Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні

Дипломная работа, 16 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді. Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.

Содержание работы


Кіріспе ..................................................................................................4

Лизингтің мәні .....................................................................................6
Лизинг түсінігі .............................................................................6
Лизинг ұғымының пайда болуы ...................................................7
Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері ...................9
Лизинг нысандары, типтері және түрлері .....................................10

Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері .......................................38
Лизингті мемлекеттік реттелуі .......................................................38
Әр-түрлі субъектілерге қатысты лизингтің пайдасы мен кері жақтары .....................................................................................................51
Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі ......................57

Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар...........................................62
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру.....................62
Лизинг кәсіпкер қаруы .....................63
Астана қласында лизинг негізінде транспорттық құралдармен қамтамасыз ету ....................................................................................71

Қорытынды ...........................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиет ......................................................................................77
Қосымша материал ..............................................................................................78

Файлы: 1 файл

Лизинг(дипломка)_1.doc

— 364.00 Кб (Скачать файл)

Лизинг алушыда бухгалтерлік есеп қарпайым, себебі негізгі қаражаттар, өтелімге есептеу, салықтың жартысын төлеу мен қарызды басқару бойынша есепті лизингтік компания жүргізеді.

Лизинг келісімінде қарызды төлеудің ыңғайлы, жеңіл сызбасын пайдалану қарастырылған.

Барлық аталған жағдайларға банктің өзі лизинг алушы болатын жағдайды да қосуға болады. Бұл банк үшін өте тиімді, себебі, мұнда банктің балансы жеңілдейді, ал ол болса, өз кезегінде банк қызметін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерде жақсы көрінеді. Мәселен, лизингте аяқталмаған өндіріс бағасы өз құнына біртіндеп кіргізіледі және «капитал» санатына және несиелік ұйымдардың қызметінің міндетті  экономикалық нормативтер есебіне теріс ықпал етпейді.

C) Лизинг беруші үшін

Инвесторлар ретіндегі лизинг компаниялары үшін лизинг төлеуге қабілеті жоқ клиенттен әрекетті қорғау есебінен, өте төмен қауіп-қатерде салынған қорға қажетті пайданы қамтамасыз етеді (әдеттегі несиелеуді салыстырумен қарағанда).

Соңғы төлемге дейін лизинг беруші жабдықтың заңды меншік иесі болып қала береді, яғни егерде есепте олқылық болса бұл жабдықты талап етіп,  оны шығынның орынын толтыру  үшін өткізе алады.

Банкроттық жағдайында лизинг алушы  міндетті түрде лизинг компаниясына қайтып келеді.

Лизинг беруші лизинг алушыға, пайдаланғанына бақылау әрқашан мүмкін бола бермейтін, ақша ресурстары емес, ал тікелей өндіріс құралын береді.

Үш жылдан кем емес әрекет ету мерзімідегі қаржылық лизингтің келісімдерін өткізуден алынған пайдаға салық төлеуден босату.

Лизинг беруші халықаралық лизинг объектісі болып табылатын РФ аумағына әкелетін  өнімге қатысты кедендік баж алымы мен салықтан босатылады.

D) Лизингтік мүлікті сатушылар  үшін.

Лизингті дамытуда жабдықты тұтынушы ретінде лизингті алушы ғана мүдделі емес, сондай-ақ әрекет етіп отырған өндіріс те мүдделі, себебі лизинг есебінен олар өндіретін жабдықты өткізу нарығы кеңейеді.  Лизингтік жабдыққа бөлшектер өткізуден түскен пайда өседі, оның сервисі мен жаңғыртуы жүзеге асырылады.

Лизинг түсінігі ресейлік ресми  қаржылық лексикасына, коммерциялық банктердің лицензияларында банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына банктік қызметті көрсету бойынша лизинг енгізілген 1989-1990 жылдары енді. Лизинг банктік қызметті реттейтін, кейбір нормативтік құжаттарда да өз көрінісін тапты. Банктер  өз тәжірибесінде лпизингтік операцияларды әр қилы пайдаланудың мақсаттылығын бағалады.

Алғашқы кезеңде банкілер үшін, онда олар тікелей лизинг алушы рөлінде шыққан лизингтік мәмілелерді жүзеге асыру әрекеті сипатты болды. Бұл банктердің құрылысына өзгеріс әкелді. – олардың инвестициялық департаменттері мен бақармаларында лизингтің дербес бөлімшелері не  секторлары бөлінді. Бірақ бұл кезеңде лизинг кеңінен дамыған жоқ.

Әлемдік лизингтің нарықтың дамуының жарты ғасырлық тарихының талдауы лизингті ұйымдастырудың төрт негізгі нұсқасы туралы айтуға мүмкіндік береді:

  1. банктер құрылымында құрылған лизингтік қызметтер;

     (2) банктер құрған  бесаспап лизингтік компаниялар;

  1. өз өнімінің жартысын лизингілейтін, машина мен жабдық өндіретін ірі өндірушілер құрған, арнайы лизингтік компаниялар;
  2. жабдықтау мен техникалық қызмет көрсету мен маманданған, ірі фирамалар құрған лизингтік компаниялар.

Ресейлік жағдайда лизингті ұйымдастырудың тағы да екі нұсқасы бөлініп шығады.

Ішкі ведомствалық тапсырмаларды шешу үшін министрліктер мен ведомствалар құрған, лизингтік компаниялар. Мұндай жағдайда лизингтік компаниялардың ресурстары мемлекетті немесе жергілікті бюджеттен алынады (ресейлік өндірістің комбайндарын дамыту үшін істелгендей).

Шетел инвесторлары құрған, лизингтік компаниялар.

Алғашқы екі нұсқасы қаржылық лизинг үшін сипатты болса, соңғы екеуі – жеделдік лизингке тән.

«Ақша, Несие, Банктер» пікірінше, №1, және 2, яғни қаржылық лизингіні ұйымдастыру аса қызықты.

Қазақстанда лизингті ұйымдастырғанда банк шығады, бұл кезең үшін лизингтік қызмет көрсету нарығының қалыптасуы тән. Бірақ, осы кезде лизинг кеңінен дамыған жоқ. Бұған көптеген себептер мүмкіндік туғызды:

  1. Банктер үшін (негізінен орта және ұсақ) өзі де күрделі ұйымдастырушылық құрылымына жаңа департаментті енгізу ауыртпашылықты болады.
  2. Лизингтік қызметтің спецификасы банк қызметінің «тізіміне кіру» қиын. Арнайы кәсіби сараптама, жаңа маркетологтар, мененджерлер қажет.
  3. Лизингтік мүлік туралы ақпаратты толықтыруға, лизингтік мүліктің, лизингтік төлемдердің өтелуіне байланысты бухгалтерлік есептегі ыңғайсыздықтар.
  4. Лизингтік мүлік коммерциялық банктің балансында бола отырып, оны ауырлатады. Бұл нұсқаулық арқылы несиелік ұйымдардың міндеті экономикалық нормативтері бекітілді. Бұл нұсқаулық Қазақстанның коммерциялық банктер құрылымында лизингтік бөлімдерді нақты жинау үшін есептің соңғы нүктесі болды, яғни бұл нормативтен шыға отырып, лизингтік келісімді баланста ұстау (көрсеткішті нашарлатып), банк құрған лизингтік компанияны несиелеу (көрсеткішті жақсартып) тиімді.

Сонымен қатар, қауіп-қатерді азайтатын инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін құрал ретіндегі лизингтің жағымдылығы, оны қолданудың тиімді жолы мен нысанын іздеген, қаржылық институттарды қызықтыра түсуде.

Қазір лизингтік операциялардың көлемі бойынша аса көп потенциалды аталып өткен лизинг берушілердің екінші тобы (банктер құрған (2) лизингтік компаниялар), бұл аталған құрылымның  қазіргі экономикалық жағдайда ұтымдылығы туралы айтады.

Қандай да болмасын лизингтік компания шешетін, алғашқы кезектегі мәселе, - лизингілетін жабдықты сатып алу үшін тұрақты қаржылық ресурстарды іздеу. Бұл мәселе коммерциялық банктер қатысуымен құрылған лизингтік компанияларда автоматты түрде шешіледі.

 

 

 

 

III-бөлім Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар

3.1 Мемлекеттік реттеу

Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу ережесі      

 Осы Ереже "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi.    

 жалпы ережелер     

1. Осы Ереже жылжымалы мүлiктiң  қаржы лизингi шартын (бұдан әрi - лизинг шарты) мемлекеттiк тiркеу  тәртiбiн белгiлейдi және Қазақстан  Республикасының барлық аумағында  қолдануға жатады.     

2. Лизинг шарты мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жатады.      

 Лизинг шартына өзгерiстер  мен толықтырулар, егер лизинг  берушiнi немесе лизинг алушыны, лизинг  мәнiн, сондай-ақ лизинг шартының  қолданылу мерзiмiн өзгертуге  әкелiп соқтырса, олар мiндеттi түрде  мемлекеттiк тiркеуге жатады.  
      3. Сублизинг шарты тiркелуi тиiс:      

1) лизинг шарты немесе сублизинг  шарты тараптарының бiреуiнiң талабы  бойынша;  
      2) егер лизинг шартымен оның мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы оған сәйкес жасалған сублизинг шартының тоқтауына әкеп соқтырмайтыны көзделсе.  
      4. Лизинг мәнiн уақытша иелену және пайдалану құқығы лизинг шарты мемлекеттiк тiркелген кезден бастап "Қаржы лизингi туралы" Заңның 5-бабына сәйкес лизинг алушыға толық көлемде өтедi.      

5. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу лизинг мәнiне лизинг берушiнiң және лизинг алушының құқықтарын мемлекеттiң растауы мақсатында жүзеге асырылады. 
     6. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне тиiстi жазу енгiзу жолымен жүзеге асырылады. 
     7. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу лизинг берушiнiң не лизинг алушының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.     

8. Осы Ереже сублизинг шартын  мемлекеттiк тiркеуге қолданылады.

 

Лизинг шартын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар, олардың мазмұны және оларға қойылатын талаптар      

9. Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу үшiн өтiнiш берушi тiркеушi органға мыналарды табыс етедi:      

 лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу туралы жазбаша өтiнiш;     

 екi данада лизинг шарты;     

 егер лизинг берушi банк немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйым болса, лизинг қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;      

 егер лизинг мәнi мiндеттi түрде  мемлекеттiк тiркеуге жататын  жылжымалы мүлiк болса, лизинг мәнiне меншiк құқығының мемлекеттiк тiркелу фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесi.      

 Бұдан басқа, жоғарыда көрсетiлген  құжаттармен бiрге:      

1) жеке кәсiпкер болып табылатын  жеке тұлға тiркеушiге жеке  басын куәландыратын құжатты  көрсетедi және салық есебiнде тұру фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынады;      

2) заңды тұлғаның өкiлi заңды  тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы  куәлiктiң көшiрмесiн, нотариалды  куәландырылған жарғының немесе  ереженiң көшiрмесiн, заңды тұлғаның  салық есебiнде тұру фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесiн, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатты және осы заңды тұлғаның атынан iс-қимыл жасауға оның өкiлеттiгiн растайтын нотариалды куәландырылған құжатты ұсынады.      

10. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу үшiн берiлетiн өтiнiш мыналарды қамтуы тиiс:      

1) тiркеушi органның атауы;      

2) өтiнiш берушiнiң атауы және  орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрған  жерi (жеке тұлға үшiн);    

3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың деректерi (атауы, сериясы, нөмiрi, берiлген күнi);    

4) лизинг шартының жасалған  күнi және орны;    

5) қоса берiлетiн құжаттардың  тiзiмдемесi;    

6) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы.    

 Сублизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу үшiн берiлетiн өтiнiш, жоғарыда  көрсетiлген тармақтардан басқа  мыналарды қамтуы тиiс:     

 лизинг мәнiн сублизингке  беруге лизинг берушiнiң келiсiмi туралы мәлiмет, осындай келiсiмдi жазбаша растау қоса тiркелiп;    

 лизинг шартының мемлекеттік  тiркелуiне сiлтеме (тiркеу N және күнi).     

11. Лизинг шарты мемлекеттiк  тiркеуге, заңнамамен белгiленген  талаптарға сәйкес ресiмделген, екi түпнұсқа данада тапсырылады.    

Мемлекеттік тіркеу тәртібі және мерзімі    

 12. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу құжаттар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi ішінде жүргізілуі тиіс.    

13. Қажеттi құжаттарды алған кезден  бастап тiркеушi орган мынаған  мiндеттi:    

1) мемлекеттiк тiркеуге түскен құжаттардың есебiн жүргiзу журналына өтiнiштi енгiзуге және нөмiр беруге;    

2) өтiнiш берушiге өтiнiштiң күнi және нөмiрi көрсетiлiп, тапсырылған  құжаттардың қабылданғанын растайтын  қолхат беруге;    

3) өтiнiштегi мәлiметтердiң дұрыстығн  тексеруге;     

4) Жылжымалы мүiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiне осы Ереженiң 21-тармағында белгiленген деректердi енгiзуге;    

5) мемлекеттiк тiркеу жүзеге  асырылғаннан кейiн лизинг шартының  мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы  мөртабан басылған бiр данасын өтiнiш берушiге қайтаруға.     

14. Егер лизинг шарты нотариалды  түрде куәландырылмаса және лизинг  шартының тараптары (тараптардың  бiрi) жеке кәсiпкер болып табылатын  жеке тұлға болса, тiркеушi орган  мәмiле жасаған тұлғалардың қолдарының  растығын, сондай-ақ олардың өз еркiне сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi.

Лизинг шартын мемлекеттік тіркеу орны      

15. Мәнi мiндеттi түрде мемлекеттiк  тiркеуге жататын мүлiк болып  табылатын лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеуді, лизинг мәнiн мемлекеттiк  тiркеген орын бойынша, осы мүлiктi мемлекеттiк тiркеуге уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.      

16. Мәнi мiндеттi түрде мемлекеттiк  тiркеуге жатпайтын мүлiк болып  табылатын лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеуді, лизинг алушының аумақтық  салық органында салық есебiне  тұрған орны бойынша, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiнiң Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтарының" мемлекеттiк кәсiпорындары жүзеге асырады.     

 Егер лизинг алушы Қазақстан  Республикасының аумағында тұрақты  мекемесi, филиалы немесе өкiлдiгi жоқ Қазақстан Республикасының резидентi болмаса, лизинг шартын мемлекеттік тiркеу лизинг берушiнiң аумақтық салық органында салық есебiне тұрған орны бойынша жүзеге асырылады.    

Мемлекеттік тіркеу органдарының құжаттамасы     

17. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн құжаттамасының нысаны мен мазмұнын тіркеуші орган осы Ережеге сәйкес белгiлейдi.    

Мемлекеттік тіркеуге түсетін құжаттардың есебін жүргізу журналы      

 18. Мемлекеттік тiркеуге түсетiн құжаттардың есебiн жүргiзу журналы есеп және өтiнiштердiң және лизинг шарттарының, сондай-ақ басқа да құқық белгiлеушi құжаттардың есебiн жүргiзу әрi оларға нөмiр беру мақсатында жүргiзiледi. 
      19. Тiркеу органына келiп түскен әрбiр өтiнiшке сызықша арқылы жазылатын, ағымдағы жылға және өтiнiштiң реттiк нөмiрiне сәйкестi нөмiр берiледi. 
      Өтiнiшке берiлген нөмiр өзгермейдi және лизинг шартын (өзге де құқық белгiлеушi құжатты) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру кезiнде оны мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабанға қою арқылы берiледi. 
      20. Мемлекеттiк тiркеуге түскен құжаттардың есебiн жүргiзу журналында мынадай бағандар болуы тиiс:     

Информация о работе Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні