Қазіргі экологиялық мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 10:05, реферат

Описание работы

Экологиялық ахуалдың жалпы ғаламдық сипаттамасы
Экологиялық мәселелердің жіктелуі
Жаһандық экология мәселелерінің Қазақстандағы көрінісі
Экологиялық қауіпсіздік ел құндылығы.

Файлы: 1 файл

Қазіргі экологиялық проблемалар.doc

— 143.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Қазіргі экологиялық мәселелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,  2011 ж

Қазіргі экологиялық  мәселелер

Жоспар:

  1. Экологиялық ахуалдың жалпы ғаламдық сипаттамасы
    1. Экологиялық мәселелердің жіктелуі
  2. Жаһандық  экология мәселелерінің Қазақстандағы көрінісі
  3. Экологиялық қауіпсіздік ел құндылығы.

 

Экологиялық ахуалдың жалпы  ғаламдық сипаттамасы. Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болды. Ал оны қалпына келтіру жолындағы жұмыста экология ғылымының міндеті зор. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа “антропогендік ландшафтар”, жер бетінде климаттың жылынуы тіршілікке зардабын тигізуде. Бүкіл ғылымдардың жетістігі адамзаттың өсіп, өркендеуіне қызмет жасауы керек қой. Осыған орай бүкіл жаратылыстану ғылымдары бірігіп, өзін қоршаған ортадағы табиғатты сақтау, оның тепе-теңдігін үйлестіру мәселесін шешуге күш жұмылдыруы қажет. Жаһандық деңгейде табиғат қорларын тиімді пайдалану үшін қоршаған орта жайлы бұрынғы ғасырлар бойы жинақталған зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, табиғатты жүйелі түрде тиімді пайдалану, оны қорғаудың мәселелері жолға қойылуы тиіс. ХХ ғасырда табиғатты ысырап етпей игеру ғылымға жаңа бағыт берген, атақты табиғаттанушы, энциклопедист ғалым В.В.Вернадский ноосфера ұғымының негізін салды. Ол литосфераға, гидросфераға, атмосфераға және биосфераға қосымша ноосфера тұжырымдамасын ұсынып, адамның табиғатты сырапсыз пайдалануы негізінде жаһандық деңгейде туындап отырған проблеманы шешуге адамның ақыл-ой жүйесін бағыттайды. Бұл – бүгінгі таңдағы ғылымда, іс-жүзінде, әрбір қоғамда пайдалануға тиісті қағида.

Қоршаған орта болмысының өзгеруі, ғаламшардағы ірі өркениетті елдердің өздері мойындап отырғанындай, табиғат  байлықтарын тиімсіз пайдаланудан, табиғаттың даму, қалыптасу заңдылығын ескермеуден туындап отырғаны даусыз. Мысалы, бір кездегі ит мұрыны өтпейтін Оңтүстік Американың тропиктік ормандары оталып, Африканың қайталанбас табиғатындағы сирек кездесетін керіктердің, пілдердің, түйеқұстардың, арыстандардың азаюы, материк байлықтарының талан-таражға түсуі сол аймақтарда жарамсыз жерлердің молаюынан, шөлейтті аймақтардың ұлғаюынан табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына соқтырды. Жерорта теңізі аймағындағы зәйтүн шаруашылығы плантацияларында мол өнім алу үшін химиялық тыңайтқыштарды молынан қолданылуы күрделі экологиялық мәселе тудырды. Соған байланысты қазір зәйтүн плантациялары оталуда.

Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы  барысында ірі өндірістік қалаларда  автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына  улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адамның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.

Пайдалы қазбалар қорының ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.

Табиғаттағы өзін-өзі реттеу мен  қалпына келтіру үдерістері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды, бірақ оны жедел түзеу жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды. 1.1. Экологиялық мәселелердің жіктелуі

Бүгінгі танда адамзат табиғатты  игеруде, ғылым мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті. Екінші жағынан өркениеттің дамуымен қатар биосфераның тұрақсыздануы және қоршаған ортаның, табиғи жүйелердің тозу қаупі туындап отыр.

Соның салдарынан барынша шиеленіскен  жаһандық, ұлттық және жергілікті экологиялық мәселелер қалыптасты. Оларды шешуге тек қана Қазақстаңдықтардың ғана емес, халықаралық, ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.

І. Жаһандық экологиялық мәселелер: 

           1. Климаттын өзгеруі; 2. Озон қабатының бұзылуы; 3. Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін); 4. Жердің шөлейттенуі және тозуы.

 ІІ. Ұлттық экологиялық мәселелер: 1. Семей, Арал; 2. Каспий тенізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер; 3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы; 4. Байырғы ластанулар; 

ІІІ. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер; Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.

ІV. Жергілікті экологиялық мәселелер: 1. Әуебассейнінің ластануы; 

2. Радиоактивті ластану; 3. Бактериологиялық  және химиялық ластану; 

4. Химиялық ластану; 5. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар; 6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

    Аталған мәселелер төңірегінде  өзекті деген бірнеше мысалдарға  тоқталып кетейік.

1. Климаттың өзгеруі. «Қызу әсерінің»  салдарынан болатын климаттың  өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі мәселе болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төңдіреді. Жыл сайын атмосфераға бірнеше мың тоннадан астам ұлы, иісті газ (CO2), азот тотығы (NO), күкірт (S) шығарылады. Солардың 10 пайызын ғана өсімдіктер сіңіреді. Қос тотықты күкірттің азот тотығында шоғырлануы қышқыл жауын тудырады. Мысалы көмір қышқыл газының (СO2) пайда болған уақытынан бастап осы күнге дейін 20 пайызға, ал жыл сайын оның көбеюі 0,2 пайызға өсуде. Көмір қышқыл газы жанудың нәтижесінде пайда болады. Оның көздері, таратушысы — жылу станциялары, металлургия заводтары, көлік құралдарьі. Осындай күрделі физико-химиялық қоспалар «қызу әсерін тудырады». «Қызу әсері» ауа ыстығының көтерілуіне, ол ауа-райының, климаттың өзгеруіне әкеледі. Әлемдік мұхит суының көтерілуіне, соңғы 100 жылда 10-12 см көтерілсе, «қызу әсері» оны 10 есе күшейтуі мүмкін.

2. Озон қабатының бұзылуы. Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.

1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның  үстiндегi озон қабатының қалыңдығы  5-7%-кe азайғанын көрсеттi.

Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды  реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi.

Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлуде.

Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып  табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел  бас тартуды және оларды қауiпсiз  жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингiн жүргiзу.

Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ  пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн  лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк  құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады.

Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде  ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң  озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн  болды.

3. Биоәртүрлiлiктi сақтау

Қазақстанның экожүйесi Орталық  Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi.

Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң  жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды.

Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан  Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк  жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық  әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану  жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi.

Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың  ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды.

Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң  жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.

Республика аумағының небәрi 4,2%-iн  алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнiн, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктiң табиғи резерваттары ретiндегi олардың орасан рөлiн ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiне көшiру жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшiн 2006 жылға дейiн мемлекеттiк биосфералық резерваттардың желiсiн қалыптастыру бағдарламасын әзiрлеу қажет.

Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер  мен өнiмдердi әкелу Қазақстан  үшiн елеулi сыртқы қатер болып отыр. Бүкiл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердiң кең таралу қауiптiлiгiн ескере отырып, Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияның Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердiң бiздiң елiмiздiң аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi трансшекаралық өткiзуiмен байланысты қызметтi жүзеге асырудағы жауапкершiлiктерiн арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзiрлемелер iсiнде өзара көмектi, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерiн iске асыру қоршаған орта объектiлерiн сақтауды, оны белгiлi бiр тұрақтылық деңгейiнде ұстап тұруды, өзiн-өзi реттеу қабiлетi мен жанды және жансыз табиғат түрлерiнiң, оның iшiнде жойылу қаупi төнген тipi организмдер геноқорының көптүрлiлiгiн сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

2. Жаһандық  экология мәселелерінің Қазақстандағы көрінісі.

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар  өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Адамды құтқару  дегеніміз – ең алдымен табиғатты  сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы  - ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым – қатынастарын, сандық және сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді.

Адам әрекеті  тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардын ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратын анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. Осындай көрініс біздің қалаға тән құбылыс.

Информация о работе Қазіргі экологиялық мәселелер