Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:26, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Философия"

Файлы: 1 файл

filosoffia_shshpor.doc

— 468.00 Кб (Скачать файл)

 

1.Философия пәні. Философия пәнінің қайнар көзі – жеке адам, я болмаса әлеуметтік топ, қоғамның Дүние мен адам және олардың ара-қатынасы жөніндегі жалпы мағлұматты қажет етуінде. Басқаша айтқанда, homo sapіens (саналы адам) Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көп қырлылығын көреміз.Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр-сырын атап өтуіміз керек (ontos – грек сөзі, барлық, болу; logos – ілім, болмыс жөніндегі ілім). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Дүниенің негізінде не жатыр? Ол шектелген бе, я болмаса шексіз бе? Мәңгілік, я уақытша ма? Дүниенің өмір сүруінің ішкі мақсат-мұраты бар ма, ол не үшін жаратылған? Адамзат не үшін жаратылды? Адам болмысының мәні неде? Қоғам болмысын анықтайтын заңдар бар ма? т.с.с.Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері – ол оның гносеологиялық жақтары (gnosіs – грек сөзі, -тану, білу). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Біз кімбіз және Дүниедегі алатын орнымыз қандай? Адамның ақыл-ойы мен зердесінің табиғаты неде және ол Дүниенің ішкі сырын аша ала ма?  Ақиқат, шындық дегеніміз не?  Сезімдік пен ақыл-ойдың ара қатынасы қандай? т.с.с.Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі - ол оның аксиологиялық, яғни, құндылық жақтары. құндылық әлемін сараптау. Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, философияда мына сұрақтар бар: шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Адам өміріндегі еріктік, әділеттілік, теңдік, жақсылық, өлшем, парасаттылық т.с.с. құндылықтар қандай орын алады? т.с.с. Философия пәнінің келесі жағы – ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері (praktіcos – грек сөзі – белсенді, іс-әрекетшіл;  pragmatos – грек сөзі, -іс-қимыл). Өйткені, адам Дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады. Кең түрде алғанда, философияның праксеологиялық мәселелеріне бүкіл адамзат тарихындағы материялық және рухани өндірістегі жетістіктері мен тәжрибесі, соларға жеткізген сан-алуан адамдардың табиғатпен және өз-өздерімен байланыстары мен іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Адам, әлеуметтік топ, я болмаса қоғамның дүниетанымы, дүниесезімі мен оның іс-әрекет белсенділігінің байланысы қандай? Адамның іс-әрекетіне түрткі болатын оның қажеттіліктерінің табиғаты неде? Мақсатқа лайықты іс-әрекет деп нені айтамыз? Адамның іс-әрекетінде мақсат-мұрат пен соған жеткізетін құралдардың ара-қатынасы қандай? Адам өзінің іс-әрекеттерінен шығатын Дүниеге тигізетін барлық салдарды ескере ала ма? Дүниені адамзат қаншалықты өзгертуі керек және де сол өзгертуде қоғам мен басқа тіршіліктің ара-қатынасы қандай болмақ?, - т.с.с. сұрақтар философияның праксеологиялық мәселелеріне жатады.Ең соңында біз философия пәнінің ең нәзік, күрделі, терең ой, телегей-теңіз сезімдер, рухани толғау тудыратын жағын атап өтуіміз қажет. Ол Дүниенің өзін-өзі танып білу дәрежесіне көтерген ең әсем күш – адам. Адам мәселесі әсіресе ХХ ғасырдағы ойшылардың философиясында аса үлкен орын алды. Адам – кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? Ол не үшін Дүниеге келді? Адамның басқа тіршіліктен айырмашылығы қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы неде? Ол өлімнен аттап өтіп өлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я болмаса басқа рухани пәнделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің антропологиялық жағын көрсетеді. Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын. Адамды микрокосм (кіші ғарыш) ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) теңеген ертедегі грек ойшылардың ойында үлкен сыр жатса керек.Әрине, философия пәнінің жоғарыда көрсетілген жақтары бір-бірімен өте тығыз байланысты болып белгілі біртұтас жүйені құрайды. Сонда ғана біз күрделі адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарым-қатынастарын толыққанды суреттей аламыз.

Алайда, әрбір адамның философияны  оқып-білудегі, әсіресе, оны зерттеудегі  ерекше бір салаға деген қызығушылығы болуы мүмкін.

 

2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.Оның шығуының қайнар көзі – өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. 
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары – «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте.

Алайда, қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені, соңғыға тек қана абстрактылық ой-өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractіo – латын сөзі, -ой арқылы заттың, құбылыстың әр-түрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия – Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.

Тарихи дүниеге деген көзқарастың  тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз  мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз,  logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді (synkretіsmos – грек сөзі, -қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағна береді).Екіншіден – мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.

Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, - сонымен дүниеге деген көзқарас, дүниесезімінің жаңа түрі қоғамға келді. Дін де, мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеуімен ерекшеленеді.Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылықтары – мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде “бұл Дүние“ мен “о Дүние“ бір-бірінен анағұрлым алшақ жатыр. Өйткені, егер бұл Дүниедегінің бәрі де өтпелі, кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние – мәңгі, әсем, бақытты, жетілген   т.с.с. Дінде ең құдіретті жасампаз  - Құдай – табиғаттан жоғары және бөлек тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де адамның жан-дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.Сенім дегеніміз – белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұрғыдан алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі - ғылыми сенімдік. Оған қазіргі адамдардың ғылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетіне сену. Оны философияда сциентизм ия болмаса технократизм дейді. (scіentіa - латын сөзі, -білім, ғылым,  techne- грек сөзі, -өнер, жасай білу, шеберлік, cratos - грек сөзі, -билік).Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, я болмаса ғылыми деректерден шықпайтын, тіпті оған қайшы келетін қиялдарға нандыру және соларды адамның өз - өзіне нандыруы жатады. Міне, осы соңғы сенімдік түрі қайсыбір діннің негізін құрайды. Діни сенімнің қайнар көзі – адамның дүниені сезімдік-құндылық тұрғыдан игеруінде, ал Дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы келеді. Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарытып, оның ғылымға жақын түрлерін тудырады. Негізінен біз оларды пантеизм және деизм дейміз (pan- грек сөзі, -бәрі, theos - құдай, deus - латын сөзі, -құдай).Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай ретінде түсіну. Мұндай Құдайға деген көзқарастың шеңберінде “табиғатты жарату² мәселесі босқа жай қалып қояды.Деизмді алатын болсақ, онда құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі-қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.Діннің дүниеге келуінен бастап оның негізгі қағидаларына күмәнданған атеистік көзқарастар да туды. (atheos - құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаған адамдардың саны да аз емес.Дінге табынушылықтың негізінде әр-түрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога т.б.).Басқа қоғамдағы сан-алуан құбылыстар сияқты дінде тарихи өзгерістерге түсіп өзінің әртүрлі бағыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі Дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея – эсхатология (eschatos - соңғы, -грек сөзі, logos- ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі және өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жұмаққа тартуы.  Христиан дінінің негізгі қағидасы – сүйіспеншілік және оны уағыздауда осы дін өте биік жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды – Алланы, оның құдіретті күшін мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - Құрандағы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады. Ислам діні басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін Исламдық құқтық мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда.Ислам дінінің негізгі қағидасы – мейірімділік, қайыршыға, кем-тар адамдарға қол ұшын беру (садақа), зәкет төлеу (адамның өз еркімен әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.Үшінші дүниежүзілік дін – Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – оның этикалық-практикалық бағыттануы (ethos - грек сөзі, -әдет-ғұрып, praktіcos - грек сөзі, - белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі – адамның өмірге деген құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тарту керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өту керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір философия жоқ сияқты. Философия дүниеге көзқарастың формасы ретінде, оның айрықша ерекшеліктері.Үшінші тарихи қалыптасқан дүниеге көзқарастың формасы ретінде философия табылады. Ол мифология мен діннен дүниенің пайда болуы рационалдық бағалаудан, зерде позициясынан туындады. Философия – ол теориялық құрылған дүниеге көзқарас. Ол негізгі дүниетанымдық мәселелерді ойлау арқасында шешуге тырысады, ол ұғым мен пікірге сүйенеді. Философия дүниеге көзқарастың иетеллектуалдық аспектілерін бірінші орынға қойды, қоғамдағы дүние мен адамды танудағы қажеттіліктің өсуін білім тұрғысынан көрсетті.Шындықты философиялық тұрғыдан түсінудің негізгі себебі болып универсализм табылады. Философия – ол болмыстың жалпылы негізін тану формасы. Ол мәдениеттің барлық тарихында жалпылы білім немесе рухани – адамгершілік өмірдегі жалпылы принциптерді жасауға ұмтылған. Шындықты түсінудегі философиялық тәсілдіңкелесі ерекшелігі субстанционалдық табылады. Субстанция, яғни мән – ол заттардың сезімдік көптүрлілігін және олардың құрылымының өзгермелілігін бір тұрақтылыққа, өзіндік өмір сүруге әкелу. Субстанционалдық философтардың дүниенің құрылымы мен дамуын бір нақты бастамадан екендігін түсіндіруге ұмтылуынан көрінеді.Енді бір философиялық ойлаудың негізгі  ерекшелігі болып күмандану табылады.Философия алғашқыда – ақ күнделікті сананы, дәстүрлі құндылықтарды және адамгершілік нормаларды сынай бастаған

 

3. Антик дәуіріндегі философия. Космостан адамға дейін. Көне шығыс философиясынан кейін біз Батыс философиясына көшеміз. Әдебиетте оны антикалық философия дейді. Оның Отаны - қазіргі Греция. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық негіздері – патриархалдық-құлдық қоғамынан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде, байлықтың көзі ашылып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенцияның дүниеге келуі т.с.с. Бұл үрдістер Vқ-V б.ғ.д. өтті.Грек философиясының қайнар көзі – оның бай мифологиясында, гректердің өте терең нақыл сөздер қалдырып кеткен 7 дана аталарында. Сондықтан қысқаша оларға тоқтап кетпеуге болмайды.Негізінен билікке таласатын ақшалы адамдар – аристократтар мен плутократтар (arіstos- ең жақсылар, ақсүйектер, plutos- байлық, cratos - билік) болғаннан кейін, олардың табыстары да аз болған жоқ. Ал ол кездегі ерікті адамдар еңбекпен ақша тапқан адамдарға менсінбей жоғарыдан қараған. Сондықтан, қоғамдық санада софистер жөнінде теріс пікір туып, оларға “жалған дана² деген ат берілген. Ал, шынына келгенде, софистер философия саласында үлкен төңкеріс жасап, ой өрісін физис, космос мәселелерінен этика, саясаттану, риторика, тіл, дін, тәрбие мәселелеріне аударды. Олай болса, оларды антикалық философияның гуманистік-адамгершілік бағытын ашты деген пікірге келуге болады.

Б.з.д. қV ғ. Антикалық қоғамда бүкіл  мәдениет, соның ішінде философия  да өзінің ең биік сатысына көтеріледі. Қоғамды әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан алып қарағанда бұл уақыт қала-полистердің мүмкіншіліктері таусылып, дағдарысқа ұшыраған кезі болғанымен, рухани өмір, керісінше, үлкен шабытта болып, ең ұлы туындылар пайда болды. Мұның өзі рухани және материалдық өмір дамуының бір-бірінен тәуелсіз екендігін дәлелдегендей, әрине, салыстырмалы түрде ғана. Ал философияның өзінің ішкі даму заңдылықтарына келер болсақ, натурфилософиялық кезең және софистика ұлы жүйелерді жасауға жақсы мүмкіншіліктерді тудырды. Сол антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы ойшылдар – Платон мен Аристотель болды.Аристотель “бірінші физика² деп табиғат заңдылықтарын, нақтылы жаратылыстану заңдылықтарын зерттейтін физика ғылымының ар-жағында жатқан Дүние жөніндегі ең шегіне жеткен жалпы сұрақтарды түсінеді. Антика заманының ойшысы Андроник Родосский сондықтан оған “метафизика² деген атақ қойған болатын. Бұл ұғымның “бақытты тағдыры² болып, осы уақытқа шейін жетіп, философияда кеңінен қолданылады.Аристотель Дүниенің алғашқы негізін екі себептен шығарады, олар – материя және бітім, форма. Материя бітімсіз, бітім материясыз өмір сүре алмайды. Егер Платон материя оны қалыптастыратын идеясыз өмір сүре алмайды десе, онда Аристотель форманың өзі де материясыз болмыста жоқ деген пікірге келеді. Тек бір-біріне қосылып қана олар заттың шынайы болмысына, субстанцияға әкеледі. Олай болса, Дүниенің алғашқы негізін құрайтын материя және форма арқылы өмір сүретін жеке заттар ғана.Сонымен, Дүниенің алғашқы негіздері материя мен форма болатын болса, олар қалайша бір-бірімен қосылып нақтылы заттарды тудырады? Бұл сұрақты шешу жолында Аристотель ғылымға екі жаңа ұғым әкеледі. Олар “мүмкіндік² (грекше – dynamіs, латынша - potentіa( және шындық (грекше – energeіa, латынша – actus). Бұл ұғымдарды ол материя және формамен тығыз ұштастырады. Материя тек белгілі бір заттарға айналатын мүмкіндік қана. Ал формаға келетін болсақ - ол шынайылық. Сондықтан форма материяны мүмкіндіктен нақтылы шындыққа әкеледі. Егер Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалық дәуірдегі философиялық ой-пікірдің ең биік шыңына жатқызсақ, б.з.д.қV ғ. - V ғ. екі ортасындағы 8 ғасырды көне заманның философиясының бірте-бірте әлсіреп сөнуімен байланыстырамыз. Бұл 8 ғасырда неше түрлі соғыстар, құлдардың көтерілістері, ұлт-азаттық қозғалыстар – бәрі де болды. Бұл уақыт - құлдық қоғамның пісіп-жеткен сатысынан өтіп, сонымен қатар басқа даму жолын таба алмаған заман. Өндіргіш күштер сол бұрынғы мал мен адамның күшіне негізделген, жаңа күш-қуат көздері әлі ашылған жоқ. Сондықтан, биіктігі 135 м. Александрия Фаросы теңіздің жағалауында салынғанымен оған сол бұрынғы құлдардың күші пайдаланған болатын. Антикалық философиясының соңғы сатысындағы тағы бір ағым - ол скептицизм (skeptіkos - ізденуші, зерттеуші). Олар өздерінің аты ізденуші болса да, барлық Дүние жөніндегі білім, заңдылыктардың ақиқаттылығын теріске шығарады, бәріне күмәнданады. Скептицизмге қарсы тұрған ілім - ол догматизм (dogma-ілім), ғылымда ашылған белгілі теорияларды өзгермейтін, абсолютті ретінде қарау. Егер скептицизм ағымын осы сөздің мағнасы арқылы түсінгіміз келсе, онда бүкіл философияны осы ағымға жатқызуға болады, өйткені бұл пәннің саласында бірде-бір бүкіл ғылым қауымы мойындаған ақиқат жоқ. Әр-түрлі философиялық ағымдар Дүниенің ең жалпы сурақтарына өзінше жауап береді. Философиялық дүниетаным өте күрделі де қиын, болмыс әлі көп құпияларын өзінің бойында сақтап жатыр, әрбір ұрпақ үлкен ізденіс пен толғау арқылы өзінің дүниетанымын тереңдете түседі… Ал бірақ танымның қиындығын скептицизммен теңеуге болмайды. Скептицизм барлық дүниетанымға күмәндану, танымның ақиқатқа жетуге болатынын теріске шығарған кезде ғана дүниеге келеді.

 

4.Философияның негізгі  категориялары. Философия ғылым ретінде негізгі ұғымдармен немесе категорияларымен толығады. Философия категориялары тілде не сөзде көрінуі мүмкін. Философиялық категориялар үнемі дамуда, сынға ұшырасады, қабылданбауы да мүмкін және де үнемі мағынасы жағынан толығып отырады. Философияның негізгі категориялары мыналар: «болмыс, материя, табиғат, қоғам, адам, қозғалыс, даму, заң, зат, қатынас, мазмұн, форма, мән, жалпылылық, бірлік, қасиет, құбылыс, себептілік, салдар » т.б. Болмыс– бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнін білдіретін философиялық категория. Қарапайым санада болмыстың баламалары ретінде әлем, ғарыш, дүние, табиғат, өмір тәрізді жалпы ұғымдар қолданылады. Болмыс философияның ерекше саласы. Қоғамдық болмыс - қоғамдық сананы анықтайтын материалдық игіліктерді өндіру негізінде пайда болатын, одан тыс және тәуелсіз тіршілік ететін адамдардың табиғатка және бір-біріне материалдық қатынасы. Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Қоғам (лат. socialis – қоғамдық, жолдастық) – философияның (әлеуметтік философияның), тарихтың және әлеуметтанудың негізгі, базистік категорияларының бірі.

5.Материяның атрибутивтік  концепциясы. Материя (лат. materia – зат) категориясы философияға объективтік реалдылықты, шындықты белгілеуге енгізілген.«Материя» категориясы – бұл абстракция. Жалпы адам, жалпы өсімдік, жалпы құс, жалпы оқу мекемесі және осы сияқты жоқ болғандай, жалпы материя деген де жоқ. Сонымен бірге материяны оның белгілі бір нақты түріне – заттардың бөлшектеріне, сезіммен қабылданатын денелерге т.б. теңемейді. Материя дегеніміз – кеңістік пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттері бар алуан түрлі объектілер мен жүйелердің (системалардың) сансыз көп жиынтығы. Біздің сезім мүшелеріміз барлық реалды материя формаларының ең болмашы бөлігін ғана қабылдай алады.Қазіргі кезде ғылымдардың жаңа жетістіктеріне байланысты материяның атрибутивтік түсінігі дамуда. Оның мағынасы барлық материалдық объектілерге (Күн жүйесі, жер қыртысы, әлеуметтік институттар және т.с.с.) тән «жалпылық» немесе «атрибутты» белгілеу. Материяның атрибуттық қасиеттері (белгілері).1)Қозғалыс-жалпы кез келген өзгеріс,қозғалыс абсолютті,тыныштық салыстырмалы (тыныштық моменті).2) Өзіндік ұйымдасу (самоорганизация)- материяның сыртқы күштердің қатысуынсыз өзін өзі жасауы,жетілдіруі,қайтадан өндіруі(синергетика).3) Кеңістік пен уақытта орналасуы-бар объектілердің орналасу тәртібі,олардың созымдылығы, бірін-бірі ауыстыратын құбылыстардың тізбектілігі және ұзақтығы. 4) Бейнелеуге қабілеттілік-Нәрселердің өз құрылымында («денесінде») басқа нәрселердің әсерін, ізін қалдыру, белгілеу(сыртқы әсерге

жауабы)

6. Қозғалыс:оның қасиеттері  және негізгі формалары. Қозғплыс-материяның өмір сүру тәсілі. Қозғалыс туралы концепциялар: Метафизикалық концепция, Диалектикалық концепция,

Қозғалыс – объектінің кеңістік ауысуы ,Қозғалыс – бұл кез келген өзгеріс,Қозғалыс – материяның тыныштыққа қарама-қарсы жеке қасиеті,Қозғалыс – материяның Атрибуты,Қозғалыс – сыртқы әсердің нәтижесі,Қозғалыс – қайшылықты: қозғалыстың қайнар көзі ішкі және сыртқы қайшылықтар. Материя қозғалысының формалары: Әлеуметтік – қоғамның дамуы:индивидуум мен социумның сан алуан көріністердегі материалдық және рухани өмірі.Бұл жоғарғы ең күрделі формасы. Биологиялық – зат алмасу, көбею,тұқым қуалау, бейімделу, өсу,регенерация,ептілік, табиғи сұрыптау, биоценоз және басқалары. Химиялық – химиялық реакциялар (органикалық емес және органикалық), геологиялық процестер және басқалары. Физикалық – элементарлық бөлшектердің қозғалысы, ядролар және атомдар ішіндегі процестер, электричество, өрістер, оптикалық процестер және басқалары. Механикалық – қарапайым ауысу, кеңістікте объектінің орнының өзгеруі.Механикалық төменгі ең қарапайым формасы.Қозғалыс типтері: Сапалық –материяның өзінің өзгеруі, ішкі құрылымының қайта құрылып, жаңа материалдықобъектілердің және олардың жаңа сапаларының пайда болуы. Динамикалық қозғалыс – ескі форма шеңберінде мазмұнның өзгеруі, бұрынғы материалдық формалардың « потенциалының, мүмкіндігінің ашылуы». Популяциялық қозғалыс –объект құрылымының түбірлі өзгеруі, ол жаңа объектінің пайда болуына, материяның бір формадан өзге формаға өтуіне әкеледі. Популяциялық қозғалыс эволюциялық түрде де, сол сияқты «эмержменттік» (ештемемен шартталмаған «жарылыс») түрде де жүруі мүмкін. Мөлшерлік – материя мен энергияны кеңістікте өрістету.

 

7. Философиядағы идеалдылық  мәселесі.

Даосизмнің этикалық идеалы – жақсылық жасауға ұмтылмау. Сондықтан ондай адам – ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген өмірде көп кездесетін жақсылықтың жамандық болып оралуы болса керек. Сондықтан, даостардың ізгі адамы ешнәрсе жасамай жеңіске жетеді. “Күреспей-ақ жеңіске жетеді² – дейді даостар.Даосизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі, тұрақты үйі болса, онда олардың өмірі қуанышты. Сонда ғана көрші мемлекеттер бір-біріне алыстан қарап, бір-бірінің әтештерінің шақыруын, иттерінің үруін тыңдап өздерінің кәртайып өлгендеріне шейін бір-біріне тимейтіндігін айтады.Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал білімді адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек,- деген пікір айтады. Өйткені, әрекет жасамау, барлық заттардың өзінің мақсатына лайықты өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі.Енді Платонға қайта оралып, оның таным теориясына (гносеология( келетін болсақ, онда оның негізінде анамнез (anamnesіs – грек сөзі, - еске түсіру) жатыр. Адамның жан-дүниесі мәңгілік, оның шыққан тегі – идеялар әлемі. Сондықтан дүниетану жолында біздің жанымыз өзінің идеалды әлемінде болған шағын еске түсіре отырып қана ұғымдарды тудырады.Ал сезімдік танымға келетін болсақ, ондағы білім көбінесе жалған, өйткені, бұл өмірдің өзі өтпелі, тұрақсыз. Сондықтан сезімдік жолмен танылған пікірді Платон докса (doxa – грек сөзі, -пікір( дейді. Егер пікірді біз соған сәйкес ұғыммен негіздесек, онда ол ғылымға (epіsteme – грек сөзі, хат, ғылым) айналады. Платонның ойынша, бұл өмірде бізді идеялар әлемін жалғастыратын жалғыз ғылым, жан-дүние ғана емес, сонымен бірге Эрос және сүйіспеншілік. Олар бізді құдіретті әлеммен байланыстыратын көпірге ұқсайды. Эрос бізге қанат-күш беріп әсемдіктің әртүрлі сатыларынан өткізіп, соған ақырында жеткізеді.Немiс философиясының келесi ерекшелiгi - Л.Фейербахтан басқа барлық немiс ойшылдары - идеализм бағытының өкiлдерi. Егер француз ағартушыларының көбi материалистiк атеистiк бағытта болса, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте сияқты ұлы философтарды бiз материалистiк бағытқа жатқыза алмаймыз. Бұлар, керiсiнше, адамның санасы, рухының құдiреттi күшiн көрсете бiлдi. Сонымен қатар, олар рухтың тарихи дамуын, ақыл-оймен зерденiң арасындағы қайшылықтың бар екенiн, рухани өмiрдегi ақиқат пен ерiктiң, iзгiлiк пен әсемдiктiң дүниедегi ең бійiк тамаша құндылықтар екенiн көрсете бiлдi. Ендi әңгiменi нақтылай түсiп, сол немiс классикалық философиясының көрнектi өкiлдерiнiң шығармашылық жолын сараптайық. И.Канттың ойынша, тарихи, ғасырлар өткен сайын адамзаты моральдық идеалға жақындай түсуде, әсiресе, болашақ “этикалық мемлекет² орнаған кезде бұл процесс тездеуi мүмкiн. Ал, бiрақ, трансценденттiк жағдайда идеалға жақындап жету басқаша болмақ, өйткенi адам өлместiк сатысына көшедi.Жiгердiң ерiктiгi мен жан-дүниенiң өлместiгi үшiн қажеттi түрде белгiлi бiр онтологиялық (болмыстық) негiз керек. Ең болмағанда логикалық түрде адам Дүниеде  құдiреттi күштiң бар екенiн мойындауы керек. Олай болса, мұндай негiз деп тек Құдайды атауға болады. Құдай, сондықтан, бар және болуы қажет. И.Канттың ойынша, Құдайға сенбеушiлiк адамдардың моральдық деңгейлерiн күрт төмендетер едi, олар табиғаттан әлсiз және жетiлмеген болып жаратылғаннан кейiн күнәға батып адамдық қасиеттерiнен жұрдай болуы мүмкiн. Сонымен, И.Кант “Мен не нәрсеге үмiттене аламын?,- деген сұраққа - “Дiни сенiмге²,- деп жауап қайтарады.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"