л.Б.Ительсон,  Е.Н.Кабанова-Миллер  және т.б. ежіктеп зерттеген болатын. [26].

      Педагогтар үшін психология ғылымының  зерттеулерімен танысудың өте  қажет екенін  К.Д.Ушинский ескерте  келіп, егер оқытушы баланың жан  дүниесін жақсы білсе,  « Онда  осының өзі тәрбиелеу үшін  құрал табудың көзі болмақ  және осыған негізделіп табылған  құрал   орасан  күшті  болмақ  » - дейді.

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі