Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 10:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Банк карталарының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып банк картасы табылады.

Содержание работы

1 БӨЛІМ. Банк карталары нарығының әлемдік жағдайы мен дамуы
1.1. Банк карталары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
1.2. Шетелдегі банк картасының дамуы
2 БӨЛІМ. Банк карталарының Қазақстанның қаржы нарығында дамуын бағалау
2.1. Қазақстандағы банктік карталар жүйесі
3 БӨЛІМ. Банк карталарна жұмыстың прогрессивті формалары және әдістерін енгізу
3.1. Қазақстанда банк картасы төлем жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
3.2. Банк картасы жүйенсінде банктік тәекелдерді басқаруды жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дипломка.docx

— 164.07 Кб (Скачать файл)

1990 жылдардың  ортасынан бастап пластикалық  карталар немесе экспресс-аударулар  сияқты жүйелерді жаппай енгізу  қолға алынып, сол кезде отандық  компаниялар бағдарламалық қамту  өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілігі  жоғары шешімдер қабылдай бастады. 

Батыс елдерінен  отандық төлем жүйелері және банктер  тек қана технологиялар емес, сонымен  қатар, құрал-жабдықтарды да тарта  бастады. Біздің елімізде іс жүзінде  компьютерлер, модемдер және басқа  байланыс құралдары, банкоматтар мен POS-терминалдар өндіріліп шығарылмайды. Пластикалық карталар батыста ХХ-ғасырдың ортасында пайда болғанымен, 1980-жылдарға дейін ол біздің елімізде қолданбағаны белгілі. Отандық карталық төлем  жүйелерінің дамуы 1990-жылдардың  басында басталып, тек қана 90-жылдардың  ортасында олар өз өнімдерін жаппай ұсынысқа шығара бастады. Қазіргі таңда Altyn Card Smart, Alem Card, Дуэт жүйелерінің карточкалары – микропроцессорды карталар, яғни электронды әмиян қызметтері мен  әр түрлі қызмет көрсету түрлерін қамтыған.

 

 

 

 

 

 

 

2 БӨЛІМ. Банк карталарының  Қазақстанның қаржы нарығында  дамуын бағалау

2.1.    Қазақстандағы банктік карталар  жүйесі

 

Бізде пластикалық  карточкалар сирек кездесетін зат  ретінде болуын азайтты, бірақ олар әсіресе төлем құралы ретінде  кеңінен таралған емес.  Қазіргі  кезде негізгі мәселе мынада, яғни төлем карточкалары көп жағдайларда  «еңбекақы жобалары» деп аталушы  сала аясында, еңбекақы мен шәкіртақы  алу үшін  тек ақша алудың құралы ретінде қолданылады. Оны ұстаушылар оның басқа да қызмет түрлерінің бар  екендігін ұмытып, негізінен ақшаларын  алуды жүзеге асыруда. Ол бүкіл әлем бойынша ақша алу мен ақша аударылымдарының жылдамдығын және құпиялығын, ақшаларына тәулік бойғы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Тек ақшаларды беріп ғана қоймай, сонымен қатар ақшаны алушы  да банкоматтар бар. Бұдан басқа, карточка тиімді курс бойынша валютаны аудару мүмкіндігін береді және бұл  оның соңғы мүмкіндігі емес.

Бүкіл сауда  орталықтарында, қонақ үйлерде, ресторандарда, казино, кинотеатрларда, клубтарда, туристік және сақтандыру агенттіктерінде «пластикалық карточкаларды» алу үшін POS-терминалдар  орнатылған.  Дегенмен, шетелдіктер  үшін ақшасыз төлем жасау күнделікті тұрмыста кездесетін белгіленген тәртіп болса, қазақстандықтар ескіше әмияннан төлем жүргізуді құптайды.

 Атап  айтсақ, өз көзіңмен нені көрсең, соған сену - біздің менталитетіміздің  ерекшелігі болып табылады. Мынаны  еске түсірсек, яғни осыдан бірнеше  жыл бұрын кейбіреулер еңбекақыларын  карточка арқылы алудан бас  тартқандығы, алданып қалудан  қорқып. Осылайша жағдай POS-терминалдармен  де болған, ең соңында барлығы  ақшасыз төлем жүргізудің қауіпсіздігі  мен жайлылығының неде екендігін  түсінуде, сонымен мәселе жабылып  қала береді.

Бүгінде карточкалық  бизнестің дамуын біздің еліміздің  экономикасының өсуінің қозғаушы күші ретінде санауда. Әрине, бұл көрсеткішке  қарама-қарсы түрде банктер клиенттерге  сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге  тырысуда. Кез келген банктің негізгі  мақсаты – клиенттер үшін жайлылықтың  жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінде тұрып қол жеткізуі тиіс және өзін жайлы, әрі сенімді сезінуі  тиіс. Бұл үшін банктер төлемдік карточкаларды клиенттің шотына қол жеткізудің әмбебап құралы түрінде  жасауға ұмтылуда, олар арқылы операциялардың көпшілік бөлігін өзіндік қызмет көрсету режиміне ауыстыруда, мұнда  адам банктің жұмысына, уақытқа, қашықтыққа тәуелсіз болу үшін.

Қазіргі кезде  банкомат арқылы карточкадан карточкаға ақша аудару кеңінен қолданыс тапты. Банкоматтардан депозитке ақша салуға болады, ұялы телефон, теледидар, коммуналдық  қызметтер үшін төлемдер, салық төлемдерін  жүргізуге болады. Коммерциялық банктер  мобильді банкингті дамытуда, клиенттеріне Visa несиелік револьверлік карталарын ұсынуда, мультивалюталық төлемдік, виртуалдық және Visa Platinym сыйақылық карталарын енгізумен шұғылданады.

Кейбір клиенттер  өз ниеттерімен SMS-банкинг секілді  қызмет түрін бағалауда. Карточка иелері, осы карточка арқылы жүргізілген  барлық операциялар туралы SMS-хабарламаларды тікелей өзінің ұялы телефонында  ала алады, мұнда оған осы үшін банкоматқа немесе банктің есептік-кассалық бөліміне бару қажет емес. Клиенттер  өз қалауларына байланысты қандай операцияның  типін (ақша алу, тауарларды сатып алу, қызметтер мен коммуналдық төлемдер жүргізу) таңдағандығына орай SMS- негіздемені  алу мүмкіндігі бар, ал мобильді телефонында  роумингі болуы себепті, ол шекара асып кетсе де осындай құлақтандыруларды  ала алады. Бұдан басқа, банк клиентке оның карточкасының пайдалану мерзімінің аяқталуы жақындағандығы жөнінде де құлаққағыс етуді қарастыруда. POS-терминалдар  мен банкоматтар арқылы төлемдер жүргізу  туралы айтар болсақ, бұл  қызметтер қазақстандықтар үшін жақсы таныс. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер өздеріне карточкалық  терминалдарды орнату орындары ретінде  көптеген сауда фирмаларын, дүкендерді, ойын-сауық орталықтарын тартуда. Өкінішке орай, бұл процесс ойлағанымыздай тез қарқын алмай отыр. Қазіргі  күні сапалы карточкалық қызметтерді  жаңа технологияларды енгізбей қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан бұл  бағыт қазіргі кезде барлық қазақстандық банктер үшін ерекше болып отыр.

Кез келген банк әр дүкенде POS-терминал орнатудан  бас тартпақ емес, мұның  тікелей  пайдасы зор, бірақ барлық сауда  және сервис мекемелерінің  дамыған  технологиялық желілері жоқ. Карточкалар  бойынша төлемдерді аздаған сауда  мекемелері жүзеге асыруда, олардың  көпшілік бөлігін күрделі тұрмыстық  техникасын сатушы дүкендер немесе ауқатты  клиеттерге бағдар жасаушы дүкендер құрайды. Кейбір жерлерде коммерсанттар  өздері терминалдар қоюға құлықсыз, себебі банктер 1,5-2 пайыздық комиссия алады. Егер сауда айналымы үлкен  болса, дүкендер иелерін бұл қорқытпайды, керісінше олар POS-терминал орнатуға келісім береді. Сауда айналымы төмен  кәсіпкерлер бірден шығын көлемін  есептеуге кіріседі. Бұл іс алға жылжиды, егер салықтарды төмендетсе. Банктер қай жерде болмасын терминалдарын  орнатуға құлықты, бірақ олар өлі  жүк болып тұрмаса, себебі бұл  терминал банк үшін 800 евро тұрады. Төлем  карталары бойынша күнделікті төлемдер қабылдаудың дамыған желісінің  болмауы тұрғындардың бірқатар кең  ауқымы үшін олардың тартымдылығын  төмендетеді және оларды қолдану  мүмкіндіктерін бірталай шектейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15 желтоқсан 2004 жылғы №1328 қаулысы «Қазақстан Республикасы территориясында  сауда операцияларын (қызмет көрсетулерде) жүзеге асыруда төлем карточкаларын  қолданып төлемдерді қабылдауға міндетті сауда ұйымдарының категорияларын бекіту туралы» қабылданды, ол күшіне 1 шілде 2005 жылы енгізілді. Мұнда осы  Үкімет қаулысы арқылы бекітілген сауда  ұйымдарының категориялары, кіші бизнес субъектілері үшін Қазақстан Республикасы салық заңдылығына сәйкес арнаулы  салық тәртібін қолданушы сауда  ұйымдарына және жалпы қолданыстағы телекоммуникация желісі жоқ жерлерде орналасушы сауда ұйымдарына таралмайды.

Осы қаулыда  көрсетілген әрекеттерге ұшыраушы барлық сауда (қызмет көрсету) ұйымдары 2005 жылғы 1 шілдеге дейін тауарлар мен қызметтерін ұсынуда есеп айырылысу барысында төлем карточкаларын  қабылдап және төлем карточкаларын  қабылдау үшін сауда терминалдарын  орнатулары керек болатын.  Сауда  ұйымының қажетті қондырғыны орнатуы  үшін және есеп айырылысуға төлем  карточкаларын қабылдауда эквайрингтік қызметпен айналысушы екінші деңгейлі банкке жүгініп, олармен төлем карталары  бойынша қызмет көрсетуге байланысты қажетті келісімшартқа отырулары  қажет болады.

Ереже бойынша, эквайринг келісімшартына сәйкес, банк өзіне есеп айырылысуға төлем  карточкаларын қабылдауды қамтамасыз ету бойынша қызметті алады: сәйкес құжаттарды дайындау, қажетті қондырғыны орнату және қызмет көрсету, олардың  авторизациясына қатысты кәсіпорындардың  берген сұраныстары бойынша қызмет көрсету, сондай-ақ кәсіпорынға сауда  чектері мен слиптердің бланкілерін  жеткізу мен олардың инкасациясын қамтамасыз ету. Клиенттерге стоп-парақтарын салып жіберу (төлем карталары  бойынша операциялары тоқтатылған  немесе қысқарған карталардың тізімдері, сондай-ақ есеп айырылысуға төлем  карточкаларын қабылдау бойынша  қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады.  Банктер сауда және қызмет көрсету  кәсіпорындарына эквайрингтік қызмет көрсеткендері үшін эквайрингтік келісімшартпен мөлшері бекітілген комиссиялық  үстемақы алады. Қазақстанда төлем  карталары негізіндегі қолма-қол  ақшасыз төлемдер жүргізу жүйесінің  кеңінен енгізілуі мына жағдайда іске асырылады, егер төлем карталары  көмегімен есеп айырылысулар процесіне  қатысушы барлық мүшелердің – коммерциялық банктердің, сауда және сервис кәсіпорындарының және жеке тұлғалардың мүдделерінің тепе-теңдігі қамтамасыз етілсе.

Қазіргі кезде  төлемдік жүйелерге анағұрлым қызығушылық  танытушы коммерциялық банктер болып  отыр, иә банктердің сауда және сервистік  кәсіпорындармен бірігіп және келісіліп  жүргізген әрекеттері арқасында  ғана төлем карточкалары бойынша  төлемдік желілерді құру мүмкін болып  отыр. Өз кезегінде, тұрғындар, егер бұл  қарапайым және тиімді болса, күнделікті есеп айырылысулар үшін төлемдік карточкалармен қолдана алатын болады. Осындай жүйелерді  енгізуден келетін пайда ьарлық қатысушылар үшін, оның ішінде мемлекет үшін жақсы таныс.

Тауарлар  мен қызметтерге төлем жүргізуде  төлем карталарын қолдану аясының  кеңеюі қолма-қол ақшасыз есеп айырылысулар көлемінің өскендігін және қолма-қол  ақша айналымының қысқарғанына негіз  болмақ.

Қазіргі кезде  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  осы бағытта жұмыс атқаруда. Анық болғандай, төлем жүйелері дамыған  елдерде соңғы уақыттағы жасампаздары микропроцессорлық технологиялар  негізіндегі төлем карталарының дамуына, электронды ақшаларды енгізу мен оларды қолдануды дамытуға  бағытталған. Қазақстанда электронды ақшаларды енгізу бірқатар артықшылықтарды береді. Жекелей айтсақ, тиімсіз төлем құралдарынан (мысалы, чектерден), анағұрлым тиімді төлем құралдарына көшуге мүмкіндік береді.

Екінші деңгейлік  банктер төлем карталарын шығару мен қызмет көрсетумен байланысты қызметтер  тарифтерін төмендетеді, ұсынушы сервис деңгейін жоғарылатады, төлемдерді өңдеуге  байланысты уақытша шығындарды азайтады.

Ұлттық банктің  жұмысының тағы да бір бағыты –электрондық банктік қызметтің жаңа түрлерін банктерге ұсынуға және оларды дамытуға қолдау көрсету. Бұл қолданушыларға тауарлар мен қызметтерге төлем  жасауды электронды байланыс каналдары  арқылы жүзеге асыруларына мүмкіндік  береді, ол сондай-ақ осыдан былай экономикада  қолма-қол ақша айналымы аясының  ары қарайғы тарылуына жағдай жасайды.

Төлем карточкалары мықтап біздің өмірімізге еніп келеді және көптеген адамдар үшін есеп айырылысулар үшін үйреншікті зат болып отыр. Бүгінгі күні коммерциялық банктер  өздерінің клиенттеріне пластикалық  карталардың толық құрамын ұсынып отыр: халықаралық немесе локалды, дебеттік немесе VISA international, EuroCard/MasterCard, Cirrus/Maestro несиелік жүйелерін. Олардың барлығы  да белгілі бір мақсаттарға арналған. Егер клиент жиі шетелге шықса, онда халықаралық жүйелердің VISA, EuroCard/MasterCard секілді карточкалары оған анағұрлым  тиімді. Бұлардың ерекшеліктері: осы  карталар бойынша шығарылушы ақшаларды  кеденде декларациялаудың қажеті болмайды, олар арқылы шетелде және Қазақстанда  қызмет көрсетудің кеңейтілген желісі, Интернет қызметтерін және телефон  қызметтерін төлеудің мүмкіндігі, қонақүй  жалдау, автокөлікті жалға алу, банк овердрафтын алу және т.б. Жалпы  алғанда пластикалық карталардың  қызмет ету мерзімі бір жылдан, бірнеше жылға дейін. Ол карточканың  физикалық көрсеткіштерінен және клиенттің  мүмкін болатын алаяқтық жағдайлардан сақтану жағдайына байланысты анықталады. Карта сенімді түрде қолдан жасау  жағдайларынан, ал карточкалық шот - карточкаға алдын ала белгіленбеген  қол жеткізу жағдайларынан (карт-шоттағы  ақшаға қол жеткізу тек жеке парольді қолданып ғана немесе карточка иесінің  қатысуымен оның жеке қолының болуы  нәтижесінде іске асады) сақтандырылған.

Қазақстанның  карточкалық технологиялар саласына енуі 90 жылдардың бас кезінен  басталды, және бүгінде пластикалық  төлемдік құралдар нарығы банк қызметінің қарқынды дамушы бағыттарының бірі болып  табылады. Егер бұрындары тұрғындар  үшін ақша салудың тәсілі ретінде  ақшаларын салым шоттарында сақтау болып табылса, кейінгі жылдары  көптеген салымшылардың кіріс деңгейінің төмендеуі салдарынан жеке тұлғалардың  ақшаларын тартуға бағытталушы  банк өнімдері анағұрлым ұсынысқа ие болуда. Енді клиенттер өз ақшаларын  банк шоттарына сала отырып, оларды кекз келген уақытта алуға мүмкіндігінің  болуын қалацды, оларға бұл қажеттіліктерін  пластикалық карточкалар қанағаттанадырады. Қолма-қол ақшасыз жолмен карточкалық  шоттан ақшаны шешу арқылы карточка иесінің осы туралы құлағдар ету үшін және жоспарланушы шығын операцияларының сомасы мен мерзімін келісуі үшін банкпен байланысуының қажеті жоқ, ал мұндайды көптеген несие мекемелері салым шотынан ақша шешу кезінде талап ететін. Азаматтардағы төлем карталарының танымалдығының өсуі Қазақстан Республикасы территориясында қолма-қол ақша түріндегі шетел валютасының жүрісінің шектелуімен де және рұқсаттық құжаттарды толтырмай валютаны сыртқа шығару мүмкіндігінің болуымен де байланысты.

Карточкалық бизнестің дамуы барысында тағайындалуы бойынша, қызметтік және техникалық сипаттамалары бойынша ерекшеленетін  әртүрлі карточка түрлері пайда  болды. Банктер үшін карточкалық  бағдарламаның тиімділігінің артуының ең маңызды факторы ретінде –  төлемдік схеманың білікті құрылуы  болмақ, себебі мұнда оның түсі мен  магниттік жолағының саны секілді  сыртқы келбеті емес – ең бастысы  қызмет көрсету шарттары болмақ. Төлемдік схемалардың орасан зор көптігі  байқалуда, бірақ олардың кез  келгенінің қызметтік негізінде  карточкалардың дебеттік және несиелік болып бөлінуі жатыр.

Несиелік  карточка есеп айырылысулардың мынадай  құралын білдіреді, яғни мұнда эмитент  өзіне  оның контрагентінің есебіне  клинетінің ақшаларын аудару міндетін жүктеп алудан басқа, сондай-ақ несиелеудің  белгіленген лимиті мөлшерінде оның иесінің тауарларды, қызметтерді  жедел түрде төлеу қаупін де жүктеп алады. Басқаша айтсақ, карточка оның иесіне кез-келген сауда жасауда  банктен оны төлеуге несие  алуына мүмкіндік береді. Банк-эмитент  карточканың иесіне оның ссудалық шотындағы  несиелеудің лимитін, оның кәдімгі  салымдық шотына тәуелсіз анықтап береді. Ережеге сай, ссудалық шот ашпас  бұрын, карточка шығарумен айналысушы  банк немесе компания  болашақ карточка иесінің қаржылық жағдайын тексереді, сонымен қатар осы клиенттің  бұрынғы несие операцичларының  детальдарын, яғни «несиелеу тарихын» анықтап біледі. Осы ақпараттың негізінде  эмитент клиенттің ссудалық шотындағы  ақшаның қалдығын анықтайды.

Информация о работе Қазақстан төлем жүйесіндегі банктік карталар