Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні

Дипломная работа, 16 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді. Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.

Содержание работы


Кіріспе ..................................................................................................4

Лизингтің мәні .....................................................................................6
Лизинг түсінігі .............................................................................6
Лизинг ұғымының пайда болуы ...................................................7
Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері ...................9
Лизинг нысандары, типтері және түрлері .....................................10

Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері .......................................38
Лизингті мемлекеттік реттелуі .......................................................38
Әр-түрлі субъектілерге қатысты лизингтің пайдасы мен кері жақтары .....................................................................................................51
Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі ......................57

Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар...........................................62
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру.....................62
Лизинг кәсіпкер қаруы .....................63
Астана қласында лизинг негізінде транспорттық құралдармен қамтамасыз ету ....................................................................................71

Қорытынды ...........................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиет ......................................................................................77
Қосымша материал ..............................................................................................78

Файлы: 1 файл

Лизинг(дипломка)_1.doc

— 364.00 Кб (Скачать файл)

Бір жолғы жобаларды немесе тапсырмаларды жүзеге асырғанда жеделдік лизинг одан әрі қажет болмайтын сатып алуларды және жабдықты одан әрі ұстаудан босатады.

Лизинг беруші не жабдық жасаушы көрсететін әртүрлі сервистік қызметті пайдалану, одан әрі қажет болмайтын жабдықты сатып алудан, және кейін ұстау қажеттігінен босатады.

Жеделдік лизингтің кемшліктері: лизингтің басқа нысандарына қарағанда жалға алу төлемі өте жоғары; аванастар мен алдын ала төлеу талаптары; жалға алуды мерзімінен ерте тоқтатқан жағдайда айып төлеу туралы келісім-шартарда тармақтың болуы; мүлік иесінің қауіп-қатерін жартылай төмендететін және орына келтіруге шақырған басқа да жағдайлар.

 

 

Жедел лизингтік үдеріс үшін

 

Жалгер                                                                              Өндіруші


4              5                                                                 2


 

   

(Лизингтік 

  компания)

                                                  1         3

                                    

                                           Жалгер

 

 

    1. жабдыққа тапсырыс;
    2. жабдық үшін төлем;
    3. жабдық;
    4. жалгерлік төлемдер;
    5. келісім-шарт мерзімі өткеннен кейін жабдықты қайтару.

 

№2 Сызба. Жедел (оперативті) лизинг

 

 

 

2) Қаржылық (капиталдық) лизинг (№2 сызба)

Қаржылық (капиталдық) лизинг жалға алушы салатын төлем есебінен жалға алған жабдықтың толық өтелімін қарастыратын ұзақ мерзімдік келісім. Мұндай келісімдер жалға алудың мерзімінен ерте тоқтатылу мүмкіндігін болдырмайтындықтан, кезеңдік төлем мөлшерін дұрыс анықтау жабдық иесіне жабдықты сатып алу мен ұстауға кеткен шығында толық орнына келтіруді, сондай-ақ пайдалылықтың талап етілген нормасын қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл нысанында мүлікті орнатуға және ағымдағы қызмет етуге кеткен барлық шығындардың толық өтелуін жалгерге қамтамасыз етеді. Көбіне мұндай келісімдер жалгердің келісім-шарт мерзімі өтіп кеткен соң мүлікті арзан немесе қалған бағасымен алуды қарастырады (мұндай баға таза символикалық болуы да мүмкін, мысалы, 1 доллар).

Жеделдікке қарағанда қаржылық лизинг көбіне ұзақ мерзімдік банктік несиелерді алғанда жасайтын келісімдерге ұқсас, себебі жабдықтың толық өтелуін; жабдықтың құны мен иесінің пайдасын қосатын, кезеңдік төлемдер енгізуді (займ бойынша төлем – негізгі және пайыздық бөліктерін); келісімді орындай алмаған жағдайда жалгерді банкрот деп жариялау құқығын және т.б. қарастырады.

Қаржылық лизинг объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимарат, құрылыс), сондай-ақ өндірістің ұзақ мерзімдік құралы жатады.

Қаржылық лизинг ұзақ мерзімдік жалгерліктің екі – қайтару мен үлестік (үшінші жақтың қатысуымен) нысаны үшін база ретінде қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық лизингтік үдеріс үшін


Жалгер                                                                              Өндіруші


              4                                                       2


 

   (Лизингтік 

    компания)                                     1                        3

 

                                           

 

                                           Жалгер

 

    1. жабдыққа тапсырыс;
    2. жабдық үшін төлем;
    3. жабдық;
    4. жалгерлік төлемдер;

 

№3 Сызба. Қаржылық лизинг

 

 

Қаржы лизингiн құқықтық реттеу     

1. Қаржы лизингi туралы заңдар  Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.      

2. Егер Қазақстан Республикасы  бекiткен халықаралық шартта Қазақстан  Республикасының қаржы лизингi туралы  заңдарында көзделгеннен өзгеше  ережелер белгiленген болса, онда  халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Негiзгi ұғымдар     

 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылған: қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:      

1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;     

2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының  пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады;     

3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90 процентiнен асады; 
      лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;     

 лизинг алушы - лизинг шартының  талаптарына орай кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмiлесiне қатысушы.  
      лизинг мәмiлесi - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келiсiлген iс-қимылының жиынтығы;      

 лизинг қызметi - лизинг берушiнiң  лизинг шартының талаптарын орындау  жөнiндегi қызметi;      

 тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған  кезде тозатын, бiрақ пайдалану  процесiнде табиғи қасиеттерiн  жоғалтпайтын жылжымалы және  жылжымайтын мүлiк;  
      сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады;     

 лизинг мүмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар мен лизинг беруші және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар;     

 лизинг мерзiмi - лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды.

 
Лизингтiң нысандары мен түрлерi     

 Осы Заңмен лизингтiң мынадай  негiзгi нысандары мен түрлерi реттеледi.  
      1. Лизингтiң нысандары:      

1) iшкi лизинг. Iшкi лизингтi жүзеге  асырған кезде лизинг берушi мен  лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады.      

2) халықаралық лизинг. Халықаралық  лизингтi жүзеге асырған кезде  лизинг берушi немесе лизинг алушы  Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайды.  
      2. Лизингтiң түрлерi:      

1) қайтару лизингi - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушiге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретiнде лизингке алу талабымен сатады;      

1-1) қайталама лизинг - лизинг берушiнiң  өз меншiгiнде қалған лизинг  нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;     

2) банк лизингi - лизингтiң бiр  түрi, мұнда лизинг берушi банк  болып табылады;      

3) толық лизинг - лизингтiң бiр  түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг берушi жүзеге асырады;      

3-1) сублизинг - лизинг алушы (сублизинг  берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша  лизинг берушiден алынған және  лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;     

4) таза лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг алушы жүзеге асырады.

 
Лизинг нысанасы     

1. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер  учаскелерi және кез келген басєа да тұтынылмайтын заттар - лизинг нысанасы бола алады.      

2. Бағалы қағаздар мен табиғи  ресурстар лизинг нысанасы бола  алмайды.  
      3. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.  
      4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.     

 Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.

 
Лизинг нысанасына меншiк құқығы     

1. Лизинг алушыға уақытша иеленуге  және пайдалануға берiлген лизинг  нысанасына меншiк құқығы, лизинг алушы лизинг шарты бойынша өзiнiң барлық ақшалай мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асыратын, лизинг шартының қолданылу мерзiмi өткенге дейiн (егер лизинг шартында мұндай өту көзделген болса) лизинг алушының меншiгiне лизинг нысанасы ауысқан жағдайларды қоспағанда, лизинг шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде лизинг берушiде сақталады.      

2. Лизинг алушы жойылған немесе  банкротқа ұшыраған кезде лизинг  нысанасы лизинг берушiге қайтарылуға  тиiс.     

 Лизинг алушы банкротқа ұшыраған  кезде лизинг нысанасы конкурстық массаға енгiзiлмейдi.     

 Лизинг нысанасына тыйым  салуға және оны тәркiлеуге  жол берiлмейдi. 
      3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг нысанасын пайдалану нәтижесiнде алынған өнiм және өзге де табыстар, сондай-ақ лизинг алушы ажыратып алатындай дәрежеде жақсартқан лизинг нысанасы лизинг алушының меншiгi болып табылады.      

4. Лизинг алушы өз қаражаты  есебiнен және лизинг берушiнiң  жазбаша келісімімен лизинг нысанасына  зиян келтірмей ажыратуға болмайтындай  дәрежеде жақсарту жүргiзген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, оның шарт тоқтатылғаннан кейiн осы жақсарту құнының өтемiн алуға құқығы бар.      

5. Лизинг алушы лизинг берушiнiң  келiсiмiнсiз жүргiзген ажыратуға  болмайтындай дәрежедегi жақсарту құны, егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, өтелуге жатпайды.      

6. Лизингке тапсырылған мүлiктiң  меншiк, шаруашылық жүргiзу және  оралымды басқару құқығының басқа  тұлғаға көшуi лизинг шартын өзгертуге  немесе бұзуға негiз болып табылмайды. Бұл орайда лизинг шартында айқындалған лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа меншiк иесiне көшедi.

 
Сублизинг     

1. Егер Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде немесе лизинг  шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг  алушы лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн осы Заңда айқындалатын құқығы бар және жауаптылықта болады.     

 Бұл орайда лизинг алушының  лизинг шарты бойынша лизинг  төлемдерiн төлеу жөнiндегi өз  мiндеттемелерiн сублизинг алушыға  аударуына лизинг берушінің жазбаша  келiсiмiмен ғана жол берiледi.     

2. Сублизинг шартын лизинг шартының мерзiмiнен асып кететiн уақытқа жасауға болмайды.      

3. Егер заң актiлерiнде немесе  лизинг шартында өзгеше көзделмеген  болса, сублизинг шартына лизинг  шарты туралы ережелер қолданылады.      

4. Егер лизинг шартында өзгеше  көзделмеген болса лизинг шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған сублизинг шартын тоқтатуға әкеп соғады. Бұл орайда сублизинг алушы сублизинг шартына сәйкес өзiнiң пайдалануындағы лизинг нысанасына тоқтатылған лизинг шартының талаптарына сәйкес келетiн талаптармен сублизингтің қалған мерзiмi шегінде лизинг берушiмен лизинг шартын жасасуға құқылы.      

5. Егер лизинг шарты осы Заңда, Азаматтық кодексте немесе басқа заң актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша заңсыз деп табылса, соған сәйкес жасалған сублизинг шарты да заңсыз болып табылады.

 

 
Лизинг алушының құқықтарын қорғау     

 Лизинг алушыға оның лизинг  нысанасына құқығын қорғау меншiк  құқығын қорғаумен тең дәрежеде  қамтамасыз етiледi.      

 Лизинг алушының лизинг шартының  қолданылу кезеңiнде талап-арыз беруге және өзiне тиесiлi құқықтарды өз атынан өзге де жолмен қорғауға құқығы бар.

Лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне көшуi     

 Лизинг шартында лизинг алушының  лизинг нысанасын алдын ала  анықталған баға бойынша өз  меншiгiне сатып алу жөнiндегi құқығы не мiндеттемесi көзделуi мүмкiн.

Информация о работе Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні