Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:26, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Философия"

Файлы: 1 файл

filosoffia_shshpor.doc

— 468.00 Кб (Скачать файл)

 

22.Ғылым  және философия. Философия мен ғылым арасындағы қатынастардың ұзақ тарихы бар. Антикалык дәуірде және орта ғасырларда олардың арасындағы айырма аңғарылмады. Ол кезде ғылым қазіргі кездегімен салыстырғанда әлсіз болды. Ғылымда философияның кағидалары жүретіні казір белгілі жайт. Ол ұстанымдардың дұрыстығына тәжірибелермен көз жеткізіледі. Мысалы, ғылымда философияның дүниенің шексіздігі, материяның тереңдігі, оның бірлігі мен көптүрлілігі туралы ұстанымы түйінделеді. Осы сияқты, математикамен бірлесе отырып та философияның кағидалары тексеріледі. Физикалық тәжірибелер арқылы тек физика ғана емес, сонымен коса оның құрамындағы математика да, философия да тексеріледі. Философияның әдіснамалық функциясы оның ғылымдарға бағыт беруші әсерінен көрінеді. Сонысымен олардың мейлінше тиімді бейнеде дамуына септіғін тигізеді, өзінід дамуындағы киындықтардан өтуіне көмектеседі. Философияның әдіснамалық функциясы белгілі бір мақсатка, мысалы, ғылыми білімді тиімді күрылымдаудың, эстетикалык шығармашылыктың, әлеуметтік практиканың алдына коиылған максаттарға жету үш колданылатын әдістерді іріктеп ала білумен айқындалады. Философияның өзіне тән түйық емес, іргелі зерттеу әдісі, әрекет ұстанымдары туралы сез болады. Ғылыммен айналысу дүниеге белгілі бір кұндылыктық катынастарды өкеледі. Ғылымда ақиқат және оған алып баратын әмпириялык және теориялық өдістер бөрінен де жоғары бағаланады, бұлар ғылым үшін ең қымбат құндылық. Ғалымдар кауымдастығында пікір қайшылықсыздығы, білімнің дөйектішгі теорияльщ жіне төжірибемен негізделуі, сонымен қоса догмаға, беделге сыншыл көзқарас, адалдық, парасаттылық, ерлік және өз түжырымын корғай білу қымбат. Ғалымдардың кейбіреулері "біз ғалымбыз, өдеп біздің ісіміз емес" дегенге саятьш, "ақиқатка кол жеткізумен ісіміз бітеді" деп есептейтін көзкарасты үстанады. Бұған карсы шығатындар "ғалымдар коғамның жагдайына карай өздерінің белсенділігін көрсетуі керек" дегенге сілтейді. Өзінің ғылымдағы мамандығына сілтеме жасай отырып, өлдебір жауыздың колына жаппай қирататын, адамдардың санасын баскару аркылы олардың ісіне бақылаусыз араласуға мұмкіндік әперетін қаруды салқынкандылықпен үстата салуға бола ма? Ғылымды ізгілендіру және ғылым этикасы. Аса ірі ғалымдар Н.Бор, В.Гейзенберг: "Ғылымды тек ақикат ендіретін кәсіпорьш" — деп карау кате, "Оны қоғамдық байланыстарға кеңінен қосу керек" деп санаған екен. Соңғы кезде бұл ұстанымды жақтаушылар кебеюде. Оның мәні мынада: ғалымдар өздері ашкан жаңалығына қатысты жауапкершілікті толык болмаса да мүмкін дөрежеде өз мойнына алуы керек. Жауапкершілік этикалық категория болғандықтан, олар этиканы сактауы тиіс. Адамдар кауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін бірдеңе жасау үшін ғалым өзгелермен катынас туралы жүз мөрте ойлануы керек. Ал шешім қабылдағаннан кейін жауапкершіліктен тайсактауға болмайды. Нағыз ғалым этикалық, тең эстетикальщ және имандылык құндылықтардан шет қалмайды. Ол толығымен олардың жетістіктерін қабылдайды. Ғалым үшін акиқат дегеніміз — игіліктің және ізгіліктің белгісі. Таным тек адамның санасымен жүзеге асырылады. Сана, білім және таным арасында ажырамас бірлік бар. Таным үдерісі көптүрлі және өзара байланысқан формаларда жүзеге асырылады. Олар — жұтаң, практикалык, аңыздык, діни, көркем-бейнелі, ғылыми және философиялык таным. Танымның екі деңгейі бар: сезімдік және рационалды,. Таным қызметі органдар арқылы ақпарат алудан, ойлау арқылы ақпаратты қорытудан, қоғамдық практикада колданудан түрады. Сезімдік танымның формалары: түйсік, кабылдау, түсінік. Рационалды таным формалары: үғым, пікір және ой қорыту. Егер алынған білім дәйекті болса, ол — ақиқат. Ақикаттың маңызды және шешуші өлшемі — практика. Ақикатты білімге ғылым аркылы кол жеткізуге болады. Ғылым коғаммен, мөдениетпен және философиямен тығыз байланыста болады

 

23.Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы. Эмпириялық зерттеулер зерттелетін

объектіге тура бағытталады, бакылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;4) тәжірибе жасау құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

 

24.Ғылыми  танымның теоретикалық деңгейінің құрылымы. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теоретикалық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теоретикалық деңгей әдістері: 
1. Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет. 
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінін, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардын арасынан өзіне керекті әдебиетті тандап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет. 
Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зергтеу әдісі ғылыми танымнын белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеггерді зерттеу сияқты сатылары бар.Қорыта айтатын болсақ зерттеулердің теоретикалық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

 

25.Ғылыми  танымның динамикалық мәселелері. Таным, білімнің формалары мен түрлері көп. Ең алдымен таным ғылыми емес және ғылыми болып екіге бөлінеді. Ғылыми емес танымның түрлеріне күнделікті тұрмыстағы танымдар, көркемөнерлер бейнелері, діни танымдар т.б. жатады. Ғылыми таным атының өзі айтып тұрғандай, таным процесінің ең дамыған түрі. Ғылыми танымның міндеті заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың өмір сүру және даму заңдылықтарын ашу. Ғылыми танымның Белгілері:Жүйелілік,Логикалық дәлелдеу мүмкіншілігі,Эксперименталды тексеру Мүмкіншілігі,Ойды анық тілмен білдіру (жеткізу).Ойлау күрделі танымдық процесс болып табылады. Ғылыми таным мен ойлаудың тәсілдері түрінде адам ойы арқылы қолданылатын жалпы логикалық және жалпы танымдық операцияларды түсінеміз. Әдіс дегеніміз философиялық білімдер жүйесін құрып негіздеу тәсілі, шындық дүниені теориялық  және практикалық тұрғыдан танудың тәсілдері мен операцияларының жиынтығы.Әрбір ғылымның өзіне тән жеке зерттеу әдістері болатындықтан оның құрамдас бөлігіне методология жатады.Методология дегеніміз- теориялық және практикалық қызметті құрудың, оны ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі, яғни осы жүйе туралы ілім. Ғылыми танымның әдістерін 3 топқа бөлеміз. Олар:арнайы, жалпығылыми және универсальды. Арнайы әдістер тек жекелеген ғылымдар шеңберінде ғана қолданады, бұл әдістің обьективті негізіне арнайы ғылыми заңдар мен теориялар жатады. Бұл әдіске көбінесе химиядағы сапалық анализдің әртүрлі әдістері, физика мен химиядағы спектральды анализ әдістері, күрделі жүйелерді зерттеу кезінде статистикалық модельдеу әдісі жатады. Жалпы ғылыми әдістер танымның барысын барлық ғылымдарда сипаттайды, бұл әдістің обьективті негізіне танымның жалпы-методологиялық заңдылықтары жатады. Бұл әдіске эксперимент пен байқау әдісі, модельдеу әдісі, гипотетикалық-дедуктивтік әдіс, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісі кіреді. Универсальды әдістер адамзат ойлауын тұтасымен сипаттайды және адамның танымдық қызметінің барлық сфераларында қолданылады. Мұның жалпы адамзаттық негізіне обективті дүниені, адамды, адамның ойлауын, таным процесін түсінудің жалпы философиялық заңдылықтар жатады. Бұл әдіске философиялық әдістер мен ойлау принциптері, диалектикалық қайшылықтар принципі мен тарихилық принципі жатады. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері мен формалары белгілі бір моментте бір-біріне өте алады және бір-біріне сәйкесе алады. Мысалы, анализ, синтез, идеальдандыру сияқты әдістер бір уақытта таным әдісі болады, ал гипотезалар әдіс түрінде де көрініс береді.

26.И.Лакатостың  “Зерттеу бағдарлама”методологиясы. Ғылымның дамуы туралы И.Лакатос ұсынған концепция Т.Кунның позициясына жақын.Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуы арқылы жүреді. И.Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасын екі кезеңге прогресс және регресс деп бөледі. Ғылыми қауымдастық көбінесе прогрессивті зерттеу бағдарламасын таңдайды, өйткені бағдарлама фактілерді түсіндіріп қана қоймай, белгісіз фактілерді болжауға көмектеседі.Ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуын И.Лакатос ғылыми революция деп атайды. И.Лакатостың пікірінше ғылымның даму тарихы осы ауысып отыратын бәсекелес зерттеу бағдарламалардың күресі арқылы толық анықталады. И.Лакатос ғылымның ішкі және сыртқы даму тарихын айырады. Ғылымның ішкі тарихы идеялар мен методологиялардың ауысуы, ал сыртқы тарихы жеке тұлғалармен, ғылымды ұйымдастыру формаларымен байланысты, яғни ғалымдардың іс-әрекетіне тәуелді.

27.Ғылыми  революцияның тарихи түрлері. Ғылыми революция дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар.Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипатта-рын бөліп қарастыруға болады:1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау;2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы;Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теория-ларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады.1. Жеке — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:1)    ғылыми революциялардың аумағы;2)    ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;3)    жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар ашу;4)    әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;5)    ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;6)    ғылым дамуының тарихи кезеңі,7)    ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар.Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.

28.Қоғамның  формациялық және цивилизациялық  концепциялары. Детерминистік көзқарастан басқа қоғамдық кезеңдерге бөлудің формациалық және цивилизациалық көзқарастары бар. Бұлар қоғамның кезеңдерге өту себептерін өзінше түсіндіреді. 
Детерминизм-материя және рухани әлемдегі құбылыстардың өзара байланысы мен олардың арасындағы шартты заңдылықтарды объективті түсіндіретін философиялық ой. Детерминизмнің негізін себеп-салдар түсіндіреді. Мұнда қандайда бір құбылыс аңықталған жағдайда 2-ші бір құбылысты (сандарды) туғызады. Детерминизмге қарама-қайшы индетерминизм ұғымы өмір сүреді. Ол себеп-салдар ұғымын және олардың тұтастығын жоққа шығарады. Географиялық етерминизм - ол маркстік емес концепция қоғамдық өмірдегі құбылыстарды табиғи жағдаймен, мемлекеттің географиялық орналасуымен түсіндіріледі. Орта және оның әлемдері қоғамың дамуын аңықтап фактор деп есептейді. Марксизм-ленинизм географиалық детерминизмді жоққа шығарады, қоғамның кезеңдерге өту заңдылығын аңықтады. Формациялық көзқарас – маркістік ілімге тән. Онда 1-ші формация алғашқы қауымдық құлиеленушілік пен азиялық өндірісті біріктіреді 2-ші формация құлиеленушілік, крепостнойлық және капитализмді біріктіреді. Бұлар жеке меншікпен байланысты. 3-ші формация коммунистік, онда жеке меншік айында және гуманизм кезеңі келеді деп есептеді.  
Формациялық ілім: 1.Қоғамдық, тарихи формациялық өзгерісін, табиғи-тарихи процесс деп түсіндіреді. 2.Материялық өмірдің рухани құңдылықтан жоғары болуы мүмкін екендігін білдіреді. 3.Қоғамдық өндірістік қатынастар базис болып табылады ал саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық қатынастар қондырма деп аталады. Қондырма базиске тәуелді және содан туындайды. 4.Қоғамдағы кластар оғамдық қатынастардың негізгі бірлігі және тарихи субъектісі болып табылады. Формациялық көзқарас бойынша қоғамның бір кезеңнең екінші кезеңге өтуі топтар арасындағы қарама-қайшылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл формациялық көзқарас. 

Цивилизациялық көзқарас-әлемдік  тарихты цивилизацияның ауысуымен  түсіндіретін көзқарас болып табылады. Цивилизация (лат:«азаматтық, қоғамдық» деген мағынаны береді). Бұл термин мәдениет денгейін бағалау үшін қолданылады. Цивилизациялық ілім материялдық және рухани дамудың тұтастықын түсіндіретін ортақ формалар мен принциптерден тұрады. Цивилизациялық тұтастық функционалды ой қалыптастырушылық сипатта болады. Бұл көзқарастың негізін адамзаттағы өзара байланыс және өзара тәуелділік мәселелері құрайды. Цивилизациялық тұтастық функционалды және ой қалыптастырушылық сипатта болады. Бұл көзқарастын негізін адамзаттағы өзара байланыс және өзара тәуелділік мәселелері құрайды. Мұнда жалпы адамзаттық құңдылықтың ұлттық немесе кластық құндылықтардан жоғары болатындығы айтылады. Бұл теория экономика ғылымындағы жаңа ілім болып табылады. Алғашқы цивилизациялық революция 6-8 мың жыл бұрын болған деп есептеледі бұдан кейін өнеркәсіптік революция қазіргі уақыттан 300 жыл бұрын болған деп есептеледі. Ал ХХ ғасырдың ортасынан ғылыми-техникалық революция басталды. Келесі бір экономистердің көзқарасы бойынша 7 цивилизацияға бөліп қарастырады:1.Неолиттік (30-35 ғ.):2.Шығыс-құлиеленуші (Қола ғасыры 20-23 ғ.);3. Антикалық (Темір дәуірі 12-13 ғ.);4. Ертедегі-феодалдық (7 ғ.);5.Индустрияға дейінгі (4-5 ғ.);6.Индустриалды (2-3 ғ.);7.Постиндустриалды (2-3 ғ.); 
Цивилизациялық көзқарас қоғамды кластарға бөліп қарастырмайды.

 

29.Қоғамдық  өмірдің негізгі сфералары.Қоғамдық өмірдің негізгі сфералары:экономикалық,әлеуметтік,саяси,рухани. Экономикалық сфера – қоғам өміріндегі базалық, анықтаушы сфера.Экономикалық сфера құрылымы: Өндіріс, Үлестіру, Алмасу,Материалдық,байлықты тұтыну. Материалдық өндірістің (экономикалық сфераның) маңызы: 1)қоғамның өмір сүруінің материалдық базасын жасайды;2)қоғам алдында тұрған проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды;3)әлеуметтік құрылымға тікелей әсер етеді (таптар, топтар);саяси процестерге ықпал жасайды;4)рухани сфераға ықпал жасайды – тікелей түрде (мазмұнына), сол сияқты инфрақұрылымға, рухани сфераның иесіне (мектептер, кітапханалар, театрлар,кітаптар). Әлеуметтік сфера – еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі. Әлеуметтік құрылым өзінің табиғаты бойынша объективті және заң шығаратындардың декретімен құрылмайды немесе жойылмайды. Өндірістің әрбір тарихи белгіленген әдісіне қоғамның әлеуметтік құрылымының белгілі типі сәйкес болады. Әлеуметтік сфераның негізгі элементтері: таптар,страттар,қауымдастықтар, қала мен ауыл тұрғындары,дене және ой еңбегі өкілдері,ұлттық қауымдастықтар, әлеуметтік-демографиялық топтар (ерлер, әйелдер,

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"