Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні

Дипломная работа, 16 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді. Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.

Содержание работы


Кіріспе ..................................................................................................4

Лизингтің мәні .....................................................................................6
Лизинг түсінігі .............................................................................6
Лизинг ұғымының пайда болуы ...................................................7
Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері ...................9
Лизинг нысандары, типтері және түрлері .....................................10

Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері .......................................38
Лизингті мемлекеттік реттелуі .......................................................38
Әр-түрлі субъектілерге қатысты лизингтің пайдасы мен кері жақтары .....................................................................................................51
Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі ......................57

Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар...........................................62
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру.....................62
Лизинг кәсіпкер қаруы .....................63
Астана қласында лизинг негізінде транспорттық құралдармен қамтамасыз ету ....................................................................................71

Қорытынды ...........................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиет ......................................................................................77
Қосымша материал ..............................................................................................78

Файлы: 1 файл

Лизинг(дипломка)_1.doc

— 364.00 Кб (Скачать файл)

Лизинг қызметiн лицензиялау     

 Лизинг берушi ретiнде банктердiң  және банк операцияларының жекелеген  түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың  лизинг қызметiн лицензиялауды  қаржы рыногы мен қаржылық  ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.      

 Жеке кәсiпкерлер болып табылатын  өзге заңды тұлғалар мен жеке  тұлғалар лизинг берушi ретiнде  лизинг қызметiн лицензиясыз жүзеге  асырады.

Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi      

1. Лизинг берушi:     

1) өзiне тиесiлi төленбеген лизинг  төлемдерiн, сондай-ақ шығынның орнын  толтыруды талап етуге;     

2) лизинг шартына сәйкес лизинг  алушының лизинг шартының талаптарын  орындауына бақылау жасауға;     

3) лизинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзған жағдайда мерзiмi кешiктiрiлген уақытқа төлем жасауды және шығынның орнын толтыруды талап етуге;      

4) Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген жағдайларда лизинг  алушыдан лизинг нысанасын талап  етуге құқылы.      

2. Лизинг берушi:      

1) лизинг алушымен келiсiлген  лизинг нысанасын лизинг шартының  талаптарымен лизинг алушыға  беру үшiн оны сатушыдан өз  меншiгiне сатып алуға;  
      2) сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгiлi бiр лизинг алушыға (сублизинг алушыға) лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға;      

2-1) лизинг нысанасы жаңа лизинг  алушының иеленуi мен пайдалануына  берiлгенi (қайталама лизинг, сублизинг, мiндеттемедегi тұлғалардың өзгеруi) туралы осындай берiлу кезiнен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сатушыны жазбаша хабардар етуге;     

3) лизинг нысанасын лизинг алушыға  лизинг шартында келiсiлген талаптармен  беруге мiндеттi.      

3. Лизинг шартында лизинг берушінiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

 

Лизинг алушының құқықтары мен мiндеттерi      

1. Лизинг алушы:      

1) лизинг нысанасын лизинг шартының  талаптарымен иеленуге және пайдалануға;      

2) лизинг нысанасының сапасына  және жиынтықтылығына, оны жеткiзу  мерзiмiне қатысты және сатушы  мен лизинг берушi арасында жасалған  шарт тиісті дәрежеде орындалмаған  басқа да жағдайларда сатушыға  талап қоюға;     

3) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда лизинг берушi лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз мiндеттемелерiн орындағанға дейiн төленуге тиiстi лизинг төлемдерiн тоқтата тұруға;      

4) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг берушi лизинг шартын бiржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретiнде төлеген лизинг төлемдерiн керi қайтаруды талап етуге;      

5) егер лизинг шартында өзгеше  белгiленбесе, лизинг нысанасы жеткiзiп  берiлмеген, мерзiмi едәуiр өткiзiлiп жеткiзiлiп берiлген немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтiретiн кемшiлiктерi жойылмай жеткiзiп берiлген жағдайларда, лизинг алушының сатушыны және лизинг нысанасын таңдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап етуге, лизинг шартын бұзуға;     

6) лизинг берушi лизинг шартының  талаптарын орындамаса не тиiстi дәрежеде орындамаса, залалдың орнын  толтыруды талап етуге;     

7) егер лизинг шартында өзгеше  белгiленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулi түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерiн тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы.     

2. Лизинг алушы:      

1) лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртiппен қабылдауға;      

2) лизинг төлемдерiн дер кезiнде  төлеп тұруға;      

3) лизинг нысанасын лизинг шартына  сәйкес оның мақсатына сәйкес  пайдалануға;      

4) лизинг нысанасындағы қалыпты  тозуды және тараптар келiсiп алған өзгерiстердi ескере отырып, лизинг берушi лизинг нысанасын оған қандай күйде берсе, сондай күйiнде күтiп ұстауға;      

5) егер лизинг шартында немесе  заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген  болса, лизинг нысанасын өз есебiнен  күтiп ұстауға (оның iшiнде лизинг нысанасына байланысты қажетті коммуналдық тқөлемдерді жасауға) және оған техникалық қызмет көрсетуге, оның ағымдағы жөндеуiн жүзеге асыруға;      

6) егер шартта және Қазақстан  Республикасының заңдарында өзгеше  көзделмеген болса, лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.     

3. Лизинг шартында лизинг алушының  Қазақстан Республикасының заң  актiлерiне қайшы келмейтiн басқа  да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн. 

Сатушының құқықтары мен мiндеттерi     

 Сатушының құқықтары мен  мiндеттерi Қазақстан Республикасының  заңдарына және сатып алу-сату  шартына сәйкес белгіленеді.     

 Лизинг шарты лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының  қатысуымен жасалған жағдайда  сатушының құқықтары мен мiндеттерi лизинг шартына сәйкес белгiленедi.

 

 

 

Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi      

1. Лизинг берушiнiң, лизинг алушының  және сатушының жауапкершiлiгi лизинг  шартында, сатып алу-сату шартында  және Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде белгiленедi.      

2. Лизинг нысанасын сатушы, сатушы  мен лизинг берушiнiң арасында  жасалған сатып алу-сату шартын  орындау жөнiнде, атап айтқанда, лизинг  нысанасының сапасы мен жиынтыєтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты  және сатушы шартты тиiстi дәрежеде  орындамаған басқа да жағдайларда тiкелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Бұл орайда лизинг алушы өзi аталған лизинг нысанасын сатып алу-сату тарабы болғандағыдай, сатып алынған лизинг нысанасына ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, сатып алушы үшiн Азаматтық кодексте көзделген құқықтарға ие болады және мiндеттеменi мойнына алады. Егер сатушы лизинг алушы қоятын талаптармен келiсетiн болса, онда лизинг алушыға лизинг нысанасын беру шарттарының кез келген өзгерiстерi (жиынтықтамалығы, жеткiзiлу мерзiмi және т.б.) мiндеттi түрде лизинг берушiмен келiсiлуге тиiс.      

 Сатушымен арадағы қатынастарда  лизинг алушы мен лизинг берушi ынтымақтас кредит берушiлер болады.      

3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушыны таңдау құқығы лизинг берушiде болатын жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн лизинг алушының алдында жауап бермейдi. Мұндай жағдайда лизинг алушы өз қалауы бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын тiкелей мүлiк сатушыға да, лизинг берушiге де сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды қоюға құқылы.  
      4. Лизинг берушi сы Заңның 11-бабы 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес сатушыға хабарлау жөнiндегi мiндетiн бұзған жағдайда лизинг берушi сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындауы үшiн лизинг алушының алдында толық жауапты болады. 

Лизинг шарты     

1. Лизинг берушi лизинг шарты  бойынша сатушыдан өз меншiгiне  сатып алған және лизинг алушымен  келiсiлген лизинг нысанасын төлемақысына  кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.      

2. Лизинг шартының мынадай елеулi талаптары болуы тиiс: 

1) шарттың нысанасы;

  1. сатушыны және лизинг нысанасын кiмнiң таңдап алғаны көрсетiлген лизинг нысанасын сатушының атауы;
  2. лизинг нысанасын лизинг алушыға берудiң шарттары мен мерзiмi;
  3. лизинг төлемдерiнiң мөлшерi мен кезеңдiлiгi;
  4. лизинг нысанасының құны;
  5. шарттың қолданылу мерзiмi;
  6. егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары;
  7. лизинг нысанасының сипаттамасы;

9)-13) Осы талаптар болмаған жағдайда  лизинг шарты жасалмаған болып  саналады. 
      3. Тараптардың келiсiмi бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгiзiлуi мүмкiн.      

4. Лизинг шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Лизинг шартының қолданылуы     

1. Лизинг шартының мерзiмiн осы  Заңның 2-бабында белгiленген ережелердi ескере отырып, тараптар айғындайды.      

2. Егер заңдарда немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шарты оған қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.      

3. Лизинг шарты тараптар өздерiнiң  барлық мiндеттемелерiн орындап  болған кезден бастап, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда өзiнiң күшiн жояды.

 

Лизинг шартын өзгерту және бұзу     

 Лизинг шартын өзгерту және  бұзу Қазақстан Республикасының  азаматтыє заңдарында немесе  лизинг шартында айқындалатын  тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

 

Лизинг берушiнi немесе лизинг алушыны ауыстыру     

 Егер осы Заңда, лизинг шартында  немесе Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген  болса, лизинг берушi және лизинг  алушы лизинг шарты бойынша  өздерiне тиесiлi құқықтың бәрiн тараптардың екiжақты келiсiм бойынша үшiншi бiр тұлғаларға беруге құқылы.

 

Лизинг нысанасын лизинг алушыға беру      

1. Егер лизинг шартында немесе  сатып алу-сату шартында өзгеше  көзделмеген болса, сатушы лизинг  нысанасын тiкелей лизинг алушыға оның жүрген жерiнде бередi.      

2. Егер лизинг шартында өзгеше  көзделмесе, лизинг нысанасы лизинг  алушыға оның барлық керек-жарағымен  және оған қатысты құжаттармен (жинақталымын, қауiпсiздігін, сапасын, монтаждалуын, жөнге келтiрiлуiн, пайдаланылуын  және басқаларын куәландыратын құжаттарымен) бiрге берiледi. 
      3. Сатушы лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының сатушыны таңдаған тарабы көтередi. 
      4. Лизинг нысанасы лизинг шарты бойынша оны пайдалану мақсаттарына сәйкес келмеген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының лизинг нысанасын таңдаған тарабы мойнына алады.    

 

Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер     

1. Лизинг нысанасының сақталуы  үшiн, сондай-ақ оны техникалық  құжаттамада көзделген көлемде  пайдалануға болмайтын жағдайға  әкеп соқтырған оның жойылуына, жоғалуына, бүлiнуiне, мерзiмiнен бұрын  қирауына, ұрлануына және лизинг нысанасын монтаждау, жинау немесе пайдалану кезiнде жiберiлген ағаттықтарға байланысты тәуекелдер және лизинг нысанасын нақты қабылдау кезiндегi басқа да мүлiктiк тәуекелдер үшiн жауапкершiлiктi, егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг алушы мойнына алады.      
      2. Лизинг шартында лизинг берушiнiң немесе лизинг алушының лизинг нысанасын сақтандыру жөнiндегi мiндетi көзделуi мүмкiн.      

3. Егер лизинг нысанасын сақтандыруға  мiндеттi тарап лизинг шартының  талаптарына сәйкес сақтандыруды жүзеге асырмаған болса басқа тарңап лизинг нысанасын сақтандырып, мiндеттi тараптан сақтандыру төлемi түрiндегi шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.     

4. Лизинг нысанасының жойылуы, жоғалуы, бүлiнуi, ұрлануы немесе  лизинг нысанасының өз функцияларын жоғалтуы немесе егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты мүлiк пайдалануға жарамсыз күйде болса, лизинг алушыны лизинг шарты бойынша мiндеттемелерден босатпайды және, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушының талабы бойынша лизинг шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негiз болып табылмайды. 

Лизинг төлемдерi     

 Лизинг төлемдерi - лизинг шартын  жасаған кездегi баға бойынша  лизинг нысанасы құнының барлық  немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн  ескере отырып есептелуге тиiс  және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:     

1) лизинг шартына сәйкес лизинг  берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жµмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;      

2) лизинг бойынша сыйақы.

Лизинг есебi     

 Лизинг есебi бухгалтерлiк есеп  жөнiндегi заңдардың талаптарына  сәйкес жүргiзiледi.

Лизинг нысанасын қайтару     

1. Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг  алушының лизинг нысанасын өз  меншiгiне сатып алу құқықтары  мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген құқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бµрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.      

Информация о работе Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні