Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

Маңыздысы, осы берілген кезең бала өзін қоғамның мүшесі ретінде саналы қатынасының шынайы қалыптасуының жаңа әлеуметтік позицияға шығумен ерекшеленеді.

Жеке адам  құрылуының маңызды этапы ретінде жеткіншектік кезең әлеуметтік пісіп жетілудің түрлі деңгейлі сипаттарымен ерекшелене отырып, өзіндік күрделі құрылымды құрайды [34].

Жеткіншектік кезеңге байланысты көптеген функционалды зерттеулер, болжамдар және теориялар бар. Олардың қатарына: С. Холл, Ш. Бюллер,

Э. Штерн, Э. Эриксон, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконина, Л.И. Божович және т.б. Олардың көпшілігі бірі-біріне сәйкес келмейді, жеткіншек психологиясы саласында төңірегінде көрініс табады.

Жеткіншектік кезеңді психологияда алғаш ашып, психологиялық ерекшеліктерін сипаттаған және онымен байланысты мәселелерді ашатын концепцияны ұсынған, өтпелі кезең психологиясының әкесі атанған

С. Холл жеткіншектік кезеңді адамзат тарихындағы романтизм кезеңіне сәйкес келіп, хаос кезеңін жандандырған деген көзқараста болды. (адамның табиғи  ұмтылыстары әлеуметтік өмірдің қажеттіліктерімен беттесетен кезеңі). Оның көзқарасынша, жеткіншекке тән қыры мінез-құлқының қарама-қайшылығы. Ол жеткіншектің шамадан тыс белсенділігі қажуға, өте жоғары көтеріңкі көңіл-күй немесе оның төмендеуімен алмасады, өзіне деген сенімділік, сенімсіздікпен, эгоизм альтруизммен, танымпаздық ақыл-ой бейжайлылығымен және т.б. алмасады. Жеткіншектік кезең-жыныстық жетілу мен ересектік өмірге өтумен сипатталатын балалық шақ пен ересектік арасындағы (11-12 жастан-16-17 жасқа дейін) онтогенетикалық кезең болып табылады. Жеткіншектік кезең-баланың өзімен және қоршағандармен ішкі қақтығыстардан, сәтсіздіктер мен жетістіктер арқылы жасөспірімдік кезең табалдырығына жақындайтын, 14-15 жас аралығын қамтитын, бала дамуындағы ең қысқа астрономиялық кезеңі (Овчарова Р.В.). Жеткіншектік кезең-ол мәдениетке кіріге даму кезеңі (Э.Шпрангер).

Бұл жас кезеңнің негізгі ерекшелігі дамудың барлық жақтарын қамтитын шұғыл, сапалық өзгерістер. Анатомиялық және физиологиялық қайта құрылу фонында психологиялық дағдарыс өтетін жасерекшелік кезең. Өсу гормондары мен жыныс гормондарының белсенденуі мен күрделі өзара әрекеттесуі қарқынды денелік және физиологиялық дамуды туғызады.

Баланың бойы мен салмағы ұлғаяды, ұл балаларда бойдың «өсу шыңы» 13 жастан бастап 15 жасқа дейін, 17 жасқа дейін созылады. Қыз балаларда бойдың «өсу шыңы» екі жас ерте басталады (кейінгі баяу өсім тағы бірнеше жыл жалғасуы мүмкін).

Атақты педагог А.П. Краковский жас арасы бір-ақ жас кіші мектеп оқушылары мен кіші жеткіншектердің мінез-құлқының ерекшеліктерін салыстыра отырып, жеткіншектердің өздерінен кіші оқушыларға қарағанда 6 есе жиі қырсықтықты танытып, 9 есе көп өздерінің кемшіліктерімен мақтанады, 10 есе жиі өздерін ата-аналарына қарсы қояды. Жалпы жеткіншектердің бастауыш сынып оқушыларына қарағанда мотивацияланбаған теріс қылықтары 42 есе жиі байқалады

Американдық зерттеушілер Роберт және Джин Байярд ата-аналармен сандаған әңгімелер барысында 65 пунктен тұратын жеткіншек мінез-құлқындағы толғандыратын мәселелерді бөліп көрсеткен. [35].

Ең бастысы көзге түсетіні мінез-құлықтың шұғыл бұзылуы. Ол негативизмде (басқа біреудің еркіне қарсы жүруге тырысуы), қыңырлықта, өзін ересектерге қарсы қоюмен т.б. көрініс береді.

Жеткіншектік мінез-құлықтың тағы бір ерекшелігі ұмтылыстар қарама-қайшылығы және тұрақсыз мінез-құлық. Бұл көзқараспен психикалық дискомфортпен көрініс беретін (қорқыныш, жалғыздық сезімдері, т.б.) жеткіншектің эмоциялық жағдайлардың қайшылықтарымен байланысты.

А.Е. Личко көзқарасы бойынша, жеткіншектің спецификалық реакциясы ретінде құрдастармен топтасуды бөліп көрсетеді.

Сонымен қатар жеткіншектер мінез-құлқындағы акцентуацияны ескеру қажет. Берілген даму кезеңі дағдарыстық болып сипатталғанмен, бұл кезең әр түрлі болып өтуі мүмкін. Дағдарыс сипаты мен мазмұны жеткіншек дамуының әлеуметтік жағдайын анықтайтын қарама-қайшылықтарына байланысты.

Жеткіншектің мінез-құлқы мен тұлғасындағы бұндай күрделі өзгерістер Р.Хавигуртпен түсіндірілген «даму мақсаттарымен» шартталады. Оларға: 1) жеткіншектің өзінің денелік жағдайының өзгеруіне бейімделуі, өз денесін қабылдау мен оны тиімді етіп қолдануы; 2) әлеуметтік шартталған ересектік ролге жетуі; 3) қарама-қарсы жыныс өкілдерімен жетілген қарым-қатынастың дамуы; 4) интеллектуалды қабілеттердің дамуы; 5) мінез-құлық құрылатын құндылықтар кешенін құрылуы; 6) әлеуметтік жауапкершілікті мамандықты таңдау; 7) мамандықты таңдау мен кәсіби іс-әрекетке дайындық; 8)экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу; 9) некеге және отбасын құруға дайындалу Бұл тізім Д.И. Фельдштейн ойынша эклектикалық сипатқа ие болғанмен, жеткіншектік кезеңде негізгі даму сфераларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Ол-жеткіншектің жыныстық, танымдық және әлеуметтік дамуы.

Жеткіншектік кезеңді қарастыруда ерекше орынды Э. Шпангердің теориясы алады, ол бойынша, индивидтің ішкі әлемі қандай да болмасын табиғи немесе әлеуметтік себептерге сай келмейді. Ол жеткіншектік кезеңді баланы жас кезінде қарастырады, қыздар арасында 13-19 жас аралығы және ұлдар арасында 14-22 жас аралығы шектеулерін анықтаған.

Осы жастың 1-ші фазасы-өзіндік жеткіншектік кезең 14-17 жас аралығындағы жаспен шектеледі. Бұл фаза балалық тәуелділіктен босануға талпынумен байланысты дағдарыспен сипатталады.Берілген жастың жаңа құрылымдары ретінде «Менің ашылуы, рефлекцияның пайда болуы, өзінің ерекшелігінің пайда болуы, өзінің өзгешелігінтануы болып табылады. Шпрангердің теориялық жағдайлары Ш. Бюллер нақтыланған. Ол балалық жаста екі фазаны бөліп көрсетеді: жағымды және жағымсыз, жеткіншектік этап этап жағымсыз фазаға қатысты. Оған тән сипаттар қобалжу, тітіркендіргіштік, мақсатсыз, бунт, өзбетіншілікке талпыну. Қыздарда бұл фаза Ш. Бюллер бойынша 11-13жас, ұлдарда 14-16 жас аралығы деп көрсеткен. [36].

Жеткіншек өзінің есюіне орай мінезі мен өзін қоғамда көру ерекшеліктері, қоғамды қабылдауы, қоғамның байланыстарының иерархиясы өзгереді, сондай-ақ, оның қоғамдық қабілеттігіне деген сәйкестіліктерінің мотивтері мен деңгейі де өзгеріске ұшырайды.

Дамудың биологиялық моделіне бағытталған белгілі американ психологы А.Гезелл жеткіншектік кезеңді, яғни ересектікке ауысу, 11 жастан 21-ге дейін алады. 11 жаста бала импульсивті болады, негативизм, көңіл-күйінің өзгергіштігі ата-аналармен келіспеушіліктер болады. 12 жастан турбулентілік өтеді, әлемге деген қатынасы неғұрлым позитивті бола бастайды, жеткіншектіктің отбасыдан автономдылығы артады. Осы жастың негізгі белгілері:ақыл парасаттық, шыдамдылық және әзіл, жеткіншек өзінің инициативасын білдіреді, сырт бітіміне және қарама-қарсы жыныс өкілдеріне көңіл бөле бастайды 13 жастан жетекші қасиеті-ішкі әлеміне қарай бет бұру, жеткіншектік неғұрлым интровертті бола бастайды; өзіне деген сыни көзқарас және оған деген сезімталдық; ата-анасына сын көзбен қарайды, досқа неғұрлым таңдамалы келеді.

