Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:26, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Философия"

Файлы: 1 файл

filosoffia_shshpor.doc

— 468.00 Кб (Скачать файл)

 

18.Антропосоциогенез  мәселесі. Антропосоциогенез– материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуыфның және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) денегіміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы. Социогенез – антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенездің біртұтас процесінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағы бола отырып, антропогенезбен социогенез уақыт жағынан сәйкес келеді. Жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады. Бұл идея қазіргі антропологтар мен археологтар жасаған «екі секіріс теориясының» ғыл. Концепциясында нақты жүзеге асты. Бұл теория бойынша, адам эволюцииясында екі үлкен өтпелі кезең болды. Біріншісі және негізгісі -–адамның өзінен бұрынғы жануарлар сатысынан қалыптаса бастаған адамдар сатысына өтуі – бұл соңғыға архентроптар (пикентроптар, синантроптар және басқа ұсақ формалар) және палеоагтроптар (неандертальдар) жатады. Екінші секіріс – алғашқы және кейінгі палеолит аралығында, шамамен 35-40 мың ж. бұрын  болған палеоантроптардың қазіргі адамға айналуы. Бірінші секіріс әлеум. заңдылықтардың пайда болуы болса, екінші секіріс олардың толық та тұтас үстемдігінің орнауы болды. Қалыптасуы адамдар – (архантроптар мен палеоантроптардың) – коллективі енді таза биологиялық бірлесу кезеңінен өтті, бірақ ол әлі нағыз адамдар қоғамы бола қойған жоқ. Қалыптасушы  адамдар – (ең алғашқы зерттеушілер алғашқы адамдар табыны немесе алғашқы қоғам деп атады. Қоғамның тууы оның өмір сүруінің алғашқы формасының – алғашқы қауымдық формацияның қалыптасуы процесі болды. А-дың бастамасы жөнінде әлі пікір таласы орын алып келеді. Құрал жасаған алғашқы жануар питекантроптар емес, олардан бұрын болған хабилистер екенін көрсеткен 1960 жылдардағы ашылған жаңалықтардан кейін зерттеушілердің бір бөлігі хабилистерді адам деп қарай бастады және осыған сәйкес Антропосоциогенездің бастамасын 2,5-2 мың ж. бұрын австралопитектердің хабалистерге өтуімен байланыстырды. Антропосоциоге-нездің аяқталуы жайлы мәселе де толық бірегей көзқарас жоқ. Кейбір зерттеушілер оны неантроптардың пайда болуымен ертерек уақытқа жатқызуға бейім. Алайда алғашқы палеолит кезеңінде адамның бір биологиялық түрінің екіншісіне өту процесі жүріп жатқаны даусыз. Палеонтроптардың неоантроптарға өтуімен адамның биологиялық түр ретіндегі эволюциясы тоқталды. Бұл осы кезден бастап, адамдардың бұдан былайғы дамуы бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен анықтала басталғанын, яғни қалыптасқан қоғам пайда болғанын дәлелдейді.  Неантроптардың пайда болуымен бір мезгілде антропогенезде де және социогенезде де біртұтас Антропосоциогенез процесі аяқталды.

 

19.Философиядағы  сана мәселесі.Шағылыс және информация. Сана – философиядағы ең күрделі, осы күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан мәселенің бірі. Сана проблемасында әлі көп

көмескілік және жұмбақтылық бар. Бұл оның табиғатының ерекшеліктерінен, ұғымының кеңдігінен, құрылымы, атқаратын функциялары, адам мен қоғам өміріндегі маңыздылығынан туындап

отырған жайт. Сана – бейнелеудің ең жоғарғы деңгейі. Материалистік концепция бойынша сана – бұл жоғары ұйымдасқан материяның материяны бейнелеу қабілеті. Ол объективтік дүниенің

субъективтік бейнесі. Сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін де қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми –оның мекені. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. «Сана» деген терминнің өзі бір мағынада қолданбайды.Біріншіден, ол адамның ерекше психикалық қабілетін, екіншіден, адам осы қабілетті көрсететін күй-жағдайды, үшіншіден, сананың мазмұнын, төртіншіден, әлдебір басқарушы механизмді білдіреді. Сананың жалпы қасиеттері: субъектілік,пәнділік(мазмұндылық),белсенділік,интенционалдық,рефлективтілік,

Объективтенушілік,«лингвистикалықжабдықталғандық»,Идеалдық: Субъективті реалдылық(шындық);Идеалдық бейнелер дүниесінде материалдық объектілердің  заңдары жұмыс істемейді;Идеалдық бейнелер материалдық объектілердің  қасиеттеріне ие емес (шар идеясы дөңгелек емес). Сананың құрылымында шартты түрде төрт құралымдықтарды бөлуге болады. Біріншіден, сенсорлық (сезімдік) және перцептивтік (қабылдау) қабілеттер арқылы адам қоршаған дүние және өзі (физикалық,

материалдық дене ретінде) туралы алғашқы тікелей мағлұматтар, білімдер алады. Екіншіден, сананың құрылымында логикалық – ұғымдық қабілеттерді пайдаланатын ойлау қызметін бөлуге болады. Бұл

тікелей сезімдік мағлұматтардың шегінен шығып, объектілерді мәнділік тұрғысынан және олардың даму заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік береді. Үшіншіден, санада эмоциялар мен жігерлік (еркіндік,

қайраттық) сапаларды қамтитын құралымдықты да бөлуге болады.Олар сыртқы дүниемен тікелей байланыста емес. Сананың бұл сферасы тұлғаның толғауларын, естеліктерін, сезімдері мен көңіл

күйін, әртүрлі эмоцияларды (қорқу, уайым, қуаныш, реніш, сүю, жек көру, ләззат, жеркену және т.б.) қамтиды. Төртіншіден, сананың бұл құралымдығы қызметтің (іс- әрекеттің, жүріс-тұрыстың) жоғары мотивтерін, рухани идеалдар мен құндылықтарды, сонымен бірге оларды қалыптастыру және

түсіну қабілеттерін қамтиды. Құндылық – мағыналық бағалаусыз адамның заттық қызметі (предметная деятельность) өзінің парасаттылығы мен мақсаттылығын жоғалтар еді, жануардыңрефлекторлық жүріс- тұрысынан аса көп айырмашылығы болмас еді.

 

20.Әлеуметтік  философия. Қоғам ұғымы, құрылымы  және динамикасы. Әлеуметтік философия – белгілі бір қалыппен қоғамның сапалық өзгешелігін, оның заңдарын, әлеуметтік идеалдарын, генезисі мен дамуын, әлеуметтік процестердің логикасын жүйелеп баяндайтын философияның тарауы. Оның пәні – қоғам өмірі, бірақ нақты, күнделікті жағдайдағы емес, адамзаттың өткенін, бүгінгісін және болашағын қамтитын кең мағынадағы, тарихи дамудағы жалпы қоғам құбылыстары, процестері, нормалары, заңдары. Дегенмен, тарихи процестің схемасын, оның құндылықтар мен мағыналар жүйесін шығармаса да әлеуметтік философия адамдардың күнделікті қызметінің тәжірибесіне және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді. Қоғам өмірі өзара аса күрделі байланыста болатын экономикалық, саяси, идеологиялық, күнделікті тұрмыстық және басқа алуан түрлі қатынастардан құралады. Осы қатынастардың әрқайсысын қарастыратын жеке қоғамдық ғылымдар бар. Ал әлеуметтік философия осы алуан түрлі, күрделі қатынастар үшін ортақ заңдылықтарды тұжырымдай отырып, қоғамды біртұтас жүйе, өзінің объективтік заңдылықтары бойынша дамитын әлеуметтік организм ретінде қарастырады. Қоғам (лат. socialis – қоғамдық, жолдастық) – философияның (әлеуметтік философияның), тарихтың және әлеуметтанудың негізгі, базистік категорияларының бірі. Ол екі мағынада қолданылады. Кең мағынада қоғам әлеуметтік институттар, ұйымдар, қауымдастықтар мен топтар, жеке индивидтердің қызметі мен дамуында көрініс табатын адамдардың тарихи өзгерістегі тіршілік әрекеті формаларын құрайтын табиғаттан бөлініп шыққан өте күрделі, көпөлшемді, іштей тармақтанған, сонымен бірге табиғи тұтас жүйе, құрылым. Тар мағынада қоғам деп әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі (мысалы, индустриалдық қоғам) немесе жеке әлеуметтік организм (мысалы, қытай қоғамы) түсініледі. Қоғамның философиялық-теориялық талдауы оның идеалдық моделінің базасы негізінде және қоғамды бір-біріне әсер ететін, сонымен бірге қатар бағынатын бөліктерден тұратын тұтас организм ретінде қарағанда мүмкін болады, іске асады. Қоғам, басқаша айтқанда, тұратын территориясы, дәуір, дәстүрлері және мәдениеті біріккен адамдардың қызметі мен өмір жүйесі, олардың жан-жақты және көп деңгейлі өзара тәуелділікте болатын өмір тіршілігі. Қоғам – объективтік шындық, болмыстың ішкі құрылымы, тұтастығы, заңдары, даму бағыттылығы бар өмір сүру формасы. Қоғам – адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру формаларының жиынтығы, индивидтердің біріккен өмірінің тұтас жүйесі (өзара қатынастар, өзара әрекет, тәртіп, дәстүрлер, мәдениет). Қоғамдық болмыстың жақтары: Объективтік жақ, яғни адамдардың санасы мен еркінен тәуелсіз өмір сүретін (өмір жағдайлары,адамдардың қажеттіліктері,материалдық өндірістің жағдайы т.б.).Субъективтік жақ – адамдардың санасы мен еркі, олардың қоғамға қатынасы, ұмтылыстары,көзқарастары. Қоғам өмірінің негізгі сфералары: Экономикалық,Әлеуметтік,Саяси, Рухани. Қазіргі кездегі ғалымдар бөлетін қоғамның құрамды бөліктері: Антропосфера –адамдардың биологиялық организмдер ретіндегі өмірінің сферасы.Социосфера –адамдар арасындағы күрделі қоғамдық қатынастар облысы.Биотехносфера(техносфера) –адамның және адамзаттың техникалық әсерінің тарау облысы.Қоғамның динамикасы-үлкен әлеуметтік топтарды қамтитын және қоғамның әлеуметтік құрылымында немесе әлеуметтік жүйесінде бейнелейтін әртүрлі өзгерістер,айналулар,ауысулар,үрдістер.

 

21.Постпозитивизм  философиясы. Адам іс әрекетінің жетекші саласы ретінде ғылым өз тарихында өзін дәйектеу проблемасынан әлі айырылған жоқ. Осындай проблемалар туралы әртүрлі пікірлер жүйесі өте маңызды философияның бір бөлімі ғылымдар философиясын құрайды. Ғылымдар философиясының алға қойған мақсаты, ғылымның нәтижелерін бағалау критерийлерін негіздеу, ғылымдағы маңызды өзгерістерді байқап және бағалау, сонымен бірге ғылыммен және жалған ғылымның арасын ажырату (демаркациялау). Философиялық білімде ғылым туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) бағыт ұстанса, екіншілері ғылымды философиялық тұрғыдан терең талдап оның шығуын, дамыун негіздеуге күш салды. Осындай философиялық қағидалар (концепция), онша көп емес. Оған постпозитивизмді жатқызуға болады.Осы философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды. Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды.Қалыптасқан жағдайға жан бітіріп тәуекел еткен ғылымдар философиясының жаңа бағытының өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд және т.б.Олардың арасында да әртүрлі пікірлер бар. Неопозитивизмді  ауыстырған “постпозитивизм” ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды.

Олардың әртүрлілігіне  қарамастан, барлығына ортақ идеяларын  шамамен төмендегідей қарастыруға  болады:

1) ғылымды теориялық  тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің  динамикалық картинасын құрғанда  ғана мүмкін;

2) ғылыми білімнің  өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;

3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз  байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;

4) ғылыми теориялар  бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда  оларды салыстыруға болмайды;

5) ғылыми білімдерді  өзгертудің мақсаты ақиқатқа  жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.Енді, постпозитивизмнің кейбір белгілі өкілдеріне назарымызды аударайық: К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады.Ғалымдар жаналықты ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек. Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады.

Егер теория жоққа  шығарылмаса, оны ғылым дей алмаймыз.

Фальсификация принципінде  кейіннен сынға ұшырайды.

Теорияны жоққа шығару – оны фальсификацияға ұшырату емес, фактілерді жақсы түсіндіре білетін басқа теориямен ығыстыру. Осы мақсатпен ғылымды эмпириялық және теориялық деңгейде ғана қарастырмай,ғылымилықтың мазмұнды нормаларын беретін метатеориялық деңгейде де қарастыру керек деген ұсыныс болды.

Томас Кун осы ұсынысты ескере отырып философияға жаңа “парадигма”  ұғымын кіргізді.

Парадигма - барлық ғылыми қауымдастық қабылдаған ғылыми нәтиже. Оның көмегімен ғылыми проблемаларды  қоюға және оны шешудің әдістерін  қарастыруға болады. Парадигма ауысқан уақытта, ғылыми нормалар да ауысады. Әртүрлі парадигмалардың аясында қабылданған теорияларды салыстыруға болмайды, өйткені ғылымилықтың әртүрлі стандарттарына негізделген. Парадигма деңгейінде ғылыми біліммен, жалған білімнің арасын ажырататын нормалар қалыптасады.

Ғылымның дамуы туралы И.Лакатос ұсынған концепция Т.Кунның позициясына жақын.

Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу  бағдарламасының ауысуы арқылы жүреді. И.Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасын  екі кезеңге прогресс және регресс деп бөледі. Ғылыми қауымдастық көбінесе прогрессивті зерттеу бағдарламасын таңдайды, өйткені бағдарлама фактілерді түсіндіріп қана қоймай, белгісіз фактілерді болжауға көмектеседі.

Ғылыми-зерттеу бағдарламасының  ауысуын И.Лакатос ғылыми революция деп атайды. И.Лакатостың пікірінше ғылымның даму тарихы осы ауысып отыратын бәсекелес зерттеу бағдарламалардың күресі арқылы толық анықталады. И.Лакатос ғылымның ішкі және сыртқы даму тарихын айырады. Ғылымның ішкі тарихы идеялар мен методологиялардың ауысуы, ал сыртқы тарихы жеке тұлғалармен, ғылымды ұйымдастыру формаларымен байланысты, яғни ғалымдардың іс-әрекетіне тәуелді.

П.Фейерабендтің пікірінше  бір мезгіл аралығында өзара көптеген білімнің түрлері бар, ал ғылымның ішінде-көптеген өзара тең теориялар бар. Ғылымның дамуы әртүрлі теориялардың бәсекелестігі арқылы жүреді. Олай болса ғалымдар альтернативті теорияларды көптеп жасай берулері керек. Олар бір-бірімен жарыса отырып, өздерінің бастапқы принциптерін айқындап алады, өзара сынасады, ақырында ғылымның дамуына көмегі тиеді. Әртүрлі парадигманың негізінде қалыптасқан теорияларды салыстыруға болмайды, тіпті көрінген екі теорияны салыстыра алмайсың. Олардың әрқайсысының негіздері әрқилы. П.Фейерабенд рационалды ойға қарсы. Ғылым тарихына сүйене отырып, ол қабылданған ғылым стандарттарымен, нормалардың негізінде рационалды емес компоненттер жатыр дейді. «Ғылымның құндылығы неде? Шынымен ғылым хоппи космологиясынан, Аристотель ғылымы мен философиясынан, дао ілімінен артық па? Немесе, ғылым-нақты бір тарихи жағдайларда пайда болған мифтердің бірі шығар?» деген сұрақтар қоямыз. Байқасақ, рационалды іргетасының негізінде салынған үй берік емес екен

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"