Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:26, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Философия"

Файлы: 1 файл

filosoffia_shshpor.doc

— 468.00 Кб (Скачать файл)

қарттар, жастар). Қоғамның әлеуметтік құрылымының анықтаушы элементі таптар болады. Таптардың бар болуы материалдық өндірістің дамуымен байланысты, онда (матер.өнд.) еңбек бөлісінің, еңбектің нәтижелерін үлестірудің және қоғамның таптарға бөлінуінің басты себептері жатыр.Әлеуметтік стратификация (жіктеу) (лат. stratum – жік, төсем+ facere – істеу, жасау) мынандай белгілер бойынша жүргізіледі:адамдардың (әлеуметтік топтардың) білімі, біліктілігі,жұмысбастылығы, кірісі (табысы), тұрмыстық шарты, өмір сүру стилі мен әдісі.П.Сорокин төменгідей страттарды бөлген:

- биоәлеуметтік –  а) нәсілдік; ә) жыныстық; б) жас  шамасына

қарай;

- мәдениәлеуметтік –  а) шығу тегі; ә) территориясы, б) тіл,

этникалық және ұлттық топтар; в) кәсіби; г) экономикалық; д) діни; е)

саяси. Қоғамның саяси сферасы - әлеуметтік топтардың мүдделерін

қорғайтын, қоғамды басқаратын ұжымдар мен ұйымдардың

жиынтығы. Саяси өмірдің  негізгі мәселесі – бұл билік  мәселесі. Оның

мәні:

- қоғамда билік кімнің  қолында?

- осы билік кімдердің  мүдделерін қорғайды?

- қоғамды басқару қалай жүзеге асырылады?

Мемлекеттік билік үш түрге бөлінеді: заң шығарушы

(парламент), атқарушы (үкімет  және оның органдары) және сот  билігі. Қоғамның саяси жүйесінің элементтері: Мемлекет,Қоғамды ұйымдар,Саяси партиялар,Кәсіподақтар,Басқаминституттар. Қоғамның саяси жүйесінің басты элементі: мемлекет –мемлекеттік билікті жүзеге асыратын органдар жүйесі. Мемлекет –бұл қоғамды басқаратын, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайтын саяси институт. Ол қоғам (немесе билеуші элита) мүдделі алдымен меншік формаларын қорғайды. Антагонисті қоғамда мемлекеттің мәні – бұл үстемдік етуші таптың диктатурасы, ол тап өзінің мүдделеріне сәйкес қоғамның барлық жақтарын басқаруға мүмкіндік алады. Қоғамның рухани сферасы (немесе рухани өмірі) оның қызмет етуі мен дамуында маңызды роль атқарады. Егер қоғамның материалдық өмірі (материалдық өндіріс) өз мәнінде дүниені заттық-практикалық игеру болса, онда рухани өмір – дүниені рухани игеру болып табылады. Қоғамның рухани өмірі бай болса, бұл адамдар өмірінің қолайлы рухани атмосферасын, жақсы моральдік-психологиялық климат жасайды. Басқа жағдайларда қоғамның рухани өмірі кедей және көріксіз болуы мүмкін, ал кейде тіпті нағыз руханилықсыз орнайды. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнында оның шын адамилық мәні көрінеді. Руханилық тек адамға тән ғой және оны қалған дүниеден бөлектейді, жоғары көтереді. Қоғамның рухани өмірінің негізгі элементтері: Рухани қызмет – сананың қызметі, оның нәтижесінде адам,материалдық және рухани дүние туралы сезімдер мен ойлар,бейнелер мен түсініктер пайда болады.Рухани құндылықтар – рухани қызметтің нәтижесінде пайда

болады: мысалы, моральдік, діни ұстанымдар, ғылыми теориялар, көркем шығармалар .Рухани қызмет барысында рухани құндылықтарды адамдар өздерінің рухани қажеттіліктеріне сәйкес таратады және тұтынады (қабылдайды, меңгереді).Рухани қатынастар – адамдар арасындағы қатынас, рухани құндылықтармен өзара алмасу.Адамның жеке санасы – оның болмыстың жеке жақтарын қабылдауы.Қоғамдық сана – адамдардың қоғамдық практикасынан, олардың

өндірістік, отбасылық - тұрмыстық және басқа қызметінен пайда болатын және болмыстың барлық әртүрлілігін бейнелейтін сезімдер,көңіл күйлер, идеялар, теориялар, көркем және діни бейнелер,

әртүрлі көзқарастар  жиынтығы.

 

30.Сана  және бейсаналық. Сана адамның психикалық процестерін, қасиеттерін және көңіл-күйін білдіретін жалғыз ғана деңгей емес. Адам қабылдап және оның жүріс-тұрысына ықпал жасайтынның бәрі бірдей жете түсінілмейді. Санамен (саналықпен) қатар бейсаналық (санасыздық) бар. Адам кейбір жағдайларда санасыз іс-әрекеттер жасайды, бұларға инстинктивті, «автоматты» (дағдылы) т.б. іс-әрекеттер жатады. Мысалы, адамның жүріс кезінде аяқ алуын (алмастыруын), велосипед педалін айналдыруын, мәтінді оқымай қол қоюын т.б. айтуға болады.Кең түрде бейсаналық проблемасымен З.Фрейд (Австрия), К.Юнг (Швейцария) және т.б. шұғылданды. Бейсаналық – бұл адамның жүріс-тұрысына әсер ететін, бірақ ол өзі жете түсінбейтін, автоматты, спонтанды байқалатын құбылыстар, үдерістер, қасиеттер және көңіл-күйлер. Бейсаналық бастама, түптеп келгенде, адамның барлық психикалық үдерістерінде, көңіл - күйлері мен қасиеттерінде орын алады. Осы ретте адамда бейсаналық ес (жады), бейсаналы ойлау, бейсаналық мотивация,бейсаналық түйсіктер және т.с.с. бар деп айтуға болады.Тұлғадағы бейсаналық: қателер,ұмыту,түстер көру,қиялдар,армандар,кенет ұмтылыстар,екпін,инсайт.

31. Санаға  функционалды көзқарас теориясының  интерпретациясын бер.

Ой – сана — бұл, шамасы, ағзаның ең бір терең ұмтылыстарымен байланысты ең ежелгі

мистикалық болжамдардың бірі: бірақ, оның әлеуметтік топтарға тұрақтылық беретіні

жөне адамға, оның ұмтылыстары  мен өжеттіктері таза рационалды тәжірибе куә

болатындай, соншалықты бір шектеулі еместігі туралы сезімді  нығайтатыны анық. Бір

жағынан, адам оқиғалар барысына эсер ете алатыны, ал, екінші бір жағынан, табиғаттың

өзінде адамның іс - әрекетіне орай әлдебір мейірімді  жөне кекшіл бастау туралы

идеяларда Көріпкелдіктің, жаратудың моральдық мағынасы және адам күн кешуінің

мақсаты сияқты барынша  дамыған ұғымдардың дәні бар. Өнерді, бос уақытты және

қоғамдық салтанаттарды  функционалды түрде түсіндіру үшін, шамасы, ағзаның ырғаққа,

дыбысқа, түске, сызықтар мен формаға, сондай-ақ олардан қалыптасатын үйлесімдерге

тікелей физикалық реакциясына  назар аудару керек шығар. Сәндік өнерге келсек, оларды

шеберлікпен және технологияның  жетілдірілуімен бір қатарға  қою, сондай-ақ діни және

сиқырлы мистицизммен байланыстыру қажет болар.

IX. Қорытындылар

Бұл айтылғандардың барлығы  да алдын ала жоба - нобай екені  әркімге де анық, болуы

керек Осыған қарамастан, ұйымдастырылған қарекеттің табиғи бірліктеріне біріккен

мәдени феномендерді зерттеуге бола ма деген сауалға  толық та нақты жауап беру керек.

Мен, институт ұғымы, оның құрылымының жалпы очеркі және оның негізгі түрлерінің

толық тізімін қосқанда осы сауалға жақсы жауап береді деп білемін.

Алғашқы және туынды қажеттіліктер  теориясы бізге биологиялық, психологиялық  және

мәдени детерменизм  арасындағы арақатынастардың мейлінше анық функционалды

талдауын береді. Институттар  түрінің әрқайсысының функциясына  менің берген қысқаша

анықтамаларым ең соңғысы  және қорытындыланғаны деуге толық  сенімім жоқ. Мен —

мәдени реакциялардың  әртүрлі, атап айтқанда, экономикалық, құқықтық, тәрбиелік -

білімдік, ғылыми, сиқырлық және діни түрлерін биологиялық, туындылық  және

қажеттіліктер жүйесімен функционалды түрде салыстыра алғаныма барынша сенімдімін.

Бұл жерде көрсетілген  функционалды теория далалық зерттеудің алғышарты және әртүрлі

мәдениеттер феноменінің  салыстырмалы талдауы ретінде қызмет ете алады. Ол

мәдениетті, институттарға және оларға тән ерекшеліктеріне бағыттай отырып, нақты

талдауға себепші болуы  мүмкін. Егер осындай жол карталармен  жарақтанған далалық

этнографты елестетер  болсақ, олар оған феномендерді бөле - жара қарауға және олардың

арасындағы байланыстарды  табуға көмектеседі деп жорамалдауға болады. Далалық

зерттеушіні, ең алдымен, нені бақылау және бақылағанын қалай  баяндау керектігіне

байланысты анық болашақ  және нақты нұсқаулармен қамтамасыз ету көзделген.

Менің ерекше баса айтқым келетіні — функционалды — мәдени элементтерді бөлуді

зерттеуге де, эволюцияны, тарихты және диффузияны зерттей  отырып өткенді қайта

реконструкциялауға да еш қарсы емес. Ол тек қана, біз  мәдени феномендерді олардың

функциясы мен формасы  арқылы анықтамайынша, не Морган, Бахофен, Энгельстікі

сияқты қияли эволюционистік сызбаларға немесе Фрезер, Бриффо және тіпті

Вестермарктар ұсынғандай жекелеген элементтердің бөлшектелінген түсіндірмесіне

ұрыну қаупі бар екенін жалықпай айтады. Егер зерттеуші элементтердің  бөлінуін

алдамшы және іс жүзінде жоқ ұқсастықтарды бөле-жара көрсететін болса, оның еңбегі

заяға кетеді. Сонымен, функционалдық, оның негізгі міндеті — мәдениетті алдын ала

талдау және антропологты мәдени құбылыстардың сенімді идентификациясымен тек өзі

ғана қамтамасыз ете  алатынына нық табан тірейді.

32. Философиялық дискурс.Мемлекет.Ерік.Теңдік.

Дискурс (фр. discours) — тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.  
Дискурс — сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік ястарына талдау беретін үғым. Структуралистер ғылыми айналымға қосқан бұл ұғым философияда, әлеуметтануда, семиотикада мәдениеттануда, когнитивтік талдауларда қолданылады. Дискурс ұғымы арқылы қандай да бір тікелей оқырманға не тыңдаушыға бағытталған концепция (ғылыми, философиялық) белгіленеді. Дискурс адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-катынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен белгісін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды. Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас  өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда  кең қолданылып жүр. Хабермас  «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-қатынасқа, сұхбатқа  имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық  тіл. Ондағы идеология  деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр. Шығыс пен Батыстың философиялық дискурсы" деген тақырыппен халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды. "Ғылым ордасындағы" бұл шара Германиядағы идеализмнің адамгершілік қағидаларын зерттей отырып, соның негізінде жаңа тұлғалық философияны қалыптастыруға бетбұрыс жасаған белгілі қазақ ғалымын еске түсіруге арналып отыр. Онда Ресей, Германия, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркиядан ғалымдар өз елдеріндегі тұлғалық философияның дамуы туралы баяндама жасауда. "Қазір елмізде тәуелсіздіктің 20 жылдығына дайындық жүріп жатыр ғой. Онда тәуелсіздікті қалыптасуына, бекуіне өзінің үлкен үлесін қосқан тұлғалардың есімі ұлықталып, еңбектерін насихаттау көзделіп отыр. Соның бірі философия ғылымының докторы, профессор Нұрлан Қадырұлы Сейтахметов. Ғылымды педагогикамен ұштастырып, көптеген еңбектер жазды. Оның еңбегі айрықша болды. Негізінен философиядағы адам мәселесін, тұлғалық философияны қалыптастыруға ерен еңбек сіңірді", дейді Философия және саясаттану институтының директоры, ҰР ҰҒА академигі, философия ғылымының докторы Әбдімәлік Нысанбаев. Оның айтуынша, Қазақстанның тәуелсіздігін өзге емес дәл осы жердегі халық құрып, дамытып жатыр. Оған жанын пида еткен тұлғалы азаматтардың еңбегі ескерусіз қалмау керек. Өлі риза болмай, тірі байымайды дегендей, олардың еңбегін ғалымдар насихаттап, үгіт жұмыстарын жасау керек. Ештен кеш жақсы дегендей, қазір елімізде тұлғалық философияны зерттеу мәселесі қайта қолға алынып жатыр. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің  пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «бұл алманы жеу керек» деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған.

33. Эволюциялық  теориялардағы антиномиялардың  философиялық интерпретациясын  бер және шешу жолдары қалай. Гайдельберг) - неміс философы, жаңакантшылдықтың Баден (Фрайбург) мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі. Берлинде, Страсбургте, Цюрихте және Фрайбургте неміс әдебиетін, тарихын, экономикасы мен философиясын оқыды. Фрайбургте

В.Виндельбандтың жетекшілігімен "Дефиниция туралы ілім" тақырыбына диссертация

қорғады. Страсбург (1888-1891), Фрайбург (1891-1915) және Гайдельберг (1916 жылдан)

университеттерінде философиядан дәріс берді. Оның философиялық көзқарастары үлкен

эволюцияға ұшырады, соның  салдарынан ондай көзқарастар өзінің рухани сүйенері - И.

Канттың идеясы шегінен жиі шығып кетеді, демек ол бүл орайда біресе фихтеандық,

біресе жаңагегельдік, енді бірде оның бастапқы құрылымдары  мен феноменологиясының

өзіндік синтез нысанына ауысып отырады. Г.Риккерттің негізгі  шығармалары:

"Трансцендентальды  философияға кіріспе. Таным пәні" (1892), "Ұғымдарды жаратылысты

ғылыми түзудің шекаралары" (1896), "Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы

ғылымдар" (1899), "Өмір философиясы" (1903), "Тарих философиясы" (1905),

"Предикаттардың логикасы  және онтологияның проблемасы"( 1930), "Философиялық

әдіснаманың, онтологияның және антропологияның негізгі мәселелері" (1934) және т.б.

"Философия жүйесі" шығармасының бірінші томы 1921 жылы  жарық көрді, ал қалғандары

аяқталмай қалды. Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы ғылымдар

Эмпирикалық ғылымның бір  жағынан теологтар мен заңгерлер, тарихшылар мен

филологтар, екінші жағынан  тап сондай дәрежеде мүдделі физиктер мен химиктер,

анатомдар мен физиологтар, биологтар мен геологтар болып  екі үлкен топқа бөлінуіне

байланысты қазіргі  кезде жеке ғылыми саланы зерттеумен айналысатын ғалымда да,

философ сияқты, пікір  қайшылығы болмауы тиіс. Бірақ  сонымен бір мезгілде жаратылыс

зерттеушісі олардың  арасында жалпыға ортақ нәрсе  бар екендігін мойындайды, басқа

топтың өкілдерінде, әсіресе  егер жекелеген ғалымдардың пікірлерін айтқанда, олардың

бірлескен қызметі үшін ортақ атауды бірден таба қоюға тіптен мүмкін болмайтындай

көрінеді. Мынадай сұрақ  туындайды: сондай жалпыға танымал  және барлығы

қолданылатын атаудың  болмауы толықтай айқындалған ұғымның болмауының кері жағы

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"