14 жаста  интроверсия экстроверсиямен ауысады, жеткіншек экспансивті, энеогиялы  қарым-қатынасшыл, өзіне сенімділігі  өседі; өзін басқалармен талқылағанды, салыстырғанды жақсы көреді.

15 жастың  маңыздылығын бір жүйеде беруге  болмайды, себебі жеке айырмашылықтар  тез өсе түседі. Бұл жеткіншектің  жаңа қүрылымдары тәуелсіздік  рухының жоғарлауы, сырттай бақылаудан  құтылу, өзін-өзі бақылаумен және  өзін-өзі тәрбиелеудің басымен  сәйкестендіреді. Мұның барлығы  жеткіншектің жағымсыз қылықтарға  деген  сезімталдығын жоғалта  түседі.

16 жаста  қайтадан тепе-теңдік орнайды; ішкі  өзбетіншілік, эмоционалды теңдік, қарым-қатынасшылдық, болашаққа талпыныс  айтарлықтай артады [37].. Д.И. Фельдштейн жеткіншектік кезеңді үш кезеңге бөледі: 10-11 жас аралығы, 12-13 жас және 14-15 жас аралықтарын қарастырады. Ол бойынша бірінші кезеңге, яғни 10-11 жасқа тән бойларында жетіспеушіліктер көп. Басқаша айтқанда, бұл жастағыларға жағымсыз эмоционалды фон тән. Мұнда олар әлі де өз қылықтары мен жеке адамдық сапалар арасындағы байланыстыорната алмайды, алайда бұл жаста оларда талдау қабілеті жинақтала бастайды, өзіне біршама сыни қатынас дамиды.

Жеткіншектік кезеңнің 12-13 жасында өзін жалпы қабылдауымен қатар баланың қоршаған ортасына, ең алдымен өз құбылыстарының бағалауларына тәуелді болып келеді. Сонымен қатар, жеткіншектің өзіне сыни қатынасы, өзіне көңілі толмау күйзелісі өзін сыйлаудағы қажеттіліктің жүзеге асуымен, жалпы айтқанда, өзіне жеке адам ретіндегі жағымды қатынаспен толықтыра түседі. Бұл кезеңде жетекші орынды өзінің мінез қырларын және адамдармен өзара қатынасының ерекшеліктерін қарастыра алады. Мұнда жеткіншектің өзін-өзі тәрбиелеуі  үшін айтарлықтай ынталандырушы күш ретінде көрінетін жеке адамның рефлекциясының дамуында ерекше өзгеріс болады. Осы жас аралығы баланың өзін қоғамдық қатынастар жүйесінде сезіну, өзін қоғамдық мағынасы субъект ретінде сезінуінің қалыптасуымен сипатталады.

Жеткіншектің кезеңнің 14-15 жас аралығында «оперативті өзіндік бағалау» пайда болады, яғни жеткіншектің өзіне қатынасын қазіргі кезде де анықтайды. Бұл өзіндік бағалаужеткіншектің өзінің жеке адамдық ерекшелігін, мінез-құлықтарының түрлерін оның өзіне жеке адамның идеалды формасы ретінде көрінетін белгілі бір нормалармен салыстыруға негізделеді.

Жеке адамдық рефлекцияның маңызды ерекшелігі бұл жаста баланың өз жеке адамдық ерекшеліктеріне деген қатынасының сыншылдығы болып табылады. Сонымен қатар, өзінің мүмкіншілігін пайдалануға талпыну, өзін көрсету мұның барлығы өзінің әлеуметтік қатынасын сезінуге, заттың тәжірбиелік іс-әрекет дамуының белсенді жолдары мен шынайы түрлерін іздеуге әкеледі. [38]. Бұл кезде атап өткенде жеткіншектің санасында үлкен өзгерістер өтеді.

Жеткіншек осы кезден бастап өз-өзіне үлкен көңіл бөледі. Ол жиі-жиі өз-өзіне «мен кіммін?», «менің алдағы мақсатым қандай?» деген сұрақтарға ойлана бастайды. Былайша айтқанда жеткіншек сана-сезімінде үлкен өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өзін-өзі танумен тығыз байланысты болып келеді. Әрбір жеке адамда өз-өзін тану процесі бір жағынан жалпы оның жеке ерекшеліктерінен, ал екінші жағынан, өзін-өзі тану ерекше жеке даралығына тәуелді. Атап өтсек, тұлғаның өзінің ішкі әлеміне бет бұруының деңгейіне, жеке адамның рефлекциясымен өзін-өзі мұқтаждығының даму деңгейіне байланысты.

Жеткіншектік ез бұл тұлғаның даму барысындағы екінші дағдарыстық кезең дәл осы кезде кәсібі өзін-өзі тануының дамуы өте маңызды. Осы кезеңнің ең негізгі психологиялық көрінуі бұл өзінің ішкі әлемін ашу. Бұның бір шеті жеке адамның өзінің ерекшеліктерін сезініп, оларды кәсіби ниеттерімен келістіру. Жеткіншек үшін сыртқы әлем субъективті кәсіби мүмкіншілігінің тек қана бір жағы, бұны ол өзінің кәсіби ниет, мүмкіншіліктерімен түйіндейді. Оларды іске асыру сапасы мен сезінуі адамның бүкіл кәсіби жолын бағыттайды.

Сана-сезімнің қалыптасуындағы ең негізгі психологиялық процесс тыңғылықты анализді Э.Эриксон береді. Өзінің «Балалық шақ пен қоғам» деген кітабында ол адам өмірін психоәлеуметтік даму бойынша сегіз сатыға бөледі. Өзіндік идентификациясының дамуы бесінші сатыға өтеді, бұл саты 12 мен19 жас аралығында кездеседі. Осы кезде жеткіншек осы уақытқа дейін өзі туралы жиналған білімінің бәрін қосады жене осы «Мен» деген бейнелерді өзіндік анықталуға біріктіреді. Жеткіншектің өзіндік анықталуға жете алмауы өзін-өзі анықтау (кризис самоидентификации) дағдарысына алып келеді. Бұл дағдарыс кәсіби таңдаудың қиыншылықтарына кезіктіреді. Дұрыс таңдау жасау үшін адам өзін-өзі түсіну керек. Сонымен қатар өзін қай салада іске асыруының бағалауы негізднлген болуы керек.

Осы жаста алдыңғы шаққа «Мен» қасиеттерінің ішінен ақыл-ой қабілеттері, ерік пен моральды сапалар көрінеді және бұл қасиеттерден кәсіби іс-әрекеттердің сәттілігі және басқалармен қатынас тәуелді. Тұлғаның  жеке дара психологиялық ерекшеліктері және оларды ұғыну, кәсіби танудың дамуының негізгі шарты болып табылады. [39]. 

Жеткіншектік кезең өзінің өмірлік әрекетіндегі қарама-қайшылық мәселе сипаттамаларын ұғыну, өзінің өміріндегі мәселелік сапаны бойына сіңіру үшін өте синсетивті кезең болып келеді. Осының арқасында адамның рефлекция қабілеттері дамиды. Рефлекция бұл өзін-өзі терең танудың үздіксіз жолы, жеке адамның өз өмірінің белсенді субъектісі ретінде тану. Бұндай тану адамның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіруге алып келеді. Неғұрлым әр түрлі позицияларды бағаласа соғұрлым қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалап, дұрыс белсенділік жолына түседі.

Мектеп жеткіншектерінің әлеуметтік-психологиялық мәселелері

Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы-ол өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі ол белгілі бір үлгілермен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады. Көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі бір жағынан жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен, екінші жағынан сол бір ғана кәмілеттік жастағы жеткіншектерде ересектің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады.

Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жайт сәттерінің болуымен байланысты.

Олар:

  1. Жеткіншектің ересектенуінің дамуын тежейтін жайлар: балалардың

көпшілігінде тұрақты және байыпты міндеттері болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-аналардың  балаларды тұрмыстық еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;

  1. Жеткіншектегі ересектендіретін жайлар: мазмұны жағынан саналуан

ақпараииың орасан зор тасқыны, көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынасының жедел дамуы: дене күші дамуы және жыныстық толысудың акселерациясы.

Осының бәрі ересектің дамуын анықтауға алуан түрлі жағдайлар жасайды. Осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтарын көруге болады.

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі