Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні
Дипломная работа, 16 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді. Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.
Содержание работы
Кіріспе ..................................................................................................4
Лизингтің мәні .....................................................................................6
Лизинг түсінігі .............................................................................6
Лизинг ұғымының пайда болуы ...................................................7
Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері ...................9
Лизинг нысандары, типтері және түрлері .....................................10
Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері .......................................38
Лизингті мемлекеттік реттелуі .......................................................38
Әр-түрлі субъектілерге қатысты лизингтің пайдасы мен кері жақтары .....................................................................................................51
Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі ......................57
Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар...........................................62
Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру.....................62
Лизинг кәсіпкер қаруы .....................63
Астана қласында лизинг негізінде транспорттық құралдармен қамтамасыз ету ....................................................................................71
Қорытынды ...........................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиет ......................................................................................77
Қосымша материал ..............................................................................................78
Файлы: 1 файл
Лизинг(дипломка)_1.doc
— 364.00 Кб (Скачать файл)10) Лизинг затын лизинг берушінің атына міндетті мемлекеттік тіркеуді тараптардың біріне жүктеу;
11) лизинг алушының
Лизинг шарты бойынша
12) тараптардың жауапкершілігі;
17. Лизинг субъектілері оны жүзеге асыру және ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
3. Ауыл шаруашылығында Лизингті
қаржыландыру үшін бөлінген
18. Несиелік қаражатты
9. Ұйым:
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей
Ауылшарминінен және Қаржыминіне бөлінген несиелік қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп ұсынады;
2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей
лизинг алушылардан төлемдердің түсуі туралы Қаржыминінен және
Ауылшарминінен есеп ұсынады.
20. Ауыл шаруашылығында
Лизинг ұйымдастыруға арнап
Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылауды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде Ауылшармині және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 5
Келер жылы лизинг жолымен ауыл шаруашылығына қажетті тұқым себу, астық жинау техникаларын сатып алуға 6 миллиард теңге бөлінгелі отыр
Республика Үкіметі осыдан бес жыл бұрын лизинг жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу жобасын ұсынса, бүгінде бұл жұмысты «ҚазАгроҚаржы» компаниясы ойдағыдай атқарып келеді. Өткен кезеңде компанияның несиелік қоры 16,5 милиард деңгейге дейін көтеріліп, шаруа қожалықтары мен ауылдық жердегі ұжымда 5,3 мыңнан астам комбайндар мен тракторлар алуға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазАгроҚаржы» компаниясы басқармасының
төрағасы Ибрагим Тағашевтің айтуына
қарағанда, лизинг жолымен ауыл шаруашылығы
саласы ұйымдарын техникамен жарақтандыру
тәжірибеде өзін толық ақтап отыр. Ол жеті
жылға беріледі. 2005 жылы ауыл шаруашылығына
қажетті тұқым себу және астық жинау техникаларын
сатып алуға 6 миллиард теңге көлемінде
лизингілік қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы ұжымдарының жаңа үлгідегі
техникаларға ие болуы елімізде 14 машина-трактор
стансаларын құруға, оларда 500 адамдық
жұмыс орнының ашылуына қолайлы жағдай
туғызды.6
- Өндірістік кәсіпорындардың дамуындағы лизинг рөлі
Қазақстан Республикасында мемлекеттік эконоиканы көтеру мақсатында көптеген шаралар өткізіледі. Мемлекет тарапынан өте үлкен көмек келіп жатыр. Соның бірі – үлкен қаржы мөлшері бюджеттен бөлініп берілуі. Соның арқасында шағын бизнес өте қарқынды дамып келеді. Өндіруші салаға өте көп қаржы құйылып жатыр, өнеркәсіп саласы пайда әкелетіні бәріне мәлім болғаны бірден байқалады. Қаржылық несиелер көп пайда әкеле алмады, жәнете бөлініп жатқан қаражатты бөлу қажеттілігі туындады. Бірақ, көптеген, қаржыны қажетсінетін, субъектілер кепілдеме беретін мүмкіндіктері төмен, сондықтан қаржы жүйесінің қатысушы элементтері бұл мәселенің басқа шешу жолдарын іздене бастаған. Бұл мәселені шешуде шетелдік қаржы жүйесінің құрылымы өте маңызды рөл атқарған. Шетелдік лизингтік қатынас жүйесі өте тиімді шешім болып табылатыны отандық банкирлердің көздері жетті. Қазақстан Республикасының дәстүрлі өміріне сай болатын тиімді лизингтік қатынасы бар қаржылық жүйе құрастырылған.
Ауыл шаруашылығын дамыту үшін отандық кәсіпкерлерге өте көп көмек керек. Түрлі техника мен құрал жабдықтар жене басқа шараларға жұмсалатын жалпы қаржы-қаражат түрінде қажетсінеді. Лизинг осыған оңай шешім болып келеді. Өнеркәсіб өндірісі жылдан жылға өсіп келеді, оның жұмыс істеу динамикасын 1-ші кестеден көре аламыз7//.
|
|
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
|
өнеркәсіптің өндіріс пен кәсіпорындардың саны |
14326 |
13343 |
13177 |
12707 |
12519 |
өнеркәсіптік өндірістің көлемі, млрд. тенге |
1798,3 |
2000,2 |
2336,9 |
2836 |
3733,8 |
өнеркәсіптік-өндірістің персоналдың саны, мың Адам |
653,8 |
664,5 |
671,2 |
629,6 |
636,4 |
негігі қызметінен табыс, млн.теңге |
358164 |
298770 |
401087 |
588015 |
1023289 |
Кесте 1 Өндірістің жұмысының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы
Қаржылық инвестициялар өте икемді шара болып табылады. Барлық мәселелерді шешудегі жұмсалатын құрал. Осындай жағымды жақтарға қарамастан ол барлық сұрақтарға тиімді шешім бола алмайтын болып шықты. Мысалы: қаржыны несиеге беру үшін банк өзіне кепілдеме сұрайды, ал бастаушы кәсіпкерлерде дәл осы мәселе өте өткір болып тұр. Кепілдемені кез келген кәсіпкер бере алмайды, сондықтан да оның несиеге деген жолы амалсыздан жабылып кетеді. Лизинг арқылы кәсіпкер мүмкіншіліктері көбееді. Яғни лизинг шарты бойынша кепілдеме ретінде лизингке алынатын құрал немесе техника қойыла алады. Бастапқы капиталы аз тұлғалардың жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2005 жылдың қаңтар-мамыр айларында 609,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы тиісті кезеңдегіден 1,5 есе көп8. 2005 жылғы қаңтар-мамырда инвестицияның өсуі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда республиканың 14 өңірінде байқалды. Мұның өзінде ең көп өсуі Атырау, Қарағанды (2,1 есе), Маңғыстау (1,8 есе), Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан(1,7 есе), Павлодар (1,6 есе), Алматы (1,4 есе), Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда (1,2 есе), Қостанай (7,4 есе) облыстарында, Алматы (1,3 есе) және Астана (8,3 есе) қалаларында байқалды.9 /1-ші график/
Ауыл шаруашлығы өте әлсіз болғандықтан, оған көп кәсіпкерлер барғысы келмейді. Ондағы өндірілетін өнімнің көлемі өте көптеген факторларға байланысты. Мысалы: ауа райы, жер бедері, табиғат дағдарыстары және ел экономикасының өзгерістеріне өте сезімтал. Лизинг арқылы ауыл өндірісін дамыту мүмкіндігі өте көп сенімділік береді.
Қазіргі кезде шаруашылықтың өзіндік жарғылық капиталынсыз техниканы алудың бірнеше жолы бар: несие, ссуда, лизинг.
Лизинг бағасы ссуда бағасынан төмен немесе тең тек белгігі салық жеңілдіктер болған кезде ғана болуы мүмкін. Егер кәсіпкердің несиеге , ссуда арқылы немесе лизингке алуға деген сауал алдында тұратын болса онда ол барлық несиелендіру жолдарын пайдаланғандағы болатын шығындарды есептеуі керек.
Ауыл шаруашылық техникасын несие арқылы немесе лизингке алудың есептеулерін жүргізіп, экономикалық тиімділігін салыстырып көрейік10.
А. Несие арқылы техниканы алу /1,3,5/
Шаруашылыққа өнім өндіру үшін 43 785 мың.тг. сомасына астық жинау техникасын алу қажет. Бұндағы шарт бойынша несие бір жылға алған соманың толық бағасына жылдық 28% төлемдері: 43 785 * 0,28 = 12 259,8 (мың.тг).
Бұл жағдайда толық шығын 56 044,8 мың.теңгеге (430785+12 259,8) тең болады.
Несие екі жылға және төлемдері азаю шартымен берілетін болғанда, қайтару бірдей бөлімдермен беріледі, ал пайыздары қайтарылмаған қалдық сомасынан есептеледі (2 кесте).
Бұл жағдайда астық жинау техникасына кететін шығындар 56 920,5 мың.теңгеге (43 785+13 135,5) тең болады.
Қайтару жылы |
Несие бойынша негізгі қарыз |
Несие үшін төленетін пайыздық төлемдер |
Қайтару бойынша шығын | |
Жылдық қайтару |
Қайтарылмаған бөлігі | |||
Бірінші |
21 892,5 |
21 892,5 |
8 757 |
30 649,5 |
Екінші |
21 892,5 |
0 |
4 378,5 |
26 271,0 |
Барлығы: |
43 785 |
- |
13 135,5 |
56 920,5 |
Кесте 2 Жылдық 20% төлемдермен несие бойынша төлемдер, мың.тг.
Ә. Техниканы лизингке алу есептеулері.
Қазақстандағы қолданылатын лизинг бойынша төлемдер, мынадан құралады:
- Объект үшін алғашқы төлем – 10%;
- Жалдамалық төлемдер (соңғы жылы алынбайтын, төленбеген техниканың сомасынан 3%);
- Сақтандыру төлемдері (лизинг уақыты үшін 2,5%);
- Лизинг объектісінің бағасынан жалдық төлемдерінен.
5 жылдық келісім шарт бойынша астық жинау техникасын алған кезде.
- Алғашқы төлемдері 43 785 мың.тг * 0,10% = 4 378,5 мың.тг.
- Сақтандыру төлемі: 43 785 мың.тг. * 2,5% = 1 094,6 мың.тг.
- Қайтарылмаған (қалдық) бағасы тең: 43 785 – 7 378,5 = 39 406,5 мың.тг.
- лизинг объектісінің бағасын өтудің жыл сайынғы төлем тең: 39 406 мың.тг : 5 жыл = 7 881,3 мың.тг;
Арендалық төлемдер есептеулері:
Келген кездегі: 39 406,5 * 3% = 1 182,2. 1-жыл: (39 406,5 – 7 881,3) = 31 525 * 3% = 9453,76. 2-жыл: (31 525 – 7 881,3) = 23 643,9 * 3 % = 709,32. 3-жыл: (23 643,9 – 7 881,3) = 15 762,6 * 3% = 472,88. 4-жыл(15 762,2 – 7 881,3) = 7 881,3 * 3% = 236,44. 5-жыл: алынбайды.
Лизингтік төлемдерінің өзгеруі 3 кестеде берілген.
Төлемдер аты |
Түскен сәтіндегі төлемдер |
Жыл сайынғы төлемдер |
Барлығы | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |||
1.Алғашқы төлем |
4 378,5 |
4 378,5 | |||||
2.Арен-далық төлем |
1 182,2 |
945,76 |
709,32 |
472,88 |
236,44 |
- |
3 546,56 |
3.Сақтан-дыру төлемдері |
1 094,6 |
1 094,6 | |||||
4.Жыл сайынғы төлемдер |
- |
7 881,3 |
7 881,3 |
7 881,3 |
7 881,3 |
7 881,3 |
39 406,5 |
Барлығы: |
6 655,3 |
8827,06 |
8590,62 |
8354,18 |
8117,74 |
7881,3 |
48426,2 |
Кесте 3. Астық жинау техникасын лизингке алғандағы жыл сайынғы төлемдер, мың.тг.
2.5 Әртүрлі субъектілер үшін лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
Жағымды сәттері
Лизинг барлық лизингтің қатынастар субъектілері үшін қызықты: жабдық тұтынушысына, аталған жағдайда лизингтік компания өкілі болып табылатын инвесторға, инвестицияларды экономиканың ерекше салаларына бағыттау үшін лизингті пайдаланатын, мемлкетке және соңында лизинг нәтижесінде сенімді ұзақ мерзімдік пайдаға алуды ойлайтын банкке.
Аталған кезеңде Ресейде қалыптасқан экономикалық жағдайлардың ерекшеліктерін есепке алғандағы аса өзекті, лизингтің негізгі артықшылықтары мынада:
A) Мемлекет үшін. Қалыптасқан
экономикалық жағдай мен
Бұл қаржылық құрал инвестициялық қызмет үшін қаржылық қаражатты жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Өзінің механизмі арқылы өндірісті жабдықтау мақсатына инвестициялық ресурстарды кепілді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Мемлекет, лизингтік қызметті ынталандыра отырып, ол үшін мәселен, салықтық жеңілдіктерді пайдалана отырып, инвестицияларды қаржыландыруға бюджеттік ассигнациялауды едәуір азайта алады, олардың салалық құрылымдарының жетілдіру үдерісін тиімді басқаруға, қызмет көрсету саласы мен тауарлық өндірістің дамуына, экспорттық потенциалдың көтерілуіне, жеке меншікті ресейлік капиталдың Батысқа кетуін азайтуға, қосымша жұмыс күштерінің құрылуына, әсіресе, шағын кәсіпкерлік салада, басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге ықпал етеді.
B) Лизинг алушы үшін
Рентабельді жоба болғанда тұтынушы жабдықты алып, ірі, бір кездегі шығынсыз сол не басқа өндірісті бастауға мүмкіндікке ие. Бұл жаңа бастап жатқан ұсақ және орта кәсіпкерлер үшін өзекті.
Кәсіпорынның мүлкіне салықты азайту, лизинг объектісінің бағасы міндетті емес, бірақ көп жағдайларда, лизинг берушінің активтік балансында ескеріледі.
1995 жылы бірінші шілдеде Ресей Федерациясының Үкіметімен №1 «Өнім бағасына (жұмыс, қызмет көрсету) кіретін, өнімді өндіру және өткізу бойынша шығындар құрамы туралы Ережеге өзгерістер мен қосымшалар және пайдаға салық салынудағы ескерілген, қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі туралы» Қаулысы қабылданды. Бұл қаулыдан шыққан себеп, лизингтік төлемдер өнімнің өз бағасына кіретін шығындарға жататындықтан, пайдаға салынатын салықтың азаюы болды. (2 Тармақ).
«Лизинг туралы» заңға сәйкес лизингтің объектісін құрайтын және негізгі қордың белсенді бөлігіне жататын жылжымалы мүліктің барлық түрлеріне 3 коэффицентінен аспайтын жеделдетілген өтелім механизмін пайдалауға рұқсат етілген.