АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 22:58, дипломная работа

Описание работы

иплом жұмысының маңыздылғы мен өзектілігі. XXI ғасырда дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруі, Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына өз серпінін тигізді. Бұл мемлекеттердің арасында егеменді Қазақстан Республикасы да туын тігіп, өз даму стратегиясын белгіледі. Бір жағынан Қазақстан Батыс елдерімен дипломатиялық, саяси-экономикалық байланыстарын нақты қадамдарымен реттесе, екінші жағынан АҚШ пен де халықаралық ынтымақтастық жолында түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуда жалпы ұстанымдардың ерекшелігін мұқият есепке алу қажеттілігін есте сақтайды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2-8
I-ТАРАУ
Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы..............................................9-26
II -ТАРАУ
АҚШ-тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары..........................................................27-42
III -ТАРАУ
АҚШ-тың сыртқы саясаттағы Таяу Шығыс мәселесі.....................................43-53
Қорытынды...........................................................................................................54-57



Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................58-61

Файлы: 1 файл

Дип.-АҚШ-тың-қазіргі-саясаттағы-ролі-соңғы-10-жыл.doc

— 508.00 Кб (Скачать файл)

Осыларды сараптап Н.Ә.Назарбаев «Болашақта дүниежүзінде энергия тұтыну құрылымын өзгертудің екі сценариі болуы мүмкін. Олардың біріншісі шындыққа жақын келеді. Ал екіншісінің ықтималдылығы біріншіге қарағанда аздай» деген болжамды жасаған Оның пайымдауынша бұл сценарийлер мыналар:

І.Консервативтік сценарий. Бұл сценарий бойынша көмірсутегі айналымының ауысуы көмір мен мұнайдан газға, одан қайта жаңғыртуға болатын энергия кешендеріне, мүмкін тіпті ядролық энергетикага иек артатын болады.

2.Революциялық  сценарий. Бұл нұсқа таяудағы онжылдықтарда сутегі негізделген экономиканы жүзеге асырмақшы, ал оның базасы шағын отын көздері және жетілдірілген сутегі технологиясы болып табылады. Ондай технологиялар электр қутаны өндіруге мүмкіндік береді және зиянды қалдыктармен қоршаған ортаны ластамайды да.

Қазақстан-Американ қарым-қатынастарының маңызды бағыттарының бірі екі мемлекеттің оқу-ағырту саласындағы саясаты. Оқу-ағарту және ғылыми-зерттеу саласындағы алмасулар екі мемлекет арасын жалғайтын көпірге айналу мүмкін. Бұл өте маңызды болып табылады, өйткені Қазақстан ғылыми жоғары деңгейде дамыған мемлекет бола тұра, қазіргі таңда әсіресе бизнес, мененджмент, экономика, әлеуметтік саясат салаларында және журналистика, бұкаралық акпарат құралдары сияқты әлеуметтік даму және мәдениет салаларындағы жаңа оқу-ағарту және оқу бағдарламаларын даярлауда колдау мен көмекті қажет етеді. Қазақстанда мемлекеттік бюджет тапшылығы сезіліп отырған жағдайда АҚШ үкіметінің көмегі Қазақстан оқу-ағарту жүйесінің дамуына көп септігін тигізуде [44].

Ғылым, білім және мәдениет салаларында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында келісім жасау негізі 1994 жылы ақпан айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің АҚШ-қа ресми сапары барысында «Демократиялық әріптестік туралы Хартияға» қол қоюымен қаланды. Екі ел арасында тұсінушілікті тереңдету және «Демокртаиялық әріптестік туралы Хартияның» шарттарын орындау үшін Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында 1994 жылы 1 карашада «Қазақстанға АҚШ-тың көмек көрсету бағдарламаларын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар бойынша келісімге» қол қойылды. Бұл келісім АҚШ тарапынан қаржыландырылатын көмек бағдарламаларын жүзеге асыруға септігін тигізді. Солардың ішінде Білім дамыту Академиясы, Американ Колледждер консорциумы, Орыс тілі мұғалімдерінң американдық кеңесі, Халықаралық алмасу және зерттеу кеңесі /ІКЕХ/, Американ және Қазақстан білім беру орталығы және т.б. бар [45].

Мемлекетаралық және және үкіметаралыіқ деңгейден басқа, екі жақты әріптестік шебінде Қазақстан мен АҚШ білім министрліктерінің арасында келісімдер жемісті жұмыс атқаруда. Ол келісімдер негізінде мектеп окушылары, студенттер, аспиранттар және ұстаздар алмасулары жүргізіліи тұрады. Екі мемлекеттің университеттер өкілдері ұстаздық білім тәжірибелерін алмасады, оқу үрдісін ұйымдастыру мен танысады, оқушылардың білімін бақылау тәсілдерін және оларды аттестациялауды үйренеді. Американ және Қазақстан жоғарғы оқу орындары арасында біршама тікелей келісімдер мен келісімшарттар жасалған. Жыл сайын Қазақстан азаматтары екі мемлекет үкіметі және әр түрлі қорлар қаржыландыратын бағдарламалар бойынша АҚШ-қа оқуға барып келеді [46].

Қазақстан мен АҚШ  үкіметтері екі мемлекеттің жоғарғы  оқу орындары арасында білім беру саласында екі жақтық қарым-қатынас дамыту арқылы өзара тиімді әріптестік орнату саясатын жүргізеді. Бұл салада халықаралық әріптестікке Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігі қызметкерлерінің сыртқы саяси жұмыстары зор үлес қосты.

Екі ел арасында білім саласында жоғарғы оқу  орындары студенттер алмасу тәжірибесі жүзеге асырылуда. 1992 жылдың мамыр айында Қазақстанның АҚШ-қа мемлекеттік делегацияның бірінші ресми сапары кезінде АҚШ университеті мен колледждеріне жоғарғы деңгейдегі мамандар даярлау туралы келісімге, Нью-Иорк университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ол бойынша Қазақсстан мамандарын экономика, информатика және биотехнология салаларында даярлау жүзеге асырылды. Кентукки штатындағы университетпен жасалған келісім негізінде 1993 жылы американ тарапынан экономика саласындағы мұғалімдерге стипендия бөлінді. Американ тарапы Кентукки штаты университеті тұсынан Қазақстан ғылым, білім және бизнес орталығын ашу инициативасын білдірді [47].

Американ  колледждерінің Консорциуымен де мәдени және академиялық алмасу бойынша ынтымақтастық дамуда. Мысалы Әл-Фараби атындағы КазМҰУ-да 10 американдық студент оқыды. Өз кезегінде 10 қазақстандық студент Аризона мен Арканзас штаттарының университеттерінде білім алды.

АҚШ және Қазақстан университеттерінід арасында өзара тиімді және тең құқықты даму мысалы Оклохама мемлекеттік университеті мен Әл-Фраби атындағы Каз МҰУ арасындағы әріптестікті келтіруге болады. 1994 жылы басталған бұл бағдарлама саясаттанушылар кадрларын даярлауға, ғылыми зерттеулердің тиімділігі көрсетуге, саясаттану бойынша бағдарламаларды оптимизациялауға септігін тигізді. Сонымен қатар өтпелі қоғамдағы нарықтық экономика мен демократияның даму мәселелеріне арналған семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Посткоммунистік мемлекеттерде еркін және тәуелсіз баспасөзді дамыту арқылы адам құқықтары мен демократия мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Зор стратегиялық және кономикалық потенциалы бар Қазақстанның бұл проблемасы АҚШ-тың сыртқы саясатында маңызды орынға ие. 1997 жылдан бастап ОМУ мен Каз МҰУ арасында әріптестіктің жалғасуы да кездейсоқ емес. Осы бағдарлама арасында студенттер тәуелсіз баспасөздің жаңа моделдерімен танысуға мүмкіндік алды. Баспасөз бен баспасөз арқылы жүргізілген әріптестік, біздің ойымызша қазақстанда демократия мен адам құқықтарын дамытуға жәрдемдеседі [48].

Жоғарғы білім беру жүйесін көтеру мақсатында 1993 жылы қарашада шет елдің жетекші жоғарғы оқу орындарында кадрларды даярлау үшін қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» атты халықаралық стипендиясы белгіленген болатын. Бұл мәселе Н.Ә.Назарбаевтің соңғы жолдауында қарастырып, оның гранты екі есеге дейін өсті. Аталмыш бағдарлама жоғарғы оқу орын бітірген тілапты жастарға шетел оқу орындарында магистр дәрежесін алуға септігін тигізеді.

1994 жылдан  бастап АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасын  жүзеге асыруға Білім және тіл үйрену саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Американ Кеңесі /ASSELS/ жауап береді. Болашақ стипендианттарының көбі АҚШ-та оқиды. Жыл сайын осы бағдарлама бойынша АҚШ-та жүзге жуық стипендиант оқытылса, олардың әр қайсысына мемлекет жылына 25 мың доллар қаражат бөліп отыр [49].

Бірақ бағдарламаны жүзеге асыруда талапкерлерді іріктеуге байланысты кейбір кемшіліктер жіберілген болатын. Қазіргі кезде Қазакстанда туындаған жағдайды түзетуге арналған шаралар қолданылуда. Осы бағдарлама бойынша талапкерлерді іріктеу талаптары өзгертілді, іріктеуді бақылау күшейтілді. 1997 жылы қарашада Н.Ә.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары кезінде Техас штатындағы Хьюстон қаласында Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттерімен кездесті.

Алдағы уақытта  АҚШ пен Қазақстанарасында осы  салалардағы ынтымақтастық одан әрі дами түспек. Бұл қатынастар Қазақстан үшін сөзсіз пайдалы.

Оқу ағырту саласымен  қатар, қазіргі таңда Қазақстанның телеарналарында жаңа типті бағдарламалар, соның ішінде «Город будущего» атты телебағдарлама көрермендер назарына ұсынылуда. Бұл бағдарламаның авторы Б.Отарбаев да АҚШ-тын оқу ағарту бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барып келген. Аталмыш бағдарлама қазіргі жастардың білімін, ой өрісін кеңейтуге септігін тигізетініне күмән жоқ. Сондай-ақ білім беру жүйесіндегі рейтінгтік жүйе АҚШ-тың үлгісімен еңгізілген. Бұл жүйе өзінің әсерлігімен ерекшеленеді. Студенттердің сабаққа қатысу деңгейінің, сабақтағы белсенділігінің артуы осы сөзімізге дәлел ретінде болады. Себебі, жыл сонында әр бір студент белгілі бір көлемдегі балл мөлшерін жинап, соның нәітижесінде жақсы немесе өте жаксы көресткіштеріне ие болады [50].

АҚШ-Қазакстан  екі жакгы карым-катынастары тек білім саласында ғана емес, сонымен катар экономикалық, әлеуметтік және медицина салаларында да айқын көрінеді. АҚШ тарапынан Қазақстан көптеген гуманитарлык көмек алуымен бірге, жаңа технология үлгілерін пайдалануда. Жас мемлекет үшін мұндай көмек еліміздің аяғынан тік тұрып кетуіне жақсы тірек бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-ТАРАУ. АҚШ-ТЫҢ АУҒАНЫСТАН ЖӘНЕ ИРАКПЕН

СОҒЫСТАРЫ

2001 жыл дүниені қайдағы бір «ассиметриялық соғыс» дүр сілкіндірді. Тұракты әскері жоқ эксаумактық ұйымдар мен мемлекеттік айғақтары сайма-сай елемдік деңгейдегі державалар арасындағы соғыс. «Әль-Каиданың» АҚШ-пен соғысы. Тақырыпқа кіріспестен бұрын жалпы Ирак пен Ауғаныстандағы мемлекет құрылысына тоқталған жөн. Себебі осының салдарынан АҚШ-тың бұл аймақтағы қызығушылықты ашуға мүмкіншілік туғызады.

Ежелден бастап Ирак жерінде /екі өзең аралығы немесе Месопотамия/ Аккад, Вавилония, Ассирия секілді мемлекеттер өмір сүрген. 1921 жылы Ұлыбританияға тәуелді мемлекеттер құрылды. Ирак 1932 жылға дейін Ұлыбританияның доминионы ретінде дамып келді, ал 1958 жылдан бастап өз тәуелсіздігіне иеленіп, мемлекеттік құрылысын қалыптастырған. Сол жылдан бастап елдегі британдык әскери базалары жойылды. Соның нәтижесінде жаңа үкімет өзінің дербес әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүргізе бастады.

1968 жылдары  мемлекет басына Социалистік  Араб Өрлеу Партиясы келді. Осы партияның бас көтеруімен Ирактың барлық мұнай өнеркәсіп саласы ұлттандырыла бастады да, сол сәттен бастап Батыс елдерінің кері көз қарасын қаратып алды. Сол мезеттен бастап Батыс елдерімен АҚШ Иракқа қарсы ұстанымдарын қатаңдатты.

1979 жылдан  бастап ирак пен иран арасындағы байланыс шиелінісе түсті. Бұл шиеліністі жағдай 1980-1988 жылы Иран-Ирак соғысына себеп болды. 1990 жылы Ирак өз әскерлерін Кувейтке еңгізді де АҚШ арасындағы ара-қатынасын мүлдем бұзып алды. Ал АҚШ-қа осы сәт кажет болды. Себебі Буш үкіметінің негізгі амбициялык мақсаты ирактағы басты мұнай құбырларын өзіне қаратып алу болатын. 1991 жылы ирак соғыстан жеңіліп шыққан соң дүниежүзілік қауымдастықтың келісуімен Иракқа қарсы сауда-экономикалық санкциялар қойылды. Осы сәттен бастап Ирак еліне АҚШ тарапынан ірікті салына бастады. Біріншіден АҚШ елдегі жаңа саяси табанды қалыптастырды. Екіншіден оған саяси-экономикалық қолдау көрсетіп, Саддам Хусейінге айдап салды. 1994 жылы Ирак Ұлттық Конгресс Ұйымы Күрдістанда Саддам Хусейін үкіметіе қарсы саяси қимылдарын бастады. ИНК кейбір ала отырып, елдегі әлуметтік-экономикалық тұрықсыз жағдайды күрт нашарлатты.

Онсызда қиын жағдайға душар болған халық екі саяси блок арасында бөліске салынды. Бұл жағдай шиеленіскен соң 1988 жылы АҚШ-тағы Билл Клинтон үкіметі Иракты босату актісін әзірлзді. Ол АКТ бойынша АҚШ Иркатағы оппозиция үкіметіне қолдау көрсету мәселесін екі есеге көбейтті.

Ирак 1990 жылғы кабылдаған азағанға сәйкес Халықтық Демократиялык Республика болып қалыптасқан. Әкімшілік басқару бойынша Ирак 16 мухафазға, яғни губернаторлыққа бөлінеді. Ирак /Ирак республикасы, арабша Джумхурия аль-Иркия / Оңтүстік-Батыс Азиядағы мемлекет. Жалпы жер көлемі 444 мың кв.км, халық саны 19,4 млн. адам, оның 75 пайызы жергілікті арабтар, ал 20 пайызы күрттер болып келеді.

Жаңа геосаяси күш  өзін жантүршіктірер тасжүректік тұрғысынан да танытты. Оның аты «халықаралық терроризм» еді. Тұңғыш рет ғаламдық ауқымда жаһан адамдары өлім әкелетін және күйрететін дұшпанының касынан табылатын, оның зұлымдық істерінде шек болмайтынын сезінді. Ол халыкаралық құкықты мойындамайды, мемлекеттік шекаралар оны тоқтата алмайды немесе одан сақтана алмайды, «бейбітшілік кепілі» қаншама қуатты болса да одан үстемдігін жимайды-деп террористік ағымның қаншалықты корқынышты болғанын Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» еңбегінде нақты атап өткен. Дегенменде мұның төңірегі қайда, неге қазіргі таңда Христиандық әлеммен Мұсылман әлемі қарулы бәсекеге кірісті және оның тамыры қайда жатыр деген сұрақтарға жауап іздестіру қажет [51].

Террористік ағымның туындауына АҚШ пен Батыс елдерінің өзі кінәлі деп ойлауға бола ма? Деген сұрақ туындайды. Әрине «ерегісте біреуі өлер, өлмесе екеуіде өлер» деген нақыл сөздің төңірегінде АҚШ-тың екенші дүниежүзілік соғыстан кейін күшеюі, одан соң өз мүддесін артыруда әлсіз мемлекеттердің ішкі-саяси өміріне араласа отырып, ірі мемлекеттерді ерегістіріп алады деуге болады. АҚШ әскерлерін баста Вьетнамға, одан соң Таяу Шығыс елдеріне енгізуі салдарынан сол аймақтарда қарулы экстремистік ұйымдардың пайда болуына әкелді. Ендігі кезек ауғаныстан мен Иракқа, одан соң Солтүстік Корея мен Каспий жағалауына де енуі мүмкін [52].

«Аш бала, тоқ  баламен ойнамайды» деген қазақтың накыл сөздері бүгінгі тарихи процесстерді болжап бергендей, АҚШ өз күшінде болғандықтан кез келген ел тағдырын шешіп беруге дайын, тіптен оған өз мемлекеттік құрылысын мен дайын басқару жүйесін еңгізугеде дайын. Сондықтан бұл процестерді қарастыру үшін АҚШ-тың жан-жақты саясатын сараптан объективті түрде өткізу қажет.

АҚШ соңғы  он жылдықта өзінің әскери экономикалық мүдделерін Ирак және Ауғаныстанға бағыттағаны жұртшылыққа мәлім. Сондықтан бұл мәселені егжей-тегжей қарастыру үшін баста аталмыш елдердің географиялық орналасу тиімділігін және негізгі экономикалық потенциалын қарастыру абзал. Себебі экономикалық жағынан маңызды бұл елдердің орналасу аймағы да АҚШ үщін стратегиялық ықпалдастық аймақтарды бақылау жөнінен қажет болып отыр.

Ирак Республикасы өз атауы Жумхурия әл Иракия/ Оңтүстік Батыс Азияда, Тигр және Ефрат өзеңдері бойынд орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км 2. Халқы 22,4 млн. адам. Түрғындарының 75%-арабтар, 20%-курдтар, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армияндар. Халқының % Ислам дінінің шиит бағытын, 34% сунит бағытын ұстанады. Астанасы - Бағдат қаласы [53].

Ирактың экономикасы  әулетті үлкен ел. Елде аса ірі мұнай, табиғи газ, фосторт қорлары бар. Иран-Ирак соғысына дейін ел тек мұнай экспортынан ғана жыл сайын 21-26 млрд. американ көлемінде пайда тауып отырды. Ол ақша елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, жаңа индустрия мен инфроструктураларды дамытуға жұмсалды. Мұнай шығару, оны өңдеу, газ өндіру, цемент, электроэнергетика, көлік жасау т.б. салалары дамыған.

1998 жылы Ирак үкіметі БҰҰ арнайы комиссиясын жұмыс істеткізбей тастады. Сондықтан елге экономикалык байкот жариялау әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл экономикалық дамуына амбарго көрші елдердің экономккалық дамуына да кері әсерін тигізді. 2001-2002 ж.ж. АҚШ үкіметі Ирак террорлық қастандықтарды қолдайды, «зұлымдық үясы елдерінде» жатады, сол себепті Ауғаныстаннан соң, оны соққының астына алып, ел басшысы С.Хусейіннің көзін жою керек деген пікірді әлем халықтарына жариялап келеді [54].

Информация о работе АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі