Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 10:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Банк карталарының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып банк картасы табылады.

Содержание работы

1 БӨЛІМ. Банк карталары нарығының әлемдік жағдайы мен дамуы
1.1. Банк карталары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
1.2. Шетелдегі банк картасының дамуы
2 БӨЛІМ. Банк карталарының Қазақстанның қаржы нарығында дамуын бағалау
2.1. Қазақстандағы банктік карталар жүйесі
3 БӨЛІМ. Банк карталарна жұмыстың прогрессивті формалары және әдістерін енгізу
3.1. Қазақстанда банк картасы төлем жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
3.2. Банк картасы жүйенсінде банктік тәекелдерді басқаруды жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломка.docx

— 164.07 Кб (Скачать файл)

Төлем карточкаларын ұстаушылар үшін сақтандыру шарты картаның типіне байланысты, ол бір немесе екі жыл банк картасының қызмет ету мерзіміне жасалады. Төлем карточкаларының эмитенттерін сақтандыру бойынша шарт бір жылға жасалады және оны әрі қарай ұзарту құқығы болады. Төлем карточкаларын ұстаушыларды сақтандыру келісім шартында картаның реквизиттері бейнеленуі қажет: оның аты, нөмері немесе қызмет ету мерзімі.

Төлем карточкаларын ұстаушыларды сақтандыру сомасының мөлшері таңдалып алынған сақтандыру тәуекелінен және карта түрінен тәуелді. Мүліктік тәуекелден сақтандыру бағдарламасына сәйкес оның сомасы банк-эмитенттің тарифтерімен байланысты картаны қайта шығару мөлшерінде тағайындалады. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру бағдарламасы бойынша бастапқы кезде болжанатын шығындар сақтандырылушымен келісілген негізде анықталады.

Шетел тәжірибесінде төлем карточкаларын сақтандырудың оқиғалары жиі болғанымен, олардың шығыны көп емес. Бір картаны сақтандыру төлемі 20 мың АҚШ долларынан аспайтын болғандықтан, қаржылық тәуекел бөлігінде сақтандыру шартын жасау кезінде оның мөлшерін де анықтаған жөн.

Сақтандыру  сыйақысы бағдарламаға, картаның түріне, мөлшеріне тәуелді, оған қоса, эмитенттерді сақтандыру кезінде айналыстағы карточкалар саны, олармен жасалатын банк операцияларының көлемі, зияндылығы есептеледі.

Ақша айналымын  ұйымдастыруда ерекше рөл атқаратын  төлем карточкаларын сақтандыру жолдарын республикамызда ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттігі сөзсіз. Оның даму келешегі бүгінгі проблемаларды шешу, сақтандыру мәдениетін арттыру, бизнестің қаржылық анықтығы мен банк және сақтандырушылар арасында сенімнің жоғары болуы сияқты факторларға тәуелді болатынын зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.

 

 

 

Ұлттық микропроцессорлық төлем  карточкасын қолдану

 

Республикада карточкаларды  қолданып ақшасыз төлем жасау  жүйелерін дамыту мақсатында Қазақстан  Республикасы Үкіметі микропроцессорлық  төлем карточкаларын қолданушы  ұлттық банкаралық жүйесінің даму бағдарламасын  бекітті. Бағдарлама осы жүйенің  Қазақстан Республикасы территориясы аумағына сатылап енгізілуін қарастырады.

Төлемдік  карточкалардың ұлттық банкаралық жүйесінің  осы бағдарламасының шешетін  міндеттердің ішінде келесі міндеттер  бар:

- зейнетақы,  еңбекақы, мемлекеттік төлемақыларды  төлеу механизмін жетілдіру;

- коммуналдық  төлемдерді жинау, көлік, байланыс  қызметтеріне төлем жүргізуді  тиімді ету;

- бюджеттік  (салық, кедендік) және басқа да  міндетті алымдарды ақшасыз түрде  жүзеге асыру үшін және қолма-қол  ақшалар эмиссиясының шығындарын  қысқарту үшін микропроцессорлық  карточкалық технологияларды қолдану;

- бюджеттік  қордың шығындалуын болдырмау  есебінен және әлеуметтік адрестік  көмек бағдарламалары мен зейнетақы  реформалары бойынша шаралар  аясындағы жеңілдіктер мен төлемақыларды  тағайындау процесін басқаруды  орталықтандыру есебінен әлеуметтік  келеңсіздіктерді төмендету.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бастамасымен «Ұлттық  процессингтік орталығы» АҚ құрылды. Оның басты міндеті – төлем  карталарында қолдану мақсатында бірыңғай электронды кеңістікті қалыптастыру. Техниканың бұл ғажап дүниесі  дегеніміз төлем жүйесінің технологиялық  ядросы болып табылатын арнаулы  есептеу орталығы. Кибернетикалық қуаттылығынан  басқа, процессингтік орталық пластикалық  карточкаларды дербестеуге арналған қондырғымен, сондай-ақ POS-терминалдар  мен банкоматтарды техникалық қамтамасыз ету мен жөндеудің базасымен  жабдықталған. Бүгінгі күні «Ұлттық  процессингтік орталығы» АҚ 80 пайыз  акциясын ҚРҰБ тұлғасындағы мемлекет иеленсе, қалған 20 пайызы 11 отандық  банктер үлесінде. Процессингтік  орталықтың құрылуы өзекті, себебі банктерге бір процессингтік  орталықтан қамтамасыз етілу тиімді, олардың әрқайсысының осындай қондырғымен  жабдықталуын ескерсек.

«Ұлттық процессингтің  орталық» АҚ мен «ҚАЗПОЧТА» АҚ бірігіп, алғаш рет KazCard брендісімен (В Қосымшасы), M/Chip4 Pre-Authorized технологиясы негізіндегі  микропроцессорлық төлем карточкасын  шығарды. Оff-line және on-line режимдерінде төлемдер жүргізуші M/Chip 4 Pre-Authorized (PAD) технологиясы тұтас ауқымды төлемдерді қамтамасыз етудегі шығындарды төмендету үшін және телекоммуникциялар сапасына сауда  нүктелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін шығарылды. EMV стандарты  мен MasterCard халықаралық төлемдік карталарының негізінде жүзеге асушы KazCard карточкасы танымдық локалдық әмиян1 болып табылады

2005 жылдың 12 қаңтарында  Алматыда, Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің ғимаратында,  ұлттық төлем карточкамыздың  тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесерде  еліміздің бірқатар алдыңғы қатарлы  банктерінің басшылары мен Ұлттық  банктің, «Қазпошта» АҚ мен  «Ұлттық процессингтің орталығы»  АҚ басшылары қатысты.

KazCard ұлттық  төлем карточкасы еліміздің ішінде  ақшасыз есеп айырылысуларды  жүзеге асырудағы тиімді құрал  ретінде танылды, сондай-ақ ол  халықтың кең ауқымына арналған, өз кезегінде толайым саудадағы  ұсақ төлемдер нарығын қамти  алады. 

Бұл карточканың  тағы бір ерекшеліктерінің бірі ретінде  оның көпжақты қызмет атқара алатындығы, яғни онда әртүрлі төлемдік және төлемдік емес қосымшалардың орналастырылу  мүмкіндігі. Төлем карталарының ұсынылушы  ұлттық жүйесі екінші деңгейлік бір  немесе бірнеше банктердің жобасы емес, бұл құрылымға тең құқық танытушы қазақстандық барлық банктер кіре алады.

Алғаш рет  Қазпошта Ұлттық процессингтік орталықпен бірігіп локалды карточкасын  шығара отырып, өзінің алдына мынадай  мақсат қойған еді, яғни еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдерді төлеу механизмін жетілдіру, коммуналдық төлемдерді, салықтарды, кедендік жиындарды және басқа да міндетті төлемдерді жинау  процесін тиімді ету. KazCard көп қызметті микропроцессормен жабдықталған, онда карточка иесі туралы ақпарат сақталады: СТН, ЖӘК, төлқұжаттық мәліметтері, жүргізуші куәлігінің номері және т.б. Біздің карточкамыздың ерекше қасиеті  ретінде, оның off-line мен on-line режимдеріндегі төлемдерді жүзеге асыра алатындығы және ол телекоммуникациялар сапасына сауда нүктелерінің тәуелсіздігін  төмендету мен тұтас төлемдерді қамтамасыз етуге арналған шығындарды азайту мақсатымен жасалған. Сонымен  қатар тағы да бір атап айтатын  дүние, қазақстан нарығында ұлттық төлем карточкасының пайда болуы  елімізде төлем карточкаларының  ұлттық жүйесін енгізудегі алғашқы  қадам болып табылады, ол өз кезегінде  толайым сауда саласындағы ақшасыз  есеп айырылысулардың кеңеюі үшін жағдай туғызады.

Сауда және сервис кәсіпорындары мен екінші деңгейлік банктер үшін осы карточкалар  төлемдік карточклаар бойынша жүргізілуші  операциялар құнын төмендетудің нақты құралы болмақ, сондай-ақ өте  үлкен емес сомадағы ақшасыз төлемдерді жүзеге асырудағы мүмкіндіктерді ұсынуда  тиімді шешім болмақ.

Осы карточка OpenWay компаниясының WAY4™  процессингтік  жүйесі негізінде қызмет етеді, бұл  жүйе off-line режиміндегі төлемдер үшін қажетті ақшаның лимиттерін толық  бақылай алу мүмкіндігін ұсынады. Мұнда off-line режимінде төлем жүргізу .үшін карта иесіне қол жетерлік сома, on-line режиміндегі төлем жүргізу  үшін де қол жетерлік болмақ, яғни офф-лайндық  лимит пен карта балансының автоматты  түрде синхронизациясы арқасында  бұған қол жеткізілді. «Казпошта» АҚ өз тарапынан тұрғындарға тармақталған филиалдық желісін ұсына алады, сондай-ақ осы жылы қолма-қол ақша алу мен қызметтерге төлемдер төлеу үшін банкоматтар мен POS-терминалдар желісін ұсынбақ.

Аудан орталықтары  мен ауылдық жерлерде коммерциялық банктердің филиалдарының болмауын ескеріп, «Ұлттық процессингтік  орталығы»АҚ мен «Қазпошта» АҚ бірігіп KazCard дебеттік карточкасын ұсынды, оның мүмкіндігі осындай шалғайдағы аудандар тұрғындарының банктік және төлемдік қызметтерге қол жеткізулерін қамтамасыз етеді.

Банки-эквайерлер өз кезегінде KazCard карточкасын жаңа қаржы ағындарына шығу тәсілі ретінде  қолдануға мүмкіндік алуда; яғни, қоғамдық көлікте жүру үшін төлем  жүргізуде, off-line терминалдарды қолданушы  зейнетақы мен басқа да қызметтерге  төлем жүргізуде қолданылуда.

KazCard карточкасын  қолданып операцияларды жүзеге  асыру кезінде сауда және қызмет  көрсету кәсіпорындары үшін алаяқты  және төлемей кету секілді  жағдайлар қаупі анағұрлым сейіледі.  Бұдан басқа, кәсіпорындарға қымбат  тұратын байланыс каналдарын  ұстауға кететін қосымша шығындарды  болдырмайды, себебі барлық төлемдер  жөніндегі ақпаратты жіберуде  күніне бір ғана телефон қоңырауын  шалса жеткілікті.

«Казпошта»  АҚ мен  «Ұлттық процессингтік  орталығы»АҚ бірлесіп 45 банкомат пен 4000 POS-терминалдар орнатуды жоспарлауда, мұнда эмиссиялар көлемі жуықтап  алсақ 24000 картаны құрамақ (Кесте 9).

