Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

  II кезең.

  • педагогикалық – психологиялық диагностика жүйесіноқып үйрену;
  • оқушының жас ерекшелігін, қабілеттерін ескере отырып, дифференциялды оқыту мазмұнын, түрін және әдісін анықтау;
  • мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған психологиялық қызыметті ұйымдастыру;
  • таңдамалы пәндерді енгізуді жалғастырып, тереңдетіп оқытуды  ұйымдастыру;

    Осындай  жүйелі зерттеу қорытындысы бойынша  сыныптағы жалпы және арнайықабілетті  оқушылар анықталады.

    Тек  қана өз бетімен оқу, өз білімін жетілдіру, өз қасиетін түзету арқылы ғана жоғары нәтиже алуға болады. Өз жұмысына талдау жасау арқылы, жүйелі жұмыс нәтижесінде оқушы:

1. Таным есептерін  тез және дәл орындауға.

2. Қалыптан  тыс есептер шығаруға үйренеді.

   Бағдарламаны  толық меңгерген оқушыөзін-өзі дамыту бағдарламасын құрады.

 Қабілеттік  дарын иесінің арнайы білімге мұқтаж болуы, табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәлім-тәрбие берудіңалғы шарты дарын иелерін жастайынан талдай, таңдай білуге жетілдіру,олардың құқығы мен мұқтаждарын қорғаудың басты мақсаты болып табылады;

  Оқушының  анымдық белсенділігінің қалыптасуы  жоғары деңгейде дамуы оны  шығармашылық әрекетке әкеліп тірейді.

Содан кейін жоғары сынып оқушысы тұлғасының педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерттеп, мінездеме беру үлгісі.

1. Оқушы туралы  жалпы мәлімет: (тегі және аты, туған күні, класы, жалпы физиологиялық  дамуы, денсаулығы, жанұя жағдайы, жанұя  тәрбиесінің ерекшеліктері)

2. Оқу іс-әрекеті:

    а. Оқу үлгілері: (басым бағалары  т.б.)

    б. Жалпы ақыл-ой дамуы: (дүниетанымы, сөздік қоры, хабардарлығы, өз ойын  ауызша және жазбаша білдіре  алуы т.б.)

    в. Танымдық процестер сипаттамасы:

- Оқу  материалын қабылдау ерекшелігі;

- Зейіні (ерікті зейіннің даму деңгейі, оның тұрақтылығы, шоғырлануы, бөліну  қасиеті);

- Ой ерекшеліктері (заттар мен құбылыстарды ажырата ала ма, салыстыру, талдау, жалпылау және өз бетімен қорытынды шығару, оқу материалын ұғыну шапшандығы)

- Қиялдың  дамуы (бамым қиял түрі)

    г. Оқу қабілеті:

- Оқу процесінде өз бетімен жұмыстануы;

- Оқуға  қатынасы (танымдық қызығушылығы, бағаға, мадақтауға, не мұғалім, ата-анамен сыныпта қатынасы, негізгі оқу мотивациясы)

- Оқу  қабілеті (күн режимін сақтау, жоспарлай  білу, оқу іс-әрекетінде жинақтылығы мен тәртіптілігі, кітаппен жұмыстана білуі, оқу іс-әрекетін бақылай білу әдістерін меңгеруі т.б.)

3. Еңбекке  қатынасы: (еңбектене біле ме, әлде  еңбекке немқұрайлы қарайма, еңбекке  икемділігі, еңбектенгенде жинақтылығы  мен тәртібі, қандай еңбек түріне икемді, үйде және мектепте еңбектің әрекетін орындауы)

4. Қоғамдық  жұмыстарға қатынасы: (класс өміріне қатынасы, қоғамдық тапсырмаларды орындауы, кластастарымен бірігіп іс-әрекет етуі, белсенділігі мен инициатившілідігі)

5. Кластас  жолдастарымен қарым-қатынасы, мектепке қатынасы: (кластағы орны, кластастарына көз қарасы, кіммен дос, кластастарымен дау-жанжал бола ма, оның себебі, мектепке көз қарасы)

6. Тәртібі  мен мінезі:

- Мектепте  және үйдегі,тәртібінің жалпы  мінездемесі (өзін байсалды және  ұстамды немесе тынымсыз және  қозғалғыштығы)

- Күн режимін сақтауы, мұғалімдер мен ата-ана талабын орындауы

- тәртіпті бұзуы

7. Оқушы тұлғасының  бағыты, мінезі, темпераменті және қабілеті.

- Қажеттіліктері  мен қызығушылықтары (алуан түрлілігі, тереңдігі, оқуға т.б.)

өзіне және қоршаған ортаға қатынасы ерекшеліктері: мейрімділігі, қарапайымдылығы, ұжымшылдығы, өзімшілдігі, көмектесуі, шынайлығы, адалдығы т.б.

  • мінезінің жағымдығы және жағымсыз қасиеттері;
  • Темперамент типі және ерекшелігі
  • көңіл-күйі (көңілді, көңілсіз, түсінкі) тұрақтылығы немесе ауыспалылығы
  • белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі және оның көрінуі

8. Жалпы түйіні:

    -  оқушы тұлғасының негізгі жақсы  қасиеттері және кемшіліктері, иінезіндегі (егер болса( ауытқушылығы себебі.

оқушы тұлғасын дамытып, қалыптастыруға бағытталған негізгі тәрбие жұмыстары.

Мектеп құрамындағы оқушылардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан педагогтармен жұмыс жасағанда келіспеушілік жағымсыз қатынастар пайда болуы мүмкін. Мұғаліммен қарым-қатынас сипаты оқушының әсіресе жеткіншек оқушының психологиялық келбетінің қалыптасуына, мектепке бейімделуіне, әлеуметтенуіне, оқушылармен қарым-қатынасы орнауына, іс-әрекеттерге қатысты қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі деп кезінде Д.Н. Исаева көрсеткен.

Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады? Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: «Әдеттегі бестігін алған оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады»

Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.

  Педагогикалық-психологиялық  қызыметте кеңес беру бағыты  бойынша қызыметкерлер нақты  мынадай міндеттерді шешеді:

    1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,

ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

    1. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,

ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

    1. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,

әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардмастерлердің, қоғамдық өкілдердің психалогиялық мәдениетінің жоғарлауына септігін тигізеді.

    1. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие

мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б,)анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

    1. Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар

мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.

Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.

Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда  педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы  және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды,  дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.

Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.

  1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және  жеке тұлғаның толықтай  дамуына  бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.

  2. Психолог  баланың   психикалық дамуында ауытқуларды  болдырмау  бағытында  түзету  бағдарламасын  өңдеп жузеге асырады.

  3. Жетілдіру  және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының  бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері   кірістіріледі . Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.

  4. Жетілдіру  және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі  бағыттар бойынша кірістіруге болады:

        - жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;

       - балалар тобымен  арнайы жумыс жургізу процесінде;

       - тәрбиелік  іс-шаралар  бағытында;

       - баланың ата-анасының  және басқа туыстарының қатысуын  қажет ететін  формада өткізуге  болады.

  Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологикалық аурулардың  ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педаго гикалық- психологикалық түзету жұмыстары жүзеге асырыды және саралау диагностикасының барысында белгілі болатын  әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы қатаң  шараларды  қолдануды талап  етпейді. Айқын ауытқулар  кезінде,  көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық  жақтары  жақтары немесе ашық байқалғанда және де психолог хабардарлығының  шекарасынан асып кеткен  жағдайда  ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы  мамандармен тартылады.

           Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне , эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне  әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі  салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің  арнайы, шығармашылық қабіллетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.

Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет ,сол кәсіп жайында мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек .

Қазіргі кезде ғалымдардың да, мұғалімдердің арасында «компотенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр) деген ұғым көп кездеседі.

Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі, оның квалификациясы (білімі мен тєжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.

Маманның кәсіби құзіреттілік мєселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кєсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, акмеологияда, андрогикада, гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде.

Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тєжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.

Н.С.Розов құзіреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жақты танымдық жєне практикалық жањалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты – білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.

Н.С.Розовтыњ пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:

- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контекстің аяғына осы сияқты ахуалды бағалау, ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;

- проблемалық-практикалық аспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;

- коммуникативті аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның жєне адамның осындай жағдайда қатысын жєне өзара ықпал жасауға тиісті мєдени үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.

Құзіреттілікті оның жалпы мєдени жєне кәсіби көріністерін сипаттау үшін былайша аспектілерге бөлу жасанды екенін көруге болады.

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі