Қазіргі экологиялық мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 10:05, реферат

Описание работы

Экологиялық ахуалдың жалпы ғаламдық сипаттамасы
Экологиялық мәселелердің жіктелуі
Жаһандық экология мәселелерінің Қазақстандағы көрінісі
Экологиялық қауіпсіздік ел құндылығы.

Файлы: 1 файл

Қазіргі экологиялық проблемалар.doc

— 143.00 Кб (Скачать файл)

 Экологиялық қауіпсіздік ел құндылығы. Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылығымен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Каспийді қорғау бағдарламаларын халықаралық деңгейде ынталандыруы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын алатын қоршаған ортаны залалды әсерлерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақтары болып табылады.

Елбасымыздың жыл сайынғы жолдаулары әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы, баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып отыр.

Жарқын болашаққа қадам басу жолында Еуразияның жүрегінде орналасқан Қазақстан Рио-92 декларациясына, Йоханнесбург декларациясына (2002 ж.) қол қойып, экология мен даму салаларындағы 25 халықаралық конвенцияны және Киото хаттамасын ратификациялады. Сондай-ақ, Еуропа және Азия елдерінің жаһандық үдерістерінің орнықты дамудағы белсенді қатысушысы болып белгіленді.

Елбасының халыққа Жолдауында табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды пайдаланудың технологиялары мен бағдарламаларын ендіруде экономикалық, әлеуметтік және экологиялық үдерістердің үндестігін сақтауымыздың тиістілігі айтылған болатын. Яғни, экономика мен экология арасында теңдікті қалыптастыра алмаған мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр болатыны сөзсіз. Өйткені, бүгін қайтсек те экономикалық көрсеткіштерді арттырамыз деп, ертеңгі күні соның салдарынан келетін залалды жою үшін тапқан пайдамыздан он, тіпті, жүз есе артық қаражат жұмсауымызға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, Қазақстан даму жолында өзін орнықты дамудың қажеттілігімен ұштастырып келеді.

Елбасымыздың «Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген сөзі Қазақстан Республикасының экологиялық саясатын дамытудың негізі болып қалыптасты.

Дүниежүзілік қауымдастық дамуын соңғы 60 жылда «экономикалық» және келесі 60 жылда «жасыл» деген идеологияға бөліп қарауға мүмкіндік беретін «Жасыл даму» – бұл қазіргі таңдағы халықаралық стандарт.

Климаттың өзгеруі – жаңа мыңжылдықтағы адамзат алдында тұрған ең үлкен көкейтесті мәселелердің бірі. Климаттың өзгеруіне байланысты туындаған қоршаған ортаның тозу қарқыны, сондай-ақ, олардың теріс зардаптарымен күресу үшін адамзат қолданып жатқан шаралар Қазақстанның алдына әсер етудің қағидатты шараларын талап ететін жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, 1995 жылғы мамырда БҰҰ-ның Негіздемелік конвенциясы ратификацияланды. 1999 жылғы наурыз айында Киото хаттамасына қол қойылып, оны 2009 жылғы мамырдан бастап іске асыру үшін құжат қабылданды. Қазақстан Үкіметі пост-Киото кезеңінде 1992 жылмен салыстырғанда 2020 жылға дейін парниктік газдардың шығарындыларын 15 пайызға, ал 2050 жылға дейін 25 пайызға азайтуға шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Елбасы бізге Қазақстандағы парниктік газдар квотасын саудалаудың тетіктерін пысықтауды тапсырды. Қазіргі кезде Киото хаттамасының мақсаттары үшін 1-қосымшаның тарабы болып табылатын Қазақстан-Киото хаттамасының тарабы ретінде бірлескен тетіктерді жүзеге асыру және парниктік газдар саудасын жүргізу үшін Киото хаттамасының Б қосымшасына қосылуға өзінің ниетін білдірді.

Қазақстанда квота саудасын қамтамасыз ету мақсатында нормативтік-құқықтық база қалыптастырылуда. Министрлік «Экологиялық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.

Атмосфераға шығарылатын парниктік  газдарды азайту мақсатында, яғни жобаның  қатаң мақсатты қаржыландыруын қарастыратын «жасыл инвестиция» сұлбасы енгізілді. Ол парниктік газдардың шығындыларынан республикалық бюджетке түскен қаражат есебінен ескірген технологияларды жаңартуға, жаңа, энергия үнемдеуші қондырғыларды, сондай-ақ баламалы энергия көздерін енгізуге жұмсалатын болады.

Министрлік БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Экономиканың төмен көміртекті дамуының тұжырымдасын әзірлеуде. Тұжырымдама төмен көміртекті дамуға көшу есебімен салалық экономиканы стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағытын анықтады – стратегиялық шаралар, салалық шаралар анықталды, дамудың түрлі нұсқалары әзірленді. Сондай-ақ, экономиканың негізгі салаларында табиғи өзгерулер жағдайына бейімделуге мүмкіндік беретін Табиғаттың өзгеруіне бейімделушілік туралы тұжырымдама әзірленуде.

Қазақстанның энергиялық тиімді және төмен эмиссиялық технологияларды қолдану арқылы «Жасыл даму» жолын таңдауы қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтады, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының жаңа сапалық деңгейіне шығуға өз септігін тигізеді.

Парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға бағытталған жобаларды іске асыру мақсатында Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі және халықаралық қаржы корпорациясы өкілдерінен тұратын Таза технологиялардың халықаралық қоры 1,1 млрд. АҚШ доллары көлемінде бағыт бойынша Қазақстанда таза технологиялар бойынша жобаларды/бағдарламаларды қаржыландырудың өтінімін қарады. Олар: жаңартылатын энергия көздерін дамыту; энергия тиімділігі; орталықтандырылған жылумен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту.

Әлемдік дағдарысты ескере отырып, бағдарламамыздың негізгі тірегі ретінде біз экономикалық құралдарды табиғат қорғауға пайдалану, экологиялық стандарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатына оңтайластыруды қарастырдық. Бұл бағыт 2006 жылы 14 қарашада республика Президентінің Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдар аралығында орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес орындалды. Осы бағдарлама шеңберінде күрделі экологиялық мәселе – қалдықтарды өңдеу мен тұтыну мәселесін шешудің жолдары қарастырылды.

Жыл сайын елімізде 700 млн. тонна  шамасында өнеркәсіптік және 3 млн. тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар  пайда болады. Қазіргі таңда жыл  сайын пайда болатын қалдықтардың кәдеге жаратылған көлемі шамамен 134 млн. тоннаны немесе 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы кәдеге жаратылатын қалдықтардың көлемі 139 млн. тонна шамасында немесе 20,7 пайызды құрайды деп күтілуде.

Қазақстан 2007 жылы Стокгольм конвенциясын бекітіп, 200 мың тоннаға дейін жинақталған берік органикалық ластаушыларды жоюды өз міндетіне алды. Премьер-Министр К.Мәсімовтің тапсырмасы бойынша түрлі саладағы қалдықтармен жұмыс мәселесін реттейтін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізілді және қалдықтарды өңдеу бөлігі бойынша қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге ұсыныстар әзірленді.

Сонымен қатар, барлық облыс орталықтары  мен Астана және Алматы қалаларының коммуналдық тазалау құрылыстары құбырларының ағысын тазалау мәселесі де күрделі жағдайда. Еліміздің көптеген аймақтарында су шаруашылығы жағдайы қиын кезеңді кешуде. Себебі, көптеген су нысандары өздігінен тазару және өздігінен қалпына келу сияқты табиғи қасиеттерін жоғалтқан.

Осы мақсатта Үкімет 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасын бекітті. Бағдарлама жасыл экономиканы дамытуға, қоршаған орта мен денсаулыққа зиян келтіретін антропогендік ықпалды азайтуға, табиғи экожүйені қалпына келтіру мен сақтауға, қоршаған ортаның сапасын жақсартуды басқару жүйесін дамытуға бағытталып отыр.

«Жасыл даму» бағдарламасы шеңберінде шешілетін тағы бір мәселе – Каспий теңізінен өндірілетін мұнайдың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл Мексика шығанағындағы соңғы жаңалықтармен өзекті екендігі баршамызға мәлім. Осындай мәселелер көп елдердің қызығушылығын танытып, оны бірлесіп шешуге мүмкіндік тудырады. 2007 жылы барлық Каспий жағалауындағы мемлекеттермен арадағы Каспий теңізінің су айдынын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенция күшіне енді. Осы Конвенция Каспий теңізіне антропогендік ықпалды реттеудің негізгі бағытын анықтау, Каспий теңізінің биологиялық және басқа коммерциялық ресурстарын қалпына келтіру, сонымен қатар, Каспий бойы мемлекеттерімен бірлесіп, кешенді мәселелерді шешу мақсатында қабылданған бірінші аймақтық конвенция болып табылады. Халықаралық ұйымдар мен донорлардың қолдауымен барлық Каспий бойы мемлекеттерімен Каспий экологиялық бағдарламасы жұмысын бастады. Қазіргі кезде бағдарламаның кеңсесі Астана қаласында орналасты.

Біздің бастамаларымызға халықаралық қолдау қажет екендігін атап кеткеніміз жөн. Сол себептен біз Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ЭСКАТО мемлекеттері министрлері конференциясында және 2011 жылы Астана қаласында өтетін Жалпыеуропалық конференцияда төмен көміртекті экономиканы дамыту және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін қарауды ұсындық. Астанадағы ЭСКАТО сессиясында ең басты мәселелер «жасыл өсуді» талқылауды жалғастыру немесе 2005 жылғы Сеулдегі 5-ші министрлер конференциясында өзекті болып табылған «экономика дамуының экологиялық қауіпсіздігі» тақырыптары болып табылды. 6-шы конференцияны өткізу барысында Астана бастамасы, Министрліктер декларациясы және 2010-2015 жылдарға арналған аймақтық іс-шаралар жоспары сияқты маңызды құжаттар қабылданған болатын. Қазақстан Еуропа және Азия арасында «жасыл көпір» атты жаңа экологиялық декларация құру бастамасын көтерді.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жасыл өсу» жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруда Азия және Тынық мұхиты, Еуропа елдеріне серіктестік жәрдемдесу жолындағы «Жасыл көпір» атты Астана бастамасы алға басты. Бастама сектораралық, ішкі аймақтық және аймақаралық бекініске бағытталған. Қазіргі заманғы құралдар байланысымен сараптамалық және ақпараттандыруды қамтамасыз ететін «Жасыл өсу» кеңсесі құрылды. «Жасыл өсу» кеңсесі Қазақстан және Орталық Азия, Еуропа аймағында қызмет бағыттары тәжірибелері жөнінде толық ақпарат таратуға мүмкіндік береді. Біз бұл ақпараттар Азия-Тынық мұхиты елдері аймағында сұранысқа ие болатынына сенімдіміз.

Казіргі кезеңде табиғат  пайдаланушылардың экологиялық заң бұзушылықтарының төмендеуі байқалады. Бұл экологиялық инспекция жағынан әкімшілік-азаматтық негізде қолданылатын шаралардың күшеюі есебінен болып отыр.

Елбасы 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа принциптегі бағдарлама әзірлеуді және оны қабылдауды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта, республика тұрғындарының 20 пайызы нормативтік стандарт сапасына сәйкес келмейтін суды пайдаланады. Елде жыл сайын су пайдаланушылар көлемі ұлғаюда. Негізгі су пайдаланушылар ауыл шаруашылығы (75%) және өндірістер (20%) болып табылады. Бұдан басқа, өзен суларының жартысынан көбі көршілес елдердің аумақтарынан келетіндігін, трансшекаралық сипаты және климаттың өзгеруі салдарынан болашақта проблема туындайтынын атап кеткеніміз дұрыс.

Еліміз жер асты суларына, гидротермалды энергияның минералды көздеріне және ресурстарына бай.

Казіргі таңда өнеркәсіп  кәсіпорындарын айналмалы су жабдықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы әзірленуде. Ол су ресурстарын ұтымды пайдалануға септігін тигізетін болады.

Министрлік ұлттық гидрометеорологиялық қызметке жоспарлы жаңғыртуды, яғни гидрометеорологиялық және экологиялық 259 метеостансаларға, 291 постқа, 185 гидрометеорологиялық бақылау бекеттеріне мониторинг жүргізіп, әртүрлі ақпараттық-ауа райын болжау өнімімен қамтамасыз етті.

Атмосфералық ауа, су беті, құрғақ жер мен жер қыртысы сапасына экологиялық бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ, радиациялық мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар Каспий, Арал теңіздеріне, Балқаш көліне, Ақтау теңіз порты аймағына, Нұра өзеніне, Щучье-Бурабай курортты аймағына және Қазақстанның трансшекаралық өзендеріне экспедициялық зерттеулер жүргізіледі.

Елбасының және Үкіметтің  министрлікке жүктеген тапсырмаларын  орындау қазақстандықтардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз етудің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің табиғи ресурстарымыз – орасан зор байлық. Алайда, мұның өзі қаншалықты кереғар көрінгенімен, әлемдік тәжірибе табиғи байлығы бар көптеген елдердің оны дұрыс игере алмағандығынан, кедей елдердің қатарынан шыға алмағанын көрсетеді. Осының бәрі жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі екенін тағы да дәлелдей түседі. Бұл – бізге гүлдену мен тәуелсіздік есігін айқара ашуға мүмкіндік беретін «алтын кілт».

         «Жер қойнауының байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі… Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз», деп Елбасымыз атап өткендей, еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын болашақта өмір сүру өзіміздің қолымызда.


Информация о работе Қазіргі экологиялық мәселелер