Төлем карталары  нарығы дамуының себептері:

- тұрғындардың бос жатқан ақшаларын тарту қажеттігі, себебі карточкалық шот – шотта ақша сақтау мен шоттағы ақшаны иеленуден түсетін пайдалардың жақсы үйлесуі;

- қолма-қол ақшалай төлемдердің жеткіліксіздігі, бұл ақшасыз есеп айырылысулар түрінің дамуына жол ашады;

- бүгінде тұрғындар касса саңылаулары жанында кезекте тұруды қаламайды, олар өз ақшаларын кез келген уақытта, кез келген жерден алуды қалайды;

- карточкалар адамдар өміріне қарқындап енуде, қолма-қол ақшаны дебеттік немесе несие карточкалары алмастыруда.

 «Қазпошта» АҚ –да карточкалық бизнестің дамуы келесі мақсаттарды көздейді:

- клиенттер үшін жылдам және жайлы есеп айырылысуларды ұйымдастыру;

- есеп айырылысуларда қолданылатын қолма-қол ақша көлемін азайту, осыған сәйкес барлық қызметтердің өзіндік құнын төмендету;

- жаңа клиенттер тарту мен бұғанға дейінгі бар клиенттерді уысыңда  ұстау;

- бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату қажеттігі;

- жаңа, прогрессивті «қағаз ақшасыз» технологиясын пайдалану;

- байланыс бөлімшелерін клиенттер ағынынан босату;

- пластикалық карточкалар имиджін көтеру және оларды  қоғамдық жарнамалау

9 Кесте  Төлем карточкаларын жүзеге асыру жоспары

Жыл

Карточкалар саны

Пайдаланушылар

2005

24000

  «Қазпошта»АҚ қызметкерлері, бюджеттік ұйымдар

2006

87500

Екінші деңгейлік банктер жоқ, аудандық орталықтардың әлеуметтік төлемдерді алушылары, бюджеттік және басқа да ұйымдар қызметкерлері

 

2007

 

101319

2008

142319

 

әлеуметтік төлемдерді алушылар, аудандар мен қалалардағы  бюджеттік  және басқа да ұйымдар қызметкерлері

2009

238819

2010

266638

2011

323638

2012

420138

Қорытынды

1 604 371

 

 

Қазақстанда бірнеше процессингтік орталықтар сәтті қызмет атқаруда. Бірақ та транзакцияларды өңдеу нарығындағы  негізгі операторлардың бірі ретінде VISA International мен Mastercard қызмет атқарады, олар ҚР резидент емес ұйымдары ретінде  қазақстандық банктерімен қызметтесе отырып едәуір кіріс алып отырады.

Анық болғандай, құрлық асушы серіктестің  маркетингтік саясаты отандық қаржыгерлерді  мазалай бастады, және олар  біртіндеп  бәсекелесінен құтылуға тырысты. Шетелдіктерді  ішкі банкішілік клиринг бойынша  қызмет көрсету жөніндегі провайдерлік қызметті жүзеге асыруда  ығыстыру жөніндегі шешім қабылдады.

Мұндағы барлық жұмысты, олардың орнына Ұлттық процессингтік  орталығы атқарады. Дегенмен бүгінгі  күні ол осы және басқа да себептері  жөнінен өзіне осы қызметтерін  қолға ала алмай отыр.

Төлемдік  емес қосымшалары бар микропроцессорлық  карточкаларды енгізу жеке және заңдық тұлғалар туралы бірыңғай мәліметтер базасын аккумулирлеуге мүмкіндік  береді, экономиканың, мемлекетттік басқару  және жергілікті өзін-өзі басқару  қызметінің тиімділігін арттыруды, ақпаратқа еркін қол жетерлік құқықтарды қамтамасыз ету арқылы азаматтық  қоғамның дамуы үшін технологиялық  алғышарттар құрады. 

 

 


Информация о работе Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар