АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 22:58, дипломная работа

Описание работы

иплом жұмысының маңыздылғы мен өзектілігі. XXI ғасырда дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруі, Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына өз серпінін тигізді. Бұл мемлекеттердің арасында егеменді Қазақстан Республикасы да туын тігіп, өз даму стратегиясын белгіледі. Бір жағынан Қазақстан Батыс елдерімен дипломатиялық, саяси-экономикалық байланыстарын нақты қадамдарымен реттесе, екінші жағынан АҚШ пен де халықаралық ынтымақтастық жолында түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуда жалпы ұстанымдардың ерекшелігін мұқият есепке алу қажеттілігін есте сақтайды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2-8
I-ТАРАУ
Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы..............................................9-26
II -ТАРАУ
АҚШ-тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары..........................................................27-42
III -ТАРАУ
АҚШ-тың сыртқы саясаттағы Таяу Шығыс мәселесі.....................................43-53
Қорытынды...........................................................................................................54-57



Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................58-61

Файлы: 1 файл

Дип.-АҚШ-тың-қазіргі-саясаттағы-ролі-соңғы-10-жыл.doc

— 508.00 Кб (Скачать файл)

АҚШ-тың қазіргі  саясаттағы ролі (соңғы 10 жыл)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................2-8

I-ТАРАУ

Қазақстан-АҚШ  қарым-қатынастарының дамуы..............................................9-26

II -ТАРАУ

АҚШ-тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары..........................................................27-42

III -ТАРАУ

АҚШ-тың сыртқы саясаттағы Таяу Шығыс мәселесі.....................................43-53

Қорытынды...........................................................................................................54-57

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................58-61

 

КІРІСПЕ

Диплом  жұмысының маңыздылғы мен өзектілігі. XXI ғасырда дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруі, Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына өз серпінін тигізді. Бұл мемлекеттердің арасында егеменді Қазақстан Республикасы да туын тігіп, өз даму стратегиясын белгіледі. Бір жағынан Қазақстан Батыс елдерімен дипломатиялық, саяси-экономикалық байланыстарын нақты қадамдарымен реттесе, екінші жағынан АҚШ пен де халықаралық ынтымақтастық жолында түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуда жалпы ұстанымдардың ерекшелігін мұқият есепке алу қажеттілігін есте сақтайды.

«Қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін АҚШ супердержава еліне  айналғаны сөзсіз. Сондықтанда АҚШ өз ұстанымдарын күшейттіріп, Таяу Шығыста, Орталық Азияда және басқада шығыс елдерінде саяси үстемдігін орнату мақсатында түрлі тәсілдерін қолдануда. Бұл саяси ағымда АҚШ пен жан- жақты қатынастарды дамыту, сыртқы саясатты маңызды орын алады. Ал Қазақстан үшін жаһандану процессінде ұлттық мүдделерін қорғай отырып, әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерін ілгерлету аса маңызды болып келеді.

Қазіргі таңда  АҚШ әлемдік процесстерге өз ықпалын тигізуде қуатты әскери-саяси ресустары және экономикалық деңгейі аса зор дамыған ел. Ол бір жағынан ғаламдық процесстердің дамуына шешуші ықпал етсе, екінші жағынан әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйін анықтап беретін мемлекет. Сондай-ақ түрлі халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, әлемнің көптеген аймақтарында өз мүдделерін арттыра отырып жанжалдарды реттеуге де қатысады.

АҚШ соңғы  онжылдықта сыртқы саясатта көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 90-шы жылдардың басында Дж. Буш әкімшілігі «жаңа әлемдік реттеулер» ұстанымын қуаттандырып, Кувейтке соғыс ашқан Иракқа қарсы Батыс елдер коалициясын құрып, жеңіске қол жеткізді. 1998 жылдары Үндістан мен Пәкістанның ядролық қаруды сынақтан өткізуі, сол жылдары Иран және Солтүстік Кореяның орта ұзақтықтағы ракеталарды сынақтан өткізуі Билл Клинтон үкіметін толғандырды. Алайда бұл саяси әрекеттер АҚШ-тың әскери шығындарының артуына және әскери саласын қайта құруға итермеледі. Бұл ағым АҚШ-тың әскери қуатының екі есеге өсуіне әсеретті[1].

2000 жылғы сайлау  АҚШ елінде драмматикалық сипатта  болып өтті. Ел басына кіші Дж. Буш келуі АҚШ-тың саяси ұстанымдарын күшейте тұсірді. 11 қыркүйек 2002 жылы апат оқиға, кіші саясатын агрессиялық сипатқа айналдырды. Біріншіден Ауғаныстан еліне соғыс ашылса, екіншіден Иракқа әскери соғыс агрессиялық сипатқа ие болды. Сондықтанда АҚШ-тың аталмыш елдерге қарсы саяси ұстанымдарын анықтау және Қазақстанмен Каспий аймағындағы елдермен ара-қатынасын, сондай-ақ бұл аймақта нақты қадамдарын зерттеу диплом жұмысының маңыздылығы мен өзектілігін арттыра тұсетініне күмән жоқ.

Диплом жұмысының  мақсаттары мен міндеттері. 1990-2005 жылдар аралығында АҚШ ішкі саяси-экономикалық және сыртқы саяси байланыстарда көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда АҚШ әлемде ең ірі өнім көрсеткішіне ие. Ол дүниежүзілік өнімнің 27% өндіреді, 18% сыртқы сауданы қамтамасыз етіп, 40-60% әлемдік қаржы пайдасын бақылайды [2].

Ал Ю.М. Мельниковтың еңбегінде Брукинг институтының қызметкерлері Б. Бләхман және С. Каплэннің АҚШ-тың сыртқы саясатына байланысты статистикалық есептеулер бойынша 1946 жылдың 1 қаңтарында 1975 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде АҚШ дүниежүзілік аренада өз мақсаттарына жету үшін 215 рет әскери күшті пайдалануға, күш көрсетуге немесе онымен қоқан-лоққы жасауға барған [3]. Бұл көрсеткіштерді ой елегінен өткізіп, дипломдық жұмыста төмендегі міндеттер мен мақсаттар қойылды:

-АҚШ-тың ішкі  және әскери даму процесстерін  зерттеп, жетістіктерінің ғаламдық стратегиялық саясатқа әсерін көрсету;

-Қазақстак  мен АҚШ арасындағы саяси-дипломатиялық байланыстарының қалыптасуына көңіл аудара отырып, оның Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық мақсаттарын анықтау;

-Каспий шельфінің  маңызын ашып, ондағы АҚШ-тың негізгі стратегиялық мақсаттарын ашу және АҚІП мұнай корпорацияларының экономикалық саясатын көрсету;

-АҚШ-тың Ауғаныстан  және Ирак елдеріне соғыс ашу  себептерін сараптай отырып, аталмыш елдердегі даму деңгейіне көз тігу;

-Таяу Шығыстағы  кіші Буштың амбициялық-стратегиялық мақсаттарын анықтау және оған объективті түрде баға беру;

-Соңғы Ирак-АҚШ  соғысы барысында Қазақстанның  орнын анықтап, зардап шеккен ирактықтарға Қазақстанның; арнайы әскери бригадасының көрсеткен көмегін ашу;

-Таяу Шығыстағы  АҚШ-тың басты ұстанымдары мен  жүргізген саясатына баға беру;

Днплом жұмысының  зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда зерттеліп отырған дипломдық жұмыс тақырыбын аз зерттелген тақырыптар қатарына жатқызуға болады. Зерттеу барысында Университетінің кітапханасының кітап қоры, Шымкент қаласының орталық кітапхананың материалдары, интернет жүйесіне енгізілген саясаттанушылардың мақалалар қоры және газеттер мен журналдар материалдары айналымға тартылды.

Проблемаға  байланысты АҚШ-тың халықаралық  деңгейде алатын орнына және оның Таяу Шығыста жүргізген саясатына  байланысты М. Арахтың, И.В. Бергенің, С.М. Самуйловтың, В.В. Соргиннің,А.И. Уткиннің, А. Шальневтің т.б. зерттеушілер құнды зерттеулер жүргізген. Бұл зертттеулер арасында А.И. Уткиннің еңбегі АҚШ саясатынан аса маңызды бағыттарын көрсетеді [4]. Оның пайымдануынша АҚШ-тың Таяу Шығыстағы амбициялық-статегиялық мақсаттарын екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Палестина проблемасының туындауына ықпал етсе, екінші кезеңде, яғни «Қырғи-қабақ соғысы» аяқталған соң Израилді өзінің басты стратегиялық одақтасы ретінде жан-жақты пайдалануда.

А.И.Уткиннің пікірін А.Шальнев қолдап, Билл Клинтон  кезеңінде АҚШ-тың ішкі саяси-экономикалық дамуына және сыртқы саясатына баса назар аударады [5]. А.Шальнев Билл Клинтон әкімшілігінің статегиялық мақсаттарын мына сөздермен айқындайды: «АҚШ Клинтон кезеңінде әлемдік көшбасшылық дәрежесін сақтау үшін экономикалық потенциалына, әскери қуатының модернизациялауына, телевидение, инетрент, кино және мәдени-информациялық байланысына сенім арттырған-ды» [6] шын мәнінде АҚШ-тың бүгінгі таңда аталмыш қуатқа ие болуы, оның сыртқы саяси байланысын қуаттандыра түсетіні сөзсіз. Бұл жөнінде, әсіресе Дж. Буштардың билігі кезеңінде В.В. Соргин көңіл аударуда [7]. Ол құнды деректерге сүйене отырып, «екі Буш» арасындағы АҚШ-тың сыртқы саясатының басты бағыттарын сипаттауда.

АҚШ-тың Ауғаныстан және Ирак мәселелеріне байланысты интернет және саяси басылымдарда құнды материалдар кездесуде. «Время новостей» газетінде шыққан мақалада АҚШ-тың Ауғаныстан елінде жүргізген агрессиялық саясатына сың көзбен сипаттама берілген. Автор бұл мақалада Ауғаныстан үшін әзірленген Ата заңға да көңіл аударып, бұл жаңалықтың қираған ел ішіндегі мемлекеттік құрылымның позитивті жаққа өзгерте тұсетініне сенім арттыруда. Автор конституция қабылданған соң елдегі экономикалық жандану процесстерін де зерттеген көрінеді. Себебі соғыс аяқталған соң жер аударғандар қайта еліне орала бастанын ашып жазған және оның статистикалық зерттеулерін жүргізген [8].

К.Сыроежкин  АҚШ-Ирак соғысын «Странная война» деп атап, АҚШ-тың Ирактағы соғыстың аяқталмағанын, керісінше түскенін жазған. Ол бұл жөнінде мына пікірлерді ашық көрсеткен: «Тарих қайталанып жатыр. Кезінде конкордистер үндістер арасында христиан дінін таратса, қазір демократияны пайдаларын ойластыруда» [9]. Қазіргі таңда Ирактағы аяқталмаған ішкі саяси тартыс бұл пікірді растай тұсетініне күмән жоқ. Себебі телеарнада көрсетілген соңғы бейне материалдар АҚШ әскерлерінін бейбіт өмір сүрген жергілікті халыққа қарсы жасаған әрекеттер адамгершілік қасиетке жатпайтынын барлығы растайды.

Таяу Шығыс мәселелеріне байланысты «The Washington Profile» агенттігінің материалдары көптеген журналистикалық зерттеулерді жүргізген. «США и Ближный Восток. Тридцать лет мироворчества» атты агенттік материалдарында АҚШ-тың Линдон Джонсон басқару кезеңіндегі проблеманы шешуде бірнеше принциптер әзірлегенін жазған. Бұл принциптерді төрт негізге бөлуге болады;

-Арабтар ресми  түрде Израильді мемлекет ретінде мойындамағанша, Израиль жаулап алған жерлерді қайтармайды;

-1967 жылға дейін оккупациялық  жерлердегі Израиль ауылдары заңды болып есептеледі. Ал 1981 жылдан соң құрылған ауылдар заңсыз болып есептеледі. /Рональд Рейган кезеңіндегі бұл принцип азда болса бәсеңдеді/;

-Тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуына жол бермеу. 2000 жылғы БҰҰ-ның стастикалық мәліметтеріне қарағанда палестиндік жер аударғандар саны 3,7 млн. болды.

-Израилге  әскери және технологиялық көмек АҚШ тарапынан көрсетіледі [10].

АҚШ үшін аса  маңызды бұл принциптер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Таяу Шығыс проблемасында АҚШ ашық түрде Израильді қолдағанын көрсетеді. News Info журналистикалық зерттеулерде Таяу Шығыс мәселелерін бәсеңдету үшін АҚШ-тың Мемлекеттік Хатшысы Кондолиза Райстың Рим қаласында талқыға салғанын жазған. Бұл мәліметтер АҚШ-тың Таяу Шғыста көздеген негізгі мақсаттарын белгілеуге көмектеседі. АҚШ-Израиль байланыстары жөніндегі бүгінгі таңда А.Лазерев көптеген зерттеулер жүргізген. Ол екі ел арасындағы дипломатиялық және әскери-саяси байланыстарының терең тарихына үңіліп, талдау жасаған [11].

Ауғаныстандағы  проблемаға байланысты, оның туындау себептері мен барысын Е.Пастухов, С.Акимбеков, Б,Абдулин зерттеу жұмыстарын жүргізген. С. Акимбековтың «Вечный Афганский вопрос» атты мақаласында Ауғаныстандағы діни ұймдарының туындау себептері мен елдің артта қалған әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде құнды материалдар келтірген [12]. Е.Пастухов «Суровые будни святой земли» атты мақаласында Ясер Арафаттың қайтыс болғаннан кейін Таяу Шығыс пен Ауғаныстандағы даму стратегиясы жөнінде және елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы не болмақ деген сұрақтарға жауап іздестіруде [13].

АҚШ-тың Қазақстан  Республикасымен байланыстарының қалыптасуымен оның даму стратегиясы бойынша Сыртқы Істер Министрі Қ.Тоқаевтың көлемді монографиясы зерттеушілер үшін көптеген пікірлерді ұсынуда. Монографияның ІҮ-ші тарауында Қазақстандық сыртқы саясаттың американдық бағыты мәселелеріне тоқталған. Ол АҚШ-тың әлемдік прцесстерге елеулі ықпал ету себептерін ашық жазған [14].

АҚШ-Қазақстан байланыстары жөнінде; «Евразийское сообщество»  журналында көптеген мақалалар жарияланған. Л.Иватова, Н.С.Нуралиев, Д.Намазбаев, Д.Дәдебаев, Д.Досанов, К.Қөшім-Ноғай ізденушілер мен аспиранттар құнды зерттеулерін жүргізген. Бұл зерттеулер түрлі салаларды қамтиды. Мысалыға айтар болсақ Л.Иватовнаың зерттеулері Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық қауіпсіздік және ядролық қару-жарақтың таралуына шек қою мәселесіне басым көңіл бөлінген [15]. Л.Иватова екі ел арасындағы оқу-ағарту саласындағы байланыстар жөнінде де зерттеулер жүргізген. Автор екі ел арасындағы оқу-ағарту саласы бойынша жасалған келісім құжаттарға негізделе отырып, АҚШ-тың әсіресе мұнай секторына қажет мамандарды даярлауда ат салысқаны жөнінде жазған. Оның пайымдауынша Қазақстандағы Болашақ бағдарламасын кеңейтіп, тек магистр және докторант емес сонымен қатар түрлі салалар бойынша мамандарды дайындау қажет.

АҚШ-тың оқу-ағарту бағдарламаларының Қазақстандағы білім жүйесіне әсері жөнінде К.Қөшім-Ноғай да зерттеулер жүргізген. Ол Қазақстанға қазіргі таңда аса маңызды мамандардың қажет екенін баса көрсетіп, жас мамандардың ұлттық рухын ұмытпау керектігі жөнінде де атап өткен. Қазіргі кезеңде АҚШ-тың түрлі ұйымдары оқу-ағарту саласына байланысты тендорлар немесе жарыстар өткізуде. Олар степендия тағайындап, елдегі ғылымыи ойларды шет аймақтарға кетуіне жол бермеуі қажет.

Мұнай секторына байланысты екі ел арасында келісімдер жасалған болатын. Мұнайға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген саясаттанушы Д.Намазбаев құнды деректерге негізделе отырып, АҚШ-тың Кавказбен Орталық Азиядағы айындары жөнінде жазған. Қазіргі таңда Каспий аймағы тек АҚШ-ты ғана емес сонымен қатар Қытай мен Ресейдің қызушылығын арттыруда. Сондықтанда бұл мәселе АҚШ-тың геосоаяси мақсаттарымен тікелей байланысты. Ақш Атырау мен Ақтау аймақтарында өз позицияларын мығымдастыру мақсатында мұнай секторына капитал енгізіп, ірі компаниялардың құрылуына серпінін тигізуде. Д.Намазбаев осы мәселелерге байланысты құнды материалдарды оқырмандарға ұсынуда [16].

АҚШ пен қатар  ірі державалардың Қазақстандағы қызығушылықтары мен саясаттары жөнінде Б.К.Султанов, Л.М.Музафарова, А.Е.Абишев, Л.Г.Ерекешова т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ал Қазақстанның сыртқы саясатына байланысты, оның ішінде АҚШ арасындағы байланыстары жөнінде Г.Б.Хан, Л.С.Суворов, Г.Б.Рахманова сынды авторлар зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Диплом жұмысының  құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде жалпы АҚШ-тың стратегиялық мақсаттары көрсетіліп, тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне көңіл бөлінді. Сондай-ак бүгінгі зерттеушілердің еңбектері ғылыми айналымға тартылып, тарихнамалық шолу жасалды.

Жұмыстың  негізгі бөлімінде біріншіден АҚШ-тың Қазақстанмен байланыстарына көңіл бөлінсе, екіншіден супердержаваның Ауғаныстан және Ирактағы стратегиялық саясатына назар аудырылды. Сонымен қатар АҚШ-тың Таяу Шығыстағы негізгі ұстанымдары зерттеледі. АҚШ-Қазақстан арасындағы байланыстардың алғышарттары мен ағымына көңіл бөлінді. Дипломдық жұмыста АҚШ-тың Қазақстандағы мұнай қызығушылығынан тыс, оның оку-ағарту саласындағы үлесі де зерттеледі.

Дүниежүзілік  идеологиялық саясаттың өзгеруіне байланысты АҚШ-тың Ауғаныстан, Ирак және Таяу Шығыс ұстанымы да өзгерді. Сондықтанда бұл тақырыптың аукымы тек Қазақстан меи шектелмей АҚШ-тың Орта Шығыспен Таяу Шығыстағы геосаясаты да қолға алынды.

 

 

 

 

Информация о работе АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі