Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні

Дипломная работа, 16 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді. Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.

Содержание работы


Кіріспе ..................................................................................................4

Лизингтің мәні .....................................................................................6
Лизинг түсінігі .............................................................................6
Лизинг ұғымының пайда болуы ...................................................7
Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері ...................9
Лизинг нысандары, типтері және түрлері .....................................10

Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері .......................................38
Лизингті мемлекеттік реттелуі .......................................................38
Әр-түрлі субъектілерге қатысты лизингтің пайдасы мен кері жақтары .....................................................................................................51
Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі ......................57

Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар...........................................62
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру.....................62
Лизинг кәсіпкер қаруы .....................63
Астана қласында лизинг негізінде транспорттық құралдармен қамтамасыз ету ....................................................................................71

Қорытынды ...........................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиет ......................................................................................77
Қосымша материал ..............................................................................................78

Файлы: 1 файл

Лизинг(дипломка)_1.doc

— 364.00 Кб (Скачать файл)

1) "Өтiнiштiң N";     

2) "Өтiнiш берушiнiң атауы (Т.А.Ә.)";      

3) "Өтiнiш қабылдаған күн";     

4) "Құжаттың берiлген күнi, алушының  тегi, аты-жөнi және қолы".     

 Тiркеушi органның қарауы бойынша  мемлекеттiк тiркеуге түсетiн құжаттардың  есебiн жүргiзу журналының мазмұнына  қосымша бағандар кiргiзiлуi мүмкiн.

Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шарттарының тізілімі     

21. Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiнде мыналар  болуы тиiс:     

1) лизинг шартын, лизинг шартына  өзгерiстер мен толықтыруларды, сублизинг  шартын мемлекеттiк тiркеген күн;      

2) лизинг алушы және лизинг  берушi туралы деректер;     

3) құқық белгiлеушi құжаттың (лизинг  шартының, лизинг шартына өзгерiстер  мен толықтырулар енгiзу туралы  шарттың, сублизинг шартының) нөмiрi;      

4) лизинг шартының, лизинг шартына  өзгерiстер мен толықтырулардың, сублизинг шартының жасалған күнi және орны;     

5) лизинг мәнi;     

6) лизинг мәнiнiң құны;     

7) шарттың қолданылу мерзiмi;     

8) лизинг шартының, сублизинг шартының  тоқтатылуы туралы деректер.    

Лизинг шартын тіркеуді тоқтата тұру және одан бас тарту үшін негіздер      

22. Мемлекеттiк тiркеудi тоқтата  тұру үшiн лизинг шарты тараптарының  бiрiнiң не лизинг шартын даулаушы  өзге мүдделi тұлғаның жазбаша  арызы негiз болып табылады. Мемлекеттiк  тiркеу 10 күннен аспайтын мерзiмге  тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер осы мерзiм iшiнде лизинг шартын даулаушы тұлға өзi беретiн талап арызға дәлелдер ұсынбаса, лизинг шартын мемлекеттік тiркеу жүзеге асырылуы тиiс, ал сотқа талап арыз беруге дәлелдер ұсынған ретте дауланып отырған лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу iстi сот шешкенге дейiн тоқтатыла тұрады.     

23. Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеуден бас тарту үшiн мынадай  жағдайлар негiз болады:    

1) лизинг шартының "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы 15-бабының талаптарына сәйкес  келмеуi;    

2) құжаттарда ескертiлмеген тазалаулар, мәтiнде тЇүзетулер, өңделген iздерiнiң болуы;    

3) тиiстi емес тұлғаның мемлекеттiк  тiркеуге өтiнiш бiлдiруi;    

4) осы Ережеге сәйкес талап  етiлетiн құжаттардың тапсырылмауы.     

24. Бас тарту жазбаша түрде  ресiмделедi және құжаттар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi ішiнде өтiнiш берушiге жiберiледi.     

25. Мемлекеттiк тiркеуден бас  тарту үшiн негiз болған мән-жайлар  жойылған кезде өтiнушi тiркеу  органына жаңа өтiнiш берiп, қайтадан  жүгiнуге құқылы. 
     26. Өтiнiш берушi, лизинг шартын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға не мемлекеттiк тiркеуден жалтаруға сот тәртiбiмен шағымдана алады.

Мемлекттік тіркеу кезінде жіберілген, техникалық қателерді түзеу      

 27. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде жiберiлген жазудағы техникалық қателер қате анықталғаннан немесе кез келген мүдделi тұлғадан жазудағы қате туралы жазбаша түрде өтiнiш алғаннан кейiн тiркеушi органның шешiмiмен үш күн мерзiмде түзетiледi. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде туындайтын қатынастардың қатысушылары техникалыє қателердiң түзетiлгені туралы осындай мерзiмде мiндеттi түрде жазбаша аєпарат алады. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қатенi түзету, егер мұндай түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтiруi немесе оларды бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз жоқ болған жағдайда жүзеге асырылады.  
      28. Егер техникалық қатенi түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың заңды мүдделерiне залал келтiруi немесе бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз бар болған жағдайларда, мұндай түзету лизинг шарты тараптарының келiсiмiмен не сот шешiмiмен жүргiзiледi.

Тіркелген лизинг шартына өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркеу тәртібі. Тіркелген лизинг шартының қолданылуын тоқтату туралы жазуды енгізу      

29. Тiркелген лизинг шартына  өгерiстер мен толықыруларды мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органғ өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi. Өтiнiште бастапқы тiркелген лизинг шартына сiлтеме, лизинг шартына өзгерiстердiң және толықтырулардың сипаттамасы болуы тиiс. Өтiнiшке лизинг шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шарттың екi түпнұсқа данасы қоса тапсырылуы тиiс, оның бiреуi өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырғаннан кейiн мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан басылып, өтiнiш берушiге қайтарылады.      

30. Тiркелген лизинг шарты тоқталған кезден бастап үш күн iшiнде өтiнiш берушi тiркеушi органға жазбаша хабарлама және лизинг шарты тоқтатылғанын растайтын құжаттарды жiберуге мiндеттi.      

 Тiркеушi орган тiркелген лизинг  шарты тоқтатылғаны туралы жазбаша  хабарламаны алған кезден бастап Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiне лизинг шартының қолданылуы тоқтатылғаны туралы тиiстi жазу енгiзедi.      

31. Лизинг шартын және оны  мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп  тану туралы сот шешiмi негiзiнде  мүдделi тұлға тiркеушi органға лизинг шартын мемлекеттiк тiркеудi жою туралы өтiнiш беруге құқылы.

Лизинг шартын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру    

33. Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу жүргiзiлгенi туралы деректердi тiркеушi орган осы ақпаратты сұраған кез келген тұлғаға бередi. 
     34. Құқық белгiлеушi құжаттардың (лизинг шарты және басқалар) көшiрмелерi құқық иеленушiнiң сұрауы бойынша, құқық қорғау, сот, салық, кеден және басқа да мемлекеттiк органдардың дәлелдi сұраулары бойынша берiледi. Өзге жағдайларда көрсетiлген құжаттар құқық иеленушiнiң жазбаша келiсiмiмен берiледi.     

Дауларды шешу және мемлекеттік тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық      

35. Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеуге және мемлекеттiк тiркеу  туралы ақпарат беруге байланысты даулар сотпен шешiледi.     

36. Тiркеушi орган заңнамалық кесiмдермен  белгiленген тәртiпте мыналар  үшiн жауапты болады:     

1) лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу ережесiн сақтамау;     

2) "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан  Республикасы Заңының нормаларына сай келмейтiн лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу;     

3) мемлекеттiк тiркеу және Жылжымалы  мүлiктiә қаржы лизингi шарттары  тiзiлiмiне енгiзу үшiн оған берiлген  лизингi шарты туралы мәлiметтердiң  дәл еместiгi, толық енгiзiлмеуi және  ақпаратты бұрмалау;      

4) мүдделi тұлғалардың сұрауы бойынша  Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiнен үзiндi беруден  заңсыз бас тарту;      

5) мемлекеттiк тiркеу үшiн тапсырылған  құжаттарды және ақпаратты, сондай-ақ  Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртiбiн бұзу;     

6) коммерциялыє құпияны құрайтын  ақпаратты жария ету.      

37. Егер өтініш беруші осы  Ереженің 30-тармағының талаптарын  
орындамағаны салдарынан лизинг шарты туралы аєпараттың мазмұны бұрмаланса, тіркеуші орган мұндай бұрмалаушылық үшін жауапты болмайды.     

38. Мемлекеттік тіркеу, ақпарат  беру тәртібін бұзумен, ақпараттың  мазмұны бұрмалануымен келтірілген  шығындар тіркеуші органның өтеуіне  жатады. Беруге болатын және берілуі  тиіс ақпаратты жасыруға ықпал ететін мәліметтерді қасақана бұрмалау және өзге де әрекеттер заңнамалық кесімдермен белгіленген тәртіпте жауаптылыққа әкеп соқтырады.      

 

 

2) Лизингтік қорды құру11

 
      "Елдегi селоны және агроөнеркәсiп  кешенiн 1996-1997 жылдары мемлекеттiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Президенттiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығын және "Агроөнеркәсiп кешенiн лизинг негiзiнде машина жасау өнiмдерiмен қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 1851 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының үкiметi қаулы етедi:  
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiнде Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдау қоры құрамында лизинг қоры құрылсын.  
      2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау

өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг қоры туралы қоса берiлiп

отырған Ереже бекiтiлсiн.

     3. Қазақстан  Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау

өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг қорына мемлекеттiк бюджет

қаражаты жiберiлетiн болып белгiленсiн.

     4. Қазақстан  Республикасының Ауыл шаруашылығы  министрлiгi мен

Қаржы министрлiгi лизинг қоры қаражатының мақсатты пайдаланылуына

бақылау жасасын. 

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг қоры туралы       

 Қазақстан Республикасының  агроөнеркәсiп кешенiн машина  жасау өнiмiмен қамтамасыз ету  жөнiндегi лизинг қоры (бұдан әрi - лизинг қоры) туралы осы ереже Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес әзiрлендi және ол лизинг қорының қалыптасу және түрлi меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң техникалық жарақтану деңгейiн көтеруге арналған қаражатты жұмсау тәртiбiн айқындайды.      

1. Лизинг қоры Қазақстан Республикасының  агроөнеркәсiп кешенiн машина  жасау өнiмiмен қамтамасыз ету  жөнiндегi лизинг операцияларын жүргiзедi және ол ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының орындалуына жәрдемдесуге арналған.      

2. Лизинг қоры өз қызметiнде  Қазақстан Республикасының заң  актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа  алады.     

3. Лизинг қорына арнайы есеп  шотын ашатын Ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттiк қоры қызмет көрсетедi, мұнда лизинг операцияларына бағытталатын бюджеттiк және басқа қаражаттар шоғырландырылады.      

4. Лизинг қорының негiзгi қызметi:

Ауыл шаруашылығын машина жасау өнiмiмен лизингтiк негiзде қамтамасыз етудiң тәртiбiн және оны жүзеге асыру тетiгiн әзiрлеу;

конкурстық негiзде лизинг берушi қызметiн атқаратын ұйымдарды iрiктеу;

номенклатураларды және лизинг берушiлер бойынша машина жасау өнiмiнiң лизингiне қарай өнiм берудiң сомалық көлемдерiн бекiту;

қаржыландыруға қабылданған шаралардың орындалуына және лизинг қоры қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру.      

5. Лизинг қорын құрудың көздерi мыналар болып табылады:  
мемлекеттiк бюджеттiң ауыл шаруашылығын дамытуға бөлiнген мемлекеттiк бюджет қаржысы, операциялық шығыстарға жұмсалатынынан басқасы;

шетелдiк кредиттер;

жеңiлдiктi кредиттер, коммерциялық банктердiң капиталы;

шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз қаржысы.

   6. Лизинг қорынан қаржыландыру  қордың комиссиясы айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.

   7. Лизинг қорына мынадай  құқықтар берiледi:

бұл мақсатқа жергiлiктi қаржы органдарының қызметкерлерiн тартып, лизинг берушiлердiң, лизинг алушылардың қызметi мен қаржының мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзудi белгiлеу;

лизинг берушiлер мен барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына қажеттi ақпарат пен есеп алу.

   8. Лизинг шараларын қаржыландыруға  бөлiнген қаржының мақсатынан  тыс және тиiмсiз пайдаланылуы, сондай-ақ қойылған мақсатқа қол  жеткiзу мүмкiн еместiгi анықталған жағдайда лизинг қоры бұл шараларды қаржыландыруды тоқтатады.  
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығынды өтеуi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.

   9. Лизинг қорының қызметiне  басшылық жасау үшiн оның құрамына Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының өкiлдерi кiрiп, олармен келiсiп, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтетiн комиссия құрылады.  
      Лизинг қорының комиссиясы бiр жылға жасалған жоспар бойынша жұмыс iстейдi. Жоспарлардың жобалары қажеттiгiне қарай өткiзiлетiн лизинг қоры комиссиясының мәжiлiстерiнде бекiтiледi.

Лизинг қорының комиссиясы:

қордың қаржысын бөлудiң негiзгi бағыттары мен шарттарын айқындайды, шығындар сметасын бекiтедi;

лизинг қорын құрау көздерi бойынша қаржының уақтылы және толық түсуiне, сондай-ақ бөлiнген қаржының мақсатты жұмсалуы мен қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады.

 

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  комитетіндегі мемлекеттік меншігін  бақылау лизингтік депортаменті12

 

 

      Өндiрiстi техникалық және технологиялық  жаңарту құралы ретiнде лизингтi дамыту және мемлекеттiк қолдау  мақсатында Қазақстан Республикасының  Министрлер Кабинетi қаулы етедi:       

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк  мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанынан Лизинг жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Лизинг жөнiндегi комитет) құрылсын.      

2. Лизинг жөнiндегi департамент  өндiрiс саласында iрi көлемдi инвестицияларды  тарту құралы ретiнде лизингтi пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өкiлеттiгiнiң шегiнде дербес жүзеге асыратын атқару өкiметiнiң орталық органы болып табылады деп белгiленсiн.      

Информация о работе Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні