Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 10:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Банк карталарының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып банк картасы табылады.

Содержание работы

1 БӨЛІМ. Банк карталары нарығының әлемдік жағдайы мен дамуы
1.1. Банк карталары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
1.2. Шетелдегі банк картасының дамуы
2 БӨЛІМ. Банк карталарының Қазақстанның қаржы нарығында дамуын бағалау
2.1. Қазақстандағы банктік карталар жүйесі
3 БӨЛІМ. Банк карталарна жұмыстың прогрессивті формалары және әдістерін енгізу
3.1. Қазақстанда банк картасы төлем жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
3.2. Банк картасы жүйенсінде банктік тәекелдерді басқаруды жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломка.docx

— 164.07 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төлем карточкалар  нарығы қаржы секторының болашақ даму бағыттарының бірі. Оған қызмет көрсету ассортименті мен түрлі карточкалық бағдарламалар барынша кең түрде ұсынылып келетіні айғақ. Айталық, дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсету үшін есеп айырысу, коммуналдық, байланыс қызметтерін, салық пен кеден төлемдерін төлеу, несиелерді өтеу, карточкадан карточкаға ақша аудару төлем карточкаларының көмегімен жүзеге асады. Осыған байланысты халық тауар сатып алу мен қызмет көрсету кезінде есеп айырысуды төлем карточкалары арқылы жүргізуді дұрыс көреді. Оны статистика мәліметтері дәлелдей алады, егер 2008 жылы 4 адам 1 төлем карточкасын иеленсе, 2009 жылы 3 адам 1 төлем карточкасын қолданған.

Төлем карточкаларын  республикамыздың 19 екінші деңгейдегі банктері мен «Қазпошта» АҚ шығарады. Оған қоса елімізде халықаралық және жергілікті төлем жүйелерінің карточкаларын да кездестіруге болады. Жергілікті карточкаларға Altyn Card, SmartAlemCard, KazCard, TemirCard, Каспи, «Цесна Банк» АҚ, «Қазақстан Ситибанкі» АҚ жүйелері мен жергілікті карточкалары жатады. Халықаралық төлем жүйелерінің карточкалары Қазақстан нарығында Visa және Europay International, American Express International, Diners Club International және China Union Pay карточкаларымен кеңінен танымал.

2009 жылы айналыста жүрген төлем карточкаларының барлық саны 5,6 млн. бірлік болды, бұл 2008 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 36,5%-ға артық. Айналыстағы төлем карточкалары санының динамикасы суретте келтірілген.

 

Сурет 3 – Айналыстағы төлем карточкалар  санының динамикасы

Ескерту – Автор диаграмманы Ұлттық Банк мәліметтері негізінде құрастырған

 

Берілген  мәліметтерден көріп отырғанымыздай, 2000 жылмен салыстырғанда төлем карточкаларының саны 2009 жылы 15,8 есеге артқан. Ал, карточкаларды ұстаушылар саны 35,7%-ға өсіп, 2009 жылы 1 қаңтарда 5,3 млн адам болған. Төлем жүйесiнiң негізгі құралдарының бiрi төлем карталары мен олардың қолданылуы туралы деректерге сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде төлем карточкалары саны 12,5 есе көбейді, дәлірек айтсақ, 2000 жылы айналыстағы карточкалар саны 355-тен 5600 мыңға дейін жеткен.

Елдегі ең танымал Visa және Europay International халықаралық  төлем жүйелерінің карточкалары болып табылады, олар айналыстағы  карточкалар санының 96,4%-ын құрайды. Қазіргі уақытта Visa International карточкаларын Қазақстан халқының 25,3%-ы қолданады. Айналыстағы төлем карточкалары жергілікті және халықаралық карталардан тұрады, олардың құрылымы 4 суретте келтірілген.

 

Сурет 4 – Айналыстағы төлем карточкаларының  құрылымы

Ескерту – Автор диаграмманы Ұлттық Банк мәліметтері негізінде құрастырған

 

Суреттен көріп отырғанымыздай, халықаралық төлем карточкалары қолданыс аясына еніп, үлес салмағының артуы, жергілікті төлем карточкаларының төмендеуіне себеп болып отыр. 2000 жылы 100% жергілікті карточкалар айналыста болса, берілген мерзім ішінде оның үлесі 5%-ға дейін күрт азайған, бұл 20 есеге төмендікті білдіреді. Жергілікті карточкалардың арасында Altyn Card жүйесінің карточкалары кеңінен қолданылады (оның үлесі 2,1%). 2009 жылы елімізде 7391 сауда кәсіпорыны оның төлем карточкаларын қолданған, бұл 2008 жылдан 38,5%-ға артық.

Енді төлем карточкаларын пайдаланудың аймақтық аспектісін қарастырсақ, бірінші орында үлесі бойынша Алматы қаласы, одан кейін 11,8%-бен Қарағанды облысы және 8,3%-бен Шығыс Қазақстан облысы.

Республикамызда қондырылған банкоматтар саны – 4607 бірлік (1 банкомат 1 550 адамға қызмет көрсете алады, сәйкесінше, 100 банкомат 155 000 карта иелеріне). Карта иелерлерінің саны жылдам өскенімен банкоматтар саны көбеюі оған сәйкес келмейді (Мәселен, ай сайын қолданушылар саны 74 мыңға артса, банкоматтар саны 75-ке ғана артып отырды). Осы айтылғандар бойынша республика аумағында төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымын беруді жөн көрдік.

 

 

 

 

Кесте 2 –  Төлем карточкалар нарығының  инфрақұрылымы

                                                                    (2009 жылғы мәліметтер негізінде)

Облыстар

POS – терминалдар

Импринтерлер

 

Банкоматтар

Сауда

кәсіпорындары

Саны, дана

Үлесі, %

саны, дана

Үлесі, %

саны, дана

Үлесі, %

саны, бірлік

Үлесі, %

Ақмола

421

2,5

6

0,6

158

3,4

223

3,0

Ақтөбе 

981

5,9

23

2,2

285

6,2

413

5,5

Алматы 

281

1,7

5

0,5

194

4,2

88

1,2

Атырау 

832

5,0

50

4,8

276

6,0

364

4,9

Шығыс-Қазақстан 

1302

7,8

48

4,6

401

8,7

605

8,1

Жамбыл 

438

2,6

7

0,7

172

3,7

205

2,7

Батыс Қазақстан 

605

3,6

23

2,2

174

3,8

234

3,1

Қарағанды

1303

7,8

28

2,7

433

9,4

564

7,5

Қостанай 

579

3,5

20

1,9

183

4,0

231

3,1

Қызылорда

328

2,0

6

0,6

133

2,9

187

2,5

Маңғыстау

626

3,7

24

2,3

216

4,7

322

4,3

Павлодар 

927

5,6

16

1,5

289

6,3

417

5,6

Солтүстік Қазақстан 

459

2,7

7

0,7

141

3,1

238

3,2

Оңтүстік Қазақстан 

828

5,0

19

1,8

231

5,0

348

4,6

Алматы қаласы

4847

29,0

660

63,0

952

20,7

2034

27,2

Астана қаласы

1945

11,6

105

10,0

369

8,0

1011

13,5

Барлығы

16702

100

1047

100

4607

100

7484

100

Ескерту – Автор кестені Ұлттық Банк мәліметтері негізінде құрастырған


 

Кестеде берілген төрт түрлі POS – терминалдар,  импринтерлер, банкоматтар, сауда кәсіпорындары төлем карточкалармен есеп айырысу орындарының ең көбі әрине, терминалдар (олар 55,9%), келесі 25,2%-ды құрайтын сауда кәсіпорындары. Осы республика деңгейінде қалыптасқан жағдай аймақтарға да тән. Тек бір ғана Алматы облысында жағдай сәл өзгеше: 568 төлем карточкалары есеп айырысатын орындардың ішінде терминалдар – 49,4%-ды, банкоматтар - 34,1%, сауда кәсіпорындары 15,5%-ды құраған. Төлем карточкаларына қызмет көрсететін қондырғылар санының динамикасы 5 суретте келтірілген.

Сурет 5 - Төлем  карточкаларына қызмет көрсететін қондырғылар  санының динамикасы

Ескерту –  Автор диаграмманы Ұлттық Банк мәліметтері  негізінде құрастырған

 

Сурет мәліметтеріне  сәйкес POS-терминалдар мен банкоматтар саны өсіп, импринтерлер азайып келеді. Бұған магнитті жолақты карталардың микропроцессорлық карталарға ауыстырылуы себеп.

Қазiргi таңда қолма-қолсыз төлемдер қағаз түрiндегi құжаттар айналымы мен қол еңбегiнсіз, электронды технологияда бiрнеше сағаттарда жүргiзiледi. Бұл жетістіктің ерекшелігі сол, мұнда төлем жүйелерi кәсiпорындар арасында төлемдер өте жылдам жүргiзіле бастайды, төленбеген төлемдер, бартер, квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымында кездесетін кемшіліктерді ығыстыруға мүмкіндік пайда болады. Халық үшiн төлем қызметi нарығының бастапқы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу кезеңі аяқталып, жетiстiктерiн де көрсете бастады. Осы орайда айта кету керек, электронды технологияларды қолданудың басты жетістігі – эквайринг болып табылады. POS-терминалдар іс жүзінде барлық импринтерлер мен дауыстық авторизацияны алмастырды. Дегенмен, жаңа технологиялар ескілердің алмастырып келе жатқанымен, әлі де сауда орындарының 10%-ы ғана пластикалық карталарды төлем жүргізуге қабылдайды. Дәл осы жағдай чиптік карталардың артықшылығын айқын дәлелдесе де, олардың саны ескі магниттік карталар санынан асқан жоқ.

Жаңа электронды технологияларды ендіруде отандық та, еліміздегі шетелдік бәсекелестері де ынтасыз болып отыр. Батыстың жетекші төлем жүйелері жаңа Windows-қосымшаларына 2000 жылдың басында ғана көшкен. Шетелдік банктердің көпшілігі осы күнге дейін ескі компьютерлерін алмастыруға қажет көп қаражатты жұмсауға ынталанып отырған жоқ. Оған қоса, елімізде жұмыс жасап келетін шетелдік банктер Интернет-банкинг пен теле-банкингті дамытпайды және клиенттерге жаппай қызмет көрсетуге ешқандай бағдарланбайды.

Төлем жүйесінің  қалыпты қызмет етуі өтімділікті басқару механизмінің көмегінсіз мүмкін емес. Нақты уақытта есеп айырысу жүйесін енгізу басталғаннан бері осы мәселенің өзектілігі артып келеді. Мұндай жаңа жүйе өтімділік тәуекелін басқару үшін төлем жүйесінің жоғары сенімділігін және жеткілікті үлкен көлемді бір күн ішіндегі өтімділікті талап етеді.

Төлем жүйесіндегі  өтімділікті басқару мәселелері әдетте мыналармен байланысты:

  • корреспонденттік шот қалдықтарына сәйкес келетін, құрамында клиенттердің ізденді ақша құралдары болғандықтан, төлем жүйесінің ресурстық базасының өзгермелілігі;
  • кіріс және шығыс төлемдер ағынының теңсіздігі;
  • Ұлттық Банк ұсынушы өтімділік құралдарының жеткізілу шарттары.

Өтімділік тәуекеліне әсер ететін факторлар мыналар:

  1. Корреспонденттік шоттағы қалдықтар құрылымының жиі өзгермелі болуына байланысты болашақ төлемдердің белгісіздігі мен теңсіздігі;
  2. Жетіспейтін құралдарды тарту, Ұлттық Банк ұсынумен несиелік ресурстарға мүмкіндіктердің болуы;
  3. Жеке активді оның қаржылық және валюталық нарық өтімділігімен байланысты сату мүмкіндігі;
  4. Операциондық тәуекел.

Төлем жүйесінің  қызметі, өтімділік пен тәуекелді тиімді басқару арасында өзара байланыс бар. Өтімділікті толтыру үшін бір күн ішінде қатысушыларға есеп айырысу тәуекелін минимумға дейін төмендетеді. Бірақ, бұл тәуекелдің жүзеге асырылуын шектеп, қауіп туғызады. Соған байланысты, төлем жүйесі бір күндік өтімді құралдарға тиімді қызмет жасай алмайды.

Төлем карталарын қолдану арқылы операцияларды жетілдіру оларды барынша қауіпсіздендіру механизмін жүзеге асырумен байланысты. Шетел тәжірибесі көрсеткендей, карточкаларды пайдалану барысында пайда болатын тәуекелдерді төмендетудің оңтайлы әдісі – сақтандыру.

Төлем карточкаларын сақтандыру оларды иелену мен қолдану мүліктік мүддесін қорғауда сақтандырушы және сақтандырылушы арасындағы қатынасты білдіреді. Төлем карточкаларын сақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар, ол тұлғалардың мүлкі мен қаржылық тәуекелдерді сақтандыруға жатады. Төлем карточкаларын азаматтардың мүлкін сақтандыру деп қарау дұрыс емес, себебі, олар банктің меншігі болып табылады.

Сақтандырудың бұл түрінің кешенді тәуекел екі топтың болумен байланысты. Оларды ажыратып қарастырар болсақ, бірінші топ мынадай себептерге байланысты карточка жоғалған кезде мүліктік тәуекелдерді қамтиды:

  • иесінің жоғалтуы;
  • үшінші тұлғаның заңға қарсы әрекетінің салдарынан ұрлатып алу;
  • кездейсоқ механикалық, термикалық бүліну, магнитсіздену және т.б.;
  • банкомат жұмысының бұзылуы.

Екінші топты  карточка жоғалғаннан кейін заңсыз қолданумен байланысты, болжанбаған шығындарды анықтайтын қаржылық тәуекелдерден тұрады:

  • карточка иесі үшінші тұлғаға өзінің карточкасы мен оның идентификациялық номерін айтуға мәжбүр болған жағдайда, үшінші тұлғаның банкоматтан қолма-қол ақшаны алуы;
  • үшінші тұлғаның қолма-қол ақшаны банктен слипке (сауда чегіне) карточка ұстаушысының қолын көшіріп қою жолымен алуы;
  • үшінші тұлғаның сауда-қызмет көрсету желілерінде тауарлар мен қызметтерін төлеуі.

Төлем карточкаларын сақтандыруды банктік сақтандыру құрамында қарауға болады. Себебі, ол банктік қызметтің субъектілерін сақтандыруды ұсынуға арналған.

Шетел тәжірибесіне сүйенсек, пластикалық карталарды сақтандыру ережелері олардың эмитенттерін сақтандыру ережелеріне сәйкес келеді. Бұл Ережелер «Bankers Blanket Bond» банктік сақтандырудың халықаралық стандарттарына негізделеді және карточка тәуекелдерін сақтандыруға мүмкіндік береді.

Төлем карточка иелерін сақтандыру арқылы банк-эмитент, ал, қаржылық тәуекелді сақтандыру арқылы пайда көретін – картаны уақытша ұстаушы болып табылады. Бұл жағдайда ұстаушының қаржылық тәуекелдеріне мыналар жатады: бөтен тұлғаның картаны заңсыз пайдалануы, оған байланысты пайда болатын күтпеген шығындар, жоғалған, ұрланған кезде картаны қайта шығарумен байланысты шығындар.

Төлем карточкаларының  эмитенттерін сақтандыру шарттары бойынша тәуекелдерінен пайда табушы банк мекемесі, себебі, ол картаның бүлінуі мен жоғалуына қатысты, үшінші тұлғаның заңсыз әрекетіне байланысты шығындар тәуекеліне жауап береді.

Тәжірибе  жүзінде сақтандыру компаниялары мүліктік және қаржылық бағдарламаларды әзірлейді. Мүліктік базалық, ал, қаржылық кеңейтілген бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Сақтандырушы жауапкершілігінің осылай қалыптасуы олардың портфелдерін баланстауға ұмтылысын білдіреді. Қаржылық тәуекелдерде сақтандырылушы тарапынан талап көп, себебі, оларды жүзеге асыру ықтималдығы жоғары.

Тәуекелдер  аталып өткендермен шектелмейтіндігі белгілі. Төлем карточкаларын сақтандыруға қолма-қол ақшаны алу, карточканы заңсыз жасап алу, сақтандырылушы шотына заңсыз кіру шығындарының тәуекелі енгізіледі.

Төлем карталарының түрлері (жеке, корпоративті), бағыттары (дебеттік/есептік және кредиттік), төлем жүйелері («VISA», «Master Card») және категориялары бойынша («Electron», «Standard», «Classic», «Gold», «Platinum») сақтандыруға жатады. Дебеттік немесе кредиттік карточкаларды алу кезінде сақтандырушылар сатып алатын дисконттық карточкалар сақтандыруға жатпайды. Бұл дисконттық карталар телефон сөйлесімдерін, авиа және теміржол, немесе көліктің басқа түрлерін пайдалану шығындарын, қонақ үй, жүкті жеткізу, мейрамхана, автокөлік құралдарын жалға алу, жанармай шығындарын төлеуге, жеңілдіктер ұсынуға қажет.

Информация о работе Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар