Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні

Дипломная работа, 16 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді. Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.

Содержание работы


Кіріспе ..................................................................................................4

Лизингтің мәні .....................................................................................6
Лизинг түсінігі .............................................................................6
Лизинг ұғымының пайда болуы ...................................................7
Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері ...................9
Лизинг нысандары, типтері және түрлері .....................................10

Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері .......................................38
Лизингті мемлекеттік реттелуі .......................................................38
Әр-түрлі субъектілерге қатысты лизингтің пайдасы мен кері жақтары .....................................................................................................51
Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі ......................57

Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар...........................................62
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру.....................62
Лизинг кәсіпкер қаруы .....................63
Астана қласында лизинг негізінде транспорттық құралдармен қамтамасыз ету ....................................................................................71

Қорытынды ...........................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиет ......................................................................................77
Қосымша материал ..............................................................................................78

Файлы: 1 файл

Лизинг(дипломка)_1.doc

— 364.00 Кб (Скачать файл)

3. Лизинг жөнiндегi департаментке:       

 Қазақстан Республикасында  лизингтi дамытудың негiзгi бағыттарын, перспективалық жоспарлары мен  болжамдарын әзiрлеу;      

 машиналық-техникалық импортты  қамтамасыз ету үшiн шет ел  инвестициялары мен кредиттерiн тарту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың әзiрленуi мен жүзеге асырылуына қатысу;      

 жалпы республикалық және  аймақтық лизинг компаниялары  жүелерiнiң ұймдастырылуына жәрдемдесу;  
      лизингтi пайдалану және дамыту мәселелерi жөнiндегi республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының, кәсiпорындарының және ұйымдарының қызметiн үйлестiру;      

 лизинг мәселелерi жөнiндегi заң  және басқа нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу жүктелсiн.      

4. Лизинг жөнiндегi департаменттiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ, орыс тiлдерiнде өзiнiң атаулары жазылған мөрi, фирмалық белгiсi, банкте шоты бар заңды тұлға болып табылатындығы белгiленсiн.      

5. Лизинг жөнiндегi департамент орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 15 адам болып бекiтiлсiн (күзет және мекемеге қызмет көрсету жөнiндегi қызметкерлер бұған кiрмейдi) және 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 13     

6. Лизинг жөнiндегi департамент  аппаратын ұстаудың шығындарын қаржыландыру мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.14      

7. Департаменттi Қазақстан Республикасы  Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындап және қызметiнен босататын директор басқарады.      

 Департамент директорына Қазақстан  Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет  төрағасы орынбасарының мәртебесi берiлсiн және оған Төраға орынбасарының лауазымдық жалақысы деңгейiнде жалақы белгiленсiн.      

8. Қазақстан Республикасы Көлiк  және коммуникациялар министрлiгi тiкелей келiсiм бойынша Лизинг  жөнiндегi департаменттi қажеттi телефондық, телеграфтық және телефакстық байланыспен, оның iшiнде халықаралық байланыспен қамтамасыз етсiн.      

9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк  мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк  комитетi бiр ай мерзiмде Лизинг  жөнiндегi департаментке Алматы қаласында  қызметтiк үй-жай бөлудi қамтамасыз етсiн.     

10. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк  мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк  комитетi Қазақстан Республикасының  Әдiлет министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен  және Экономика министрлiгiмен  келiсiлген Лизинг жөнiндегi департаменттiң Ережесiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне бiр ай мерзiмде әзiрлеп, ұсынсын.             

 

3.2 Қазақстанда инвестициялық белсенділікті  көтеру

 

Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру бойынша шаралар кешеніндегі лизингтің орыны

Қазіргі кезде нарықтық қатынастар жағдайында инвестициялық қызметті реттейтін нормативтік құжаттардың кешені жасалды. Кәсіпорынның негізгі қаржылық ресурсы болып пайда мен өтелім болады. Пайда мен өтелімдік есептеулер есебінен инвестицияларды қалыптастыруды құқықтық реттеумен қатар, инвестициялық жобалар және т.б бойынша орталықтандырылған ресурстарды конкурстық орналастыру сияқты, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға жаңа тәсілдер енгізілуде.

Жүйе астының өзгеруінің өтуі жолымен барлық жүйеге өзгеріс енгізуге мүмкіндік жоқ болғандай, инвестициялық қызметті белсенділендірудің қандай бір факторын дамыту жолымен инвестициялық салаға мағыналы өзгеріс жасау да мүмкін емес. Бұл жерде пайдалы нәтижелерге кешендік тәсіл негізінде ғана қол жетеді. Бірақ Өкiмет Қазақстан Республикасында  инвестициялық базаны дамыту үшін бірқатар қадамдар жасауда және онда лизингке маңызды орын берілуде. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының өкiметi қаулы етеді:     

1. Қоса берiлiп отырған қаржы  лизингi шарттары бойынша қаржы  лизингіне беру мақсатында лизинг  берушi әкелген, импорты қосылған  құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тiзбесi бекiтiлсiн.     

2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан  бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасы Өкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 475 қаулысы бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Заңы. 2000 жылғы 5 шілде N 78-ІІ15 «лизингті дамыту бойынша шаралар туралы» қаулы қабылдады, онда әртүрлі министрліктер мен ведомстваларына (МИД, МНС, ГТК, МВЭС және т.б) қызметтің осы түрін дамытуға бағытталған әрекеттердің белгілі қатары ұйғарылады. Сондай-ақ 1998 жылы 3 қыркүйекте №1020 «лизингтік операцияларды жүзеге асыруға мемлекеттік кепілдіктерді бекіту жөнінде» қаулысы қабылданды. Қазақстаннның инвестициялық қызметке байланысты заңдылық базасында, лизингке көп көңіл аударыла бастады, бірақ тәжірибе жүзінде ол инвестициялық ауа-райына толық тәуелді, экономиканың нақты секторының дамуына байланысты.

АҚШ-та 90 жылдардың соңында, мәселен, инвестициялардың жалпы көлемінде лизингтік операциялардың үлес салмағы 35 пайыздан асты. Жапонияда, өз кезегінде, лизингтік операциялардың жылдық өсуі 25-40 пайызды құрайды.

Бірақ бұл елдерде, біздің елімізге қарағанда нарықтық экономика жағдайында дамудың орасан зор тәжірибесі бар, осы тәжірибелерге сүйене отырып, біз мұндай көрсеткіштерге, кезінде дамыған елдер келген кезден де тез келуіміз мүмкін.

 

3.3 Лизинг кәсіпкер қаруы

  • Салықтық инспекция мен лизинг

Жыл сайынғы жалгерлік төлемнің толық төлемі салық салынатын кірістерді анықтағанда есептеуге жатады. Бірақ салық инспекциясы, бұл жалгерлік деп аталған, оны төлем мерзімін ұзартумен өтелетін несие алу емес, нағыз жалгерлік екеніне сенімді болуы керек. Сондықтан лизинг бойынша келісім-шарт салық инспекциясына тиісті нысанда жасалуы маңызды. Төменде салық инспекциясына ұсынылатын лизингтік мәмілелерге талаптар көрсетіледі.

1. Жалгерлік мерзімі 30 жылдан кем  болмау керек, әйтпесе жалгерлік сатудың бір түрі ретінде қаралады.

Рента жалгер үшін біркелкі (тиесілі) пайда ұсыну керек; біркелкі – 8-ден 15 пайызға дейінгі диапазонда.

3. Жалгерде әртүрлі сыртқы ұсынымдар  арасында таңдау болу керек.

  • Лизингтің фирманың баланстық есебіне ықпалы

 

Лизинг, баланстық есепте көрсетусіз қаржыландыру деп атайды, яғни,  жалгерлік келісім-шарты бойынша жалгерлікке алынған активтер де, пассивтер де фирманың балансында көрсетілмейді. Ол 1 таблицада екі гипотетикалық А және В фирмасының баланстық есептері мысалында көрсетілген.

1 табл. Лизингтің баланстық есепке  ықпалы. (1,331)

А және В фирмалары

Қарызға алатын және сатып алатын А фирмасы

Жалгерлікке алатын В фирмасы

Қарызы 50 $.

Қарызы 150 $.

Қарызы 150 $.

Акционерлік капиталы 50/100 $

Акционерлік капиталы 50/100 $.

Акционерлік капиталы 50/200 $.

Барлық активтері 100 $.

Барлық активтері 200 $.

Барлық активтері 200 $.


 

Екі фирманың да баланстық есептері ұқсас және екеуінде де 50 пайыздық қарыз коэффициенті бар. Сосын олардың әрқайсысы құны 100 долл. тұратын активтерді сатып алуға шешім қабылдайды. А фирмасы сатып алу жасау үшін 100 долл. қарыз алады, сондықтан олар оның баланстық есебінің белсенді және енжар бөлігіне қосылады. Және оның қарызының коэффициенті 75 пайызға дейін көбейеді. В фирмасы жабдықты жалгерлікке алады. Жалгерлік, А фирмасының несиесінен де асып кететін, жоғары қаржылық белгіленген шығынды талап етеді және жалгерлік туралы міндеттеме тең және ауыр болуы мүмкін. Бірақ, баланста көрсетілген В фирмасының қарыз коэффициенті А фирмасының сәйкес коэффициентіне төмен, В фирмасына басқа несие берушілерден қосымша несие алуға мүмкіндік береді.

Аталған мысал екі компанияларды салыстырғанда қарыз коэффициентінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Егерде компания жабдықты біршама сомаға жалгерлікке алса, онда қарыз коэффициенті оның левериджінің позициясын нақты емес көрсетеді.

  • Несиені алудың өте жоғары мүмкіндігі

Лизингке артықшылық беретін екі мүмкін жағдай бар, әсіресе қаржылық левериджінің барынша деңгейіне жетуге ұмтылатын фирмалар үшін.

Біріншіден, көбіне фирмалар, белгілі жабдықты сатып алу үшін кепілдендірілген несие келісіміне қарағанда, лизинг туралы келісім бойынша ұзақ мерзімге көп ақшалай сома ала алады деп хабарланады. Екіншіден, лизинг баланстық есепте көрсетілмегендік нәтижесінен (1 табл.қараңыз), лизингті қаржыландыру көзі ретінде пайдалану фирмаға оның төлеу қабілеті туралы үстіртін талдау жасағанда «жақсы көрінуге» мүмкіндік береді және қаржыландырудың басқа көздеріне қарағанда левериджінің жоғары деңгейіне ие болдырады. Бұл ұсақ фирмалар үшін аса маңызды. Фирманың басшылығы шешім қабылдау үшін бұл мүмкін болатын несие қанша болуы мүмкін екенін есептеу қажет. Сонымен қатар қазір лизингті капитализациялау туралы мәселе талқылануда. Егерде бұл қадам жасалса, онда лизинг несие алудың үлкен мүмкіндігін қамтамасыз ете алмайды.

  • Бағаланған қалдық құны

Атап өту керек, жалгер лизинг мерзімі біткенде ғана меншік иесі бола алады. Меншік құны лизингтің соңында қалдық құны деп аталады. Алғаш қарағанда, қалдық құны қанша көп болса, лизингке қарағанда иелену арзандау болатын сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ меншіктің көрінетін артықшылығы әрдайым талданады. Жалгерлікке алынған жабдықта тозу өте үлкен болуы мүмкін, тіпті қалдық құны аз болады. Егерде қалдық құны көп болса, онда лизингтік компаниялар және басқа да қаржылық институттар арасындағы бәсекелестік лизингтік мөлшерлемелерді, лизинг бойынша келісім-шартта келісілген деңгейге дейін түсіруге мәжбүр болады. Сондықтан жабдықтың қалдық құнының болуы, шынында, иеленудегі өте аз шығындардың нәтижесі болмайды. Егерде лизинг жер телімдерін қамтыса, әсіресе, тез дамитын аймақтарда, онда құны өте үлкен болуы мүмкін, және бұл талдауға ықпал жасауы мүмкін. Бірақ болашақ жалгерлер мен жалгерге беруші қалдық құнының көлеміне көңіл бөледі және егерде біршама қалдық құны күтілсе, онда лизингтік төлемдер осы фактордың ықпалынан төмендейді.

Осылайша, иеленуге қарағанда салыстырғанда лизингте өте жоғары немесе өте төмен шығындардың қалыптасуына қалдық құнының ықпалына қатысты нәтиже шығару өте қиын.

  • Инвестициялық салықтық жеңілдіктер

Инвестициялық салықтық жеңілдіктер егерде фирманың пайдасы мен салығы белгілі деңгейден асқан жағдайда қолданылуы мүмкін. Егерде фирма пайдасыз болса немесе ол тез кеңейіп, пайдалана алмайтын ірі салықтық жеңілдіктері болса, онда ол үшін лизинг туралы келісім жасау пайдалы. Аталған жағдайда жалға беруші несие алады және жалгерге лизингтік төлемдердің сәйкес төлемін ұсынады. Темір жолдар мен әуелиниялары лизингтің үлгісі бойынша жиі пайдаланылатыны болды, осы себеп бойынша соңғы жылдары, кәсіпорындық компаниялар ерекше жағдай алдында қалды. «Anaconda» компаниясы, мәселен, 1983 жылы Чилиде салынған алюминий зауытының шығындарының басым бөлігін лизингтік келісім көмегімен қаржыландырды (құны 138 млн.долл.). «Anaconda» Чили үкіметі мыс көшірмелерді экспортқа шығарғанда салықтан 356 млн.долл жоғалтты. Осылайша, «Anaconda» жаңа зауытпен байланысты салықтық жеңілдіктерді пайдалана алмады. «Anaconda» лизингтік келісім жасай отырып, салықтық жеңілдікті жалгерлікке берушіге берді, ал олар болса өз кезегінде, «Anaconda» фирмасына несиелік келісімдегіге қарағанда, өте төмен лизингтік төлемді ұсынды. «Anaconda» фирмасының лизингі кездейсоқ лизингтік леверидждің сипатын алды. Банктер мен «Chrysler» корпорациясы тек инвестициялық салық жеңілдігін ғана емес, сондай-ақ салықтық қорғаныш алды. Зауыттағы жеделдетілген өтелімімен байланысты (көбіне меншік иесі-жалгерлікке беруші ретінде шығып, салықтық қорғаныш алатын, бай жеке тұлғалармен) осындай лизингтік леверидж қазіргі кездегі қаржылық әлемнің маңызды сипаты болып табылады.

  • АСУ «Лизинг АКС»16

АСУ «Лизинг АКС» бағдарламалық кешені  кешенді автоматтандыру мен лизингтік компанияның жұмысының тиімділігін көтерудегі тиімді шешім.

Тағайындау

«Лизинг АКС» лизингтік компаниясын басқарудың автоматтандырылған жүйесі лизингтік компаниядағы өндірісті және басқарушылық үдерістерді кешенді автоматтандыруға арналған.

«Лизинг АКС» лизингтік компаниясын басқарудың автоматтандырылған жүйесі ол, лизингтік компаниялардың қызметкерлерінің жұмыс орындарын бағдарламалық қамтамасыз етуді, олардың міндеттерін автоматтандыруды және қызметкердің лауазым деңгейі мен бағытына сәйкес келетін қызметтер мен ақпараттарға жол ашуды көрсетеді.

«Лизинг АКС» а) қызметкерлер атқаратын типтік операцияларды авоматтандырады, б) жазуды, лизингтік портфель туралы ақпаратты сақтайды және осы ақпаратқа өкілетті пайдаланушы жағынан қол жетімділікті қамтамасыз етеді, в) бизнес пен басқаруға қатысты ресурстарды бөлу мен шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін есептерге қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Информация о работе Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні